БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссариатының мәліметі бойынша, 2014-ші жылдағы қақтығыстар мен қатыгездіктер және адам құқығының бұзылуының салдарынан 59 миллион 500 мың адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Олардың жартысынан көбін балалар құрайды. Сондай-ақ, күн сайын шамамен 5000 бала босқындар қатарына қосылуда.

  • БҰҰ-ның балаларды қолдайтын қоры ЮНЕСЕФ те 2014-ші жылды балалар апатының жылы деп атап: «2014-ші жылы 15 миллионнан астам бала Орталық Африка, Ирак, Оңтүстік Судан, Сирия, Украина мен Палестина мемлекеттерінде қатыгездік пен босқындық мәселелеріне душар болды»,- деп жариялады. ЮНЕСЕФ басшысы Антони Лик: «Балалар сабақ үстінде немесе ұйықтап жатқан жерлерінде өлтірілді, жетім қалды, кепілдікке алынды, азап-қорлық көріп, жыныстық шабуылдарға ұшырап, құлдар сияқты алып-сатылды. Жаңа тарихта еш уақытта балаларға қарсы мұндай рақымсыздық жасалмаған болатын. Бүгінгі кезде дүниенің түкпір-түкпірінде 220 миллион бала соғыс пен әскери қақтығыстар орын алып жатқан аймақтарда немесе мемлекеттерде өмір сүруде. Қатігездік пен апат тек жеке балаларға ғана  емес, қоғамға да зиян келтіреді»,- деді. Жарияланған хабарлар босқын балалардың әлемнің әртүрлі аймақтарында қиындықтармен бетпе-бет келіп жатқандарын көрсетеді. Миграция мен босқындық Палестинадан Йеменге, Индонезиядан  Танзанияға дейінгі бейкүнә балаларды азаптап, соғысқұмар саясатткерлер балалардың тағдырына  назар аудармай, өз әрекеттерін жалғастыруда. Мазхабаралық  қатыгездіктер мемлекет халқының бестен бір бөлігін босқынға айналдырған Орталық Африка  республикасында 20 миллионнан астам бала  әскери қақтығыстардан зардап шекті.  2014-ші жылы  шамамен 10 мың бала әскери жасақатардың жалдауына түсіп, кемінде 430 мың бала әскери қақтығыстарда қаза тауып, мүгедекболды. ЮНЕСЕФ: «Сирияда азаматтық соғыстың салдарынан  7 миллионнан артық бала зардап шегіп, шамамен 2 миллион бала басқа елдерден пана тапты»,- деп мәлімдеді. БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссары Антонио Готрес ақпарат отырыстарының бірінде: «Босқындардың лагерлерінде орналасқан сириялық  балалар соғыс қатігездіктерін көргендіктен сөйлей алмай қалған, ұйқыларынан шошып оянады. Олардың бойынан осыған ұқсас әртүрлі әрекеттерді байқауға болады»,- деді. Ол мысал ретінде Иорданиядағы Зағтари лагерінде көрген сириялық қыз баланың жағдайына тоқталып: «Жанұясымен Зағтариде шатырдың ішінде өмір сүріп жатқан 4 жасар қыз баланы есіме аламын. Олармен бірге өткізген 15-20 минуттің ішінде ол ойыншық қарумен атып ойнады. Ешбір адам оның бұл ойынын тоқатата алмады»,- деді. Қазіргі кезде  осындай жағдаймен Ирактың босқын балалары да кезігіп отыр. Ирак Парламентінің мигранттар істері  жөніндегі комитетінің мүшесі Ханин Қадоның айтуынша, соңғы апталарда ауа-райының ыстығынан және лагердегі су мен электр қуатының тапшылығы салдарынан 52 босқын бала қаза болған. Алайда жағдайы ең нашар босқындар 1948-ші жылдан осы уақытқа дейін арабтар мен израильдіктердің қақтығыстарына қатысты 3-4 рет орындарын ауыстырған  палестиналықтар саналады. Қазіргі кезде  палестиналық балалардың төртінші  ұрпағы аталары салған қосындарда өмір сүруде. Осы күндері Газаның мыңдаған баласы босқындардың арасында өмір сүріп жатыр.  Олардың мектептері босқындардың лагерлеріне айналды. Үйлері сионистердің шабуылдарынан  қираған халық осы кезде мектептерде өмір сүруде. БҰҰ-ның дене түршіктірер жаңа мәліметтері бойынша,  Гаитиде 10 жылдан астам уақыт бойы сол аймақта орналасқан  БҰҰ-ың бейбіт күштері қорғауға міндеттелген адамдарға қарсы жыныстық шабуыл жасаған. Жыныстық шабуылдардың  құрбандарының шамамен үштен бірін кішкентай балалар  немесе 18 жасқа толмаған босқын жасөспірімдер құрайды.  Гаитидегі жыныстық шабуылмен кезіккендердің бірі: «Бейбітшілік қорғаушыларының лагерінің айналасында балалар жиналып, әскерилер оларға нан немесе тәтті береді деп күтті. Мен де тұрдым. Әскерилердің бірі мені шақырды. Мен ол тамақ береді деп ойладым. Қасына барған кезде  ол мені сыммен қоршалған шатырына тартып кіргізіп, аузымды жауып, зорлады»,- деді. Деректер барлық қарулы қақтығыстардың  балаларға  көбірек зиян келтіретінін және олардың физикалық және психикалық дамуына  қатты әсер ететінін көрсетеді. Босқын балалар олардың ата-аналары сынды соғыстан қашып, басқа мемлекеттерден пана іздейді. Босқын балалар  басқа сезімдерден гөрі алаңдаушылық сезімімен жақсы таныс. Қорқыныш – олардың ойларының негізгі мәселесі. Тіпті өлімнен құтқарылған босқын балалардың өздері өмірілерінің көбін алаңдаушылықпен өткізеді. Босқын балаларға қолдау көрсету керек. Халықаралық заңдар бойынша және келешектегі қиындықтардың алдын алу үшін қарулы қақтығыстар кезіндегі үкіметтердің негізгі міндеттері соғыста зардап шеккен балаларға қолдау көрсету болып табылады. Сондықтан дағдарыстар мен төтенше жағдайларда босқын балаларға назар аударылып, олардың физикалық және психикалық қауіпсіздігі, тәрбиесі, азық-түліктері мен денсаулығына көңіл бөлінген жөн. Осыған орай халықаралық заңдар босқын балаларға қолдау көрсетуді қуаттайды. Осы салада 1949-шы жылғы Женева конвенциясы мен оның қосымша протоколы, Балалар құқығы конвенциясы мен оның протоколы және босқын әрі ата-анасыз балалардың құқықтарына қатысты  халықаралық жарлыққа тоқталуға болады.  Балалар құқығы  конвенциясында  соғыста зардап шеккен балалардың құқықтары мен олардың физикалық және психикалық  жағдайларына көмектесу қуатталған. Конвенцияға мүше мемлекеттер  барлық құқықтарды, әсіресе соғыста  зардап шеккен балаларға кемсітушілік жасамай, олардың тәрбие алу құқықтарына жағдай жасап, балалардың денсаулығына зиян келтіретін әдістерді тоқтатуды қуаттады. Көбінесе Женева конвенциясы босқын балалардың  құқықтарына  назар аударады. Мәселен, Женева конвенциясының бірінші қосымша протоколының 78-ші бабында балаларды соғыстың салдарынан қиратылған аймақтардан шығару қарастырылған. 1949-шы жылғы 4-ші конвенция да балаларды қолдап, аталмыш конвенцияға мүше елдердің үкіметтеріне ауруханалар мен қауіпсіз мекендер дайындап, 15 жасқа толмаған балаларды соғыстың салдарларынан құтқаруға кірісуді талап еткен. Бұл конвенция, сондай-ақ мүше елдерді балаларды қоршалған аймақтардан шығарып,  15 жасқа толмаған балаларға қажет азық-түлік пен киімді жеткізуге  жағдай жасауға міндеттейді. Конвенцияға мүше елдер  жетім балаларға көмектесуге және соғыс кезінде оларды қорғауға келісті. Аталмыш құжаттың 5-ші бөлімінің 38-ші бабында: «15 жасқа толмаған балалар барлық құқықтардан пайдалана алады»,- деп қуатталған. Гуманитарлық көмектер – мемлекеттердің босқындардың алдындағы міндеттемелерінің бірі. Олар халықаралық заңдар бойынша іске асырылады. Бірақ мұндай көмектер соғыс болып жатқан жерлерде қалған балалар үшін әскери қақтығыстарға байланысты жылдам іске асырылмайды. Азық-түлік және медициналық көмектерді  БҰҰ-на қарасты Босқындар істері жөніндегі Жоғары комиссариат  жібереді. Азық-түлік пен дәрі-дәрмектен басқа  Женева конвенциясына мүше елдер босқын балалардың арасында кемсітушілік көрсетпей, оларды қабылдау мәдениетін нығайтуға міндетті. Қорыта айтқанда, бұл балалардың құқықтарын, соның ішінде тәрбие құқығын  сақтау қажет мәселе болып отыр. Сондықтан босқындарды қабылдайтын үкімет  қосындар мен ол жерлерден тысқарыда босқын балалардың білім алу ісін жалғастыруға жағдай жасайды. Айтылған мәселелерден халықаралық келісімдерде босқын балаларды қолдаудың қажеттігі қарастырылған деп айтуға болады. Алайда зерттеулер көбінесе заңдарда жазылған нәрселердің босқындардың ақиқатымен көп айырмашылығы бар екенін көрсетеді. Алайда, тіпті егер  олар үшін барлық мүмкіндіктер жасалған жағдай да, еш уақытта ата-аналарының құшағын, жанұя орталарының жылуы мен туған жерінің қауіпсіздігінің орнын толтыра алмайды.
Mar 06, 2016 16:55 Asia/Almaty
Сараптама