Йемен – шамамен 528 мың км² жер көлемі мен 23 миллион халқы бар Арабия түбегінің оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан араб мемлекеті.

Бұл мемлекет 2011-ші жылдың  14-ші қаңтарынан бері Тунис, Мысыр, Ливия, Сирия және Иордания сынды кейбір араб мемлекеттерінде орын алған наразылықтарымен тұспа-тұс Йемен үкіметі мен 30 жылдан артық уақыт билік басында болған елдің президенті Әли Абдолла Салеһке қарсы наразылықтардың куәсі болып отыр. Бұл елдегі наразылықтарға Әли Абдолла Салеһтің диктатурасы мен оның билікті мұрагерлікпен өткізу әрекеттері себеп болды. Наразылықтарға елдің саяси, қоғамдық және экономикалық жағдайы бір жағынан, әл-Қаида сынды лаңкестік топтардың әрекеттері басқа жақтан, сонымен бірге  хусиліктер мен шиіт күрескер топтарына қарсы шетелдік үкіметтердің көмегімен орын алған қарулы қақтығыстар себеп болды. Наразылықтар қатыгездіктер және көптеген халықтың қырылуымен бетпе-бет келеді. «Қанды жұма» деп аталған 2011-ші жылдың 18-ші наурызында қатыгездік күшейіп, 50 адам қаза болып, 240 адам жарақат алды. Наразылықтар толқынының күшеюі және үкіметтік басшылардың көбінің отставкаға кетуімен, сонымен бірге наразылардың Ақ үйге қарсы шабуылымен 2011-ші жылдың 4-ші маусымында Әли Абдолла Салеһ жарақат алып, Сауд Арабиясына қашты. 2011-ші жылдың 23-ші қарашасында 69 жастағы Йеменнің президенті келісімге қол қойды. Келісім бойынша ол билік басынан кетіп, сайлау өтіп, бұдан бұрын Йемен президентінің орынбасары болған Абд Раббе Мансур Хади  сайлаушылардың 99 пайыз дауысымен елдің президенті болып сайланды. Сайлауға 60 пайыздан астам йемендік қатысты. Ол шын мәнінде елді өтпелі кезеңде басқаратын, сайланған президент болды. Алайда 2014-ші жылдан бері Йемен қайтадан халықтық көтеріліске куә болды. Бұл жолғы халықтық көтерілістің мақсаты 2011-ші жылы орын алған көтерілістің қателерін түзетіп, оның нәтижелерін  Батыс үкіметтері мен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің қолына түсірмеуді көздеді. Осыған орай 2014-ші жылдың 14-ші қаңтарында хусиліктер Сауд Арабиясы қолдайтын салафиттермен қантөгісті шайқастан кейін Йеменнің солтүстігіндегі Дамодж қалашығын өз бақылауына алды.  21-ші қаңтарда Санада Йеменнің ұлттық келіссөздер конференциясында хусиліктердің мүшесі террорға ұшыраған  соң хусиліктердің қозғалысы конференциядан шығатынын жариялады. Бұл оқиғалардан кейін Ансаролла тобы Йеменнің үлкен бөлімін  өз бақылауына алып, тіпті астаналарына дейін жетіп, революцияшыл топтарды да бақылайтын болды. Мұндай жағдайда Сауд Арабиясы әл-Хуси қозғалысын лаңкестер тізіміне енгізіп, Парсы шығанағы ынтымақтастық ұйымының бірнеше мүше елімен, соның ішінде Біріккен Араб Әмірлігі мен Қатардың, Кувейт пен Бахрейннің  ынтымақтастығымен, сондай-ақ Марокко, Мысыр, Йордания және Суданмен бірге Йеменге қарсы шабуыл жасауды  жобалады. Йеменге қарсы әскери араласу 2015-ші жылдың 25-ші наурызында Сауд Арабиясы басқарған аймақ мемлекеттері коалициясының әуе шабуылымен басталды. Араб үкіметтері коалициясының әскери ұшақтары Йеменнің бейкүнә халқы мен Ансаролланың позицияларын бомбалады. Аталмыш коалицияның әуе шабуылдары басында Сана қаласының кеңселік және әскери аймақтарына шоғырланды. Содан соң экономикалық орталықтарға, тұрғын үйлерге, тіпті ауруханаларға ауысып, бұл мекендер Сауд Арабиясының бомбалаушы ұшақтарының нысаналарына түсті. АҚШ-тың үкіметтік емес «Freedom house» ұйымы: «2015-ші жылдың 26-шы  наурызынан 2-ші мамырына дейін қаза болғандардың саны 3500 адамнан асты. Олардың 500-ден астамын  15 жасқа толмаған балалар, 210-нан астамын әйелдер құрады. Жарақат алғандардың саны шамамен 6800 адам, соның ішінде 1000-нан астамы балалар, 725-і әйелдер болды. Осы кезеңде  шамамен 54 аурухана, 26 мешіт пен 163 оқу орталығы мен балалар сабақ оқып жатқан 3 мектеп Сауд Арабиясы басқарған коалиция шабуылдарының нысанасына алынды. Аталмыш ұйымның мәліметі бойынша, 560 тұрғын үйге әуе және зымырандық шабуылдар жасалды. Соның салдарынан шамамен 100 мың адам  үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл Йемен халқының босқындығының басталуы болды. Содан бері шабуылдар жалғасып, йемендік босқындардың саны көбейе түсті. БҰҰ-ның Баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик баспасөз отырыстарының бірінде осы  ақиқатқа тоқталып: «Сауд Арабиясы басқарған араб коалициясы шабуылының басталуынан бері босқынға айналған йемендіктердің саны бір миллионнан асты»,- деді. Дюжаррик  БҰҰ-ның  гуманитарлық көмектерді үйлестіруші штабының мәліметіне сүйеніп: «Йемендік босқындардың  жартысын бұл елдің солтүстік-батысындағы Хадже облысы мен оңтүстігіндегі әл-Зале  облысының адамдары құрайды»,- деп мәлімдеді. Сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер  жөніндегі  орынбасары Стивен О'Брайен: «Жанармай тапшылығы барлық жұмыстар мен Йеменнің порттарындағы гуманитарлық көмектерді  халыққа жеткізіп, емдеу және дәрігерлік орталықтарды жаңғыртып, елдің су және электр бекеттерінің жұмысын бастауға кедергі  болуда»,- деді. Ол Йеменнің әртүрлі аймақтарындағы азық-түлік пен жанармай тапшылығына тоқталып: «Ел халқының 80 пайызын құрайтын 21 миллион  адам гуманитарлық көмектерді қажет етеді» деп мәлімдеді. Сөйтіп, әртүрлі деректер Йемен халқының Сауд Арабиясының әскери ұшақтарының шабуылдарының салдарынан босқынға айналып, мүмкіндік пен тұрғын үйлердің тапшылығына орай нашар жағдаймен бетпе-бет келгендерін көрсетеді. Йеменнің  Қызыл Жарты ай қоғамы халықаралық ұйымдардан  өздерінің гуманитарлық көмектерін йемендік босқындарға жылдам жеткізуді талап етті. Йемендегі гуманитарлық ұйымдар, әсіресе Қызыл Жарты ай және қайырымдылық органдары босқындардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге талпынып, халықаралық ұйымдардың йемендік босқындарға көңіл бөлмейтіндіктерін қуаттауда. Йемендік босқындар орналасқан мекеннің басшысы Мұхаммад әл-Наваде бұл туралы: «Йемендік босқындардың ең маңызды мәселесі Сауд Арабиясының шабуылдарын тоқтатып,  адамдарды үйлеріне қайтару»,- деді. Араб коалициясы  АҚШ-тың жан-жақты қолдауына ие жағдайда Йемен дағдарысы мен ел халқының босқынға айналуы жалғасуда. Сауд Арабиясы  Йеменге қарсы әуе шабуылдарында АҚШ-тың «Боинг» компаниясының Ғ-15 әскери ұшақтарын қолдануда. Біріккен Араб Әмірлігінің ұшқыштары Йемен мен Сирияның кейбір аймақтарын   АҚШ шығаратын Ғ-16 қырғи ұшақтарымен бомбалайды. Негізінде бұл  жаңа мәселе емес. Өткен бірнеше жылдағы Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен соғыс  АҚШ-қа көп пайда әкелді. «Нью-Йорк таймс» газеті соңғы мәліметінде бұл шындыққа тоқталып: «Таяу Шығыстағы соғыстар АҚШ үшін өте пайдалы болып, Пентагонның бюджет тапшылығын шешті»,- деп жазды. Жылдар бойы Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері АҚШ-тан қару-жарақ сатып алып келеді. Бірақ соңғы жылдары бірінші рет осы қаруларды пайдаланды. Миллиондаған доллар қаржы жұмсалған   бұл мемлекеттердің қару-жарақ қорлары  осы кезде босап, АҚШ-тан қайтадан қару сатып алуға деген қажеттілік пайда  болуда. Осыдан біраз уақыт бұрын Пентагонның басшылары Конгреске: «Жақын арада  Сауд  Арабиясы, Қатар, Бахрейн, Йордания және Мысырдан мыңдаған зымырандар мен бомбалар және тағы да басқа қару-жарақ сұранысы келеді»,- деп жариялаған болатын. Жарияланған мәліметтер бұл мәселені растады. Мәліметтер бойынша, АҚШ компаниялары өткен жылы аймаққа шамамен 8 жарым миллиард долларға қару сатқан. 2013-ші жылғы 6 миллиард доллармен салыстырғанда қару сатып алу назар аударарлықтай көбейген. «Нью-Йорк таймстың» мәліметі бойынша, Сауд Арабиясы тек өткен бір жылдың ішінде құны 80 миллиард долларлық әскери келісімдерге қол қойған.  Бұл АҚШ тарихында бұрын-соңды кездеспеген жайт болып, тіпті Франция мен Ұлыбританиядан озып шықты. Өткен жылы Біріккен Араб Әмірлігі де 23 миллиард долларға бағаланған әскери келісімдерге қол қойды. Бұл Әмірліктің 2003-ші жылғы әскери қаржыларынан үш есе артық. Қатар – дамыған қару-жараққа ие болу саласында артта қалмауды көздеп отырған Парсы шығанағы аймағының келесі араб мемлекеті. Өткен жылы Қатар  «Апачи» тікұшақтары мен «Пэтриот» зымырандық  жүйесін  сатып алу туралы Пентагонмен құны 11 миллиард долларлық келісімге қол қойды. Бүгінде осы араб мемлекеті өздерінің франциялық әскери «Мираж» ұшақтарының орнына «Боинг» компаниясының Ғ-15 әскери ұшақтарын сатып алуды мақсат етуде. АҚШ басшылары бұдан бұрын сионистік режимнің жағдайына басымдылық беру үшін Таяу Шығыс аймағындағы араб мемлекеттеріне өзінің стратегиялық қаруларын сатуға шектеу қойған болатын. «Нью-йорк таймстың» мәліметі бойынша, АҚШ басшылары араб мемлекеттері мен сионистік режимді бейресми бірлікте деп санайды. Сондықтан бұрын тыйым салынған қаруларды қазір араб елдеріне сатуға болады.  Сөйтіп, бүгін Йемендегі шабуылдарға қатысып отырған араб мемлекеттері өздерінің мұнайдан түскен ақшаларымен АҚШ қару-жарағының ең жақсы сатып алушылары саналады. Олар бұл қарудың мыңдаған бейкүнә және қорғансыз адамдардың босқынға айналуына мән бермейді.

Тегтер

Mar 06, 2016 17:38 Asia/Almaty
Сараптама