Сирия – 2011-ші жылдан осы кезге дейін лаңкестік соғыспен бетпе-бет келіп отырған мемлекет.

Араб және Батыс үкіметтері, сондай-ақ сионистік режимнің қаржы, қару-жарақ, саяси және ақпараттық қолдауына ие лаңкестер бұл елдің экономикасын 30 жылға кейін шегіндіріп, халқының жартысын жұмыссыз қалдырып, инфрақұрылымдарының үлкен бөлімін қиратты. Халықаралық қаржы қорының жариялауы бойынша, бұл елдің ішкі өнімі шамамен 60 пайызға төмендеді. Ресми мәліметтер бойынша бейберекеттіктердің салдарынан   шығындардың мөлшері 31 миллиард долларға жетіп, мұнай өндірісі 96 пайызға түсті. Бұл мәліметтерді осыдан біраз уақыт бұрын БҰҰ-ның қарамағындағы Сирияның саясатын зерттейтін орталық растады. Осы мәлімет бойынша Сириядағы бес жылға созылып келе жатқан саяси дағдарыс пен әскери қақтығыстар елдің экономикалық структурасының бұзылып, қоғамдық құрылымының жіктелеуіне  соқтырды. Сирияның кейбір жерлерінде халықтың өмір сүру жағдайы өте нашар. Соның нәтижесінде өмірге деген үміт азайды. Тек Алеппо қаласында өткен бірнеше жылда дәрігерлердің саны азайып, 2500 адамнан 100 адамға жетті. Олардың басқалары босқындар қатарына қосылды, қоныс аударды немесе әртүрлі топтар тарапынан ұрланып, лаңкестерге қызмет етуге алынды. БҰҰ-ның Әлемдік азық-түлік бағдарламасы өзінің жуырдағы есебінде Сириядағы ішкі соғыстың нәтижесінде азық-түлік өндірісінің 40 пайызға төмендеп, нан бағасының көтерілгеніне байланысты халықтың көбісінің  өздері мен перзенттерін жеткілікті мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз ете алмайтын болғанын жариялады.    Мұндай жағдай елдің шекарасының іші мен сыртында 11 миллионнан астам сириялықтың босқынға айналуына себеп болды. Лондондағы Сирияның адам құқығы инспекторлары: «2011-ші жылдың наурыз айынан 2015-ші жылдың ақпан айына дейін Сирияда 210 мың 60 адам қаза болды. Соның ішінде 65 мың 146 адам әскери емес қарапайым адамдар,  10 мың 664 балалар болды»,- деп жариялады. Басқа да мыңдаған қарапайым адамдар мен әскери күштер ДАИШ сынды лаңкестік топтар тарапынан кепілдікке алынды. Адам құқығы инспекторларының пікірінше құрбан болған адамдардың саны есепте көрсетілгеннен артық болуы мүмкін. Бірақ үкімет пен экстремистр бақылауға алып отырған барлық аймақтардан нақты мәлімет жинау мүмкін емес. Сөйтіп 2009-ші жылы әлем бойынша ең көп босқынды қабылдаған мемлекеттердің қатарында екінші орынға ие болған Сирия мемлекеті осы кезде өзі дүниежүзі бойынша халқы ең көп босқынға   айналған ел атанып отыр. БҰҰ-ның Босқындар ісі жоғары  комиссариатының басшысы Антонио Готристың айтуынша бұл статистистика өткен 25 жылдағы    босқындардың ең көп саны болып табылады. БҰҰ-ның статистикасы бойынша Сирия дағдарысы ағымында 11 миллионнан астам адам босқынға айналып, олардың шамамен 4 миллионы басқа елдерге кетті. Соның ішінде бір миллионнан астамы Ливанға, 625 мыңы Иорданияға, 245 мыңы Иракқа және 137 мыңы Мысырға бет алды. Түркияның мәліметі бойынша бұл ел шамамен екі миллион сириялық босқынға пана берген. Статистика мамандарының айтуынша босқындардың саны бұдан көп болуы мүмкін, өйткені сириялық босқындардың көбісі тіркелмеген. Сондай-ақ, 7 миллион 600 мың ішкі босқынымен Сирия ең көп босқынға ие мемлекет болып отыр. Олар ел халқының шамамен жартысын құрайды. Сириялық босқындар осы күні кедейшілік, денсаулық проблемалары және жергілікті қоғамдардағы қайшылықтардың көбеюімен уақытша мекендерде өте нашар жағдайда өмір сүруде. БҰҰ-ның Ауылшаруашылық және азық-түлік ұйымы  2014-ші жылдың қыркүйек айында  23 миллион халқы бар Сирияның  60 пайызы  кедейшілікте өмір сүреді деген нәтижеге келді. БҰҰ-ның балаларды қолдайтын ЮНЕСЕФ қоры да бейберекеттіктерге қатысты  2  миллион    500 мың баланың мектепке бара алмайтынын хабарлады. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссары сириялық босқындардың 75 пайызының әйелдер мен  балалар екенін мәлім етті. Бұл босқын балалар лагерлерде кедейшілік,   азық-түлік тапшылығы, ауруханалардың жоқтығынан қиыншылық көруде. Олардың көбісі сонымен бірге  білім алу құқығынан да мақұрым. Басқа жақтан соғыс пен тынышсыздықтар балаларға шынайы психикалық нұқсан келтіруде. Бірнеше психологтың Түркия базасында жасаған зерттеулері   балалардың абыржу, алаңдаушылық сынды қиындықтармен бетпе-бет келіп отырғанын,  өкінішке орай кейбір сириялық жастардың жанұясын   асырау үшін дене мүшелерін сатуға дейін барып жатқанын көрсетті. Сондай-ақ босқындардың лагерлерінен түсіп жатқан дене түршіктірерлік мәліметтер адамның дене мүшелерін сататын бандалардың ұймдастырылған түрде кейбір босқындарды  дене мүшелерін алу үшін өлтіріп жатқанын айғақтауда. Осы  мәлімет бойынша  босқындардың лагерлерінен күніне бірнеше босқын ұрланып, хабар-ошарсыз кетеді. Содан кейін лагерлердің айналасы мен ормандар және  тауларға жақын жерлерден балалардың мәйіттері табылады. Сириялық балалар мен әйелдер ең қорқынышты түрде азап-қорлыққа ұшырап, жыныстық тұрғыдан зорлықпен кезігуде. Жүкті болып қалған сириялық қыздардың саны өте көп. Бұл Сирия тарихында бұрын-соңды кездеспеген  жайт. Сириялық әйелдер мен балалар тіпті көршілес  елдердің лагерлерінде де  қауіпсіз емес. Иорданияның лагерлерінде тұрып жатқан  қыздар мен әйелдердің көбі иорданиялық шейхтер мен сол елдің басқа азаматтарымен некелесуге мәжбүр. Осыдан біраз уақыт бұрын «Financial Times» газеті апаттың тереңдігін көрсететін Сириядағы босқындардың, әсіресе балалардың бастан кешіп жатқан қиындықтарын  әшкереледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Аталмыш газет өз мақаласында сириялық қыздардың бірінің  тағдыры туралы былай деп жазды: «Ол әскери шабуылдардан, Сириядағы әртүрлі топтардың шабуылдары мен жаппай қырып-жоюлардан аман қалды. Бірақ қауіпсіз мекен – көршілес Ливанға жеткен кезде 13 жастағы Фатима өзінің тамырын кесті. Бұл балалардың өз-өзіне қол жұмсауының жалғыз мысалы емес. Үш жыл шатырда өмір сүргеннен кейін сириялық қыздардың арасында абыржушылық, психикалық мәселелер мен өздеріне қол жұмсау жайттары көбейді. Қыз баланың есімі оның қауіпсіздігі үшін Фатима деп өзгертілген. Бұл оқиғаны бізге оның анасы айтып берді. Ол Сириядағы соғыстан қашқан қыздардың көбісінің осы кезге дейін шабуыл немесе некелесуге мәжбүрлеумен бетпе-бет келетіндіктерін көрсеткісі келді».  «Financial Times» мақаласының жалғасында: «Сириялық босқындардың арасында басқалардан гөрі әйелдердің бетпе-бет келетін қатерлері көбірек болғанымен жедел жәрдем көрсететін топтардың азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету талпыныстарынан жас әйелдер көбінде ұмыт қалады. Фатиманың анасы өмірінің қиындығын көрсететін көзінің астындағы қара дақтарымен «Босқын қыздар абақтыда өмір сүреді. Олар түнде лагерлерде әйелдердің жылаған дауыстарын естіп, өз әйелдерін ұрып-соғып жатқан ерлерді көреді. Ол әйелдердің жартысы 14 жасқа толмаған қыздар» дейді. Білім алу мүмкіндіктері болмағандықтан қыздар келешектерінен айрылды. Ата-аналар бұрын қыздарын қолдап, оларға көмектесіп, университеттердегі оқуларын аяқтауын күтетін. Қазіргі кезде дағдарыс ұзаққа созылып, жанұялар жақсы қалың мал төлейтін шетелдіктердің ықпалына түсуде. Өздері зардап шеккен жанұялар көбінесе қыздарына азап-қорлық көрсетіп, кедейліктеріне байланысты оларды тезірек тұрмыс құруға мәжбүрлейді.  Жедел жәрдем көрсетушілердің бірі: «Мұндай жағдайда қыз өзін сатуы да мүмкін. Мыңдаған босқын нашар жағдайда шатырларда өмір сүріп, қыста тоңып, жазда ыстыққа төзетін жерде қыздардың бұл жерлерден кету мүмкіндіктеріне қатысты алаңдаушылықтары бар»,- деді. Яғни, әйелдер әртүрлі қоқан-лоққы және қатыгездіктермен бетпе-бет келеді. Олар босқындыққа ұшырап, өздерінің құқықтарын  білмейді және өздерін қорғайтын қабілетке де ие емес. Босқындық кезінде жанұялардың негіздері шайқалады. Ерлер мен әйелдер, олардан бұрын балалар үйлерінен басқа жерлерге кетуге мәжбүр болып, қоқан-лоққылар, әртүрлі қатыгездіктер мен тапшылықты бастан кешеді. Осындай жағдаймен бүгінде Сирия халқы кезігіп отыр. Мұндай жағдай адам құқығы заңдарының әлсіздігін көрсетеді. Адам құқығы тек трибуналар мен ақпарат камераларының алдында ғана қорғалады. Осыдан бес жыл бұрын Сирия әлемнің тарихи, туристік мемлекеті саналды. Бірақ бүгінде әлемдік бейбітшіліктің өлшемі бойынша 2015-ші жылы Сирия әлемнің соңғы, яғни 162-шы орнында орналасып, қатарынан екі жыл ең қауіпті мемлекет ретінде таныстырылды. Бүгінде бұл елдегі көне тарихи мұралардан еш нәрсе қалмады деп айтуға болады. Бұл елден тек тынышсыздықтан көз ашпаған, өз жері мен шекарасынан үмітсіз қалған халық қана қалды.

Тегтер

Mar 06, 2016 17:46 Asia/Almaty
Сараптама