Нигерия – Африка құрлығындағы халқының саны тұрғысынан ең үлкен мемлекет. Бұл мемлекет халқының саны бойынша әлем деңгейінде жетінші орында тұр.

 Африканың батысында орналасқан Нигерия 2002-ші жылдан бері лаңкестік Бокохарам тобы мен үкіметтік күштердің әскери қақтығыстарына душар болып отыр. Африканың батысындағы әл-Қаида  деп танымал болған Бококхарам тобы сырт көзге исламдық ұстанымдарға ие топ болып көрінеді. Нигерияның жергілікті тілі бойынша оның атауы «исламдық емес батыс тағылымдары – харам» деген мағынаны білдіреді. Бұл топ араб тілінде: «Әл-Джамағат Ахл әл-Суннат Лел-Дават уа әл-Джаһад» деп аталады. Бұл топты  2002-ші жылы Мұхаммад Юсеф деген адам құрды. Бірақ ол полиция мен аталмыш топтың қақтығыстарының бірінде тұтқынға түсіп, өлтірілді.  Мұхаммад Юсеф өлген соң  шамамен бір жыл бұл топтың әрекеті байқалмады. Үкімет бұл топтың әрекеттеріне толық тыйым салғанын жариялап, бұл топтың барлық орталықтары, соның ішінде жиналатын мешіттерін де қиратып, көптеген мүшелерін өлтіріп, қалғандарын таратып жіберді. Аталмыш топтың тірі қалған мүшелері шекаралас мемлекеттер арқылы  Сомали, Алжир, әсіресе Ауғанстанға кетіп, бұл мерзімде басқа экстремистік топтардың ортасында  әскери партизандық жаттығулардан өтті. 2010-шы жылдың басында Нигерияда бірнеше жарылыс, полиция орталығы, әскери базалар мен қауіпсіздік орталықтарына қарсы  шабуылдар орын алып, Бокохарам тобы бұл шабуылдардың жауапкершілігін  мойындарына алды. Сол кезден бастап Бокохарам тобы әрекеттерін қайтадан бастағандарын жариялап, өзінің үдерісін өзгертіп, Нигерия үкіметіне қарсы қарулы қарсыласудың жаңа кезеңін бастады. 2010-шы жылдың қыркүйек айында  Нигерияның астанасындағы Абуджа базарындағы, 2011-ші жылдың қаңтар айындағы Мадигори полициясының аялдамасындағы,  2011-ші жылдың сәуір айындағы Мадигоридің жергілікті сайлау кеңсесіндегі, сондай-ақ 2011-ші жылдың тамыз айындағы Абуджада орналасқан БҰҰ-ның орталығындағы жарылыстар  Бококхарамның өз ұстанымын өзгерткеннен кейінгі ең маңызды шабуылдары болып табылады. 2010-шы жылдан бері бұл топқа Абубакр Шикао басшылық  етіп келеді. Ол Бокохарамды басқаруды өз міндетіне алғаннан бері  бұл топтың әрекеттері радикалды сипат алып, қылмыстары арта түскен. Ол өзінің соңғы әрекетінде 200 оқушы қызды ұрлағандарын мойындап, кеміс адамның күлкісімен оларды сатып, тұрмыс құруға мәжбүрлегендерін айтты. Шикао Нигерияның солтүстігінде орналасқан Каон қаласындағы 180 адам құрбан болған Бокохарамның ең үрейлі әрекетіне қатысты бейнематериалында: «Мен тауық пен қойды бауыздағаннан ләззат алғандай, Алла оны өлтіру туралы бұйырған әр адамды өлтіруден ләззат аламын»,- деді. Халықаралық Амнистия ұйымы өзінің мәліметтерінің бірінде: «Бокохарам  2014-ші жылдың басынан шамамен 2 мың нигериялық әйел мен қызды ұрлады. Бұл Бокохарамның өткен алты жылда  Нигерияда жасаған қылмыстарының бір бөлімі болып, сонымен қатар көптеген жанұялардың босқынға айналуына себеп болды. Ал елде қалғандар жақындарын күтуде. «The Guardian» газеті өзінің мәліметтерінің бірінде құрбандардың бірінің әкесімен сұхбат жүргізіп: «Анвак Марк шамасы жеткенше қызын күтетінін айтты. Оның 17 жастағы Моника деген қызын Чибук аймағындағы мектептен Бокохарам лаңкестік тобы ұрлағаннан бері бір жыл өтті. Бокохарамның шабуылдарының қайталануына қарамастан ол күн сайын қызын күтуде. Ол басқа 275 жанұямен бірге өткен сәуір айынан бері үлкен қайғыға батқан. Ол: «Сан рет қауіпсіз мекенге кетейін деп ойладым, бірақ Моника аман-есен оралғанша осы жерде қалуым керек»,- дейді. Алайда бір жыл өткенімен Моникадан еш хабар жоқ. Марк жаңа жағдай туралы айтып: «Бұл оқиғадан алты ай өткен соң жанұямның басқа мүшелерін қауіпсіз жерге ауыстыру керек деген нәтижеге жетіп, Чибуктен кетемін дедім. Мен барлық қыздардың тірі емес екенін қабылдадым. Бірақ мен дін қызметкерімін. Мен сан рет басқа жанұялардың балаларын жерледім. Мен мұндай жағдайда жақсы нәрселер туралы ойлауым керек. Өйткені кері жағдайда өз қоғамымды үміттендіре алмаймын. Мен қызыма «егер күндердің бірінде лаңкестердің қолына түссең, еш уақытта  оларға бағынба» деп айтқанмын. Егер Моника өз сеніміне табанды жағдайда өлген болса, мен дүниедегі ең абыройлы әкемін. Ал егер тірі болса бір күні үйге оралады» деді»,- деп жазды. Әйелдермен қоса Бокохарам балаларға да көптеген зиян келтірді.  БҰҰ-ның  балаларды қолдайтын қоры ЮНЕСЕФ өзінің соңғы есебінде: «Бокохарам тобының өткен жылдардағы қатыгездіктері 800 мыңнан астам баланы босқынға айналдырды. Балалардың көбі тұрмыс құруға мәжбүр болса, басқаларына қарсы жыныстық шабуыл жасалды»,- деп мәлімдеді. Одан бұрын ЮНЕСЕФ: «2015-ші жылы Нигериядағы лаңкестік шабуылдардың кемінде 75 пайызын әйелдер немесе балалар жүзеге асырды» деп хабарлады. Бұл қордың  мәліметі бойынша 2015-ші жылдың бірінші бес айында Нигерияда орын алған 27 жарылыстың кемінде тоғызын 7-17 жастағы балалар мен жасөспірімдер жасаған. Сөйтіп, бұл лаңкестік топтың әрекеттері 2010-шы жылдан бері шамамен 15 мың адамның қаза болып, 2 миллионға жуық адамның босқынға айналуына соқтырды. Бұ жағдайдан балалар мен әйелдер  зардап шегіп, қорқынышқа бой алдырды. Нигерия босқындары дүниежүзінің ең кедеймемлекеттері саналатын Чад, Камерун және Нигерге қарай кетті.  Нигерия босқындары ауыр жағдайда лагерлерьде өмір сүруде. Босқындардың бірқатары мешіттер мен шіркеулерді паналаған. Бұл барлық апаттар мықты үкімет жоқ кезде орын алды. Нигерияның бұрынғы үкіметі мен әскерінің лаңкестердің алдындағы осалдығы мыңдаған әскери емес бейбіт азаматтардың өліміне себеп  болды. Бокохарам өткен бір жылда шабуылдарын Нигериямен шекаралас  мемлекеттерге, соның ішінде Камерунға кеңейтіп, бұл мәселе көрші елдердің алаңдаушылықтарына себеп болды. Франциялық «Le Point» газеті өзінің соңғы мәліметінде: «Камерунның солтүстігіндегі Майо-Танга аймағының халқы Бокохарам тәкфіршіл лаңкестік топтың шабуылдарынан қорқып, аймақ тұрғындары, әсіресе әйелдері мен қыздары алаңдаушылыққа ұшырады. «Лопоиннің» жазуынша лаңкестердің шабуылынан қорқып, үйден шықпауға шешім қабылдаған әйелдердің бірі: «Лаңкестердің әрекеттерінен қорқып, біз күнделікті жұмыстарымызды орындамайтын болдық. Күн сайын Бокохарамның  қорқып, Камерунға қашып келетін нигериялық босқындарды көреміз. Біз үшін Бокохарамның шабуылдарынан аман қалу үшін үйлерін тастап, босқынға айналған көптеген  әйелдер мен қыздарды көру үрей тудыратын жайт. Бокохарамның қылмыстарынан қорқу осы кезде Камерунның мыңдаған азаматының алаңдап, үйлерін тастап, кейбір кезде мектептерді панлауларына себеп болуда»,- деді. БҰҰ-ның гуманитарлық  көмектерін үйлестіруші Роберт Пайпс Нигерияның жағдайының нашарлығына тоқталып: «Нигерия бүгінде үлкен алаңдаушылықтың себебі болып отыр. Бокохарам  тобының қатыгездіктері  қиындықтарды арттырып, босқындардың санын көбейтуде. Нигериялық босқындардың әлемнің ең кедей мемлекеті Нигерді қауіпсіз деп санауы олардың неден қашқанын көрсетеді» деді. БҰҰ-ның Босқындар ісі Жоғары комиссариатының Нигерия босқындары жөніндегі жергілікті өкілі Лиз Ахуа: «Босқындар өте нашар жағдайда өмір сүреді. Олар өздерінің өмірлеріне алаңдап, үйлеріне орала алмайды. Біз  Нигериядан қашып, көршілес елдерден пана іздейтін адамдарға көмектесу үшін көбірек қаржыны қажет етеміз»,- деді. БҰҰ-на қатысты 11 ұйым, соның ішінде Босқындар ісі Жоғары комиссариаты, ЮНЕСЕФ, Әлемдік Азық-түлік бағдарламасы және 12 үкіметтік емес гуманитарлық ұйым, соның ішінде Оксфом мен «Балаларды құтқарыңдар» деген ұйымдар нигериялық босқындарды қамтамасыз ету үшін 161 миллион евро қажет деп санайды. Нигериядағы соңғы президенттік сайлаудан кейін билік басына жаңа үкімет  келген соң өткен үкіметтің аталмыш топтың алдындағы осалдықтары жойылады деп күтілуде. Осы кезде Нигерияның жаңа президенті Мұхаммад Бухаридің  негізгі дағдарыстарының бірі Бокохараммен қалай қарсыласуға байланысты. Бухари лаңкестікті жеңуге талпыныс жасауы туралы айтқанымен, ол өзінің бұл мақсатына жетуін халықаралық көмектермен байланыстырды. Ол осы мәселеге тоқталып: «АҚШ пен халықаралық қоғамның басқа мүшелері Нигерияға лаңкестікпен күресуге көмектесу туралы шешім қабылдады. Бірақ осы уақытқа дейін Бокохарамға қарсы тұру үшін  қажет стратегиялық қару қолымызға жеткен жоқ.  Сол себепті Нигерия әскері  бұл лаңкестік топқа қарсы сындарлы күрес жүргізе алмайды. АҚШ Конгресі лаңкестікпен күресу саласында Нигерия үкіметіне көрсететін көмектерін  қайтадан қарастыруы керек»,- деді. Көптеген деректер АҚШ-тың еш уақытта лаңкестікпен шынайы күрескісі келмегенін көрсетеді. АҚШ-тың ДАИШ тобына қарсы құрған коалициясы бұл лаңкестік топтың әрекеттеріне ешбір әсерін тигізбеді. «Вики-Ликстің» жария еткен мәліметтері бойынша Нигериядағы АҚШ елшілігінің бағдарламалары Африканың  бұл мемлекетіндегі АҚШ-тың мүдделерін қамтамасыз ету үшін бүлікші топтарға қаржылай көмектесуді қарастырады.

Mar 06, 2016 17:52 Asia/Almaty
Сараптама