Францияның отар елдерінің бірі болған Орталық Африка Республикасы (ОАР) 1960-шы жылдың 13-ші тамызында өзінің тәуелсіздігін жариялады.

Бұл мемлекет солтүстігінде Чад, шығысында Судан, оңтүстігінде Конго Демократиялық республикасы, оңтүстік-батысында Конго, Батысында Камерун елдерімен шекаралас. Бұл мемлекет Францияның отары болған кезде қатты басып-жаншылды. Орталық Африка Республикасының  халқының көбі қара нәсілділер. Олар тайпалар түрінде  өмір сүреді. Ел халқының 30 пайызы христиандар, 11 пайызы сүннит мұсылмандар, басқалары жергілікті анимизмдік наным-сенімдерге ие. Бұл елдің ресми тілі француз тілі саналады. Алайда жергілікті халықтардың арасында ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде санго тілі таралған. Орталық Африка Республикасы 2013-ші жылдың наурыз айынан бері ішкі бейберекеттіктермен бетпе-бет келуде. Сол жылы Селека бүлікшілері төңкеріс ұйымдастырып, бұл елдің президенті Франсуа Бозизені құлатып, бүлікшілер басшысы Мишель Джотодияны уақытша президент етіп сайлады. Бірақ  республикада тыныштық орнатылмады. Бозизенің жақтастары мен Селека бүлікшілерінің арасындағы қақтығыстар жалғасты.  Тыныштық орнатылу үшін, сонымен қатар Африканың орталығындағы  мемлекеттер мен Францияның қысымымен 2014-ші жылдың 10 қаңтарында Мишель Джотодия  отставкаға кетті. Бірақ елдің жағдайы тіпті мерзімінен бұрын өткен сайлауға қарамастан өзгермек түгілі экстремистік христиандар  билікке ие болып, мұсылмандарды өлтіріп, сол іс бірте-бірте геноцидке айналды.  БҰҰ-ның Бас хатшысы сөзінің бірінде  сол шындыққа тоқталып: «Орталық Африка Республикасындағы жағдай мұсылмандардан құтылудың бір түріне айналып, тіпті халықаралық күштер де бұл дағдарысты бақылауға ала алмады»,- деп мойындады. БҰҰ-ның Босқындар жоғары  комиссариатының мәліметтері бойынша Франция мен Африка одағының бірнеше мың бейбітшіл күштерінің орналасуына қарамастан бұл елдегі қақтығыстар жалғасуда. Бұрын нарықты қолдарында ұстаған мұсылмандардың көбісі қантөгістерден қорқып, көршілес елдерге бассауғалады. Орталық Африка Республикасы бүгінде экономика және  азық-түлікпен қамтамасыз ету саласында шынайы дағдарыспен кезігіп отыр. 2014-ші жылдың қаңтар айында Орталық Африка Республикасының астанасы Бангиде  «Антибалака» жасақтары мұсылмандарға қарсы шабуыл жасап, мыңдаған әскери емес адамдар қатыгездіктермен кезігіп, қоныс аударуға мәжбүр болды. Бангидің айналасындағы ауылдарда өмір сүретін мұсылмандар Чад мемлекетіне қарай қашты. Бірақ  орта жолда христиан жасақтарының шабуылдарымен бетпе-бет келді.  Босқындар үшін Орталық Африка Республикасының солтүстік-батысы мен оңтүстік-батысында өмір сүруге 18 мекен берілгенімен жасақтар шабуылдарының қатері жойылмады.  Орталық Африка Республикасында мұсылмандарға қарсы геноцидтің жалғасуына байланысты БҰҰ-дағы АҚШ өкілі Саманта Пауэр Қауіпсіздік кеңесі тарапынан  2015-ші жылдың  басында босқындардың жағдайын жақыннан көру үшін Орталық Африка Республикасына сапар шекті. Ол мұсылмандардың тұрмыстарының жағдайын дене түршіктірерлік деп атап, бұл елдегі бүкіл 436 мешіттің қиратылуын хабарлап: «Бірнеше мешіт аман қалған болар, бірақ Орталық Африка Республикасының 417 мешітінің жойылғаны анық»,- деді. Селека мен христиан жасақтарының «Антибалака» тобы арасындағы өткен екі жылдағы қақтығыстары бір миллионнан астам адамның, яғни бұл мемлекет халқының төрттен бірінің босқынға айналып, үйсіз қалуына себеп болды. Сонымен бірге босқындардың жартысын әйелдер мен балалар құрап отыр. БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша жоғары комиссариатының баспасөз хатшысы  Карин де Грюйджл: «2013-2014-ші жылдары   Орталық Африка Республикасының шамамен 870 000 астам  тұрғыны қатыгездіктерден қорқып, үйлері мен туған жерлерін тастап, Чад, Камерун, Конго Демократиялық Республикасы мен Конго елдеріне қашты. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша,  2015-ші жылы бұл елде қатыгездік, қырып-жою мен талан-тараж  жалғасып, жаңа жылдың басынан бастап елдің басқа  мыңдаған адамы босқынға айналды. Қарапайым халық қатыгездіктермен кезігіп, бүлікшілер олардың үйлерін өртеп, әйелдері мен қыздарына жыныстық шабуыл жасауда»,- деді. Осыдан бұрын Шекара танымайтын  дәрігерлер тобы да: «Орталық Африка Республикасының босқындары қиын жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Олардың көбі дұрыс тамақтанбайды, лас суды ішіп, әртүрлі ауруларға шалдығуда»,- деп ескертті. Орталық Африка Республикасының өткен екі жылдағы қатыгездіктері халықаралық қоғамдағы алаңдаушылықтарға себеп болып, осындай жағдайда Франция бүлікшілермен күресу және қауіпсіздік орнатуды сылтауратып,  БҰҰ жарлығының 7-ші бабы қалпында Орталық Африка Республикасына әскери араласу туралы қарарды Қауіпсіздік кеңесіне тапсырды. Қауіпсіздік кеңесі бұл елге халықаралық әскери тұрғыдан араласу туралы қарарға бірауыздан дауыс беріп, бейбітшілікті қорғайтын және қайшылықтарды азайтуға көмектесетін   күштер түрінде франциялық  күштерді Орталық Африкаға аттандырды. Франция   мұрсатты  сол елдің бай табиғи ресурстарын өз бақылауына алу үшін пайдаланды. Бірақ франциялық  әскерилердің қылмыстары әлемдіктерді аймақтағы Францияның жағдайына назар аудартты. 2014-ші жылы Франция армиясының сарбаздары Орталық Африка Республикасындағы ағымдардың қатыгездіктерінен әскери еместерді қорғауды сылтауратып, босқын балаларға қарсы жыныстық шабуыл жасады. Франциялық әскерилердің Орталық Африка Республикасындағы алты балаға қарсы жыныстық шабуыл жасағандарының әшкереленуі халықаралық қауымдастықта адамгершілікке жат әрекеттерге  қарсы наразылық толқынын көтерді. Зерттеулер бойынша франциялық әскерилер босқындарға қажетті азық-түлік беріп, көмек көрсетудің ақысы ретінде балаларды жыныстық қажеттіліктері үшін пайдаланған. Сол балалардың кейбіреуі тіпті тоғыз жасқа да толмаған болатын. Франция әскерилерінің жыныстық қылмыстары әшкереленген соң  БҰҰ Франция үкіметінің бұл мәселеге шара қолданбай, жасырын қалдыруға әрекет жасағанына өкініш білдіріп қана қойды .Тек Франция Қорғаныс министрі ғана сол әскерилерден қылмыстарын мойындап, елдің армиясына тигізген нұқсанды азайтуды талап еткен соң ғана реакция білдірді. Франция Қорғаныс министрі  Жан Ива Ле-Дриан франциялық «Журналь дю Диманш» басылымына берген сұхбатында франциялық әскерилердің Орталық Африка Республикасының балаларына жыныстық шабуыл жасағандары туралы мәліметтерді оқып, жиіркеніш сезімге ие болғанын қуаттады. Алайда франциялық әскерилердің Орталық Африкадаға босқын балаларға қарсы жыныстық шабуылдары туралы зерттеулерді Париж асықпай орындауда. Дәл осы мәселе Орталық Африка Республикасы Президентінің зерттеулердің ақырын жасалуына өкініш білдіруіне себеп болды.  Бұл елдің уақытша  президенті Катрин Самба Понза франциялық әріптесі Франсуа Олландпен  кездесуінде: «Франция үкіметінің өз елі әскерилерінің Орталық Африкадағы әрекеттеріне қатысты зерттеулері кешігіп жатыр»,- деді. Ол сонымен бірге баспасөз отырысында  Францияны бейбітшілікті қорғайтын франциялық әскерилердің босқын балаларға қарсы жыныстық қылмыстарына қатысты зерттеулері туралы өзін хабардар етпеуін айыптады. Понзаның бұл сөздері Францияның біраз уақыттан бұрын  әскерилерінің бұзақылықтары туралы хабардар болғандығын, бірақ шара  қолданбағанын көрсетеді. Әшкере болған әрекеттерден бірнеше ай өткенімен осы уақытқа дейін қылмыскер әскерилерге қарсы сот істері жүргізілген жоқ. Осылайша, бейбітшіл күштерді аттандыру босқындардың мәселелерін шешпек түгілі, керісінше олардың жағдайын мүшкілге айналдырды. Орталық Африкадағы БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссариатының өкілі алаңдаушылық білдіріп: «Бұл босқындардың келешегі белгісіз. Олар   елдерінде тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнатылуын күтуде. Кейбір босқындардың ешқандай мүмкіндігі жоқ, өйткені олар туған жерлерінен қашқан кезде барлық заттарын сол жақта қалдырып кеткен. Бірақ олар өмір сүріп, тұрмыстарын жақсарту туралы үміттерінен айырылмаған жандар» дейді. Орталық Африкадағы  қазіргі ахуал осыған дейін бұл мемлекет Конго, Судан, Руанда және Чад мемлекеттерінің босқындарын қабылдаған жағдайда орын алып отыр.

Mar 06, 2016 18:09 Asia/Almaty
Сараптама