Ирак мемлекетінде өткен 10 жылда орын алған оқиғаларға жасаған шолу бұл елдің халқының үш рет босқындық мәселесімен бетпе-бет келгенін көрсетеді.

 Босқындықтың бірінші толқыны  2003-ші жылы АҚШ Иракқа шабуыл жасағаннан кейін байқалды. Екінші толқыны  2005-2009-шы жылдар аралығындағы мазхабаралық және лаңкестік  соғыстар және осы кездегі үшінші толқыны ИСИМ шабуылына қатысты көтерілді. Халықаралық эмигранттар ұйымы  өзінің соңғы есебінде: «2014-ші жылғы бейберекеттердің басталуынан 4000 жуық ирактық босқынға айналды. Олардың  шамамен 2 миллион 600-і лаңкестердің әрекеттерімен бетпе-бет келген  Ирактың батысы мен солтүстігіндегі  әл-Анбар, Нейнава және Салаһаддин обылыстарының тұрғындары»,- деп жариялады. Халықаралық эмигранттар ұйымының басшылары Ирак халқының үйсіз қалғандарының санының көбеюіне алаңдаушылық білдіріп, бұл  елдегі бейберекеттердің  жалғасуына себепті зардап шеккен адамдардың санының өрістеуі туралы ескерту жасады.

ИСИМ лаңкестік тобының қарамағындағы лаңкестердің  2014-ші жылдың маусымындағы Мосулге жасаған шабуылдары әлемдіктер үшін күтпеген жәйіт болып, бұл аймақтың тұрғындарына көптеген қиындықтар тудырды. Такфиршіл көзқарастарға  ие бұл топтың мүшелері 24 сағаттың ішінде Ирактың екінші үлкен қаласы болып саналатын бұл елдің солтүстігінде орналасқан  Мосул қаласын өз бақылауына алды. Аталмыш лаңкестік топ Иракқа кіріп, қырып-жою мен зорлық зомбылықтан тартынбады. ИСИМ-нің Мосулге жасаған шабуылдарының бірінші апталарындағы әйелдер мен қыздарға шабуыл жасаулары және олардың көбісінің құрметсіздік көргеннен кейін өздерін өлтірулері туралы хабарлар әлемнің қоғамдық ой-пікірін ызаландырды. Мұндай қатыгез және адамгершілікке жатпайтын әрекеттер Ирактың басқа миллиондаған халқының елдің ішінде және сыртында босқынға айналуына себепті болды. Нәтижесінде қысқа уақытта босқындар саны көбейді. Босқындардың бірі ИСИМ лаңкестерінен қашулары туралы "Әл-Әлам" арнасына«берген сұхбатында: «ИСИМ біздің 30-мызды өлтірген соң үйіміз бен отанамыздан қашуға мәжбүр болдық»,- деді. Келесе бір адам: «ИСИМ қылмыстарының көбін өз көзімізбен көрдік. Мен олардың жанұяларды өлтіріп, халықтың үйлері мен туған жерлерінен шығарып жібергендерін көрдім. Олардың адамдардың ар-ұятттарына қалай тисетіндерін көрдім»,- деді. Сөйтіп, ирактық босқындар саны күнделікті көбейді. Қысқа уақытта БҰҰ Жоғары комиссариаты  ирактық босқындардың саның 4 миллионнан асты деп жариялады. БҰҰ бұл органы үндеу шығарып: «Босқын жанұялардың жартысынан көбі орынды панажәйінің болмауына себепті күнделікті қиындықтармен кезігуде. Осындай жағдайда Иракта өмір сүретін аз санды діни топтар мен аз санды халықтар басқалардан көбірек ИСИМ лаңкестерімен қақтығысуда»,- деп жазды. Ирактың сүннит ғұламалары жамағатының басшысы Хейдар әл-Мола Мосульде изадийшілер, түркмандар мен христиандар сынды   аз санды топтарға кіретін адамдардың Мосулде лаңкестердің қолына түсіп, құрбан болғандары туралы хабарлады. Бұл қылмыс сондай үрейлі болып, Халықаралық Амнистия ұйымы сынды  кейбір гуманитарлық ұйымдардың  реакциясымен кезікті. Халықаралық Амнистия ұйымының Таяу Шығыс бөлімінің директоры Сара Ляо Уитсон: «ИСИМ лаңкестік тобы Мосул мен оның айналасындағы діни аз санды топтарға қарсы жабайы шаьуылдарын  жылдам тоқтатулары керек.. ИСИМ Ирактың өздері басып алған аймақтарында діни аз санды топтардың ешбір әсерін қалдырғысы келмейді. Олардың басшылары өздерінің жабайы шабуылдары мен үрей тудыруларын діни ықылас деп ақтайды. Алайда  шабуыл жасалып жатқан  діни аз санды топтардың арасында изадийшілердің жағдайы өте нашар. БҰҰ Бас хатшысының  гуманитарлық және жедел жәрдем істері жөніндегі орынбасары  бұл шабуылдан шамалы уақыттан кейін: «Осы кезде Ирактағы изадийшілердің жағдайы басқа топтармен салыстырғанда өте нашар»,- деді. Изадийлер Ирактың солтүстігі, Сирия, Түркияның оңтүстік-шығысы мен Кавказда өмір сүретін аз санды күрдтер діни тобы. Олардың мазхабы Исламға дейінгі кезеңде бұл тайпаның арасында таралған және зароустр мен манави сынды ежелден келе жатқан діндерден тамырланған изади мазхабы саналады. Бұл мазхаб ИСИМ лаңкестерінің пікірінше кәпірлер қатарына кіреді.  Олар христиандар мен еврейлерден керісінше тірі қалулары үшін салық төлей алады. Изадишілер ИСИМ лаңкестері  басып алған аймақта қала алмайды. ИСИМ лаңкестік тобы Ирактың изадийшілер өмір сүретін аймағына кірген кезде басында үрей тудырып, қалалар мен ауылдарды тазартып, содан соң мүліктері мен қаржыларын ұрлап, күрд жанұядардағы ерлерді өлтіруге кірісті. Мұндай үрейлі жағдай шабуыл жасалып, босқындық таралған қалалардан кету шешім қабыладуларына себепті болды.  Ирактағы изадийшілердің жағдайын шын мәнінде нашар болып, олар  азық-түлік пен медициналық тапшылықтармен бетпе-бет келді. Тіпті таулар изади босқындары үшін  қауіпсіз пана болмады. Өйткені аштық пен шөлге себепті олар үшін таулардың етегі   өлетін жерлері болды. ИСИМ лаңкестерінің келесі қылмысы христиандарды  ата-бабаларының жерінен қуулары болды. Христиандардың Мосульде өмір сүргендеріне мың жыл болды. 2003-ші жылғы соғыстан бұрын Ирактың солтүстігінде өмір сүрген христиандардың саны жүз мың адам болды, бірақ АҚШ пен одақтастарының Иракқа қарсы шабуылынан кейін олардың саны азайды. ИСИМ бұл аймаққа аяқ бассымен христиандар үшін 24 сағат уақыт белгілеп, олар үшін бірнеше жолды ұсынды. Біріншісі - Ислам дінің қабылдау, екіншісі - салық төлеу, үшінші – өлім және төртінші тек үстіндегі киімдерін алып қаладан кету. Христиандардың вақф кенсесінің басшысы Раад Джалил Каджави: «Христиандар жанұялары салық төлеуге қарсылығын білдірді. Сол себепті белгіленген  уақыт аяқталсымен Мосулден кетті. ИСИМ қаланың мешітінің микрофондарынан олардың кеткендерін жариялады. Христиандардың кейбіреулері ИСИМ басып алмаған обылыстардағы христиандар өмір сүретін аймақтарға қарай бет алды. Басқалары Ирактың Күрдістан аймағына қарай кетті.  Ирактың Қызыл жарты ай жамағаты: «Христиандардың 250-ден астам  жанұясы әл-Хамадание мен Қирқушке және 90 жанұясы Бартале мен Башиғеғе кетті»,- деп жариялады. ИСИМ лаңкестік тобының ең үлкен қылмысы шиіттер өмір сүретін аймақтарға қарсы іске асырған қылмыстары болды. БҰҰ Адам құқығы комиссариатының мүшесі Фазыл әл-Ғарави соңғы кезде: «ИСИМ лаңкестік тобы Ирактың шиіттері өмір сүретін аймақтарын шиіттердің нәсілін жою мақсатпен нысанаға алады. Шиіттерге қарсы шабуылдар мен  жарылыстар, балалар мен әйелдерді және мүгедек адамдарды нысанаға алу арқылы іске асырылады. Бұл адамдардың шиіт болудан басқа күнәләрі жоқ. «Спикер» базасының үлкен қылмысы шиіт түркмандардың 67-сін өлтіріп, 15 түркман әйелге шабуыл жасау және шиіттердің басқа бір тобын ұжымдық қабірде жерленді. Олардың барлығы   тек шиіт болғандарына себепті жазаланды. Басре, Башир, Диале, Джерф әл-Сеһр мен  басқа аймақтардың шамамен 500 шиіт тұрғындары үйлерін тастап, босқынға айналды",- деп жазды. Осы кезеңде Ирактың сүнниттері де ИСИМ-нің қылмыскерлерінің қылмыстары мен азап-қорлықтарынан ада қалмады. 2012-ші жылдың соңында Ирактың сүнниттері басында Нури Малекидің отставкаға кетуі және оның үкіметін ыдыратып, Тореқ әл-Хашемидің Иракқа оралуын талап етіп көтерілді. Осы көтеріліс ИСИМ лаңкестерінің алға жылжуының басталуы болып, бұл аймақта Абубакр Бағдадидің халифатын жариялауға жағдай тудырды. Бірақ Тикритті басып алып, Бағдади халифатың жариялаған соң ол сүнниттерді оның билігін қабылдауға мәжбүрледі немесе оларды кәпір деп жариялап, қандарын төгуге рұқсат берді. Бұл мәселе жергілікті тайпалардың ИСИМ лаңкестірмен қақтығыуларына және қарсыласуларын күшейтуге себепті болды. Қақтығыстардың орталығы әл-Анбар обылысының орталығы Рамади және бұл халықтың бір тобының қоныс аударуына  әкелді.   «Ирак сүнниттерінің вақф диваны» деп аталған бұл елдің сүнниттерінің ең үлкен діни  әрі ұйымдық органы осыдан бұрын өз үндеуінде: «Ирактың сүнниттерінің тарихындағы ең көп босқындарды аталмыш ұйым құрылғаннан бері  осы кезде Ирактың әл-Анбар обылысында байқауға болады. Әр-Рамади қаласындағы қақтығыстардың күшеюіне себепті Ирактың шиітері мен күрдтері өмір сүретін аймақтарында адамдар қоныс аударуға мәжбүр болуда. Бұл мәселе Ирактың халық жамағатының құрамы мен теңдігіне әсер етті. Айтулар бойынша, шамамен үш миллион ирактық босқынның сүнниттренің көбі шиіттер немесе күрдтер өмір сүретін аймақтарға кетті. Бұл жәйт бұл елдің мазхабаралық қақтығыстарының күшеюіне себепті болуы мүмкін. Қақтығыстар АҚШ басшыларына осы кезде Ирактың ешбір тұрғыдан 2011-ші жылы бұл елден америкалық күштер шыққаннан кейін олар ойлаған тұрақты әрі құдыретті біртұтас еліне ұқсамайтынын көрсетті. Бұл мемлекет америкалықтардың ойындағы мемлекетке айналу үшін ұзақ жолды өтуі керек. 

Mar 06, 2016 18:20 Asia/Almaty
Сараптама