Jan 08, 2017 21:27 Asia/Almaty
  • Ислам әлеміндегі бірлік 36

20-шы ғасырдың екінші жартысына енген кезде ислм елдері басшыларының 50-ден астам исламдық мемлекеттің халқынан біртұтас үмбет құрып, іріткі мен қайшылықтардың орнына бірлік пен ынтымақтастық орната алатын ұйым құруды қажет деп шешті.

Ислам әлемінддегі бірлік

Ислам Конференциясы ұйымының құрылуына 1969-шы жылы мұсылмандардың бірінші қыбыласы саналатын әл-Ақса мешітіндегі өрт себеп болды.

Әл-Ақса мешітінің өрті

Ырымшыл еврейдің бұл әрекеті әлем мұсылмандарының ызасына себеп болды. Израиль өртке австралиялық саяхатшыны себепкер болды деп атады. Израиль соты сол кезде қылмыс жасаған австралиялық саяхатшыны психикалық тұрғыдағы науқас деп атап, Израильдің ішкі заңдары бойынша оны жазалау мүмкін емес деп шешім қабылдады. Бұл мәселе мұсылмандардың ашуына тиіп, үкімет басшыларын халықтың наразылықтарына оң жауап беріп, мұсылмандардың ашуын бүкіл әлемдіктерге жеткізуге мәжбүрледі. Сауд Арабиясы мен Марокко сол кезде бұл мәселені талқылау мақсатында отырыс өткізуге көптеген талпыныс жасаған елдер болды. Нәтижесінде 1969-шы жылдың қыркүйек айында Раббатта отырыс өтіп, сөйтіп кейін Исламдық Ынтымақтастық ұйымы деп атын өзгерткен Ислам Конференциясы ұйымы құрылды.

Ислам Конференциясы ұйымының исламдық елдер арасындағы интеграция мен бірлік орнату мақсаттарына назар аударып, аталмыш ұйымның жұмысын төрт кезеңге бөлуге болады: бірінші кезеңі ұйымының бірінші онжылдығы болып табылады. Бұл кезеңнің ерекшелігі Палестинаның арман-мақсаттарының бұл ұйымның негізі ретінде қалыптасуы болды; Ислам Конференциясы ұйымы жұмысының екінші кезеңі үшінші басқосудан 1997-ші жылғы Теһрандағы отырысқа дейін жалғасты. Мүше елдердің арасындағы қайшылықтар Ислам Конференциясы ұйымының  қайшылықтарына себеп болып, бұрынғы бірлікке нұқсан келтірді. Саяси және әскери қайшылықтармен бірге бұл кезеңде ислам әлемі ағымдарының арасында наным-сенімге қатысты қайшылықтар пайда болды. Ирак 1359-шы жылдың шаһривар айында (1979 ж.) Иранға қарсы әскери шабуыл бастады.  Ислам әлемі мен Ислам Конференциясы ұйымындағы қайшылықтардың бірі Ирактың 1990-шы жылы  Кувейтке қарсы шабуылына қатысты болды.

Ислам Конференциясы ұйымы

Ислам Конференциясы ұйымының үшінші кезеңінде Теһранның кезеңдік басшылығымен ұйымға мүше елдердің арасындағы қарым-қатынастар үшін жаңа кезең басталды. Кеңес Одағы мен Шығыс блогы тараған соң АҚШ әлем бойынша жаңа қарсылас іздеп, Шығыс блогының орнына ислам әлемін таңдады. ИИР мұндай жағдайға қарсы болғанымен, әлемнің қоғамдық ой-пікірі мен  мұсылман халықтарының қолдауларын исламдық елдердің  қарым-қатынастарын арттыруға  пайдаланды. Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің ынтымақтастығы мен интеграциясына себеп болатын өзгерістер Теһран саммитінен кейін де жалғасты. 2001-ші жылғы 11-ші қыркүйек оқиғасы мен Нью-Йорктегі қос ғимаратқа жасалған шабуыл ислам әлеміне қарсы негізсіз дұшпандықтар тудырғанымен, ислам елдері арасындағы бірлік пен ынтымақтастыққа да себеп болды. Ислам Конференциясы ұйымының төртінші кезеңі 2011-ші жылы Тунисте басталған «исламдық ояну» деп аталған өзгерістер басқа елдерге таралып, оған деген реакциялар ислам әлемі мен аталмыш ұйымға мүше елдердің арасындағы көптеген қайшылықтар мен іріткілерді әшкереледі. Ұйымның Стамбул отырысының қорытынды мәлімдемесінде қайшылықтар толқыны анық байқалды. Сауд Арабиясының үкіметі әскердің көмегімен Мысырдың халықтық үкіметін құлатып, Бахрейннің шиіттер көтерілісін басып-жаншып, Йемен мен Сирия өзгерістерінде  өз мақсаттарын алға ілгерілетіп, билік басына өзіне тәуелді үкіметтерді әкелмек болғанымен халықтың жігеріне қарсы тұра алмады. Сауд Арабиясы Мина апатының әшкереленуі және шиіттердің басшысы Бақер ән-Нимрге өлім жазасын қолданған соң аймақ халқының қоғамдық пікірі мен исламдық үмбет пен халықаралық ұйымдардың  наразылықтарымен кезікті. Сауд Арабиясы  дін мен адамзатқа қарсы қылмыстарын жасырып, Иранмен саяси қарым-қатынасын тоқтатты. Сондықтан басқа исламдық мемлекеттерді қорқытып, Стамбулдағы исламдық елдер басшыларының 13-ші саммитінде  ислам әлемін Ислам республикасына  қарсы шоғырландырды.

Стамбулдағы исламдық елдер басшыларының 13-ші саммиті

Бұл саммитте аймақтың ДАИШ пен басқа лаңкестік топтарын қолдайтын мемлекеттері басқаларды да Иранға қарсы қойып, бұл елді Палестина, Йемен және Бахрейннің езілген халықтарын қолдау саясаттарынан бас тартқызғысы келді. Сондай-ақ Сауд Арабиясы бұл отырыста кейбір адамдарды өлім жазасына айыптаған шешімдеріне қатысты кейбір мемлекеттердің айыптауларын қабылдамай, өлім жазасы іске асырылған адамдарды, соның ішінде Арабстан шиіттерінің басшысы Бақер ән-Нимрды лаңкес деп жариялады. Егер ұйымның жетістіктері туралы жарғысындағы мақсаттары мен негіздерге сүйеніп, 2011-ші жылдағы араб елдеріндегі исламдық ояну кезеңінің басталуынан  бағалайтын болсақ, бұл кезеңде ұйым өз мақсаттарына толық жете алмады деп айта аламыз. Ислам Конференциясы ұйымының жарғысындағы бұл ұйымның мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін орнату және мүшелері арасындағы қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу деген мақсаттарына тоқталып, ұйымның бұл мақсаттарына қаншалықты жеткенін бағалайтын болсақ, бұл салада ұйым аса нәтижеге жетпеді деген қорытынды жасаймыз. Өйткені ұйымның іс-әрекеттері көбінесе мәселені шеше алмады. Сонымен бірге Ислам Конференциясы ұйымы қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу деген мақсатына да жетпеді. Керісінше, кейбір кездері қайшылықтарды күшейтіп, мемлекеттер арасындағы қантөгістер мен соғыстарға себеп болды.

Ислам әлемі

Ислам Конференциясы ұйымының мақсаттарына жетпеуіне қандай мәселелер себеп болды? Ислам әлемінің әртүрлі кезеңдердегі себептерін зерттеу бұл ұйымның нәтижеге жетпеуінің ең маңызды факторларының бірінің мүше елдердің өздерінің ұлттық мүдделерін ұйымның ұжымдық мүдделерінен артық санауы екендігін  көрсетті. Негізінде исламдық мемлекеттердің ортақ ұжымдық мүдделері оларды біріктіретін фактор бола алады. Бірақ Ислам Конференциясы ұйымы бұл негізді бұзып, әрбір мемлекет өзінің ұлттық мүддесін ортақ мүддеден артық санап, ұйымның стратегиясын бірнеше тармаққа бөліп, мүше елдердің арасындағы қайшылықтарға себеп болуда. Сауд арабиясының Стамбул саммитіндегі іс-әрекеті осындай ұстанымның айқын көрінісі. Сонымен бірге экстремистік ағымдардың исламдық мемлекеттердің  ойы мен істеріне әсер етуі бір жақтан, ислам үмбетінің ортақ дұшпаны, яғни Израильмен келісімге келу басқа жақтан ұйымға мүше елдер арасында іріткі тудыруда әсерлі рөл атқарды. Тарихи зерттеулер ұйымға мүше елдер арасында бірқалыпты ағымдар болып, Палестинаның мақсаттарын қорғау негіздері қуатталған кезде исламдық мемлекеттердің интеграциясының артқанын көрсетеді. Бұл мәселе әрқашан ислам әлемінің бірлігі мен біртұтастығын бұзатын экстремистердің Талибан және ДАИШ сынды топтар түрінде барлық исламдық мазхабтарға қарсы шығу  және дұшпандарымен, әсіресе Израильмен бітімге келу  сынды екі ағымға қарсы тұрды.

 

 

 

 

 

 

Тегтер

Сараптама