Feb 19, 2017 18:17 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 36

Кемсітушіліктен құтылу мен теңдік адам құқығына қатысты халықаралық заңдардың негіздері саналады. Барлық адамдар ешқандай кемсітушіліксіз адам құқығы заңында ескерілген барлық құқықтарға ие болуы керек.

Нәсілшілдік кемсітушілікке қатысты ең маңызды құжат болып «Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою» туралы халықаралық конвенция саналады. Осы Конвенцияда «нәсілдік кемсітушілік» деген сөз тіркесі қоғамдық өмірдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени немесе басқа да кез келген саласында адамның құқығы мен негізгі бостандығын тең түрде жүзеге асыруын немесе пайдалануын, нәсілдік, терісінің түсі, тектік, ұлттық немесе этникалық шығу тегі белгілеріне негізделген кез келген айырмашылық пен ерекшелікті, шектеуді немесе артықшылықты білдіреді. Бұл құжат бойынша әрбір адам заң алдында бірдей және білім алу мен еңбек ету сынды құқықтарға ие. Адам құқығы туралы уәж айтатын дамыған мемлекеттердің мәліметтеріне жасалған зерттеулер жағымсыз нәтижелерді көрсетеді.

Ұлыбританиядағы зерттеулердің нәтижесі жоғары оқу орындарын бітірген қара нәсілді инженерлердің  ақ нәсілді құрдастарымен салыстырғанда бұл елде жұмыс табу мүмкіндіктерінің азырақ екенін көрсетті. Корольдік инженерлік академияның  зерттеулері  қара нәсілдер мен түрлі-түсті нәсілділер жоғары оқу орындарына түсіп, оқу мен жұмыс табу барысында көптеген қиындықтармен кезігеді деген нәтижеге жетті.

Қара нәсілділерге қарсы кемсітушілік

Зерттеудің нәтижелері инженерлік мамандық бойынша унверситеттерді аяқтаған ақ нәсілділердің 71 пайызының алты айдың ішінде жұмысқа тұратынын көрсетті. Мұндай мүмкіндікке бұл елдегі азиялық азаматтардың 52 пайызы, қара нәсілділердің 46 пайызы ғана ие. Германия мен Ұлыбритания сынды мемлекеттерде Азия мен Африка мигранттарының санының артуымен бұл кемсітушіліктердің күннен күнге күшейе түсетіндігі анық.

Кейбір уақытта бұл кемсітушіліктер тек азаматтың дініне байланысты орын алады. Бұл кемсітушіліктің соңғы үлгісі Румынияда байқалды. Румыния Президенті Клаус Йоханнис мұсылман әйелді елдің премьер-министрі лауазымына ұсынудан бас тартты. Ол желтоқсанның 27 күні Социал-демократиялық партияның үміткері Севиль Шайдены қабылдамай, премьер-министрлікке басқа үміткерді ұсынуды талап етті.

Румыния Президенті Клаус Йоханнис

Румынияның Социал-демократиялық партиясының төрағасы Ливью Драгне Севиль Шайдены осы партия тарапынан премьер-министрлікке ұсынған болатын. Егер оның ұсынысы қабылданғанда Румынияның премьер-министрі бірінші рет мұсылман әйел болатын еді. Клаус Йоханнис телеарнадан сөйлеген сөзінде: «Севиль Шайденің барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеп, бұл ұсынысты қабылдамауға шешім қабылдадым»,- деді.

Аз сандыларға  деген кемсітушілік пен жиіркеніш қоғам деңгейіндегі зорлық-зомбылыққа ұластырды. Өткен айларда Еуропа мен Ұлыбританияда мұсылмандарға қарсы шабуылдар артты. Мұсылмандарға қарсы физикалық шабуылдар мен қорлаушы әрекеттерді тіркейтін «Tell Mama» ұйымы өткен жылдың маусым айында 2015-ші жылы аталмыш шабуылдардың үш есе артқанын жариялады. Алайда соңғы тіркелген мәліметтер бойынша Ливерпульдің исламдық «әл-Тауһид» орталығына  нәсілшіл топтар сан рет шабуыл жасады. Жарияланған суреттер орталықтың ауыр шығын көріп, Құран және басқа кітаптарының өртенгенін көрсетті.

"Әл-Тауһид" орталығына шабуыл жасалды

 Жұмыс орындарындағы мұсылман әйелдерге көрсетілетін кемсітушілік,  яғни христан әйелдермен салыстырғанда мұсылман әйелдердің жұмыссыз қалу ықтималы мигрант әйелдердің жағдайына ұқсас. Бристоль университететінің  ұстазы доктор Набиль Хатобтың зерттеулері бойынша Британияның мұсылман әйелдерінің басқалармен салыстырғанда  71 пайызы  жұмыс орындарын таба алмайды. Ұлттық зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, мұсылман әйелдердің арасында жұмыссыздық деңгейі 18 пайызға, үнділік әйелдердің арасында 9 пайызға, ал христиан әйелдердің арасында 4 пайызға теңеледі. Ұлыбританиядағы мұсылман әйелдердің жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы олардың сауатының төмен немесе ағылышын тілін дұрыс білмеуіне байланысты емес. Мәліметтер бойынша бұл мәселе оларға қарсы кемсітушілікке байланысты. Хатобтың айтуынша, Британиядағы мұсылман әйелдердің экономикалық белсенділігі төмен. Олардың жұмыссыздық деңгейі басқа діндердің өкілдерімен  салыстырғанда жоғары.

Германиядағы зерттеулердің нәтижесі мұсылман әйелдердің жұмыс табу қиындығымен кезігіп, олардың тек 4 пайызының ғана жұмысқа алынатынын көрсетті. Бұл зерттеулерді IZA ұйымы жүргізді. Зерттеу нәтижелері бойынша Германияда мұсылман әйелдер басқалармен салыстырғанда кемсітушілікпен  көбірек кезігеді, яғни жұмыс туралы өтініште орамал таққан  әйелдің суреті болса, олардың тек санаулысына ғана жауап қайтарылады. Сондай-ақ басында орамалы бар мигрант әйелдердің де германиялық әйелдерге қарағанда жұмыс табу мүмкіндіктері өте аз.  2015-ші жылы Германияға шамамен бір миллион мигрант енді.

Мұсылман әйелдерге қарсы кемсітушілік

 Мұсылман полиция қызметкеріне тіл тигізу, мұсылман әйел маманды ұрып-соғу және тағы басқа бірнеше нәсілшіл әрекет – АҚШ-тың өткен бірнеше күнгі мұсылмандарға қарсы әрекеттерінің мысалдары.

Дональд Трамп АҚШ Президенті болып сайланғаннан кейін АҚШ-тың жер-жерінде нәсілшіл әрекеттер артты. АҚШ миллиардерінің ұрандарының бірі АҚШ-қа ағылған мигранттарға қарсы тұру және бұл елге мұсылмандардың кіруіне тыйым салу болды. Осы салада өткен бірнеше аптада мұсылман полиция әйел  жасөспірім баласымен бірге Бруклинде бір америкалықтың жөнсіз әрекетімен кезікті. Жарияланған мәліметтер бойынша ер адам полицияның әйел қызметкеріне тіл тигізуімен бірге, оған «еліңе қайт» деп, қоқан-лоққы көрсетіп, баласын итеріп жіберген. Полиция қызметкері болып табылатын бұл әйел 2014-ші жылы өрттен бір баланы құтқарған үшін батылдық медалімен марапатталған  болатын.

Мұсылман полиция әйелге қарсы қоқан-лоққы

Келесі бір оқиғада Провиденс мешіті «Трамп мұсылмандарға Гитлердің еврейлерге қарсы жасағанын жасайды» деп жазылған қорқыту хаттарын алды. Басқа бірнеше мешіт те қараша айында осы мазмұнда хаттар алған болатын.  Манхеттенде де қаланың көлік және коммуникация  жүйесінде жұмыс істейтін әйелді хиджабы үшін бір  америкалық  «лаңкес» деп атады. Бұл әрекет тек тіл тигізумен шектелмеді. Америкалық ер адам орталық терминалда әйелді итеріп, оның жерге жығылып, жаралануына себеп болды.  Бұл әрекеттердің барлығы Исламнан үркіту және мұсылмандарға қарсы жаңа толқынды көрсетті. Бұл толқын 2017-ші жылы АҚШ пен Батыс мемлекеттеріндегі мұсылмандардың көбіне жетіп, олардың адам құқықтарына қатысты құжаттардың бұзылуымен бетпе-бет келуіне себеп болды. 

Тегтер

Сараптама