• Ислам және денсаулық 1

Қасиетті Ислам діні тауһидтік діндердің соңғы әрі толық діні ретінде адамның жеке және қоғамдық денсаулығына кепілдік болатын бай және көркем кеңестерге ие.

Денсаулық Ислам дінінің мәдениетінде құндылық ретінде баяндалып, ең жақсы нығметтердің бірі саналады. Адамның бұл нығмет үшін шүкір айтуға мүмкіндігі жетпейді. Денсаулық – жасырын мүлік, өмірдің қоры әрі маңызды нығмет. Сонымен бірге исламдық дұғалардың көбінде Жаратушыдан сұрайтын маңызды қалаулардың бірі болды.

Исламның көзқарасы бойынша, мінсіз денсаулық болып кемел, жан-жақты денсаулық саналады. Исламдағы саулық кең ауқымды  түсінік және тек физикалық саулықпен шектелмейді. Исламдағы саулық дүние мен ақыреттегі саулыққа назар аударады. Осыған орай мұсылман адам екі өмірдегі саулыққа ие болуға талпынады.  Бұл дүниедегі денсаулыққа ие болу үшін дене мен рухтың тыныштығына, ақыретте илаһи рақымдылық пен кешірімділік және илаһи сыйға ие болуды мақсат етеді. Қасиетті Ислам дінінің көзқарасы бойынша, илаһи құнды нығмет денсаулықты сақтау барша үшін уәжіп саналады. Исламның ұлық пайғамбары: «Халық қадір-қасиетін білмейтін  екі нығмет бар: олардың бірі – денсаулық, екіншісі – жастық шақ»,- деген болатын. Исламдық рауаяттарда денсаулық жасырын нығмет ретінде баяндалған. Адам бұл нығметке ие болған кезде оның құндылығын білмей тек одан айырылған кезде ғана оның қадірін түсінеді. 

Адамның денсаулығының физикалық  және рухани тұрғылары бар. Дененің саулығы – адамның бақытының бірінші шарты. Құранның айтуы бойынша адамзат дені сау болғанша өзінің дүниелік үлесін пайдаланады.

Денсаулық – Алланың ең үлкен нығметтерінің бірі. Сондықтан, оны сақтауға  талпынып, адам науқастанып, жатып қалғаннан бұрын санитарлық-гигиеналық негіздерге көңіл бөліп, мүмкіндікке қарай аурудың алдын алуға талпыныс жасау қажет.

Саулық сақтау

Көптеген себептер денсаулықты сақтайды. Дене мен рухтың саулығы мұсылмандар оның себептерінен хабардар болған кезде ғана мүмкін болады. Дене мен рухтың саулығына жету үшін медициналық және ахлақи тағылымдарды үйреніп, соларды пайдалану керек. Сондықтан, иман келтірген адам адамның денсаулығы мен өмірінің кепілдігі саналатын санитарлық-гигиеналық негіздерге мән бермей тұра алмайды. Әр адам өз денаулығын сақтау саласында міндеттерге ие. Яғни, ол тазалықты сақтап, ластықтардан алыстап, дұрыс тамақтанып, зиян келтіретін нәрселерді жемегені жөн. Сондай-ақ, оның денсаулығы мен өмірін қатерге тірейтін әр нәрседен бойын аулақ салғуы керек. Ең маңызды нығмет денсаулыққа жетуге талпыну  Ислам діні тарапынан расталып, қуатталды. Бұл қасиетті дін денсаулыққа жету үшін шариғат (халал, харам, мүстахаб, макрух және мубах) пен ақыл-кеңес, фикх негіздері мен заңдары түрінде исламдық ой-пікір мен қоғамдық жүйенің іргетасын ұсынды.

Исламдағы саулық

Ешбір идеологиялық мектеп және ешбір жүйе Ислам сынды адамның денсаулығы мен дамуы үшін жағдай жасаған жоқ. Қасиетті Ислам діні  тауһидтік діндердің соңғы әрі толық діні ретінде адамның жеке және қоғамдық денсаулығына кепілдік болатын бай әрі көркем кеңестерге ие.

 

 

 

 

 

Тегтер

Apr 30, 2017 19:31 Asia/Almaty
Сараптама