• Ислам және денсаулық 3

Қасиетті Ислам діні денсаулық пен тазалықты қуаттауымен бірге ысырапшылдық пен артық тамақтанудан тартынуға ерекше мән береді.

 Қасиетті Ислам діні денсаулық пен тазалықты  қуаттап, оларды иманның бір бөлігі деп таныстырады. Негізінде Исламның ерекшеліктерінің біріне өмірдің әртүрлі кезеңдерінде тазалықты сақтауға жігерлендіруі жатады. Өйткені физикалық және рухани  ластықты қабылдамау әр адамның болмысында қалыптасқан. Ислам тазалықты мұсылмандардың жеке ғибадаттық бағдарламаларында қалыпастырып, оның болмысында денсаулық пен тазалықты сақтауға қажет жігерді жаратты. Исламның ұлық пайғамбары: «Мүмкіндігіңе қарай тазалық сақта. Өйткені, Алла Тағала Исламды тазалыққа сүйеніп ұсынды. Адам тазалық сақтамаса, жәннәтқа кірмейді»,- деген.

Ислам және денсаулық

Исламда тазалық пен денсаулық арнайы жүйеге ие. Мұсылман денсаулықты діни міндет санап, қандай жағдайда болмасын, оны сақтауға талпынады.

Денсаулық мәселесін мұсылмандардың діни бағдарламаларында қалыптастыру оны сақтау үшін қажет жігер береді. «Әлақ» сүресінің 14-ші аятында: «Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмей ме?»- деп айтылған. Мұсылмандардың ойы мен істерін бақылайтын шариғат оларды күнәдән алыстатады. Денсаулық негіздерін сақтау діни қажеттіліктермен бірге болып, мұсылмандарды оның негіздерімен санасуға міндеттейді, Мұсылмандардың мұсылман бауырларының тыныштығы мен саулығын сақтауға себеп болатын  әрбір ісі Алланың ризалығына да ие болады. Ортаның тазалығы қоғамдық гигиенаға көмектеседі. Аллаға жақындау – исламдағы медицина мен гигиена жүйелерінің ең үлкен мақсаты. Денсаулық пен тазалық туралы айтылған кезде ғибадат туралы мәселе бірге айтылады. Іс-әрекет пен иман Аллаға құлшылық ету ниетінен басқа ниетпен болса құнсыз әрі адамды тәрбиелейтін ғамалдардың қатарына жатпайды. Сондықтан барлық ғибадаттар мен барлық жұмыстардың мақсаты Алланың ризашылығы үшін болуы керек.

Саулық сақтау

Ислам уаһиге сүйеніп, гигиена саласында мұсылмандарға ең жоғары ақыл-кеңестер берді. Мәселен, Құран «Әй, адам баласы! Жер жүзінде болған халал, таза нәрседен жеңдер» («Бақаре» сүресі, 168 аят) немесе «Ал енді адамзат, жеген тамағына бір көз салсын» («Абәсә» сүресі, 24-ші аят) деп айтқан кезде барлық адамдарды таза тамақ жеуге шақырып, жеген тамақтарының шамадан тыс болмауына көңіл бөлуге шақырады: халал ма, әлде харам ба, қоғамның құқықтарын бұзбады ма, ол үшін пайдалы ма, әлде пайдасыз ба?

Таза тамаққа назар аудару

Басқа жақтан, Алланың пенделері үшін жаратқан нығметтерін пайдалану адамның саулығы мен тұрмысына ерекше әсер етеді. Адам Жаратушының нығметтеріне шүкіршілік  білдіріп, Алла тарапынан ие болған мүмкіндіктерін оның бұйрықтарына қайшы қолданбауы керек. Адам, егер Алланың нығметтерін орынды, өзі мен басқаның рухани және физикалық кемелдігі үшін пайдаланса, негізінде нығметтерге шүкіршілік білдіргені. Адамның нығметтерді кемелдікке жетуі мен саулығы үшін пайдалануын, яғни нығметтерінің мүміннің риясыз болмысын көрсетуін Алла жақсы көреді. Құран Кәрім адамды артық тамақтанудан бас тартуға шақырып: «...Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз, Алла ысырап етушілерді сүймейді»,- деген. («Ағраф» сүресі 31-ші аят).

Артық тамақтанудан тартыну

Бұл аяттың мазмұны – исламның денсаулыққа қатысты ең маңызды жетістіктерінің бірі. Ғалымдардың зерттеулері бойынша аурулардың көбінің себебі артық тамақтануда. Негізінде, артық тамақтану жүрек пен дененің басқа ағзаларына ауыр тиіп, әртүрлі аурулардың басталуына себеп болады. Сондықтан ауруларды емдеуде және дене мен рухтың пәктігі мен саулығы үшін исламның ақыл-кеңестерін орындау керек.

Сондай-ақ исламның ұлық пайғамбары мен басқа пәк басшылардың хадистерінде денсаулық, жеке бас және психикалық гигиена, кейбір жеміс-жидектер мен көкініске қатысты мәселелер медицинаға байланысты. Алла елшісі: «Асқазан – барлық аурудың үйі. Артық, жөнсіз астан тартыну дәрі әрі дәрмен»,- деген болатын. Медицина ғылымы кез келген аурудың себебінің ас қорыту жүйесінің дұрыс қорытпауы немесе дұрыс емес тамақ жеу екенін дәлелдеді.

 

Тегтер

Мамыр 24, 2017 16:39 Asia/Almaty
Сараптама