• Рамазан – Алланың айы 24

Қасиетті Рамазан айында рақымды Алланың нығметтері жерге ағылып, олардың белгілері әсіресе мұсылмандар жиналған жерден анық байқалады. Мұсылмандар өздерінің діни наным-сенімдеріне сай бұл айда ауызашар беру сынды әдемі салттарды орындайды. Бұл көркем сүннет Исламның ұық пайғамбарын еске түсіреді.

Мағриб намазы азанының уақыты келіп, жүрекке жағымды дұғалар оқылуда. Ерекше ауызашар дастарханы жайылды. Отбасының анасы ауызашар тамағын дайындап, кішкентай қызы Сара өзінің балалық көңіл-күйімен айналасындағы барлық нәрсеге қызығушылық білдіріп жүр. Қолына жаңа піскен нан көтеріп,  әкесі күлімсіреп үйге енді. Атасы-әжесі, көкесі мен нағашы аға-апасы мейірімге толы кеңістікте ауыз ашу үшін осы үйде қонақ болып отыр. Азанның дауысы естіліп, жүректер ерекше көңіл- күйге бөленді. Атасы орнынан тұрған кезде басқалардың барлығы оған құрмет білдіріп, орындарынан тұрды. Ол мейірімді көзқарасымен жиналғандарға қарады. Атаның шақыруымен отбасының барлық мүшелері мен қонақтар ауызашар дастарханының айналасына жиналды. Ата қолын аспанға қарай жайып, дұға оқып, басқалар «әмин» десті. Бұл әдемі жиынды Сара  еш уақытта ұмытпайды. Ол да өскен кезде осы әдемі салтты ұмытпай, қарапайым дастархан жайып, ауызашар өткізіп, жүректерді бір-біріне жақындатады.

Ауызашар дастарханы

Қасиетті Рамазан айында рақымды Алланың нығметтері жерге ағылып, олардың белгілері  әсіресе мұсылмандар жиналған жерден анық байқалады. Мұсылмандар өздерінің діни наным-сенімдеріне сай бұл айда ауызашар беру сынды әдемі салттарды орындайды. Бұл көркем сүннет Исламның ұық пайғамбарын еске түсіреді. Хазірет оның маңыздылығы туралы: «Ораза тұтушыларға тіпті жарты құрма мен су беріп, өздеріңді тозақ отынан құтқарындар»,- деген болатын. Ауызашар беру – мұсылмандардың арасындағы қоғамдық қарым-қатынастар мен мейірімділікті нығайтуға көмектесетін сүннеттердің бірі. Ислам – махаббат пен мейірімділік діні. Бұл дін адамдардың арасындағы қарым-қатынастардың әдеп пен құрметке сүйенуін қуаттайды. Исламның ұлық пайғамбары басқалармен қарым-қатынас орнатқан кезде халыққа махаббаты мен құрметін көбірек көрсетуге талпынатын. Рауаяттарда Исламның ұлық пайғамбарымен кездескен әр адамның хазіреттің теңдессіз болмысына қызығып, жақсы көретіні туралы айтылған. Хазірет өзінің мейірімді мінез-құлқы және қарапайымдылығымен адамдарды өзіне тартатын. Хазірет сөзінде: «Кейбір адамдар – жақсылықтың, басқалар – жамандықтардың кілті. Алла Тағала қолдарына жақсылық кілтін бергендер қандай бақытты»,-деген.  Ададмарға көмектесіп, оларды қуантуды әртүрлі жолдар арқылы жүзеге асыруға болады.  Бір доспен сырласып, жүректегі уайым-қайғыны кетіру қандай жақсы. Исламның ұлық пайғамбары халықты қуантудың үш жолын еске салып: «Мүмінді қуантатын ең жақсы жолдарға оның қарызын өтеу, қалауын орындау  немесе уайым-қайғысына ортақ болып, жұбату жатады»,- деген.  

   *********************************

 

«Таһа» сүресінің 74-75-ші аяттар:

"إِنَّهُ مَن یَأْتِ رَبَّهُ مجْرِماً فَإِنَّ لَهُ جَهَنَّمَ لا یَمُوت فِیهَا وَ لا یحْیى‏.وَ مَن یَأْتِهِ مُؤْمِناً قَدْ عَمِلَ الصلِحَتِ فَأُولَئک لهَمُ الدَّرَجَت الْعُلى‏ ."

«Күдіксіз кім Раббына күнәкар болып келсе, рас оған тозақ бар. Онда ол өлмейді де, өмір де сүрмейді. Ал кім Оған иман келтіріп, рас ізгі іс істеп келсе, міне соларға жоғары дәрежелер бар».

Бұл аяттар Перғауының сиқыршыларының хазірет Мұсаға иман келтіргеннен кейін жіберілген уәде болып табылады. Перғауын сиқыршыларға жеңген жағдайда оларды сарайына жақындату туралы уәде берді. Бірақ, олар хазірет Мұсаға иман келтірген соң, оларды «қол-аяқтарыңды шауып, дарға асамын» деп қорқытты. Бұл аяттардың ең маңызды  мәселесі хазірет Мұсамен бетпе-бет келген сиқыршылардың күрт, әрі жылдам өзгеруі болып табылады. Олар дұшпаны деп санаған хазірет Мұсаға қарсы тұрғанымен, бірақ хазіреттің мұғжизасын көріп, ерекше көңіл-күйге түсіп, оянып, жолдарын өзгертіп, баршаны таңғалдырды. Күпірліктен иманға бет бұру, басқаша айтқанда, жолды қараңғылықтан жарыққа қарай өзгерту баршаны таңғалдырғанымен, Перғауын үшін оны түсіну оңай болмады. Сондықтан ол оны алдын ала жобаланған қастық деп көрсетуге талпынды.

Сиқыршылардың терең әрі жылдам өзгеруіне және олардың тіпті  хазіретке иман келтіріп,  биік талға асылып, қол-аяқтарының  шабылуына алаңдамауына ілім мен мағрифат себеп  болды. Сиқыршылар сиқырдың құпияларымен таныс болғандықтан, хазірет Мұсаның амалдарының сиқыр емес, илаһи мұғжиза екенін түсінді. Сондықтан батылдықпен кесімді түрде жолдарын өзгертті. Бұл аяттың назар аударатын келесі мәселесі барлық адамдардың – қылмыскер болсын, мүмін болсын Аллаға қарай жолды өткеретіндіктерін ескертуінде. Егер, қылмыскер немесе күнәһар болса, азап саналатын отқа түседі. Егер, мүмін болса, оларды жаннаттың жоғары дәрежелері күтеді.

      ****************************

 Қасиетті рамазан айының соңғы күндері күннің ұзақ болуы және ыстығымен ораза тұтушының шөлі мен қысымын арттырады және организм су тапшылығымен кезігеді. Осыған орай жаздың ұзақ күндерінде ораза тұтып, жеп-ішуден тартынып, жүректерін илаһи рақымға бөлейтіндерге: «Қасиетті рамазан айындаы шөлді басу үшін шие жеуді ұсынамыз.

Рамазан айында жеміс жеу насихатталды

Шие шөл мен қабынуды азайтып, қанды бір қалыпқа келтіріп, теріні тегіс және ашық етеді.  Өрік пен шабдалы жеңіздер, өйткені олар асқазанның қышқылдығынан туындаған дертті азайтады және организмнен кеткен минералдық құрамдардың орның толтырады. Сондай-ақ, жеміс шырындарын ішіп, суы мол көкніс пен жеміс жеу насихатталады. Цитрус тектес жемістер мен құлпынай организмді сумен бірге кальций, магний, темір және басқа пайдалы минералдар сонымен бірге В1, В2 витаминдермен қамтамасыз етеді.  Қарбыз бен қауын денені сумен қамтиды. Сондықтан ауызашар мен сәресінің арасында  жеміс жеу насихатталды. Лимон шөлді азайтуға жақсы әсер етеді. Жалбыздың кептірілген жапырақтарын балмен араластырып, сусын ретінде пайдалану шөлді азайтуға тағалдыратындай әсер етеді. Шәй, әсіресе қою шәй шөлді азайтуға көмектеспейді.

 

Jun 19, 2017 19:33 Asia/Almaty
Сараптама