• Рамазан – Алланың айы 28

Қасиетті Рамазан айының берекелерінің бірі ораза тұтушыларды өмірлік бағдарламаларында тәртіп сақтауға үйретуі саналады. Ораза тұтушылар барлығы бірге белгілі сағатта ораза тұтуды бастайды және белгілі бір уақытта ауыз ашады. Бұл үйлесімділік мұсылмандарға барлық материалдық және рухани істерінде жүйелі бағдарламаға ие болу қажеттігін ескертеді.

Даналардың бірі: «Бұл маңызды айда дұрыс ораза тұтыңдар»,- деген кезде «Оның шарттары қандай?»- деген сұрақ қойылды. Дана адам: «Дұрыс ораза – жүректерді кек пен қызғаныштан, тілдерді тіл тигізу, өсек пен ғайбат айтудан және басқаның кемшіліктерін іздеуден, көздерді жамандықтарды көруден, құлақтарды пайдасыз сөздерді естуден алыстататын ораза»,- деп жауап берген.

Қасиетті Рамазан айының соңғы күндері Алла Тағала бұл айдың соңғы сағаттары мен сәттерін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді деп тілейміз. Исламның ұлық пайғамбарының хадистерінің бірінде: «Рамазан айы үш ерекшелігімен, атап айтқанда бірінші онкүндігі Алланың рақымымен, екінші онкүндігі кешірімділігімен, соңғы он күні тозақ отынан құтқарылуымен танымал»,- деген болатын.

Қасиетті Рамазан айының берекелерінің бірі ораза тұтушыларды өмірлік бағдарламаларында тәртіп сақтауға үйретуі саналады. Ораза тұтушылар барлығы бірге белгілі сағатта ораза тұтуды бастайды және белгілі бір уақытта ауыз ашады. Бұл үйлесімділік мұсылмандарға барлық материалдық және рухани істерінде жүйелі бағдарламаға ие болу қажеттігін ескертеді. Бұл айдың келесі жақсы тәжірибелерінің бірі сәресі кезінде ояну болып табылады. Рамазан айынан кейін бұл тәжірибелер ораза тұтушылар үшін жақсы әдет бола алады. Қасиетті Рамазан айы соңына жақындады. Сәресіне оянатын күндердің аяқталатыны қандай өкінішті. Сәресі кезінде Аллаға жақындайтын мұрсат көбірек болады. Сәресі кезі – әлемнің Жаратушысының ғажайыптары туралы ойланатын уақыт. Ғалымдар мен ойшылдардың көбі сәресі кезінде өмірдің шындықтарын  түсінген болатын. Осыған орай исламның өсиеттерінде түн ортасында ояну мен ойлану туралы көп насихатталған. Түннің қараңғысын Алламен сырласып, жарыққа толтырған қандай жақсы. Рауаяттардың бірінде түн ортасында оқыған намаз бен мүнәжәттың қиямет күнгі нұрға себеп болатыны туралы айтылған. Имам Саджад (ғ.с.)-нан: «Түнде оянып, ғибадат жасайтындардың әдемі болатындықтарының себебі неде?» деп сұрағанда, хазірет: «Олар Жаратушымен сырласып, Жаратушы оларды нұрымен безендіреді»,- деп жауап берген болатын. Түн ортасында Аллаға жақындау үшін ояну мүміндердің жүректерінде ерекше тыныштық орнатады. Рамазаннан басқа айларда да сәресі кезінде оянып, Алламен сырласудың жақсы сезімдерін бастан өткерейік.

 

 

          *******************************

 

«Хадид» сүресінің 25-ші аяты:

لَقَد أَرسَلنا رُسُلَنا بِالبَیِّناتِ وَأَنزَلنا مَعَهُمُ الکِتابَ وَالمیزانَ لِیَقومَ النّاسُ بِالقِسطِ ۖ وَأَنزَلنَا الحَدیدَ فیهِ بَأسٌ شَدیدٌ وَمَنافِعُ لِلنّاسِ وَلِیَعلَمَ اللَّهُ مَن یَنصُرُهُ وَرُسُلَهُ بِالغَیبِ ۚ إِنَّ اللَّهَ قَوِیٌّ عَزیزٌ :

«Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік. Сондай-ақ темірді пайда қылдық. Онда мықты күш әрі адамзат үшін қажеттер бар. Алла онымен дініне, елшілеріне көрмей-ақ көмек еткен кісіні мәлім етеді. Сөзсіз Алла, өте күшті, тым үстем».

Бұл аятта пайғамбарлардың міндеттерінің мақсаты әділет орнату екені туралы айтылды: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты (сөйтіп, барлық адамдар әділ амал етіп, олардың арасында әділдәік негіздері орнатылсын деп діни және наным-сенім тағылымдарға ие Нұх кітабін, Ибрахим кітабін, Тәурат, Інжіл және Құранды)  жібердік». Аятта әділет орнатылу үшін барлық илаһи пайғамбарлардың жіберілуі туралы айтылған соң олардың тіл арқылы дінге шақыруымен бірге білекпен зорлықшыл және билікқұмарлармен күрестері туралы айтылды. Исламның ұлық пайғамбары Мединеге келіп, исламдық үкімет құрған кезде Құран аяттарын халыққа оқып, дұшпандардың құлақтарына да жекізді. Бірақ пайғамбар мұнымен шектелмей, оларға қарсы шықты. Сондықтан, әділет орнату үшін көтерілген адам зорлық-зомбылық жасаушылар мен шапқыншыларға қарсы тұрып, адамдардың құқықтарын қорғау үшін үкімет басына келуі керек. Бұл аятта назар аударылған келесі мәселе Алланың көмегімен және оның мектебіне сүйеніп көтерілетін адамдарды бұл үлкен міндеттен бас тартатындардан ажырату мәселесі болып табылады. Яғни, пайғамбарлардың маңызды міндеті адамдарды оқытып, сапты ажыратып, тазарту болды. Бұл аяттың соңында «... Сөзсіз, Алла, өте күшті, тым үстем» деп айтылған. Өйткені, Алла Тағала бір ишарамен бүкіл әлемді өзгертіп, барлық дұшпандарды жойып, достарын жеңіске жеткізе алады. Бірақ, ондай жағдайда адамды тәрбиелеу мақсаты орындалмайды. Сондықтан, пайғамбарлар арқылы оларды дінге шақырады.

          ***************************

 

Қасиетті Рамазан айы өзінің соңғы күндеріне жетті. Ораза тұтушылар өздері үшін қор жинады деп үміттенеміз. Рухани пайдалармен бірге кейбір материалдық пайдалар, мәселен бір уақытта тамақтануды үйрендік. Мүмкін, кейбіреулердің салмағы азайған болар. Бірақ, ең маңыздысы Рамазаннан кейін де тамақтану тәртібін сақтап қалу болып табылады. Диетологтар Рамазан айы аяқталған соң да пайдалы аспен тамақтануды жалғастыруға кеңес береді. Рамазан айында ас қорыту жүйесінің демалғанына көңіл бөліп, ораза аяқталғаннан кейінгі бірінші күндері көп тамақтанудан тартынған дұрыс. Рамазан айында ораза тұтушылар ауызашардан сәресіне дейін Жаратушыға дені сау түрде құлшылық ету үшін пайдалы аспен ғана тамақтануға талпынды. Жылдың басқа күндері де майсыз тамақты пайдалану әртүрлі аурулардың алдын алады. Нан мен дәнді дақылдар, бұршақтар, ет сорпасы, көкөніс пен жеміс, сүт пен сүт өнімдері пайдалы тамақтардың қатарын құрайды. Жаңғақтар мен өсімдік тұнбалары да ас қорыту жүйесі үшін пайдалы, әрі қан қысымының артуының алдын алу және бактериялар мен ісікке қарсы қасиеттерге ие.

Адамдардың көбі Рамазан айында ауыздарын бір стакан сүтпен ашуға әдеттенеді. Рамазан айынан кейін де сүтті таңғы аста, айранды түскі және кешкі тамақта ішуді жалғастырған дұрыс. Негізінде күніне майлылығы төмен кемінде екі стакан сүт ішкен пайдалы. Диетологтардың айтуынша, егер қасиетті Рамазан айынан кейін майлылығы төмен әрі түрлі тамақ пайдаланылмаса организмде қайтадан май жиналып, салмақ артып, жүрек пен миға ауырлық түсіп, инфаркт пен инсультке себеп болуы мүмкін. Күнделікті көкөніс пен жемісті көбірек және қуырылған тамақты азырақ пайдаанған жөн. Тамақтану жылдамдығын да бақылап, сэндвич, қытырлақ картоп, тәттілер мен кәмпит жеуден тартынған дұрыс.

 

Тегтер

Jun 23, 2017 10:44 Asia/Almaty
Сараптама