•  Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері (15)

Иранның ғылым мен технологиясының 38 жылдық тәжірибесінің жемісі мол болды. Сондай-ақ, көптеген салаларда, тіпті, жаңа бой көтерген сала болса да ирандықтардың биік шыңдарға шығуға бар күшін салатынын көрсетті.

Иранныңғылыми-техникалықжәне медицина саласындағыжетістіктері

Иранның ғылыми жетістіктері мен ғылыми мақалалардың санының артуы – Ирандағы  ғылым мен технологияның даму көрсеткіштерінің бірі. Бүгінде 200-ден астам ирандық көрнекті ғалыммен халықаралық ұстаздардың мақалалары білім әлемінде кеңінен қолданылып жатыр. Иран шамси жылсанағы бойынша 1357 жылы халықаралық ұйымдарда 440 мақала жариялады. Ал қазір Иранның ғылыми өнімдерінің Scopus базасындағы мөлшері 47345 еңбекке, ал Web of Science бойынша 40033 жайтқа жеткен.

Иранның ғылымның дамуына қосқан қомақты үлесі

 

Осылайша Иранның әлемдік ғылыми өндірістегі үлесі шамси жыл санағы бойынша 1357 жылғы 0,01 пайыздан 1395 жылы 1,81 пайызға жетті. Жарияланған статистикалық мәліметтерге сәйкес, Иран  қазіргі кездегі әлемде ғылыми көрсеткіштері бойынша 16-шы орында тұр, ал Ислам революциясынан бұрын ISI мен Scopus базасындағы халықаралық рейтингтерде ешқандай орынды иеленбеген болатын.

Өткен 38 жыл ішінде Иранның әлемнің ғылыми өндірісіндегі үлесінің 180 есе артуы және ирандық зерттеушілер тарапынан жарияланған ғылыми мақалалар санының 55 есе көбеюі елдің дамып келе жатқанын көрсетеді. Ислам революциясына дейін ирандық ешбір жоғарғы оқу орнының атауы әлемнің озық университеттерінің тізімінің қатарынан көрінбеген. Қазір Иранның жоғарғы оқу орындары халықаралық рейтингтерде орын алып жатыр. Times басылымының рейтингтік жүйесінің өзінде 8 ирандық университеттің атауы кездеседі. Сонымен қатар, Иран Ислам Республикасындағы 14 жалпы университет, 10 медицина ғылымдарын зерттеу институты, 8 өнеркәсіптік университет, 2 орталықтаздандырылған университет пен 1 зерттеу орталығы әлемдік озық жоғарғы оқу орындары мен зерттеу орталықтарыныңқатарында орналасқан.

Ирандағы ғылыми даму

Ирандағы жоғарғы оқу орындары мен студенттердің дамуы да назардан тыс қалған жоқ. Иранның университтері мен жоғарғы оқу орындары мен академиялық білім беру орталықтарының саны шамси жыл санағы бойынша 1357 жылғы 223 ұйымнан, 1395 жылы 983 ұйымға жетті. Сонымен қатар ирандық студенттердің жалпы саны 1357 жылғы 175675 адамнан, 1395 жылғы 4348383 адамға жетті. Ал ғылыми өндіріске ықпал ететін фактор саналатын магистранттар мен докторанттардың саны да айтарлықтай мөлшерде артқан. Мәселен, магистранттардың саны 1357 жылғы 6340 адамнан, 1395 жылы 774766 адамға, ал докторанттардың саны 1357 жылғы 1255 адамнан, 1395 жылғы 115191 адамға жетті.

Ирандық студенттердің санының артуы

 

Сонымен қатар Иран университеттері мен академиялық білім беру орталықтарының барлық академиялық топ мүшелерінің саны шамси жыл санағы бойынша 1357 жылғы 5580 адамнан 1395 жылы 80097 адамға жетті.

Иранның ғылыми статистикалық мәліметтеріне шолу жасасақ, Ислам революциясының бастапқы жылдары әлемдік рейтингтерде болмағанын, бірақ, қазір Иранның әлемдік ғылымда Scopus базасы  бойынша 16-шы орында, ISI базасы бойынша 19-шы орында тұрғанын көреміз.

Жоғарғы білім беру мамандықтары бойынша да іргелі ғылым мамандықтары айтарлықтай дамыған. Инженерия, химия, материалтану, математика ғылымдары, ауылшаруашылық ғылымдары, информатика, фармакология мен токсикология, микробиология, биология мен физика салаларының зерттеушілері Иранның  әлемдік жалпы ғылымдағы үлесінің орта көрсеткіштен асып түсуіне себеп болды.

Ирандық студенттер мен түрлі өнертабыстар

Иранның инженерия, математика ғылымдары, материалтану, химия, ауылшаруашылық ғылымдары мен информатика бөлімдеріәлемнің түрлі салаларыарасында дәйексөз келтіру бойынша ең көп үлес қосқан салалар болды. Әлем бойынша дәйексөз келтіруде инженерия саласы 3 пайыз, математика ғылымдары, материалтану және химия әрбіреуі 2 пайыздан, ауылшаруашылық ғылымдары мен информатика әрқайсысы 1 пайыздан үлес қосты.

Ғылыми даму көрсеткіштерінің бірі саналатын ғылыми-зерттеу басылымдарының саны Иранда 52 есе артып, Ислам революциясының алғашқы жылдарындағы 20 басылымнан шамси жыл санағы бойынша 1395 жылы 1047 басылымға дейін жетті. 1357 жылға дейін Иранның 83 зерттеу ұйымы негізгі немесе кесімді рұқсатқағазғанемесе ғылыми тәжірибе өткізу рұқсатқағазына ие болған. Бүгінде бұл көрсеткіш 686 ұйымға жеткен. Ислам революциясының бастапқы жылдарынан осы уақытқа дейін 177 ғылым және технологияны дамыту орталығы, 39 ғылым және технология паркі, 1452  орталық және қосалқы зертхана, жоғарғы оқу орындарында  131 орталық зертхана және Иранның Ғылым министрлігіне қарасты 12594 зертхана ашылды.

Иранның жоғарғы оқу орындары:  студенттердің санының артуы

 

Қазіргі кезде Иранның 60 университетінде денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаға қатысты қисынды әрі жан-жақты көзқарасқа қол жеткізу жүйесі бар. Иранның жер-жерінде даму орталықтары мен ғылым және технология парктерінде 964 іргелі ғылым компаниясы мен 3009 технология бөлімі жұмыс істейді. Сондай-ақ, 5 арнайы ғылым және технология аймағы құрылды.

Ислам революциясының ең басты жетістіктерінің бірі ретінде іргелі ғылым компанияларының пайда болуы Иран университеттеріндегі білім алушылар үшін ғылыми өндірісті нәтижеге жеткізіп, жаңа өнертабыстар ойлап табу үшін кеңістік тудырды.

Іргелі ғылымға негізделген экономиканың өркендеуі

Иранда инновацияларды технологияларға айналдыру мақсатында ғылым мен технология парктерінде шынайы жұмыстарға қатысты идеяларды коммерциялизациялау істерін атқаратын іргелі ғылым компаниялары құрылды. Осы аяда бүгінгі күнге дейін Иранда ғылым мен технология парктерінде 30 мың тікелей жұмыспен қамту орындары құрылып, парктер мен даму орталықтарының іргелі ғылым саласындағы экспортының мөлшері де осы уақыт аралығында 4 миллиард 293 миллион долларға жетті. Қазіргі кезде ұстаздар, түлектер мен аспиранттардың ортақ жұмыстары үшін маңызды болып табылатын  2453 іргелі ғылым компаниясы құрылды.

Іргелі ғылымның өнімдері

 

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін көрмелер және технологиялық өнімдер базарлар  шеңберінде өнеркәсіптік және академиялық бөлімдер арасында 3811 миллиард риал көлемінде келісімдер жасалды. Елдің ғылым және технологияпарктері мен орталықтары 1052 маңызды өнертабыс ойлап тапты. Оның 57-і шетелдерге экспортталды. Осы орталықтарда 750 жаңа идея тіркеліп, оның 550-і сауда тауарына айналған. 69 технологиялық бөлім парктер мен орталықтардан бөлініп шықты. Бұл орталықтарда 148 өнертабыс тіркелді.

 

 

 

Sep 17, 2017 22:23 Asia/Almaty
Сараптама