• Ұлы тұлғаның алдында 78

Қарсыласу экономикасы – әлемдік түрткілер мен әлемдік соққылардан, АҚШ пен басқалардың саясаттарының әсерінен өзгермейтін, халыққа сүйенетін мықты экономика.

Жұмыс, жұмысшы және ішкі өнім жақсы алға ілгерілесе, бір қоғамды экономикалық тұрғыдан дамытып, оны көптеген тауар импортынан мұқтажсыз етеді. Егер  өнімнің сапасы жоғары болса, импорттан мұқтажсыз етуімен қатар, сапалы ішкі өнімді басқа елдерге де экспорттауға мүмкіндік туады. Бұл мақсат аятолла Хаменеидің  эксперттермен бірге жобалаған елдің ұзақ мерзімді перспективасында қарастырылды. Ислам революциясының жетекшісі елдің ішінде жобаланған мұндай экономиканы «қарсыласу экономикасы» деп атады. Діни жетекші қарсыласу экономикасын сипаттап: «Біздің ел мен халықтың ішкі болмысы өзін басқарып, алға ілгерілете алады. Қарсыласу экономикасы деген осы»,- деді.

Аятолла Хаменеи

Аятолла Хаменеи елдің серпінді және күшті экономикаға сүйеніп, жоғары мақсаттарына қарай алға ілгерілеуі туралы: «Қарсыласу экономикасы – әлемдік түрткілер мен әлемдік соққылардан, АҚШ пен басқалардың саясаттарының әсерінен өзгермейтін, халыққа сүйенетін мықты экономика»,- деді.

Қарсыласу экономикасы

Бірнеше жылдан бері Ислам революциясының басшысы қарсыласу экономикасы туралы шынайы баяндауда. Аятолла Хаменеи елдің экономикалық  пойызын жылдам алға жүргізіп, жолда кездесетін қиындықтар мен бұрмалаушылықтардан табанды өту үшін өткен 1395-ші жылды «Қарсыласу экономикасы: іс-әрекет» деп атады. Аятолла Хаменеи үкімет пен қатысты орталықтардан экономикалық қарсыласуға жетуді талап етуде. Хазірет  халықтың әртүрлі топтарымен кездесуіндегі сөздерінде қарсылсау экономикасы туралы айтып, оны мемлекеттің қажеттіліктеріне сай ғылыми үлгі деп таныстырды. Ол қарсыласу экономикасын мемлекет пен халықтың мүмкіндіктерінің арқасында өсіп, гүлдеп, мықты ағашқа айналған бұтаға теңейді. Діни жетекші: «Қарсыласу экономикасы – өз экономикамызды еліміздің шекарасымен шектеу емес. Бұл экономика әлемдік экономикалармен қарым-қатынас орнатуды да қарастырады»,- деді.

Қарсыласу экономикасы әлемдік экономикалармен қарым-қатынас орнатуды қарастырады

Ислам революциясының жетекшісі қарсыласу экономикасын сипаттап, оның ең маңызды ерекшелігін «халықтық» деп таныстырып: «Қарсыласу экономикасы тек халықтың жігері және халықтың қатысуымен қалыптасады. Әрине, үкіметтің оған қатысты міндеттері бар. Өйткені,  үкімет бағдарлама жобалау, жағдай мен мүмкіндіктер тудыру, нұсқау мен көмектесуге жауапты. Экономикалық жұмыстар халықтың қолында. Үкімет жауапты орган ретінде бақылау, дұрыс жолған нұсқау және көмектесумен айналысады. Кімде-кім оны өз мүддесіне пайдаланып,  экономикалық бұзақылық жасаса, оған тосқауыл қойылып,  мұқтаж адамдарға көмек көрсетіледі. Сондықтан, жағдай жасап, істерді жеңілдету – үкіметтің міндеті»,- деді.

Қарсыласу экономикасының келесі факторларының бірі білімнің фундаменталды болуы. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, қарсыласу  экономикасы – ең айқын әрі ең әсерлі. Аятолла Хаменеидің көзақарасы бойынша күрделі ғылым компанияларына шынайы назар аударып, оларға шамалы қолдау көрсетілсе, ғылым арқылы өнім шығаруға сүйеніп, елдің экономикасын шынайы дамытуға болады. Хазірет елдің экономикасын күрделі ғылым компаниялары арқылы экономикалық дамуға жеткізіп, ұлттық болмысты өз күшіне сүйенетін етіп,  нәтижесінде саяси құдыретке айналдыруға болады деп санайды.  Ол сөзінің жалғасында экономиканың әділет негіздеріне сүйенуін келесі маңызды факторлардың бірі деп атайды.

Иранның Ислам революциясының жеңіске жетуімен Иранның байлығынан қолдары кесілген үстемшіл дұшпандар  жылдар бойы елге соққы беруді көздеуде. Сондықтан, мықты экономикаға ие болу елдің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Мықты экономикаға ие болу санкциялардың әсерін төмендетіп, жастардың үмітсіздігін жояды.

Ұлттық өндіріс - қарсыласу экономикасының негізі

Аятолла Хаменеидің пікірінше, мұндай экономикаға ие болу халық пен үкіметтік органдардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми және өнеркәсіп орталықтарының талпынысымен жүзеге асады. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы:  «Қарсыласу экономикасына жету – мүмкін іс. Өйткені, біздің ел көптеген мүмкіндіктерге ие»,- деді. Ол елдің кейбір маңызды мүмкіндіктеріне тоқталып, жас күштерд Иранды қарсыласу экономикасына жеткізеді деп санайды.

Аятолла Хаменеи

Хазіреттің пікірінше, білімді жастар өз ойлары және дарындарымен алдарында жатқан кедергілерді жойып, елдің алға ілгерілеу жылдамдығын екі есе арттыра алады»,- деді. Аятолла Хаменеи мұнай мен газды Иранның  маңызды ресурстарының бірі деп атап: «Бұлардан басқа елде алтын мен сирек металдардың қоры аз емес. Иранда өнеркәсіпке қажет темір кені, асыл тастар мен әртүрлі металдардың қоры бар. Бұл ресурстар үлкен мүмкіндік саналады»,- деген болатын. Аятолла Хаменеи сонымен бірге елдің географиялық жағдайына тоқталып, оны қарсыласу экономикасына жету жолында маңызды рөл атқаратын келесі мүмкіндік деп  атап: «Біз бір-бірімен қарым-қатынас орнатқан 15 елмен көршілеспіз. Транзит – мемлекеттердің үлкен мұрсаттарының бірі. Бұл оңтүстігінде азат суларға, солтүстігінде шектеулі суларға жолы бар біздің ел үшін маңызды мұрсат. Біздің көршілерімізде  шамамен 370 миллион халық өмір сүреді. Олармен қарым-қатынас орнату елдің экономикасын нығайтуға жақсы мүмкіндік тудырады. Ислам революциясының жетекшісі қарсыласу экономикасына қалай жетуге болады  деген сұраққа жауап беріп, оған жету үшін қандай жұмыстарды атқару керек екенін айтты. Ол ішкі өнімді қолдауды экономиканы алға ілгерілететін маңызды фактор деп бағалап, басшылардың ұлттық өндірісті қолдауға міндетті екенін қуаттады.

Хазірет ішкі өндіріске инвестиция бөлуді, банктердің өнім шығарушыларды қолдауын, халықтың ішкі өнімге қолдау танытуы мен сапалы жұмысты елдің экономикасының дамуына көп көмектесетін басқа факторлар деп атады.

Ішкі өндіріс

Аятолла Хаменеи қарсыласу экономикасы туралы: «Қарсыласу экономикасы – экономиканың негіздерін нығайту. Бұл біздің міндеттеріміздің бірі. Барлығымыз, яғни елдің үштік билігінің басшылары, жоғары лауазымды басшылар, халық, мамандар мен инвесторлар экономиканы дамытуға атсалыса алады»,- деді.

 

 

 

Тегтер

Sep 30, 2017 16:21 Asia/Almaty
Сараптама