• Аптаның экономикалық журналы (122)

Бүгінгі бағдарламада Иранның экономикалық жаңалықтары мен Иран мен Еуропа одағының келіссөздеріне, Иран мен Африканың жаңа келісімдеріне және ОПЕК-тің алдағы отырысы мен мұнай нарығының өзгерістеріне шолу жасаймыз.

АҚШ-тың «Ортақ қадам» келісімі жолында кедергі тудыруы Трамптың өткен аптаның соңында айтқан сөзінен кейін жаңа кезеңге аяқ басты.  АҚШ президенті Трамп Иранға қарсы жуырдағы сөзінде Ираннан мұнай сатып алу мөлшерінің азаю ықтималдығы туралы айтты. Ақ үй осы аяда президенттің қолы қойылған мәлімдеме жариялады. Онда Трамп Энергетика, Қаржы және Сыртқы істер министрлеріне шетелдік компаниялар немесе делдалдардың Иранмен арадағы мұнай саудасын төмендете алатындай мөлшерде басқа елдердің де мұнай өндіретінін жазды.

 Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі өзінің 9-шы есебінде Иранның  ядролық бағдарламсының бейбіт мақсатта болуы және болашақта да бейбіт мақсаттардан ауытқымайтындығына кепілдік беретін «Ортақ қадам» бағдарламасында анықталған ядролық саладағы міндеттерін атқарғанын растаған жағдайда Трамп осындай уәж айтуда. Алайда АҚШ осы міндеттеріне қарсы әрекет етіп, қастықтарды, соның ішінде, банктік санкцияларды жоюға кедергі келтіру әрекеттерін өз жұмыс тәртібіне енгізді. Бұл үдеріс Иранның кейбір экономикалық мүдделерінің АҚШ-тың қысымдары мен міндеттерін бұзу әрекеттерінен туындаған бұлыңғырлық пен белгісіздіктің көлеңкесінде қалуына себеп болды.

Германияның Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль өткен айда Иранның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатында Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігін қуаттап: «Иран өз міндеттерін толық атқарып отырғандықтан, осы келісімде келтірілген экономикалық басымдылықтарды пайдалана алуы керек» деді. Алайда дипломатиядағы осындай сыпайы сөздерге қарамастан CNN  телеарнасы «Ортақ қадам» туралы сараптамасында былай деп жазды: «АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон астыртын түрде Конгреспен ымыраласып, бар назарды ядролық мәселеден басқа мәселеге аудару үшін Құрама Штаттарының Иранға қатысты заңдарын өзгертуді көздеп отыр. Бұл АҚШ-қа 2015 жылы жасалған бірнеше жақты  келісім шеңберінен шықпай, Иранмен басқа да тұрақсыздандыру әрекеттерінің көмегімен күресуге мүмкіндік береді».

2016 жылдың қаңтар  айында Иран мен «алтылық» топ арасындағы ядролық келісім жүзеге асырыла бастаған кезден-ақ АҚШ  бұл келісімді жүзеге асыру жолында кедергі тудырып келеді. Банктік санкцияларды жоюға тосқауыл қою саясаты АҚШ-тың күн тәртібінде тұр. Бұл жерде АҚШ осындай қастықтар жасап отырғанда «Ортақ қадам» бағдарламасын жалғастыру мүмкін бе деген сауал туындайды.

Еуропалық үкіметтердің ядролық келісімнен шыққанда ешқандай пайда көрмейтіні анық. Осындай жағдайда айғақтар кейбір елдердің «Ортақ қадам» бағдарламасынан шықпастан, басымдылықтарға қол жеткізу үшін Иранға санкциялар арқылы қысым көрсетуге қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді.

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап қыркүйек айына дейінгі аралықта Иран мен Еуропа одағының сауда айналымы 9 миллиард 101 миллион еуроға жетті. Ағымдағы жылы ұқсас уақытта бұл көрсеткіш 14 миллиард 782 миллион еуроға дейін артты.

Осы мәліметке сәйкес, Еуропа одағының Иранға экспорты 2017 жылдың алғашқы 9 айында 34 пайызға артып, 7 миллиард 503 миллионға жеткен.

Еуропа екіжақты ұстаным білдіріп отырған жағдайда бұл үдерісті жалғастыру мүмкін емес. Иран Еуропамен жақсы экономикалық қатынас жасауды Еуропа одағының АҚШ-тың қисынсыз саясаттарынан алшақтауына байланысты деп санайды. Сол себепті Еуропа одағы осы үдеріске қатысты өзінің шешімін ашық түрде мәлімдеуі керек.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК-тің мүшелері 2016 жылдың қараша айының отызы күнгі отырыста өз өндірісінің деңгейін 32 миллион 500 мың баррельге дейін азайтуға келіскен болатын. Жылдың суық мезгілі басталып, мұнайға сұраныс артқан кезде де бұл келісім сақталып қалады ма?

ОПЕК мүшелерінің басым бөлігі өндіріс деңгейін сақтап қалуға келісіп отырған көрінеді, бірақ соңғы шешім ОПЕК-тің алдағы отырысында қабылданады.

Иранның Мұнай министрі Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының алдағы отырысында қабылданатын өндіріс деңгейіне қатысты шешім туралы айтқан сөзінде ОПЕК мүшелерінің басым бөлігінің өндіріс деңгейін сақтап қалуды ұсынып отырғанын мәлімдеді.

Өткен жылғы келісім ОПЕК-тің 2008 жылдан бері қабылдаған ең маңызды шешімі болды. Арабстан 2014 жылдың қараша айында ОПЕК-тің нарықтағы үлесінің күрт артып, соның салдарынан мұнай бағасының күрт төмендеуіне ұластырған әрекеттерді жүзеге асыра бастады. Алайда 2 жылға жуық уақыт өткеннен кейін шикі мұнай өндірісін азайту туралы келіссөздерге қатысудан бас тартқан Арабстан ОПЕК-тің келісіміне қосылуға және өз өндірісін күніне 10 миллион 700 мың баррельден 10 миллион 200 мың баррельге дейін азайтуға мәжбүр болды. Осындай жағдайда бұл келісімнің баяндылығы ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің әріптестігіне байланысты болып табылады. Бұл шешімнің баяндылығына екі фактор әсер ете алады: бірінші фактор, ОПЕК әлі де мұнай өндірісі мен ұсынысында абай болуы қажет; екіншісі, әлемнің мұнай нарықтарының ОПЕК-тің шешіміне қатысты оң реакциялары. Әлемдік нарықтар ОПЕК-тің бұрынғы өндіріс деңгейін сақтап қалу шешімін қолдап отырған кезде өндіруші елдер арасында нарықтағы тұрақтылыққа деген сенімділік артатын болады. Нарықтың қазіргі жағдайында ОПЕК-тің барлық 12 мүшесі үшін өндіріс деңгейін сақтап қалу қисынды шешім саналады. Алайда бұл келісім Арабстанның қисынсыз ұстанымдарының ықпалына түсуі  ықтимал.

Осы аптада Иран мен Африка экономикалық байланыстарды кеңейту туралы отырыс өткізді. ИИР мен Гананың экономикалық ынтымақтастықтарының ортақ комиссиясының алтыншы отырысы өткен сейсенбі күні Гананың астанасы Аккрада өтті.

ИИР-ның Ауылшаруашылық министрі Махмұд Ходжати осы мақсатта жеке сектор белсенділерінен құрылған топты бастап, Ганаға сапар шекті.

Отырыста екі тарап түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтардың кеңейту жолдарын қарастырды. Иран мен Гананың ортақ комиссиясының алтыншы отырысының соңында үш ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

Иран мен Гананың типография алаңында инженерлік-техникалық қызметтерді экспорттау, спорт, білім саласындағы ынтымақтастықтар және Гананың 6 миллион гектар жерін егіндік үшін Иранға жалға беру алтыншы отырыстың соңында қол қойылған құжаттың басты тарауларының қатарын құрады. Отырыста Иранның жеке секторы Гана астанасына су жеткізу, цемент зауытын салу және трактор жасау желісін іске қосу сияқты жобалар бойынша осы елмен әріптестік жасайтын болып келісті.

Экономикалық мақсаттарды ілгерілету бағытындағы банк ісі және ортақ банктік брокерлік ұйым құру туралы келіссөздерді қорытындылау отырыстың маңызды шешімдерінің бірі болды. Иран мен Гананың экономикалық отырысы өткізілмес бұрын Иранның Экспортты дамыту банкінің бас директоры Әли Салех Абади мен Гананың Импорт және экспортты дамыту банкінің басшылар кеңесінің мүшесі Гифти Кленам Теһранда кездесіп, Иран мен Гана арасында банктік қатынас орнату үшін шара қолданылатынын мәлімдеді.

Иран мен Гана кешенді жоспарлар жасады. Осы жоспар бойынша, жақын арада Африканың ортақ нарығы құрылатын болады. Өткен жылы Теһранда өткен бесінші отырыста 10 ынтымақтастық құжатына қол қойылған болатын. Жаңа құжаттарға қол қойылғаннан кейін екі елдің экономикалық қатынастары артады деп күтілуде.

Гана ортақ инвестициляар мен екі елдің сауда бөлімдерінің арасында стратегиялық серіктестік орнатуға қызығушылық білдірді.

Гананың Өнеркәсіп және сауда министрі Джон Коратин Гананың 200-ден астам өнеркәсіптік қалашық салуды жоспарлап отырғанын қуаттап: «Біз осы ірі жобада Иранмен әріптестік жасауға әзірміз. Иран Ганада 100 қалашық сала алады. Егер Иран Ганаға инвестиция салатын болса, ешқандай кедендік алым төлеместен, Африка құрлығының ірі нарығын пайдалана алады» деді.

 

Тегтер

Dec 02, 2017 13:38 Asia/Almaty
Сараптама