• Имам Реза (ғ.с)-ның өмір салты (25)

«Имам Резаның (ғ.с) өмір салты» атты топтамамыздың бүгінгі бөлімін үнсіздік тақырыбына арнаймыз.

Тіл – ең маңызды дене мүшелерінің бірі. Тіл адамның ақыл-ойын жеткізіп, жеке тұлғасын сипаттайтын құрал. Адам сөйлеген кезде шын мәнінде өзінің ішкі жан-дүниесін көрсетеді. Сондықтан, бос әрі мағынасыз сөзден гөрі тіл қатпай, үнсіздік таныту адамның абыройын сақтауға көмектеседі.

Үнсіздік ғиззатқа қол жеткізіп, басқалардың мейірімі мен махаббатына бөленуге көмектеседі. Жалпы алғанда үнсіздік адамның жанын құтқарады.

Имам Реза (ғ.с) пайдасы жоқ кезде үнсіздік танытуды терең білім пен түсініктің белгілерінің  бірі деп есептеген. Имам Реза бұл мәселе туралы: "Терең түсініктің нышандарына жұмсақ мінез, ұяңдық, үнсіздік танытып, үндемеу жатады. Олар хикмет пен даналық есіктерінің бірі саналады. Расында, үнсіздіктің арқасында махаббат пен достыққа қол жеткізуге болады. Үнсіздік аман-саулық пен адамның іс-әрекеттерін жазатын періштелердің тыныштығына себеп болады. Шындығында, үнсіздік – бар жақсылыққа жетелейтін фактор.  

Үнсіздік көптеген күнә жасаудан құтқарып, нәтижесінде жұмақтың кілті болып табылады. Ұлық Пайғамбардың (с.ғ.с) бір хадисінде осы жайлы былай деп айтылған: "Пайғамбар (с.ғ.с) сахабаларының біріне: "Саған жұмаққа кіргізетін нәрсеге жол нұсқайын ба?". Сахаба: "Ия, Алланың елшісі (с.ғ.с)",- депті. Хазірет оған мазлұмға көмектесіп, оған мал-мүлкінен жұмсап, ақыл-кеңес арқылы көмектесуге кеңес беріпті. Сосын Пайғамбар оған: "Жақсы сөз болмаса, үнсіздік танытқаның жөн",- депті.

Үндемеудің оң нәтижелерінің бірі ретінде адамның салмақтылық және байсалдылық қасиеттерімен көріктене түсуі жатады. Адам сөз сөйлегісі келген кезде алдымен сөзінің қандай нәтижеге жеткізетіні туралы ойланғаны абзал. Егер айтатын сөзі жақсы нәтиже бермейтін болса, оның үндемегені дұрыс. Бір адам Пайғамбардан (с.ғ.с): "Маған амал-әрекет етуде негізге алатын және басқалардан сұрауды қажет етпейтін ислам мен оның бұйрықтары жайлы айтыңызшы",- деп өтініпті. Сонда пайғамбар (с.ғ.с): "Құдайға иман келтір және осы жолға берік бол",- деп жауап берген екен. Ол адам: "Өзімді қандай істен сақтағаным абзал?",- деп сұрапты. Пайғамбар (с.ғ.с) өз тіліне ишара етіп: "Тіліңнен сақтан, айтар сөзіңді мұқият қадағала",- деп жауап беріпті.

 

Имам Реза (ғ.с) да үнсіздікті даналықтың белгісі деп атап: "Даналықтың белгілеріне үш нәрсе жатады: шыдамдылық, білім және үнсіздік. Расында, үнсіздік – таныту мейірімділік пен махаббатқа бөлейтін хикмет пен даналықтың есіктерінің бірі. Бұл қасиет  барлық жақсылықтарға жетелейді",- деп айтқан.

Имам Реза (ғ.с) үндемеудің құндылығы жайлы: "Үнсіздік – даналық есіктерінің бірі",- деген. Имам Реза (ғ.с)-ның бұл хадисіне сәйкес, үнсіздік пен даналық ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Дана, білімді, парасатты әрі ойшыл адам халықтың арасында және қоғамда қатынас жасауда үнсіз болады. Ол тек қажет әрі пайдасы тиетін және күнәға батырмайтын жағдайда ғана мұқият, абайлап сөйлейді.

Дана адамдар мақұлдауын немесе келісімін үнсіздікпен білдіреді. Кейбір адамдар оларды мылқау деп ойлауы мүмкін. Себебі, олар уәжіптер мен мұстахаптарды орындау және Алланың ризашылығы үшін ғана сөйлейді. Басқа бір хадисте Имам Реза (ғ.с): "Дінді танып-білу мен оны түсінудің белгілеріне төзімділік, білім және үнсіздік таныту жатады",- деген. Имам Реза (ғ.с) осындай дана сөздерінде де үнсіздік танытып, үндемеуді терең ұғыну және дін мен діндарлықты терең түсінудің белгілеріне жатқызады.

Алайда, үнсіздік туралы бұл хадистердің негізгі түйіні мүлдем сөз сөйлемеуді, тіпті өзінің және басқалардың құқығын талап ету немесе оларға бағыт көрсету үшін тіл қатпау дегенді білдірмейді. Керісінше, үндемеудің мақсаты бос сөз айтудың алдын алу болып табылады. 

Тегтер

Jan 11, 2018 14:06 Asia/Almaty
Сараптама