• Ұлы тұлғаның алдында 87

Бірлік – ислам әлемінің қазіргі кезеңдегі ең маңызды мәселелерінің бірі. Ислам үмбеті бірлігі маңызды тақырып болғандықтан оның көптеген дұшпандары бар. Соның ішіндегі ең маңыздысы – АҚШ басқарған әлемдік үстемшілдік.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің пікірі бойынша негізінде Ислам дінінің дұшпандары саналатын ислам үмбеті бірлігінің дұшпандары Исламнан үркіту және бұл діннің көркем бейнесін теріс көрсету үшін көп қаржы жұмсап, ұзақ мерзімді бағдарламалар жоспарлайды. Олай болса мұсылмандар оларға көмектеспеуі керек. Өздерінің ішкі қайшылықтарын арттырып, бір-бірін жамандап, дұшпанды мақсаттарына жеткізуге серіктеспеуі керек. Діни жетекші бұл әрекетті хикмет пен саясатқа қайшы санайды. Хазірет мұсылмандар бірігіп, ислам үкіметтері мен мұсылмандарды бір-біріне көмектесуге міндетті санайды. Аятолла Хаменеи: "Ислам үкіметтері мұсылмандардың мүмкіндіктерін үлкен бірлік үшін пайдаланып, маңызды рөл атқара алады» дейді.

Аятолла Хаменеи

Өкінішке орай, қазіргі таңдағы әлемдік шындықтың бірі мұсылмандардың арасында қажет деңгейде бірліктің болмауы саналады.  Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, бірлікке кедергі болатын факторларға дұрыс түсінбеу, мәліметке ие болмау, бір-бірінің жағдайынан хабарсыз болу, бір-бірінің наным-сенімдеріне тіл тигізу жатады. Олар мұсылмандардың бір-бірлерінен алыстауына себеп болады. Ислам революциясының жетекшісі: "Шиіттер сүнниттер туралы, сүнниттер шиіттер туралы, бір халық басқа халық пен көршілері туралы теріс ойлаған жағдайды дұшпан өз мүддесіне пайдаланып,  олардың арасында іріткі салуға талпынады. Адамдар да дұрыс түснбегендіктен, дұшпанның қуыршағына айналып, дұшпан оларды өз мүддесіне пайдаланады. Кейде өте кішкентай мәселе адамды сөйлеуге, өз ұстанымын көрсетуге мәжбүрлеп, дұшпан бауырлардың арасын алыстатқысы келеді",- деді.

Исламдық бірлік

Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, екі наным-сенім жақтастарының арасындағы қайшылықтар  табиғи мәселе. Ол тек шиіттерге немесе тек сүнниттерге ғана қатысты емес. Ырымшылдықтар – шиіт және сүннит мазхабтарының  әртүрлі топтарының арасында ежелден кездесетін мәселе. Тарихқа жасаған  шолудан мотазелиттер, ханбал, ханаф, шафи сынды әртүрлі сүннит топтар мен әртүрлі шиіт топтарының арасындағы өзара  қайшылықтарды анық байқауға болады. Ислам революциясының жетекшісі: "Бұл қайшылықтар қарапайым халықтың арасына жеткен кезде қауіп-қатер тудырып, жағдайды қиындатады. Бірақ, ғұламалар бірге отырып, сөйлесіп,  пікірталас жүргізеді. Бұл мәселе ғылыми қаруы жоқ адамдарға жеткен кезде олар сезімдері мен материалдық қаруларын пайдаланады. Бұл өте қатерлі. Әлемде мұндай оқиғалар жиі кездесті.  Мүміндер мен ізгі ниетті адамдар ұрыс-керістердің алдын алуға, ғұламалар ғылыми қарудан басқа қаруды пайдалануға рұқсат етпеуге талпынды. Бірақ, бір кезден бастап  қақтығыстардың себепкері отаршылық іске кірісті. Шиіттер мен сүнниттердің қайшылықтары әрқашан тек отаршылыққа қатысты болды деп айта алмаймын. Бұл жерге сезімдер де араласты: надандық, ырымшылдық, сезімдер мен бұрмалаушылықтар араласты. Отаршылық келген кезде көбінесе осы қаруларды пайдаланды",- деді. Қорыта айтқанда, мұсылмандар дұшпанның біздің ең кішкентай әлсіздігімізді өзімізге қарсы пайдаланып, бүлікке итермелейтінін білуі керек. Осыған орай аятолла Хаменеи ислам үмбетінің бірлігі мен ислам үмбетінің мәселелерін шешуді қазіргі таңдағы басты мәселе санап: "Отаршыл күштер ежелден өздерінің сұм мақсаттарына жету үшін іріткі салу саясатын пайдаланды. Алайда исламдық ояну қозғалысының берекесінің арқасында мұсылман халықтар үстемшілдік майданы мен сионизмді нақты танып, оларға ұстанымдарын білдірген қазіргі жағдайда мұсылмандарға қарсы іріткі салу саясаттары күшейді. Айлакер дұшпан мұсылмандардың арасында жергілікті соғыстарды ушықтырып, олардың қарсыласу және күресу ынталарын бұрмалап, мұсылмандардың шынайы дұшпандары сионистік режим мен үстемшілдікті  қауіпсіз  жағаға шығарды. Тәкфиршіл лаңкестік топтар құрып, Батыс Азия елдеріне тарату – олардың сұм саясаттарының белгісі. Сондықтан, осындай жағдайда мұсылмандар бірлігі мәселесінің біздің ұлттық және халықаралық міндетіміз екендігін ескертеміз",- деп қуаттады.  

آیت الله خامنه ای

Иран Ислам революциясының жетекшісі  қажылықты бірлік пен тұтастықтың көрінісі, бауырластық пен әріптестіктің орталығы деп таныстырып, қажылықта баршамыз ортақ мәселелерге ден қойып, қайшылықтарды шешу үшін сабақ алуымыз қажет деп санайды.  Аятолла Хаменеи бірліктің негізін таухидтың гауһар тасынан шыққан, бірлікке тек шынайы ықыластың арқасында ғана жетуге болады деп санайды. Хазіреттің пікірі бойынша, таухидтың рухы жүректерде жаңғырған кезде жүректер бір-біріне жақындап, ислам үмбетінің бөлшектері бір-біріне қосылады. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, хазірет Ибрахимның қажылығы – таухид пен бірлікке қарай алға ілгерілететін хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның қажылығының өзі. Қағба – таухидтің белгісі, бірліктің сыры. Бірліктің көрінісі исламдық бауырластық пен теңдік болып табылады. Аятолла Хаменеи қажылық рәсімін қажыларды таухид пен  бірлік негіздеріне бөлейтін мөлдір сарқырамаға теңейді. Аятолла Хаменеи  қажылықты ислам үмбеті үшін үлкен сабақ санайды. Мұсылмандар шынайы бірлікке жету үшін таухид мәселесіне шынайы көңіл аударуы керек. Шерктің кез келген түрінен алыстап, пәк наным-сенімнің жүрек пен амалдарда қалыптасуы шынайы таухид болып табылады. Алла Тағала қажыларға осы тәтті тәжірибені беріп, ислам үмбетіне үлкен сабақ ұсынады.

Қажылық

Аятолла Хаменеи сонымен қатар қажылықты бізге тек жеке адамның ғибадаты ғана емес, сонымен қатар мұсылмандардың мәселелеріне назар аудару және әр заманның тағұттарынан алыстау санайды. Қажылар оларға сыйға берілген ерекше мұрсатта ислам үмбетінің мәселлерінен шет қала алмайды. Бұл екі мәселе – екі жеке ағым емес, бір ағымның екі тұрғысы. Аятолла Хаменеи қажылық тағылымдары бойынша бұл маңызды тағылымдар туралы: "Адамның өзі мен үмбетті өзгерту – қажылық кезінде іске асырылатын екі міндет",- деді.

Бірлік - қажылық рәсімі

Ислам революциясының басшысы сондай-ақ қажылықтың ислам дұшпандарының қастандықтарын жою мен мұсылмандар арасында бірлік орнату саласындағы маңыздылығы туралы: "Ислам үмбеті ғасырлар мен көптеген жылдар бойы қорлық пен немқұрайдылыққа душар болып, үміттерін үзіп, дұшпандар жаңа құралдарды пайдаланып, оның Аллаға деген иманы мен қарапайымдылығын әлсіретпек болды. Қажылық барлық мәселелерді шешуге көмектесіп, ислам үмбетіне ғиззат пен күш-құдырет және үміт сыйлайды. Қажылық деген – осы. Қажылық біріншіден, әсерін ислам үмбетіне, біздің жүректерімізге тигізеді. Басқа жақтан оның халықаралық әсерін де байқауға болады. Ол дұшпанды әлсіретіп, оған Исламның айбыны мен ислам үмбетінің бірлігін көрсетеді",- деді. Аятолла Хаменеи қажылықты шынайы тілеулестіктің көрінісі санайды. Өйткені, қажылықтың көркем рәсімдерінде әр түсті, түрлі нәсілді, әр түрлі елдердің азаматтығына, әртүрлі тілге ие, талғамдары әртүрлі адамдар бір-бірінің қасында жүріп, Қағбаны тәуәп етеді. Алланың аттарын дауыстап атап, шерк пен күпірліктен алыстап, бірге тәуәп етіп, бірге талпынып, Арафат пен Машғардағы рәсімдерге бірге қатысып, әлемдіктерге исламдық тілеулестіктің әдемілігін көрсетіп, дұшпандарын алаңдатады.

Ислам революциясының жетекшісі: "Ислам үмбетінәң шындығы мен маңыздылығын ұмыттыруға, әртүрлі сылтаулармен мұсылмандарды жіктеуге, басқа халықтарды ислам үмбетіне қарсы қоюға, халықтарды бір-бірінен бөлуге талпынғандарға Алланың  лағынеті тиеді. Негізінде, ислам үмбеті маңызды әрі айбынды. Ұлы Алла ислам үмбетіне рақымын жібереді. Қажылық – ислам үмбеті құрылғанының белгісі. Жан-жақтан, алыс жерлерден мұсылмандар жиналып, бір-бірінің қасында тұрып, бірге сөйлесіп, сырласып, бір-бірінің мәселелері мен қиындықтары туралы тыңдап, бір-біріне тілеулестік білдіреді. Мұндай оқиға қажылық болмағанда басқа қай жерде орын алатын еді? Қажылықтың қоғамдық маңыздылығының бірі бірлік мәселесіне қатысты.

 

Тегтер

Jan 13, 2018 19:24 Asia/Almaty
Сараптама