• Аптаның экономикалық журналы (130)

Бүгінгі бағдарламада Иранның экономикасы мен алдағы жылға арналған бюджеті, АҚШ-тың «Ортақ қадам» келісіміне қарсы әрекеттерімен күресуге бағытталған Еуропаның экономикалық саясаттары мен мұнай нарығының жағдайын қарастырамыз.

Иран Мәжілісі алдағы жылға арналған бюджет жобасын талқылауын бірер күннен кейін аяқтайды. Бұл жобаны талқылауда бірқатар қиындық туындады. Ең төменгі жалақы деңгейі мен жалақыны арттыру мөлшерін анықтау, валюта бағамы мен энергия тасымалдаушылардың бағасы, бюджет кірістеріне қатысты шығындарды болжау сияқты мәселелер осы бюджет жобасындағы басты мәселелер болып табылады.

Мұнай саудасы мен мұнайдан тыс экспорттан түсетін кіріс бюджеттің валюталық кірістерінің ең басты екі көзі болып табылады. Осындай жағдайда мұнай саудасынан түсетін табыс әлі де стратегиялық рөлге ие. Алдағы жылға арналған бюджет жобасында мұнайдың әр баррелінің бағасы 55 доллар деп болжанған. Қазіргі кезде мұнай бағасының әр баррелінің орта есеппен алғандағы бағасы 70 долларға жетті. Мұнай бағасының көтерілу үдерісі алдағы жылы да жалғасуы ықтимал. Мұнайдан түсетін валюталық кірісті ел экономикасына енгізудің оң әсерлері болуы мүмкін. Алайда көптеген жағдайларда мұнайдан түскен валюталық кірістің басым бөлігі елге тұтынуға арналған тауарлардың кіруіне, ол өз кезегінде ұлттық капиталдың бұзылуы мен елдің  валюта көздерінің уыстан шығуына соқтырады.

Үкімет алдағы жылға арналған бюджетті экономикалық өсім, инфляцияны бақылау және табысы аз қызметкерлердің ауқаттылық деңгейін көтеру мақсатында реттеді. Осындай жағдайда экономика саласындағы артта қалушылық, үкімет тарапынан жәрдемақы беру арқылы шешілген жұмыссыздық пен күнкөріс шығындары мәселесіне байланысты бұл мақсаттарды жүзеге асыру оңай іс емес.

Ислам кеңесі мәжілісінің зерттеу орталығы «1397 жылға арналған бюджет жобасын талқылау» тақырыбында осы аптада жарияланған есебіне сәйкес, бюджеттің мақсаттыры мен көрсеткіштерін назарға алсақ, алдағы жылы 3 пайыздық эконмикалық өсім байқалады деп болжанып отыр.

Ислам кеңесі мәжілісінің зерттеу орталығының есебінде соңғы жылдардағы жұмыс орындарын қалыптастыру алаңындағы нашар жағдай сипатталған. Жуырда жарияланған мәліметтерге сәйкес, жұмыссыздық деңгейі ағымдағы жылдың жаз мезгілінде 11,7 пайызды құрады. Банк жүйесінің жағдайы мен валюта нарығының жағдайы да әлі шешімін таппаған келесі екі мәселе болып табылады. Валюта нарығындағы тұрақсыздық Иранның экономикасына қатер төндіріп келе жатқан сын-қатерлердің бірі. 1392 жылдан бастап өткен жылдың соңына дейін валюта нарығының тұрақсыздығы қатты байқалмағанымен, 1396 жылы, әсіресе оның екінші жартысында валюта нарығы күрт артып, 8 пайызға көтерілді.  Қазіргі жағдайда валюта нарығына байланысты екі мәселе – «валютаның күрт қымбаттауының алдын алу» және «валюта нарығын тұрақтандыру»  мәселелері қолға алынды.

Ислам кеңесі мәжілісінің зерттеу орталығының болжамдары көрсеткендей, көптеген факторлар, соның ішінде, қуаңшылық пен мұнай және көлік жасау өнеркәсібі сияқты маңызды бөлімдердің мүмкіндіктерін пайдалана алмау, сондай-ақ, соңғы жылдардағы инвестициялардың төмен деңгейі салдарынан 1397 жылғы экономикалық өсім мөлшері 1396 жылмен салыстырғанда төменірек болып, 4 пайыздық межеден аспайды.

Еуропа одағының Иранға қарсы жаңа санкциялары туралы хабарлар осы аптада еуропалық ақпарат құралдарының қауесеттері мен АҚШ басшыларының сөздерінен кейін тарала бастады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы санкциялардың мерзімін ұзарту кезінде Құрама Штаттарындағы еуропалық компанияларға өзі «ядролық келісімнің апатты кемшіліктері» деп атаған тұстарын түзетпеген жағдайда Иранның ядролық келісімінен шығатынын ескертті. Қазір Еуропа жақтан Теһранға қарсы санкция салу туралы қауесет естіліп жатыр.

SPIEGEL апталығы қаңтар айының жиырмасы күні жарық көрген санында Брюссельдегі дипломатиялық орталарға сілтеме жасап, Германия, Франция мен Ұлыбританияның ИИР-на қарсы жаңа санкция салуды ойластырып жатқаны туралы хабарлап: «Германия еуропалық одақтастарын жаңа санкция салуға итермелеп, бір жағынан Иранның зымырандық бағдарламасын нысанаға алып, Иранның саясаттарына немқұрайды емес екенін, екінші жағынан АҚШ президенті Дональд Трампқа оның ядролық келісімге қатысты сын-пікірлеріне шынайы қарайтындығын байқатқысы келетін тәрізді» деп жазды.

Алайда Еуропа одағының басты жеті мүшесі 2015 жылы Иран мен «алтылық» тобы арасында жасалған «Ортақ қадам» келісімін сақтауды қолдап отыр.

SPIEGEL өз мақаласында: «Еуропалықтар ядролық келісімді Иранмен арадағы басқа текетірестерден ажырату қажеттігі, жаңа санкциялардың мақсаты Иранның зымырандық бағдарламасы болуы керек деген тұжырымға келді» деп жазды.

Бұл мақала Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары сейіт Аббас Арақчидің Германия сапарымен тұспа-тұс жарияланды. Алайда ол радиодан таратылған бір сұхбатта Иранның Германия, Ұлыбритания және тағы басқа елдермен зымырандық мәселе туралы келіссөздер өткізгені туралы хабарды теріске шығарып, оның шындыққа жанаспайтынын айтты.

Арақчи  Иран мен әлемдегі басқа елдердің арасында саяси кеңесулердің әрдайым жүргізілетінін айтып: «Өткен бір жыл ішінде Еуропамен жақыннан кеңесулер өткіздік. Еуропа АҚШ пен Иранның арасында тұр деп айтпаймыз. Еуропалықтар Иранды таңдайды, алайда олар «Ортақ қадам» келісімінен бас тартса халықаралық қауымдастықтағы өзінің беделін жоғалтатынын біледі» деді.

Арақчи алдағы төрт айда әлі де түрлі қиындықтардың туындайтынын айтып: «Біз әлі Еуропаға қатысты ешқандай қорытындыға келген жоқпыз. Олардың кейбіреуінде мынадай ой бар: егер олар Трампқа ядролық келісімнен өзге алаңда басымдылық беретін болса, оны келісімнен шығармай ұстай алады. Бұл – толығымен қате саясат. Оның кері салдары болатыны анық. Біз бұл мәселені Еуропаға ашық түрде айттық. Алайда Еуропаның ішінде де бұл мәселеге қатысты бір кесімді шешім жоқ» деді.

«Ортақ қадам» келісімі халықаралық қауымдастық оны жүзеге асыруда шынайы болған кезде Иранды қысымдардан қорғай алса және бұл келісім тек сөз жүзінде қолдау көрмеген жағдайда ғана Иран үшін маңызды болмақ. «Ортақ қадам» келісіміне қатысты түрлі болжамдар тудырған АҚШ-тың Иранға қарсы саясаттарының жалғасуы және Еуропа одағының ұстанымдарындағы тұрақсыздық  бұл келісімге қатысты лайық саясат қолдану қажеттігін тудырып отыр.

Мұнай келісімдерінің жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі арнайы комитеттің екі күндік отырысы өткен аптада Оманның астанасы Маскатта өтті.

Маскат отырысы мұнай нарығы үшін жақсы жаңалықтар әкелді. Қазір ОПЕК-ке жақын ақпарат көздері мұнай өндіруші елдердің мынадай шешімге келгенін хабарлайды: өндіріс деңгейін азайту келісімі ағымдағы жылдың соңына дейін ұзартылды, тіпті егер бұл мерзім мұнай нарығын тұрақтандыру үшін жеткіліксіз болса, онда ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдер нарықты тұрақтандыру үшін өз ынтымақтастықтарын 2019 жылы да жалғастыратын болады.

Оман мен Ресей және ОПЕК-ке мүше үш елден құрылған Мұнай келісімдерінің жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі арнайы комитет екі айда бір рет отырыс өткізіп, келісімнің жүзеге асырылуын тексеріп отырады.

Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак та Ресейдің мұнай нарығын қолдау мақсатында ОПЕК-пен ынтымақтастықтарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Бұл шешімдер мұнай өндіруші елдердің мұнай келісімінен шығуы туралы қауесеттерді тоқтатты. ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдер 2017 жылдың қараша айында 2018 жылдың соңына дейін мұнай өндірісі деңгейін күніне 1,8 миллион тоннаға азайту келісімін ұзартуға міндеттелді.

Арабстанның Мұнай министрі Мұнай келісімдерінің жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі арнайы комитет отырысының соңында ОПЕК пен бұл ұйымға мүше емес елдердің мұнай келісімін ағымдағы жылдың соңына дейін сақтап қалуымен қатар, егер мұнай нарығы жылдың соңына дейін тұрақтанбаса бұл елдердің 2019 жылы да өз әріптестіктерін жалғастыратынын мәлімдеді.

Соңғы апталарда мұнай бағасы шамамен 70 долларға жетті. Дегенмен, күтпеген жерден бағаның өсуі қатпарлы мұнай өндірісінің күрт артуы және мұнай өніруші елдердің келісімнен шығуы туралы болжамдардың айтылуына себеп болды.

Сондай-ақ, Экономикалық даму және ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің мұнай қоймаларындағы өнім мөлшері 2018 жылы азаймайтын болса, ОПЕК-тың өткен жылғы келісімі 2019 жылы да жалғасады деген болжам да бар.

Бұл ұйымның өзінің жуырдағы есебінде мәлімдеуіне сәйкес, ағымдағы жылы мұнай қоймаларындағы өнім мөлшері азаймайды. Агенттік сонымен қатар мұнай бағасының артуына байланысты АҚШ-тың ағымдағы жылғы өндірісі 1,1 миллион баррельге артып, сұраныстың өсімі азаятынын хабарлады. Осындай жағдайда мұнай нарығының кейбір сарапшыларының пайымдауынша, мұнай бағасының соңғы апталарда артуы қатпарлы мұнай өндірісінің көбеюіне жеткізуі мүмкін болғанымен, мұнай сұранысының төмендеуіне себеп бола алмайды. Дегенмен, ОПЕК-ке мүше емес мұнай өндіруші басқа елдер осы шешімдерге қосылуы керек. Кері жағдайда, түрлі технологиялар және қомақты қаржының көмегімен өндірілетін тақтатас мұнайы мен қатпарлы мұнай өндірісі ОПЕК-тің бұл стратегиясына қатер төндіруі мүмкін.

 

 

 

Feb 13, 2018 14:59 Asia/Almaty
Сараптама