• Аптаның экономикалық журналы (131)

ИИР-ның сыртқы саясатында аймақтық елдермен экономикалық қатынастарды кеңейту басты бағдар болып табылады. Осы аяда байланыс инфрақұрылымдарын нығайту мен Ираннан өтетін сауда жолдарындағы тауар тасымалы және транзит желісін кеңейтуге ерекше назар аударылып отыр.

 

Орталық Азия және Кавказ аймағы елдерінің сауда-транзиттік тұрғыдан еркін суларға қолжетімділігі ерекше маңыздылыққа ие. Бұл мақсатқа Иранның жолдары арқылы қол жеткізілді. Статисткалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы Иран мен Түркіменстан арасындағы темір жол арқылы тауар тасымалы 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға, тауар транзиті бөлімінде 66 пайызға артқан.

«Иран-Түркіменстан-Қазақстан» ортақ темір жол жобасы 2014 жылы желтоқсан айында іске қосылғаннан кейін Шығыс (Қытайдан Орта Азияға дейін) пен Батыс (әсіресе, Батыс Еуропа) арасындағы әлемдік сауда тасымалының құрлық үсті жолы шамамен 10 мың шақырымға қысқарды. Қазір «Решт-Астара» темір жол жобасы аяқталып, Әзірбайжан Республикасының темір жол желісіне қосылғаннан кейін Иран Орталық Азия мен Кавказға апаратын жаңа жолға қосылды.

Аталмыш дәліз Иранның оңтүстіктегі порттарынан басталып, Иранның солтүстік шекараларынан өткеннен кейін Армения мен Әзірбайжанды басып өтіп, Грузияның Поти және Батуми порттарына барып қосылады. Ағымдағы жылы Иранның Темір жол компаниясы Орталық Азия елдерімен, әсіресе, Түркіменстанның темір жолдарымен ынтымақтастық жасап, халықаралық тасымалды, әсіресе, транзит мөлшерін арттыратын болады. Иран мен Түркіменстанның шекаралық темір жол басқармаларының отырысында Иранның солтүстік-шығысындағы Сарахс халықаралық бекетіндегі темір жол арқылы тауар алмасу және ынтымақтастық деңгейін арттыру туралы меморандумға қол қойылды.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи шамси күнтізбесі бойынша 1396 жылдың басталуына орай жасаған мәлімдемесінде қазіргі кезде Ислам революциясына дейінгі кезеңмен салыстырғанда елдің инфрақұрылымдарының айтарлықтай дамығанына тоқталып, Иранның сауда жолдары мен дәліздері бөлімінің инфрақұрылымдары және бірнеше мақсатты сауда дәліздері мен порттарды кеңейтудегі жетістіктері мен елдің жолдарының ұзындығының алты есе артуы және порттардың сыйымдылығының жиырма есе көбеюін Иранның экономикалық даму алаңындағы ірі мүмкіндіктерінің қатарында атады.

Осы аяда «Солтүстік-оңтүстік» дәлізі Еуропаның солтүстігі мен Ресейді Иран, Ресей мен Әзірбайжан Республикасы арқылы Үнді мұхиты мен Азияның оңтүстік-шығысындағы елдерге қосатын, 7 мың шақырымға созылып жатқан маңызды транзиттік дәліздердің бірі саналады.

2000 жылы Санкт-Петербургте үш ел: Иран, Үндістан мен Ресейдің Жол министрлері тарапынан қол қойылған келісімге сәйкес, «Солтүстік-оңтүстік» деп аталған дәліз пайда болды. Ресей, Әзірбайжан Республикасы мен Иран қазір «Солтүстік-оңтүстік» транзиттік дәлізін іске қосуды неғұрлым тезірек аяқтауды көздеп отыр. Оның барлық бөліктері іске қосылғаннан кейін Каспий теңізінің батыс бөлігі Әзірбайжан Республикасы арқылы Иранға қосылатын болады.

Осы құрлықаралық дәліздің жанама бұтақтарының ұзындығы мыңдаған шақырымды құрап, Азия мен Еуропадағы алыс жатқан ондаған елді бір-біріне қосады. Осы тұрғыдан бұл дәліз ең тиімді халықаралық жолдардың бірі саналады.

«Решт-Астара» темір жол желісінің құрылысы аяқталғаннан кейін «оңтүстік-солтүстік» дәлізінің негізгі бөлігі іске қосылып, Үндістан мен Қытай өз тауарларын Орталық Азия, Әзірбайжан Республикасы, Ресей мен Еуропаға тасымалдай алады.

Үндістан – теңіз, темір жол және күре жолды қиыстыра отырып, өз тауарларын Орталық Азия және Кавказ елдеріне жөнелте алатын елдердің бірі.

Үндістандық зерттеушілердің бірі Сумита Нараянан Кунтени бұл жайында: «Екі елдің транзит бөліміндегі ынтымақтастығы екі ел әріптестіктерінің ең оңай жолы болып табылады. Иран жолдары арқылы Еуропа мен Орталық Азияға тауар жөнелту тасымалға кететін шығынды 40 пайызға қысқартады» деді.

ИИР Әзірбайжан Республикасымен көршілес орналасқандықтан, осы елдің «Солтүстік-оңтүстік» дәлізіне инвестиция салуына келісім берді. Әзірбайжан Респуликасы 500 миллион доллар көлемінде қаржы бөлгеннен кейін «Решт-Астара» темір жол желісі құрылысындағы бұл елдің үлесі 50 пайызды құрайтын болады.

Осы жобаларды іске қосу мақсатында өткен аптада Исламабадта Иран мен Пәкістанның темір жол тасымалы ортақ комитетінің отырысы Пәкістанның Кветта және Иранның Захедан темір жолының ортақ мамандандырылған комитеті мүшелерінің арнайы отырысы түрінде өтті. Екі ел екі тараптың туристік ұйымдарының әріптестігімен туризм индустриясын өркендету жөнінде зерттеулер жүргізді. Захедан мен Кветта арасында жолаушылар тасымалы пойыздарының қызмет көрсетуін жаңғырту осы отырыста жасалған маңызды келісімдердің бірі болды. 700 шақырымға созылып жатқан Кветта-Захедан темір жолы –   Иран мен Пәкістан арасындағы жалғыз темір жолы.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес, ИИР-ның несиелік рейтингтегі орны 6-дан 5-ке көтерілген.

Осы мәліметке сәйкес, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 2017 жылдан бастап Иранның несиелік рейтингтегі орнын көтеру үшін кеңесулерді бастады. Осылайша, Иранның саяси және экономикалық тәуекелдерінің азаюына көмектесетін Иранның басқа әлемдік елдермен жасаған қаржы келісімдері аясында қол жеткізілген жетістіктердің нәтижесінде  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Иранның аталмыш рейтингтегі орнын 5-ке көтерді. Бұл ұйымның рейтингінің елдердің экономикалық байланыстарына ықпалы көп. Рейтингтегі орынның төмендеуі Иранның қаржы және шетелдік инвесторларды тарту тұрғысынан капитал көзін қамтамасыз етудің азаюы мен Иранның халықаралық қаржы орталарындағы беделінің төмендеуіне тікелей әсер етеді.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының көзқарасы бойынша, әлемнің 35 елінің ғана несиелік тәуекелі 5-тен төмен болса, қалған елдердің бұл көрсеткіші 6 мен 7 құрайды. Жақын болашақта Иранның рейтінгі тағы көтеріледі деп күтілуде.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында қабылданған шешімдер әрдайым саяси факторлардың, әсіресе, кейбір алпауыт елдердің қысымдарының ықпалына түсіп отырған жағдайда аталмыш ұйым Иранның осы рейтингтегі орнын көтеріп отыр.

ИИР-ның Еревандағы елшілігі өткен аптада Арменияның Парламент өкілдерінің бір тобын қабылдады.

ИИР-ның Еревандағы елшісі Казем Саджади өткен аптада Арменияның Парламент өкілдерінен 28 адамды қабылдауында: «Тыныштық пен қауіпсіздік екі елдің қарым-қатынастарын дамытудағы маңызды екі фактор болып табылады. Иран мен Арменияның экономикалық белсенділері осы мүмкіндікті пайдалануы керек» деді.  

 Иран мен Арменияның парламентаралық достық тобының төрағасы Ваграм Багдасарян осы отырыста Арменияның Азиялық парламенттік ассамблеяға қосылуға мүдделі екенін айтып, ИИР-нан Арменияға осы ассамблеяға мүше болуға жәрдемдесуді сұрады.

Екі жылдан бері арадағы келісімдерді жүзеге асыру, визалық жүйені алып тастау және Иран мен Арменияның экономикалық белсенділерінің талпынысымен инвестиция мөлшерінің артуы сияқты қадамдардан кейін Теһран мен Ереванның қарым-қатынастары айтарлықтай кеңейе түсті. Сауда-экономикалық делегациялардың барыс-келістерінен кейін түрлі өнеркәсіптік және ауылшаруашылық алаңдарда тиімді ынтымақтастық жасау үшін жақсы мүмкіндіктер туындап, сауда қатынастарын арттыру үшін талпыныстар жасалды. Осындай жағдайда, көршілестік пен қолда бар мүмкіндіктерді назарға алсақ, екі елдің экономикалық және кәсіптік байланыстарының мөлшері қанағаттандырарлық деңгейде емес.

Осыған байланысты Иран мен Армения арасында экономика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында әртүрлі делегациялар келіп-кетіп жатыр. Арменияның Иранмен шекарасында орналасқан Мегри еркін сауда аймағы ирандық тауарларды экспорттайтын көпірге айналған. Екі елдің кәсіпкерлері мен инвесторлары қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалана алады. 

Иран мен Арменияның ынтымақтастықтарын кеңейту жолдарының бірі Арас және Мегри еркін сауда аймақтарындағы инвестициялық мүмкіндіктерді пайдалану болып табылады. Мегри еркін сауда аймағы Арменияның Иранмен шекарасындағы Сюник облысында Арас өзенінің бйында орналасқан. Ирандық кәсіпкерлер осы мүмкіндікті тиімді пайдаланған жағдайда Еуразия елдерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, Еуропаға өз өнімдерін экспорттау аясында да қадам жасайтын болады.

Арменияның Сыртқы Істер Министрлігі өзінің 2017 жылғы есебінде ИИР-мен түрлі саяси, экономикалық, құқықтық, ғылыми, техникалық және физикалық алаңдарда ынтымақтастықтарының артқанын хабарлады.

Армения президенті Серж Саргсян жуырда бір франциялық ақпарат құралына берген сұхбатында екі ел арасындағы саяси кездесулерге тоқталып, Иран мен Армения қарым-қатынастарының 2000 жылдық тарихқа ие екенін және Арменияның Иранмен жақсы қатынастарды сақтап қалуға мүдделігін баса айтты.

Өткен аптада  Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі мен Беларусьтің Өнеркәсіп министрінің қатысуымен өткен отырыста  Иран мен Беларусьтің дәрі-дәрмек өндірісі, экспорттау мен көлік жасау салаларындағы ынтымақтастықтарына қатысты 8 құжатқа қол қойылды.

Иран мен Беларусьтің экономикалық ынтымақтастықтары ортақ комитетінің 14-ші отырысы Беларусьтің Өнеркәсіп министрі Виталий Вовк пен Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммад Шариатмадаридің қатысуымен өтті. Осы отырыстың соңында жол картасы тақырыбында 8 құжатқа қол қойылды. Сонымен қатар дәрі-дәрмек, жеңіл көлік, автобус, трамвай және газбен жүретін жүк көліктері салалары бойынша екі ел келісімге қол қойылды.

Иран мен Беларусь қарым-қатынастарының 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы дайындалып, онда екі тарап жоғары дәрежелі саяси топтармен алмасу және Еуразиялық одақпен түрлі салаларда, әсіресе, пұрсатты сауда саласында қажет келісімдер жасауды қуаттады.

Беларусьтің Өнеркәсіп министрі қаңтар айының жиырма бірі күні саяси-экономикалық жоғары дәрежелі делегацияның басшылығында Теһранға келіп, Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири және Иранның Мұнай министрі Бижан Занганемен кездесіп, сұхбаттасты. Виталий Вовк Теһранда ирандық тараппен келіссөздер өткізіліп, келісімдер жасалғанын айтып: «Беларусь пен Иран сауда байланыстарын кеңейту мақсатында 2020 жылға дейінгі жол картасын дайындайды» деді.

Көлік жасау өнеркәсібі – осы ынтымақтастықтардағы дамуға бет алған салалардың бірі. Iran Khodro-мен беларусьтік бір компания арасындағы келісімге сәйкес, бұл келісімнің алғашқы кезеңі Беларусь елінде жылына 1000 Дена автокөлігін жасап шығарумен басталатын болады.

Беларусьта өнім шығару арқылы ТМД елдерінің нарығын кеңейтуге атсалысу және осы елдерге тауар экспорттау ирандық көлік жасау компаниясының Беларусьтағы мақсаттарының бірі болып табылады. Iran Khodro өнеркәсіптік тобының өнімдері, соның ішінде, Саманд көлігі Беларусь нарығында сұранысқа ие. Бұдан бұрын да Беларусьта осы көліктің бірнеше мың данасы жасалып шығарылған болатын.

Беларусьтің Өнеркәсіп министрі Теһрандағы келіссөздерінде осы елдің Иранға мал шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнімдерін экспорттауға әзірлігін мәлімдеді.

 

Тегтер

Feb 13, 2018 15:02 Asia/Almaty
Сараптама