• Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 34

Мешіт қай жерде болса да саяси рөлін атқарады. Исламдық емес қоғамдарда мешіт аз санды мұсылмандардың исламдық болмысын дәлелдейтін мекен саналады. Алайда, ислам қоғамдарындағы мешіт – идеологиялық және саяси жұмыстардың көрінісі және көбінесе саяси белсенділікті арттырып, азаматтық құқықтарға жеткізетін орталық.

Мұсылмандар мешітте өздерінің діни міндеттерін орындаумен бірге әртүрлі қоғамдық-саяси жұмыстарды да іске асырады. Әртүрлі ғасырлардағы мұсылмандардың революциялары мен қозғалыстары дәл осы ақиқатты көрсетеді. Мұсылмандардың мешіттердегі саяси жұмыстары көбінесе Құран тәпсірлері мен шариғат мәселелерін, илаһи әулиелерді, дінге қатысты тарихи оқиғаларды еске алумен, әлемнің түпкір-түпкіріндегі мұсылмандардың қиындықтарын баяндаумен басталады, кейде бұл қасиетті мекен жиһадтық базаға айналады. Исламның басында да мешіт діни рөлімен бірге мұсылмандар қоғамының саяси билігінің орталығы ретінде ерекше рөлге ие болды.

Табриздегі Кабуд мешіті

 

Мешіт қай жерде болса да саяси рөлін атқарады. Исламдық емес қоғамдарда мешіт аз санды мұсылмандардың исламдық болмысын дәлелдейтін мекен саналады. Алайда, ислам қоғамдарындағы мешіт – идеологиялық және саяси жұмыстардың көрінісі және көбінесе саяси белсенділікті арттырып, азаматтық құқықтарға жеткізетін орталық. Мешіт ерекше құрметке ие болғандықтан, үстемшіл жүйелер қалыптасқан мемлекеттердегі мұсылмандардың көбі саяси жұмыстарын халық күнделікті жиналатын мекенде, яғни мешіттерде шоғырландырады. Сондықтан, исламдық қоғамдардағы үстемшіл үкіметтер мешіттерге алаңдауда. Өйткені, мешіттер саяси күштерді тәрбиелейді. Алжир мен Мысырда және революцияға дейінгі Иранда мешіт бұзақылық пен үкіметтің біліксіздігімен күресті. Сол себепті кейде үкіметтер әртүрлі күштермен қарсыласу үшін мешіттің кеңістігін бұзып, оған шабуыл жасайды.

 

 

Мешіт халықтың саяси-діни істерін басқаруда маңызды рөл атқарады. Ислам елдерінің көбінде мешіт үкіметтік және жекеменшік мешіттерге бөлінеді.  Үкіметтік мешіттер министрліктер  немесе үкіметтің бақылауындағы органдар тарапынан басқарылады. Бұл мешіттерді үкіметтер салғызады. Егер жеке адамдар өз қаржыларымен салатын болса, оның бағдарламаларын үкімет белгілейді. Жамағат намазының имамдары үкімет арқылы тағайындалады. Жекеменшік мешіттер толығымен халықтық мешіттер саналады. Бұл мешіттердің тәуелсіздігі оның шығындарын өз еркімен қаржыларын жұмсайтын адамдар қамтамасыз етуінде. Бұл адамдар жамағат намазының имамын өздері шақырады. Жекеменшік мешіттердің көбісі кішкентай болғанымен, олардың саны көбірек. Қайырымдылық қорларының көбі тәуелсіз мешіттерде шоғырланады.

 

        *************************

 

Табриздің тарихи ғимараттарының бірі Кабуд мешіті немесе Жаханшах мешіті

Кабуд мешіті

 

«Кабуд» немесе «Жаханшах» мешіті – Абу Мозафар Жаханшах Қара-Қоюнлудің бұйрығымен Иранда Исламнан кейінгі кезеңде салынған бірегей архитектуралық туынды. Бұл мешіт хиджри қамари бойынша 1193-ші жылғы жер сілкінісінде көп зардап шегіп, соның салдарынан мешіттің күмбезі  қирады. Мешітті жөндеу және аман қалған бөлімдерін бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары 1318-ші жылы басталып, құрылыс жұмыстары шамси күнтізбесі бойынша 1355-ші жылы аяқталды. Бұл мешіт өзінің көгілдір кафельдері, «сулс» пен «насталик» және «насх» қолжазбалары мен геометриялық жобаларына байланысты өнер иелерін қызықтырады. Бұл ғимараттың тарихы хиджри қамари жыл санағы бойынша 9-шы ғасырдан басталады. Ғимараттың түрлі әрі нәзік кафельдері мен түрлі-түсті сызықтары, сондай-ақ, қолданылған көгілді түстері бұл мешіттің «Исламның көгілдір ақығы» деп танымал болуына себеп болды. Аталмыш мешіт сонымен бірге «Кабуд», «Жаханшах», «Эмарат», «Мозафарие» деген аттарымен танымал болды. Хиджри жыл санағы бойынша 11-ші ғасырдың бірінші жартысында Осман империясының саяхатшылары Катиб Чалби мен Улиа Чалби, сол ғасырдың екінші жартысында Франция саяхатшылары Тауриние мен Шардон бұл мешітті тамашалаған болатын.

Кабуд  мешіті

 

Хиджридің 1045-ші жылы Табризге келген османидық тарихшы Катиб Чалби өзінің «Әлем тарихы» кітабында: «Жаханшах мешітінің кіреберісі Кир патшасы сарайының аркаларынан биік. Бұл – әдемі кафельдермен безендірілген, әрі биік күмбездерге ие ғимарат. Мешіттің ішіне кірген адам қайтып шыққысы келмейді»,- деп жазды.

Табриздегі Кабуд мешіті

 

Қаджар дәуірі кезінде Кабуд мешітін тамашалаған  19-шы ғасырдың франциялық шығыстанушысы Дьелафуа ханым: «Бұл әдемі ғимарат тереңірек зерттеуді қажет етеді. Ғимараттың ұлылығы мен әдемілігі, сәулетінің нәзіктігі мен қолданылған кафельдер таңғалдырады. Жер сілкінісі салдарынан бұл әдемі ғимараттың күмбездері мен қабырғаларының бір бөлігінің қирағаны өкінішті. Мешіт үлкен алаңға ие. Алаңның айналасынан аркаларды, ортасынына вузу алатын үлкен хауызды көруге болады. Мешіттің кіреберісі биік жерде орналасқан. Оның жоғары бөлігінен сопақ арка көзге түседі. Кіреберістің екі жағынан биікке көтерілген және ғимаратқа қосылып салынып, көгілдір кафельдермен безендірілген тіректерді көруге болады. Ғибадатхана екі үлкен залға ие: бірінші зал түрлі-түсті кафельдермен, михраб орналасқан екінші зал көгілдір, сегізбұрышты, кішкентай плиткалармен безендірілген. Араб тіліндегі жазбалар гүлдер, жапырақтар және бұтақтармен астастырылып жазылған.  Ғимараттың еденіне Урумиеге шекаралас кеннен алынған тастар төселді. Оларға осы уақытқа дейін нұқсан келмей, жақсы сақталған»,- деп жазған болатын.

Қаджар дәуірі кезіндегі Кабуд мешітінің қираулары

Табриздің Кабуд мешітінің қиратылмаған әртүрлі бөлімдері мен қайта жаңғыртылған  бөлімдеріне кіреберіс аркасы мен үлкен шабистан және кішкентай сегізбұрышты шабистан кіреді.

Кабуд мешітінің кіреберіс аркасы кафельмен қапталған. Мешіттің кіреберіс аркасы кафельден басқа көптеген жазбалармен әшекейленген. Бұл жерде «Тәубе» аятының 18-ші аяты жазылған: «Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана  қорыққан кісі жасайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі».

 

Кабуд мешітінің ішкі көрінісі

Кабуд мешітінің солтүстік жағында екі биік мұнара орналасқан. Үлкен шабистанның кіреберіс есігінің артында Моулананың «Сөзді қойып, амал ет; өйткені жасалған іске ғана іс деп айтылады» деген өлеңінің үзіндісі жазылған.

Жахан шах пен қызының жерленген мекені.

Кабуд мешітінің оңтүстік алаңындағы жөндеу жұмыстары кезінде Жахан шах пен оның қызының жерленген жері табылды.

Кабуд мешітінің әдемілігі бәрінен бұрын ондағы жазбаларына байланысты. Бұл жазбалар бір-біріне тіркескендіктен геометриялық  суреттерге ұқсайды. Мәселен, алты рет «Уа, Муез» деп жазылып, алты бұрышты жұлдыздың пішіні жобаланған. Сондай-ақ, төртбұрыштың ішінде «Уа, Хамид» және «Уа, Ғани» деген сөздер жазылған. Бұл төртбұрыштың төрт жағында сопақшаның ішінде «Уа, Марһуб», «Уа, Марғуб» және «Уа, Мазкур» деген сөздер жазылған. Куфе жазуымен төрт рет жазылған «Алхамдулиллаһ» деген сөзбен көзге түсетін суретті де байқауға болады.

Кабуд мешіті

 

Apr 07, 2018 23:23 Asia/Almaty
Сараптама