• Жетекшілік хадисы 153

Миғраж Алла елшісінің өмірлік кітабында тіркелген үлкен оқиға. Миғраж көптеген ғылыми пікірталастарға себеп болған ең шиеленісті мәселе.

Исламның ұлық пайғамбары түндердің бірінде Меккедегі әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне сапар шегіп, сол мешіттен аспанға көтеріліп, жеті аспанды аралаған. Бұл оқиға «миғраж» деп аталады. Алла елшісі миғраж жасап, жеті аспаннан өткен соң ешбір адам жете алмайтын биіктікке жеткен. «Садрат ул-Мунтаха» деген жерде Жебірейіл пайғамбардан бөлініп, қалып қояды. Алланың елшісі мен Жаратушы құпия сұхбаттасқан: Алла сөйлеп, пайғамбар тыңдаған немесе пайғамбар сұрақ қойып, Жаратушы жауап берген. Кездесудің кейбір сөздері туралы «Миғраж» хадисінде айтылған.

Миғраж Алла елшісінің өмірлік кітабында тіркелген үлкен оқиға. Миғраж көптеген ғылыми пікірталастарға себеп болған ең шиеленісті мәселе. Алла Тағала Құран Кәрімде екі рет, нақты айтқанда «Исра» және «Нәжім» сүрелерінде Өз елшісінің миғражына тоқталды. «Миғраж» хадисы деп аталып кеткен хадисте де бұл оқиға туралы айтылды.

"Исра" сүресі, 1-ші аят

 

Имам Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде  пайғамбардың (с.ғ.с.) Алла Тағаланың миғраж түні оған: «Уа, Ахмад! Өзіңді жұмсақ және әдемі киіммен сәндеме, дәмді тамақ іздеме; деніңнің саулығына қажет мөлшермен қанағаттанып, жұмсақ төсектен алыста. Өйткені, мұның барлығы – нәпсіңнің қалауы. Нәпсің мұндай талап-тілектерімен жамандыққа жеткізеді. Нәпсіңді Аллаға бағындыруға талпыыс жаса, әйтпесе ол сені күнәға қарай тартады. Адамның нәпсісі тойған кезде тасып, сыртқа шығады; ашыққан кезде шағымданып, мұқтаж болған кезде ашуланады; еш нәрсені қажет етпеген кезде тәкаппар болады, қартайғанда ұмытшақ және қауіпсіз болған кезде немқұрайдылық танытады. Алла Тағала пайғамбарларын халықты әрқашан алдағы қатерлерден сақ болу туралы ескерту үшін жіберді. Адамның нәпсісі – шайтанның құралы. Нәпсі – көп жегенімен жүк тасымайтын түйеқұс тәрізді. Нәпсі түрі әдемі, бірақ дәмі ащы әдемі гүл сияқты»,- деп айтқанын жеткізгені баяндалды.  Нәпсісінің иесі болып, оны бақылауға алғысы келген адам ішіп-жеуі мен ұйқысында теңдік сақтап, дүниеде көбірек рақатқа ие болу үшін кез келген жолды пайдаланбауы керек. Өйткені, нәпсі перде сияқты адамның ақылын тұмшалап, шындықтың өңін айналдырып көрсетеді. Сондай-ақ, тек өз мақсатын ғана көріп, одан басқа туралы ойламағандықтан адамды шындық жолынан бұрмалайды. Имам Садық (ғ.с.) әкелерінің сөздеріне сүйеніп: «Имам Әли (ғ.с.)-ға ұн, құрма, мейіз бен май қосылып жасалған халуа әкеліп берген кезде хазірет оны жемеді. Имамнан: «Оны харам деп санайсыз ба?»- деп сұраған кезде имам: «Жоқ, харам деп санамаймын. Нәпсімді осыған дейін әдет етпеген тағамға әдеттендіргім келмейді. Сондықтан халуасы бар ыдысты алып кетіңдер»,- деген соң хазіреттің алдынан халуаны алып кетеді. Негізінде имам Әли (ғ.с.) бұл тағамды өте дәмді болғандықтан жемей: «Егер мен нәпсімнің қалауын орындасам, ол көп нәрсені қажет ететін болады. Олай болса, адам оған қарсы тұра алмайды»,- деп түсіндірді»,- деп айтқан болатын.

Исламның ұлық пайғамбары: «Әр адамның ең үлкен дұшпаны – оның нәпсісі»,- деп ескерткен болатын. Адам өз нәпсісінің оны жоюды көздейтін дұшпаны екенін түсінген кезде қатерлі нәпсі оны билей алмайтын болады. Себебі, бұл адам нәпсісімен дос болмауымен бірге оған немқұрайдылық танытуға болмайтынын жақсы түсінеді. Өйткені, қатерді дұшпанға немқұрайдылық таныту адамды өлім жолына бұрмалайды.

 

Имам Казем (ғ.с.) нәпсімен күресуді дұшпанға қарсы жиһад сынды уәжіптердің бірі санап, серіктерінің біріне: «Өз нәпсіңмен күрес. Бұл іс   дұшпанға қарсы жиһад сияқты сен үшін уәжіп»,- деген болатын. Нәпсімен күресу туралы айтылған кезде адамды күнәға қарай итермелейтін нәпсі туралы айтылады. Негізінде, адамның рухы оны жоғары мақсаттарға қарай жігерлендіреді. Бірақ адамның нәпсісі оны жамандыққа қарай тартып, адам жақсы жаманды ажырату күшінен айырылып, надан адамдардай ойлайтын болады. «Нәжім» сүресінің 23-ші аятында Жаратушы: «Олар (мүшіріктер) негізсіз күдіктері мен нәпсілерінің қалағанына ғана ереді»,- деді. Кейде ақыл нәпсіге бағынып, ойлану қабілетінен айырылып, барлық істер нәпсінің бақылауына түседі. Имам Әли (ғ.с.) осыған орай: «Өкінішке орай, нәпсі билейтін ақылдар өте көп»,- деген болатын. («Наһдж ул-Балағе»).

 

 

 

Тегтер

Apr 18, 2018 16:07 Asia/Almaty
Сараптама