• Жетекшілік хадисы 155

Құран аяттары бойынша Исламның ұлық пайғамбарының мұғжиза түрінде Мекке қаласындағы әл-Харам мешіті мен Бейт әл-Мұқаддастағы әл-Ақса мешітіне дейінгі ұзақ қашықтықты Алланың көмегімен бір түнде өткені және одан кейін аспандарды аралап, ешбір періште жете алмайтын биіктікке жетіп, Алланың елшісі мен Жаратушының құпия сұхбаттасқаны

Құран аяттары бойынша Исламның ұлық пайғамбарының  мұғжиза түрінде Мекке қаласындағы әл-Харам мешіті мен Бейт әл-Мұқаддастағы әл-Ақса мешітіне дейінгі ұзақ қашықтықты Алланың көмегімен бір түнде өткені және одан кейін аспандарды аралап, ешбір періште жете алмайтын биіктікке жетіп,  Алланың елшісі мен Жаратушының құпия сұхбаттасқан.

 

"Исра" сүресі, 1-ші аяты

Имам Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде Алла елшісінің Жаратушының миғраж түні оған: «Уа, Ахмад! Жақсылық пен ақырет туралы ойлайтындардың ұяты мен ар-намысы көп»,- дегені туралы айтылды. Ұят туралы әртүрлі пікірлерді кездестіруге болады.  Көбінде ұят ұялшақ болу деп түсіндіріледі. Әлемнің кейбір мәдениеттері ұятты қолдамайды. Өйткені оны өз құқығын қорғауға кедергі санайды. Исламдық мәдениетте ұят ұялшақ болу деген мағынаны білдірмейді. Исламдық мәдениетте ұят тауһид пен илаһи білімге қайшы келетін әр нәрседен аулақ болу дегенді білдіреді. Сондықтан ұятты иманның қажеттіліктерінің бірі деп санайды. Имам Әли (ғ.с.): «Жебірейіл хазірет Адамның қасына келіп: «Уа, Адам! Мен сенің үш нәрсенің бірін таңдауыңа жағдай жасаймын. Сен біреуің таңда да, келесі екеуін тапсыр» дейді. Адам: «Ол үш нәрсе не?»- деп сұрайды. «Ақыл, ұят және дін»,- деген жауап берілді. Адам: «Ақылды таңдадым»,- деді. Жебірейіл ұят пен дінге қайтуды бұйырды. Бірақ ол екеуі: «Жебірейл, біз ақыл болса, сонда болуға міндеттелдік»,- деді. Жебірейіл: «Өздерің біліңдер»,- деп жоғары кетті. («Усул Кафи», «Ақыл мен надандық» кітабы).  Келесі бір рауаятта имам Бақер (ғ.с.): «Иман мен ұяттың тамыры бір. Егер біреуі кетсе, екіншісі де кетеді»,- деген. («Мастадрак», 8-ші том). Негізінде иманы бар адам өмірінің барлық сәттерінде Алланың бар екенін сезеді. Сондықтан жалғыз қалған кезде де күнә жасамайды. Ол Алланы сезіп, Оның алдында Ол қаламайтын істі жасауға ұялады. Алла Тағала «Миғраж» хадисінде ақырет туралы ойлатындардың сипаттары туралы баяндауды жалғастырып: «Олардың басқаларға деген пайдасы шексіз»,- дейді. Бұл бөлімде Алла Тағала ақырет туралы ойлаушыларды тек өзі туралы ойлаушыларға қарсы қойып: «Олардың басқаларға деген пайдасы көп. Олар басқалармен қарым-қатынас орнатқан кезде екіжүзділік пен айла қолданбайды. Исламда айла мен алдап-арбауға орын жоқ»,- деп айтқан болатын. Алла елшісі: «Мұсылманға айла мен алдап-арбауды қолданатын адам бізден емес»,- деп қуаттаған. («Усул Кафи», 2-ші том). Имам Әли (ғ.с.): «Мүмін зерек және қырағы»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 193-ші құтпа). Яғни, мүмін айлакер емес. Зеректігі мен иманға сүйенген қырағылығы оны басқалардың айлаларынан сақтайды. 

«Уа, Ахмад! Жақсылық пен ақырет туралы ойлаушылардың көздері ұйықтағанымен жүректері ұйықтамайды». Ақырет туралы ойлаушының келесі ерекшелігі – ұйқысы мен ояу кезеңдерінің бірдей болуы. Олардың ояу кезінде барлық ойы  Алла туралы болғандай, ұйықтаған кезде де сол ойлары қалады. Сондықтан олардың ұйқысы мен ояу болуының айырмашылығы жоқ. Мұндай адамның рухы ұйықтаған кезде де Алла туралы ойлайды.: «Басында Алланың нығметтерін мадақтап, соңында олар үшін шүкіршілік білдіреді» деп айтылған. Халықтың көбі нығметтерді жеткілікті түрде пайдаланған соң Аллаға шүкір айтады. Бірақ, ақырет туралы ойлаушылар басында да, соңында да  нығметтерін олардың ықтиярына бергені үшін Аллаға шүкіршілік білдіреді. Сондай-ақ, Алланың барлық нығметтеріне шүкір білдіретін мүмкіндігінің жоқ екенін мойындайды.

 

 

 

 

 

 

Тегтер

Мамыр 07, 2018 18:10 Asia/Almaty
Сараптама