• Жетекшілік хадисы 156

"Миғраж" хадисіндегі Алланың жақсылық жасау және ақырет туралы ойлатындарға деген махаббаты

Исламның ұлық пайғамбары түндердің бірінде Меккедегі әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне сапар шегіп, сол мешіттен аспанға көтеріледі. Бір мекенде Жебірейіл пайғамбардан бөлініп, қалып қояды.   Сол мекенде Алланың елшісі мен Жаратушы құпия сұхбаттасады. Кездесудің кейбір сөздері туралы «Миғраж» хадисінде айтылған. 

Имам Әли (ғ.с.) рауаяттарының бірінде Исламның ұлық пайғамбарының Алланың миғраж түні оған: «Уа, Ахмад! Алла Тағала жақсылық пен ақырет туралы ойлаушылардың дұғаларын қабылдайды»,- деп айтқаны туралы баяндаған. Ақырет туралы ойлаушылардың бұл ерекшеліктері дүниеқұмарлардың сипаттарына қарсы көрсетілген. Бұл дүниеде жақсы өмір сүріп, өз мақсаттарына жетуге талпынатын дүниеқұмарлар барлық илаһи заңдарды қабылдамайды. Сол себепті Алла Тағала оларға бұл дүниеде көңіл бөлмеуімен бірге, ақыретте де оларға немқұрайдылық танытады. «Әл-Имран» сүресінің 77-ші аятында: «...Қиямет күні Алла оларға сөз қатпайды да оларға қарамайды әрі оларды ағартпайды..»,- деп айтылған.

Барлық нәрсені естіп, көретін Алла Тағала қиямет күні илаһи ызаны көрсету үшін дүниеқұмарлардың сөздерін естімейді, оларды көрмейді. Қиямет күні ең қатаң азапты дүниеқұмарлар көреді. Өйткені, тастың ішіндеі құмырсқаның дыбысын еститін Жаратушы оларға немқұрайдылық білдіреді. Имам Садық (ғ.с.): «Дәуіт пайғамбар Арафатта тоқтаған кезде халыққа қарап, Арафат тауының төбесіне шығып, халықтың көптігінен хабардар болған кезде дұғасын бастайды. Дұғасы аяқталған кезде оның қасына Жебірейіл келіп: «Уа, Дәуіт! Алла Тағала «Дұғаны неліктен қырдың төбесіне шығып, оқыдың? Мен таудың етегінен дауысыңды естімейді деп ойладың ба?» деп сұрады» дейді. Содан соң Жебірейіл хазірет Дәуітті теңіздің қасына апарып, онымен бірге теңіздің түбіне түседі. Сол жерде үлкен бір тасты жарғанда, ішінен құрт шығады. Жебірейіл хазірет Дәуітке: «Уа, Дәуіт! Алла Тағала «Мен теңіздің түбіндегі тастың ішіне түскен құртты естимін. Сен мені шақырған адамның дауысын естімейді деп ойладың ба?»- дейді.

 

«Миғраж» хадисінің жалғасында өте қызықты  әрі түсіну қиын мәлімет айтылған: «Уа, Ахмад! Ақырет туралы ойлаушылар дұға жасаған кезде періштелер олардың дауыстарын естиді. Алла Тағала да өз пенделерінің дауыстарын естігенді жақсы көреді». Джабер бен Абдолла Ансаридің рауаяттарының бірінде Алла елшісі: «Алла пендесін жақсы көретіндіктен пендесі Алланы шақырады. Сондықтан Жаратушы Жебірейілге: «Пендемнің тілегін орында, бірақ кейінге қалдыр. Өйткені, пендем көбірек дұға тілейді. Сонда мен оның дауысын көбірек естимін»,- деген»,- деп айтқан болатын. «Миғраж» хадисінің жалғасында адамды таңғалдырарлық теңеу қолданылды. Өйткені: «Уа, Ахмад! Жақсылық пен ақырет туралы ойлайтындар анасы баласының сөзін тыңдағанды жақсы көретіндей, Алла олардың сөзін тыңдағанды жақсы көретіндер»,- деп айтылған.

Алла Тағала мүміндерге деген мейірімі мен рақымын көрсету үшін осы теңеуді пайдаланды. Құранның "Шура" сүресінің 11-ші аятында: "Еш нәрсе Ол сияқты емес",- деп айтылған.  Яғни, адамдардың арасында Алла үшін пайдаланған сипатты табуға  болады, бірақ ешбір жаратылыс Аллаға ұқсамайды.  Келесі бір хадисте Алланың шексіз махаббатын баяндау үшін былай деп айтылған: "Алла Тағала Дәуіт пайғамбарға уаһи жіберіп: "Уа, Дәуіт! Досын жақсы көретін адам оның сөзін, егер оған разы болса, амалын растайды. Сондай-ақ, оған сенім артады; оны  жақсы көрсе, оған жетуге талпынады. Уа, Дәуіт! Мені ұмытпағандарды мен ұмытпаймын. Жаннатым маған құлшылық еткендер үшін, махаббатым мені жақсы көргендер үшін",- деген болатын.

 

 

 

Мамыр 09, 2018 16:25 Asia/Almaty
Сараптама