•  Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 36

Халық мешіт арқылы өзінің исламдық болмысы мен негізгі мәдениетіне, исламдық тағылымдардағы адамгершілік пен жоғары құндылықтарына оралды.

Алла елшісі өзінің діни үкіметін орнатуының басында мұсылмандардың қоғамдық орталығы ретінде мешіттің құрылысын басты мәселе етіп қалыпастырып, бұл мекенді қорғауды қуаттады.

Исламның ұлық пайғамбары Мединеге келген соң мешіт салуды бұйырып, оның құрылысына өзі белсенді қатысты. Ән-Наби мешітінің құрылысы исламдық үкімет құру саласындағы маңызды қадам болды. Ән-Наби мешіті ғибадат мекені болуымен бірге исламдық үкіметтің басқару штабы және түскен шағымдарды қарастыратын сот, исламдық ахкамды үйрететін медресе, ислам әскерилерінің күпірлікке қарсы жиһадқа шығу үшін жиналатын базасы болды. Жоғарыда айтылғандар мен қасиетті мекеннің мұсылмандар арасындағы орны мен маңызына назар аударып, мешітті халықтың материалдық және рухани істері ағымына өте көп әсер ете  алады» деп айтуға болады. Мұсылмандардың тарихы да бұл тақырыпты растайды.  Мұсылмандардың тарихи маңызды оқиғаларына шолу жасау арқылы аталмыш тақырыптың дұрыстығын байқауға болады. Маңызды өзгерістердің көбі мешітте орын алып, көптеген көтерілістер осы қасиетті мекеннен басталды. Мәселен, Ирандағы Ислам революциясы ағымында мешіттер исламдық қозғалыстың құрылуы мен қалыптасуы, сондай-ақ оның жеңісіне жағдай тудырған маңызды факторлардың бірі болды. Иранның Ислам революциясы ағымында мешіт революция істерін басқаратын базаға айналды. Калифорнияның Беркли университетінің исламдық зерттеулер мен парсы тілі ұстазы Хамед Элгар: «Мешіт Иранның Ислам революциясының негізгі тірегі болды. Сонымен бірге революцияның жеңіске жетуіндегі маңызды факторлардың бірі мешітті қайтадан жандандырып, барлық жұмыстарды осы мекенде атқару болды. Мешіт халықтың дүниеден алыстап, ғибадат пен Құран тыңдайтын панажайы емес, керісінше, күрес пен басқару мекеніне айналды. Қысқаша айтқанда, мешіт Исламның ұлық пайғамбарының кезінде атқарған барлық жұмыстарын атқаратын болды»,- деген болатын.

Расында Иранда Ислам революциясының кеңеюімен мешіттер ықпалды мекендерге айналып, діни қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының ұстаздары мешіт пен басқа діни мекендерде сөз сөйлеп, халықты елдің саяси-қоғамдық, мәдени және экономикалық салаларында тамырын жайған жемқорлық, сыбайластық, зұлымдық, кемсітушілік және әділетсіздікпен таныстырды. Мешіт өзінің ұмытылған негізгі болмысына оралып, Иран халқына оң әсерін тигізді. Халық мешіт арқылы өзінің исламдық болмысы мен негізгі мәдениетіне, исламдық тағылымдардағы адамгершілік пен жоғары құндылықтарына оралды. Шын мәнінде, Исламға бет бұру тек Иранмен шектелмей, басқа исламдық мемлекеттерге де тарады. Мәселен, Палестина халқы Иранның революциясынан нәр алып, саяси, экономикалық және қоғамдық жағдайына наразылық білдіріп, майданға шығып, мешітті күрестерінің орталығы етіп сайлап, исламдық тағылымдарға сүйеніп: «АҚШ пен Израиль сынды залымдар жеңңілмейді» деген уәждердің бос сөз екенін түсініп, оларға қарсы тұратын жолдардың бер екендігіне сенімділіктері артты.

       ***************************

Иранның Исфахан қаласындағы кезінде «Шах мешіті», «Жаңа Сұлтани мешіті» және «Орталық Аббаси мешіті» деп танымал болған «Имам мешіті» атты мешіт

Исфаханда орналасқан «Имам мешіті» бұдан бұрын «Шах мешіті», «Жаңа Сұлтани мешіті» және «Орталық Аббаси мешіті» деп танымал болған. Бұл мешіт хиджри жыл санағы бойынша 11-ші ғасырында қыш және ағаш материалдардан салынған бірегей сәулеттердің бірі саналады.  "Нақш-е джахан" алаңының оңтүстігінде орналасқан бұл мешіттің құрылысы хиджридың 1019-шы жылы, милади күнтізбесінің 1611-ші жылы Аббас Сафави шахтың бұйрығымен басталып, әшекейлеу ісі оның орнына келген билік кезінде аяқталды. Хиджридың 1025-ші жылғы мешіттің басында жазылған жазба Аббас шахтың бұл мешітті тек өз қаржысымен салып, оның сауабын ата-бабасы Тахмасп шахқа сыйлағанын көрсетеді. Бұл мешіт қоғамдық ғимарат ретінде барша халықтың қолданысы үшін салынған.

Имам мешіті айбынды әрі әдемі бола тұра, қарапайым болды. Мешіттен жан-жаққа қатынас орнату оңай еді. Мешіттен ешбір баспалдағы жоқ, жабық есік көрінбейді. Онда ешбір арнайы кеңістік және ешбір артық орын жоқ. Намазхандар жамағат намазына қатысқан кезде немесе намазды жеке оқыған кезде бір-бірін көріп тұрады. Бұл мешітте Алла елшісінің сүннеті бойынша, ғимарат дінге қызмет ету үшін салынған.

Имам мешітінің кіреберісі "Нақш-е джахан" алаңына шығады. Бірақ мешітті қыбыла бағытымен үйлестіру үшін оның кіреберіс аркадан өткен кезде онға қарай 45 дәрежеге  бұрылғандай сезіледі.

Имам мешітінің кіреберісінің екі жағынан әдемі мұнараларды көруге болады. Бұл кіреберіс түрлі-түсті өсімдік, гүл және құстардың суреттері салынған плиткалармен безендірілген. 

Имам мешітінің  шығыс және батыс жағында екі шабистан орналасқан. Шығыс шабистаны үлкенірек, бірақ қарапайым, әшкейленбеген. Батыс шабистаны кішірек, бірақ жеті-сегіз түрлі плиткмен әшекейленгендіктен оның михрабы Исфахан мешіттерінің ең әдемі михрабтарының бірі саналады.

Мешіттің оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жақтарында екі медресе орналасқан. Діни шәкірттер тұратын бөлмелері бар оңтүстік-шығыс жағындағы медресе «Насери медресесі» және оңтүстік-батыс жағындағы медресе «Солеймание медресесі» деп аталады. Мешіттің оңтүстік-батыс жағындағы медреседе табиғаттың төрт кезеңінде Исфаханның негізгі зуһр, түс уақытын көрсететін қарапайым тас орнатылған. Мұны Аббас шахтың кезіндегі әйгілі математик әрі діни ғұлама шейх Бахаи есептеген.

Мешіттің оңтүстік үлкен аркасының биіктігі 33 метр. Оның екі жағында әр біреуінің биіктігі 48 метрге теңелетін екі мұнара орналасқан. Бұл екі мұнара плиткалармен безендіріліп, олардың бетіне «Мұхаммад» және «Әли» деген есімдер қайталанып жазылған.

Исфаханның Имам мешітінде Аббас 1-ші шахтың кезінен көптеген бұйрықтар тастың бетіне жазылып, бекітілген. Бұл тарихи ғимараттың әртүрлі бөлімдері маңызды әрі құнды болғанымен кейбір бөлімдері ерекше маңызды. Мәселен, оның мінбері ұсақталған тастардан жасалған.

Мешіттің ерекшеліктерінің біріне оңтүстік үлкен күмбездің ортасындағы дауыстың жаңғыруы жатады. Бұл күмбез шамамен 400 жыл бұрын жобаланған. Оның асты мен ортасына жақын жерде тұрған кезде дыбыс анық әрі қатты шығады. Бұл ерекшелік бұрынғы микрофон жоқ кезде азан айту және сөз сөйлеген кезде көп қолданылған. Бұл ерекшелік сондай-ақ, күмбездің сәулетшілері мен құрылысшыларының физика мен математикаға қатысты жоғары білімге ие болғанын көрсетеді.  

Имам мешітінің жобасында өзіне көңіл аудартатын келесі мәселе оның сәулетшілерінің даналығы. Ғимараттың «Нақше джаһан» алаңы жағындағы көрінісі мешіттің ең биік бөлімдерін, яғни кіреберістегі аркалар мен қыбылаға қарсы тұрған күмбездің арасындағы байланысты сақтайтындай жобаланған. Бұл алаң көрермендерінің пікірінше, ғимараттың ішкі көрінісімен бірге сыртқы көрінісіне де ерекшелік сыйлайды.

 

 

 

Тегтер

Мамыр 09, 2018 16:40 Asia/Almaty
Сараптама