• Ұлы тұлғаның алдында 98

Аятолла Хаменеидің пікірінше, ислам елдердіге жас буынды бұзу үшін 200 жылдан бұрын жан-жақты бағдарламалар басталды.

Иран Ислам революциясының жеңісіне дейін Батысқа тәуелді мемлекет болды. Резахан Пехлеви кезеңінде шахтың өзінен бастап, оның үкіметіндегі кішкентей шенеунікке дейін ағылшындықтарға тәуелді болған. Өйткені, ағылшындықтар Резаханды билік басына әкеліп, оны толығымен басқаратын. Кейін Резаханды тағынан түсіріп, билік басына оның баласы Мұхаммад Резаны әкелген де ағылшындықтар болды. Бірақ, Мұхаммад Реза Пехлеви америкалықтарға қарай бет бұрып, кейбір кезде тіпті америкалықтардың талаптарының алдында еш ықтияры жоқ, құл сияқты әрекет  етті.

Аятолла Хаменеи

Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи Пехлеви үкіметінің Батысқа тәуелдігі мен оның салдары туралы: «Халық пен мемлекет және оның басшылары АҚШ-қа бағынған жағдайда бұл мемлекетте қандай жұмыс атқарылады? Әрине, АҚШ-тың мүдделеріне сай жұмыстар атқарылып, шешімдер қабылданады. Алып-сату, үгіт-насихат, адамдарды билік басына әкелу, отставкаға жіберу, яғни бұл мемлекеттің барлық істері халықтың емес, тек иесінің мүддесіне сай орындалды. Халықтың тәуелсіздікке ие болмауы – үлкен мәселе. Бұрынғы режим кезінде осылай болды. Иранның өткен  кезеңдегі ең маңызды мәселесіне Пехлеви режимінің АҚШ пен одан бұрын Англияға тәуелді болуы жатады. Олар елдің басшысы, премьер-министрі немесе басқа министрлері мен мұнай компаниясы басшысының кім  болатыны туралы шешім қабылдайтын. Америкалықтар белгілеген адам жоғары дәрежеге ие  болды. Иран халқының шетелдік дұшпандары біреуді кетіргісі келсе, Пехлеви режимі оны кетіру үшін бар күштерін салатын. Бұл мемлекетте егер іс америкалықтардың мүддесіне болса, барлығы орындауға асығатын. Егер іс олардың мүдделеріне емес, халықтың мүддесіне болса, орындалмайтын. Елдің тәуелді болуы деген осы»,- деді.

Ислам революциясының басшылары, атап айтқанда имам Хомейни мен аятолла Хаменеидің пікірінше, Пехлеви патшаларының Батысқа, әсіресе АҚШ-қа тәуелді болуы және шешім қабылдау құқығынан кенде болуы бұл елдің өткен кезеңдегі ең маңызды мәселелерінің бірі болды.

Мұхаммад Резахан мен Резахан

Ислам революциясының жетекшісі  Иран патшаларының Англия мен Америкаға тәуелді болуының мысалдарын келтіріп: «Бұл елде Иран мен Англияның мұнай келісімінің аяқталуына бірнеше күн қалған еді. Бірнеше адам Пехлеви І-нің қасында отырып, Иранның мүдделерінің азғана бөлігін қарастыратын келісімді реттейді. Резахан министрлердің отырысына кіріп келіп, жазылған келісімді министрдің көз алдында пешке тастап,  жағып жібереді. Неге? Өйткені, отырыстан бұрын Англияның елшісі келіп, бір-екі сағат онымен жеке сөйлесіп, келісімнің қандай болуы туралы нұқсаулар берген болатын. Сондықтан патша тіпті Иран халқының азғана мүддесін қамтитын, бірақ дұшпан тіпті оны да қабылдамаған келісімді өртеп жіберді. Отандастарым! Бұл елдің Пехлеви кезіндегі бүкіл тарихы осындай болды. Бірінші Англияның, содан соң Американың мүдделері қамтамасыз етілетін. Бұл елдің басшылары Американың мүддесіне қайшы жұмыс жасай алмайтын. Олар тек Американың мүддесіне сай әрекет етті»,- деді.

Сол кезде америкалық кеңесшілер мен басқа да ондаған мың америкалық Иранның ең маңызды  әскери, қауіпсіздік, экономикалық және саяси орталықтарында жұмыс істеп, көптеген пайда көрді.

Мұхаммад Резахан мен Диммми Картер

Аймақ пен әлем деңгейінде, тіпті мұнай бағасын белгілеу, оны сату, Иран мұнайында жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың сапасы сынды экономикалық мәселелерге де америкалықтар араласып, патшалық үкімет тек солардың айтқандарын орындайтын болған. Сөйтіп, бөгделердің елдің қорын талан-таражға салу жолдары ашық болды. Пехлеви үкіметі мен патшаның жеке басының келесі ең үлкен қылмыстарының бірі елді  техникалық, өндіріс пен экономика тұрғыларынан Батысқа тәуелді етуі болды. Иранның Батысқа тәуелдігі күннен-күнге арта берді. Сөйтіп, Иран нан мен басқа азық-түліктен бастап, басқа тауарларды да шетелдерден алатын болды. Егер дұшпан қаласа, мемлекетті барлық нәрседен мақұрым ете алатын болды. Патша халқын соншалықты кемсітіп, басқа елдерге тәуелді болып, елге қиянат жасады. Бұл мәселе халықтың патшалық үкіметке қарсы шығуына себеп болған мәселелердің бірі болды. Патшалық жүйенің құлауының келесі факторы Иранның мұсылман халқы қабылдамайтын тағұт басшыларының жемқорлығы мен дінге қарсы тұруы саналады. Ағылшындықтардың қолымен билік басына отырғызылған Резахан Пехлеви сауатсыз және ислам тағылымдарынан алыс отбасында өскен әскери және қатыгез адам еді. Ол өзінің жастық шағын мейрамханалар мен барларда өткізіп, діннен алыс болды. Ол ағылшындықтардың қолдауымен билік басына жеткен кезде Англия Иранды толығымен өз бақылауына алуды көздеді. Сөйтіп, Иранда шын мәнінде британиялық үкімет орнатылды. Британия өз мүддесіне сай үкімет орнатуды көздеп, Резаханды билік басына әкелді. Резахан Түркия мен бірнеше еуропалық мемлекетке сапар шеккен кезде олардың дамығанын көріп, олардың дамуын халықтың діннен бөлек болуымен байланыстырды. Сондықтан Иранға оралған соң, бұл елдің мұсылман халқын діннен бөлуге шешім қабылдап, көптеген әрекетті іске асырғанымен еш уақытта ойлағанына жете алмады.

Резахан хиджабты шешуге мәжбүрледі

Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи бұл туралы: «Резахан біз үшін Батыстан  сарқыт  әкелгісі келді. Оның бірінші әкелген нәрсесі киім болды. Ол хиджабқа тыйым салмақ болды. Бұл шешімін күшпен, өзінің әскери тәсілімен іске асырғысы келді. Ол «Киім ұзын емес, қысқа болуы керек» деп, бас киімдердің түрін анықтап, оларды өзгертіп, әлекке түсті. Ол басына «Пехлеви бас киімінен» басқа бас киім немесе қысқа киім кимегендерді соққызатын. Ол мұның барлығын Батыстан алды. Әйелдерге хиджабтарын сақтауға рұқсат етпеді. Тіпті, жамылғы емес, бастарына орамал салғандарды да үйлерінің алдында ұстап, оларды ұрғызатын. Неге? Өйткені, Батыста әйелдер бастарын жаппайтын. Ол мұны Батыстан әкелді. Ол халыққа қажет нәрсені әкелмеді; білім, ғылым мен тәжірибе әкелмеді.

Резахан Пехлевидің кезінде төрт жастан асқан балаларға Құран оқуды үйретіп, Құранның хикаяларымен таныстыратын мектепханалар жабылды. Иран патшасының батылдығы тек дінге қарсы әрекеттерінен ғана байқалды. Ол елді дамыту саласында мақсатсыз әрі шаршаған адам сияқты әрекет  амал етті. Ағылшындықтар Резашахты билік басынан түсіріп, орнына перзенті Мұхаммад Резаны әкелген соң да халықты діннен алыстату Ислам революциясы жеңіске жеткен күнге дейін жалғасты. Пехлеви үкіметінің жағымсыз, дінге қарсы келесі бір әрекеті жастарды бұзақылыққа итермелеуі болды. Аятолла Хаменеидің пікірінше, ислам елдердіге жас буынды бұзу үшін 200 жылдан бұрын жан-жақты бағдарламалар басталды. Отаршылық кезеңде, яғни Батыс мемлекеттері азиялық және африкалық елдерге билік жүргізген кезде, егер жастары мәдениет пен білімге ие болса, отаршыларға елдерінің байлықтарын талан-таражға салуға рұқсат етпейтін еді. Сондықтан олар жастарды бұзу бағдарламаларын жоспарлады.

Ислам революциясының жетекшісі: «Сіздер кейбір кітаптарда немесе мақалаларда  Латын Америкасы немесе Шығыс Азия елдерінің кейбіреуінде жастардың әртүрлі бұзақылықтарды, соның ішінде есірткіге құмарлықтары немесе жыныстық тұрғыдан зорлық-зомбылық жасайтыны туралы оқыған боларсыздар. Бұл басынан былай болмады. Бұл – алдын-ала жоспарланған саясаттың салдары. Өкінішке орай, патшалық билік кезінде біз де мұндай жағдайдан тыс қалмадық. Бұл елде де қиянат жасаушы Пехлеви әулеті мен оның қолдаушылары арқылы осындай саясат жүргізіліп, жастардың біразын бұзақылыққа итермеледі",- деді.

 

 

 

Jul 01, 2018 20:59 Asia/Almaty
Сараптама