Исламның ұлық пайғамбары түндердің бірінде Меккедегі әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне сапар шегіп, сол мешіттен аспанға көтерілді. Бір мекенде Жебірейіл пайғамбардан бөлініп қалып қойды. Сол мекенде Алланың елшісі мен Жаратушы құпия сұхбаттасты. Кездесудің кейбір сөздері «Миғраж» хадисінде айтылған.

 

"Исра" сүресі, 1-ші аят

Хазірет Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде Исламның ұлық пайғамбарының Алла Тағаланың Миғраж түні хазіретке: "Уа, Ахмад! Сопылардың жүздері түндерін ояу өткізіп, ораза тұтқандықтан сарғайып, тілдері Алланы көп зікір еткендіктен   шаршады. Олар көп уақыт үнсіздік танытып, жүректері жараланып, бар күштерін ғибадат етуге жұмсайды. Олар тозақ отынан қорыққандықтарынан немесе жаннатқа түсу құлшыныстары үшін емес, олар аспандардағы періштелер мен жерге көз салғанда тек Алла Тағаланы ғана ғибадат етуге лайық деп біледі",- деген болатын. Қасиетті "Миғраж" хадисінің осы бөлімінде сопылыққа назар аударылды. Сопылық – адамның дүниеден баз кешкендігінің белгісі. Имам Әли (ғ.с.) сопы туралы: "Сопының ерекшеліктері туралы Құран Кәрімде былай деп айтылған: "Бұл – өткенге өкінбей, өздеріңе берілгенге сүйінбеулерің үшін...". Сондықтан, ие болған нәрсесінен айырылып, оны уайымдамайтын, қолына түскен нәрсеге қуанбайтын адам сопының екі шартына да сай саналады",- деген. ("Васаел шие", 11-ші том). Сондай-ақ, хазірет Әли (ғ.с.) келесі бір сөзінде: "Сопы армандарын азайтып, әрбір нығметке шүкіршілік білдіріп, Алла харам еткен барлық нәрседен алыстайды",- деген болатын. ("Васаел шие", 12-ші том).

Ислам діні бойынша сопы бір бұрышта оқшау қалған адам емес. Сопы – міндеттерін жақсы орындап, нәпсісі мен талап-тілектерін жеңетін адам. Исламның ұлық пайғамбары: "Сопылық – дүниеден безу, халалды өзі үшін харам ету немесе өз мүлкін босқа шашу емес. Сопы, яғни қолында барға Алланың ықтиярындағыдан артық сенім артпау",- деген болатын. Басқаша айтқанда, сопы – адам дүниеге тәуелді емес, ол Аллаға сенім артады. Сопы – білімді әрі дұрыс жолға нұсқалған адам. Шынайы сопының ой-пікірі дүниелік істерге шырмалмайды, оның жүрегі тек Аллаға деген махаббатқа толы. Сондықтан ол әр түрлі материалдық және рухани ғылымдарды оңай меңгереді. Алла елшісі: "Жаратушы бұл дүниеге қызықпаған адамның жүрегінде хикмет қалыптастырады, оның тілін көркем етіп, дүниенің дерттері және олардың емімен таныстырып, оны бұл дүниеден дені сау күйінде әкетіп, саулық сарайына жеткізеді",- деген. Келесі бір рауаятта былай деп айтылған: "Күндердің бірінде Исламның ұлық пайғамбары  үйінен шығып: "Алланың оған біреу арқылы білім үйреткенін және дұрыс жолға нұсқауын қалайтын адам бар ма? Алла оны қырағы еткенін қалайтын адам бар ма? Дүниеге қызықпайтын адамды Алла Тағала білімді етіп, дұрыс жолға нұсқайды. Дүниеде сопы адамды көрсеңдер, оған жақындаңдар. Хикмет тарту етіледі",- деген". ("Бихар әл-Анвар", 67-ші том).   

 

Пайғамбар "Миғражы"

"Миғраж" хадисінің жалғасында Алла Тағала: "Уа, Ахмад! Үнсіздік танытқан өзің жаса! Ең жақсы жүрек – адал және үнсіздік танытқанның жүрегі; ең жаманы – бос сөйлейтіндердің жүрегі",- деген болатын. Үнсіздік  адамға ойлануға мүмкіндік береді. Исламның ұлық пайғамбары туралы "Уаһи түсерден бұрын, хазірет Хира үңгірінде үнсіздік танытып, жаратылыстың сырлары туралы ойланды" деп айтылған. Имам Садық (ғ.с.): "Үнсіздік – зерттеумен айналыстардардың қасиеті. Өткеннің шындықтарына шолу жасағандар қаламдар жазбаған, кітаптарда айтылмаған шындықтарды баяндайды",- деді. Алайда үнсіздіктің негізгі мақсаты адам ешқашан сөйлемесін деген сөз емес. Үнсіздік, яғни орынсыз сөйлемеу, өтірік пен өсектен және тіл тигізуден тартыну болып табылады. Имам Әли бен Хусейн (ғ.с.)-нан сөз сөйлеу мен үнсіздік  туралы сұраған кезде: "Бұл екі жайттың да  зияндары бар. Егер олардан аман қалса, сөйлеу үнсіздік танытудан артық",- деп жауап берген. Алла елшісі де: "Алла Тағала пайғамбарларды үнсіздік танытсын деп жаратқан жоқ. Олар халықпен сөйлесу үшін жіберілді. Ешбір адам үнсіз қалып, жаннаттқа барамын немесе Алланың азабынан құтыламын деп ойламасын. Барлық іс сөйлесу арқылы нәтижеге жетеді. Мен еш уақытта ай мен күнді бір-біріне қарсы бір алақанда ұстамаймын. Сен үнсіздіктен пайда көргеніңмен үнсіздікті сөзіңді түсіндіру үшін пайдалана алмайсың",- деген болатын.

 

 

 

Jul 22, 2018 18:08 Asia/Almaty
Сараптама