Иран Ислам революциясының жетекшісі: «Реза хан да, Мұхаммад Реза хан да билік басына төңкеріс арқылы келді. Төңкеріс арқылы келген үкіметтің қандай үкімет болатыны анық. Мұндай үкіметте халықтың дауысы, халықтың наным-сенімдері, оның мәдениеті мен талап-тілектері мен ерік-жігерінің ешбір белгісі болмады. Олар халықтың дауысына, қалауы мен наным-сенімдеріне, діні мен мәдениетіне еш құрмет білдірмеді".

Аятолла Хаменеи

Батысқа толығымен тәуелді болу мен батыстықтардың талап-тілектерін іске асыруға талпыну Иран патшаларының өз халқына немқұрайдылық танытып, батыстықтар үшін қызмет етуге себеп болды. Пехлеви патшалары өздерінің жергілікті ұлттық мәдениеттерінен күн сайын алыстап, өз мәдениеттерінің орнына Батыс мәдениетін таратуға әрекет жасады. Олар бұл жолда жастарды бұзу үшін кез келген мүмкіндіктерін пайдаланды. Сондай-ақ, әйелдерді хиджабты шешуге мәжбүрлеп, оларға қысқа әрі ашық киім киюді ұсынды. Патшалар Ислам мен оның тағылымдарына табанды Иранның мұсылман халқын діннен алыстатуды мақсат етті.

Пехлеви патшалары әйелдерді кемсітіп, әйелді ер адамға қызмет ететін құрал санады. Мұхаммад Реза шах өзінің қате ұстанымдарын баяндап, әйелді ердің құралы деп атап, ерлер көбінесе олардың сұлулықтарына көңіл бөледі деді. Оның пікірінше, әйелдердің саяси салада жұмыс жасайтын қабілеттері жоқ, олардың басқару қабілеттері де әлсіз. Ол сондай-ақ, келесі бір сөзінде: «Әйелдердің ақылы ерлерден төмен. Алайда, олардың араларынан да ерекшелері кездеседі»,- деді.

 

Мұхаммад Реза шах

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, Пехлеви патшаларының тақтан кетуінің келесі себептерінің бірі ретінде бұл үкіметтің халыққа жасаған қысымдары деп санайды. Өйткені, олар ешбір адам режимді сынай алмайтындай жағдай қалыптастырды. Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1335-ші жылы  САВАК-тың құрылуымен Мұхаммад Реза шах үкіметінің қысымдары мен басып-жаншулары күшейе түсті. САВАК Англия мен АҚШ барлау қызметтерінің жобалауымен Пехлеви режимін сақтап қалу үшін құрылды. Келесі жылдары Моссад бұл ұйыммен ортақ бағдарламаларды іске асырып, абақтыға түскен адамдардың құқықтарын бұзу жайттары артты. 1335-1357  жылдары САВАК ең жиіркенішті қауіпсіздік орган ретінде үкіметке қарсыларды басып-жаншуда маңызды рөл атқарды. САВАК режимге қарсылар мен оны сынаушыларға қарсы азап-қорлық көрсетіп, адам құқығына қатысты әлемдік жарлықты бұзды.

САВАК-тың азап-қорлықтары

Иран Ислам революциясының жетекшісі Пехлеви кезіндегі қысымдар туралы: «Реза хан да, Мұхаммад Реза хан да билік басына төңкеріс арқылы келді. Төңкеріс арқылы келген үкіметтің қандай үкімет болатыны анық. Мұндай үкіметте халықтың дауысы, халықтың наным-сенімдері, оның мәдениеті мен талап-тілектері мен ерік-жігерінің ешбір белгісі болмады. Олар халықтың дауысына, қалауы мен наным-сенімдеріне, діні мен мәдениетіне еш құрмет білдірмеді. Олар халықпен достық қарым-қатынас орнату туралы ойламады. Олардың қатынасы дұшпандық қатынас болды. Олар иелер мен құлдар, қожайын мен нөкер сияқты қатынас орнатты. Олар халықтың алдында еш міндеттемелері жоқ үкімет қалыптастырды. Пехлеви режимі біздің елімізде 50 жыл өмір сүрді. Жоғары оқу орындары мен ағартушылық ағымдар, журналдар мен газеттер, мәжіліс пен үкімет – барлығы жалған болды. Тек халықтың арасындағы және қоғамдағы дін шынайы болды»,- деді. Пехлеви үкіметтерінің құлауына себеп болған келесі факторлардың біріне елдің ғылым мен өнеркәсіп салаларында артта қалып, халықтың қажет тұрмыс жағдайына ие болмауы жатты. Батысты жақсы көретін Реза шах пен оның ұлы «Біз жасай алмаймыз» деген пікірді жарнамалап, «Батыстан алуымыз керек» деген ұстанымды өздерінің негізгі стратегиясына айналдырды. 

Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Пехлеви кезеңінде «Жасай алмаймыз» деген ұстаным жарнамаланып, Пехлеви режимінің басшылары дана, абыройлы, батыл әрі өркениет пен ғылыми тәжірибесі мол халықтың байлығын АҚШ-тан әскери ұшақ сатып алуға жұмсады. Бұл ұшақтардың бөлшектері бұзылып, кем-кетіктері байқалған кезде ирандық инженерлер мен механиктердің оны ашып, жөндеу құқығы болмады. Сондықтан бұзылған бөлшектер ұшақтар арқылы АҚШ-қа жіберілетін. Сондай-ақ, бұзылған бөлшектер айырбасталып, жаңа бөлшектер сатып алынатын.  Ирандық инженерлердің неліктен ұшақ бөлшектерін жөндейтін құқықтары болмады? Олар: «Сендер мұндай жұмысты істе алмайсыңдар. Бұл мәселені шетелдік инженерлер шешеді. Сендер араласпаңдар, тіпті жақындамаңдар»,- деп халықты кемсітті.

Аятолла Хаменеи 

Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, патшалық үкіметтің құлауының келесі себебі үкіметтің тікелей қолдауымен елде таралған зорлық-зомбылық пен әділетсіздік болды. Реза шахтың кезінде оның бұйырығымен жерлер тартып алынды.  Билікке келген кезінде оның байлығы да, жері де болмаған.  Ол билеп-төстеп, елдің әртүрлі құнарлы аймақтарындағы көптеген жерлер мен мүліктерді иемденіп, байлық жинады.  Ол адамдардың мүлкін тартып алып, қорқытып, төмен бағамен иелерінен жер мен мүліктерін сатып алып немесе суды жабумен қысым көрсетіп, жер иелерін мүліктерін арзан сатуға мәжбүрлеп, зорлық-зомбылық пен азап-қорлық  арқылы Иранның ең үлкен феодалына айналды. Ол өз офицерлерін Иранның солтүстігіне жіберіп, ұнаған жерді тартып алуға бұйырды. Сол кездегі газеттердің бірі: «Шах Иранның солтүстігіндегі бақытсыз шаруаларды тіпті киетін киімі мен аяқ киімісіз қалдырып, үйлерінен күріш көрмейтін жағдайға душар етті. Олар тіпті майшам сатып ала алмай, қараңғыда отырып, ұйықтайтын»,- деп жазды.

 

Реза шах

Реза шах жерді тартып алып, негізгі иелерін жұмысшылар ретінде пайдаланып, оларды кезінде ие болған  болған өз жерлерінде жұмыс істетті. Бұл отаршылық болды. Сол кездегі газеттердің бірі: «Реза шахтың жалшылары жұмысшыларды ұрып-соғып, оларды түнде мал қораларға қамап, таңертең ерте тұрғызатын Жұмысшылардың көбі аш болды.  Егер олардың бірі әлсіздік танытса, оларға берілетін дәрі мен тамақ ұрып-соғу еді. Жұмысшы шахтың рақымсыз нөкерлерінен тек өліп қана құтылатын»,- деп жазды. Реза шахтың ұлы Мұхаммад Реза шах әкесінің зорлық-зомбылықтарын басқа жолдармен жалғастырып, қоғамдық жиіркенішке ие болды. Сондықтан халық Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейнидің дауысын естіген кезде үлкен құтқарушының келгенін түсінді. Аятолла Хаменеи: «Саддамның Иранға қарсы сегізжылдық соғысының халыққа тигізген шығыны Пехлеви отбасының жылдар бойы жүргізген билігінің шығындарынан азырақ. Осындай үкімет жылдар бойы халықты биледі. 1962-ші жылы имам Хомейнидің дауысы етілген кезде халықтың шыдамы да таусылды. Имамның сөзі халықтың жүрегіне қонды»,- деді.

 

Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейни

 

 

Тегтер

Jul 22, 2018 18:19 Asia/Almaty
Сараптама