"Илаһи жетекешілер" атты топтамамыздың кезекті бөлімінде сіздерді имамат пен велаяттың төртінші жарық жұлдызы «Зейноллабедин» деген атпен танымал имам Саджадтың (ғ.с) шарықтау мен құлдырауларға толы өмірімен таныстырамыз.

Таңдаулы илаһи жетекшілер мен пәк имамдардың өмір сүру салтын талдауға арналған бүгінгі бағдарламада Құдайдың рақымымен сіздерді имамат пен велаяттың төртінші жарық жұлдызы «Зейноллабедин» деген атпен танымал имам Саджадтың (ғ.с) шарықтаулар мен құлдырауларға толы өмірімен таныстырамыз.

Имам Саджад (ғ.с) х.қ.ж.с.б 38 жылы джамади ас-сани айының ортасында хазірет Әли (ғ.с) имам болған кезеңнің соңында дүниеге келді. Хазірет Әли (ғ.с) халифатқа билік еткен кезеңдегі соңғы үш жыл жанталас пен бейберекеттіктерге толы болды. Умәйя әулетінің билігі күннен-күнге күшейе түскендіктен олар езгі, басқыншылық, басып-жаныштау, адам өлтіру мен тонау әрекеттерін арттыра түсті. Жәһілдік пен соқыр сенімнің символы болған хауаридждер атты "қатерлі ісік" хазірет Әлиге (ғ.с) қарсы соғысып, Муавиенің қанаушы әрі алдамшы үкіметінің орнын нығайтуда маңызды рөл атқарып, ақырында имам Әлиді (ғ.с) Куфадағы мешіттің михрабында шәһид етті.

Содан кейін имам Моджтабаның (ғ.с) имамат басындағы он жылдық кезең басталып, имам Саджад (ғ.с) осы он жылдың ішінде өзінің ұлы ағайынының Муавиемен шайқасы мен қақтығысына куә болды. Ол Куфа тұрғындарының опасыздығы мен олардың ержүрек имамға қарсы сатқындығын көрді. Муавиенің қастандығымен жасалған сатқындықтардың салдарынан ол хазірет шәһид болды. Осы кезеңде, өз әкесі Хусейн ибн Әлидің (ғ.с) жетекшілігі басталған кезде имам Саджад (ғ.с) шамамен 13 жаста еді. Бұл кезеңде де имам Саджад (ғ.с) шәһидтердің көшбасшысының Муавиемен қақтығыстары мен хат алмасуларына куә болды. Муавие өзін исламды жақтаушы ретінде көрсетіп, хазірет Әлидің (ғ.с) жарқын бейнесіне нұқсан келтіріп, қоғамдық пікірді алдап, Худжр ибн Ади, Малек Аштар секілді көрнекті тұлғалар тобын мазлұмдықпен шәһид етіп, халықтың арасында қорқыныш пен үрей тудыру арқылы өз үкіметінің тіректерін нығайтып алды.

Муавие шайтандық қулықтарымен өзінің қылмыстарын жасырып, немқұрайдылық, нәпсіқұмарлық және шарап ішумен абыройдан айырылған баласы Язидті өзінің мұрагері әрі мұсылмандардың халифі етіп тағайындады. Имам Зейноллабедин (ғ.с) сол он жылдық кезеңде Ашура оқиғасы орын алғанға дейін имам Хусейннің (ғ.с) барлық саяси-әлеуметтік шарықтаулары мен құлдырауларына куә болды. Сол кезеңнен бастап хазіреттің қатерлі де машақатқа толы міндеті басталды. Имам Зейноллабедин (ғ.с) Ислам әлемі территориясының жер-жерінде тек семсер ғана үкім етіп, ақыл мен исламдық және адами құндылықтардың бірде-бір нышаны болмаған кезеңде ислам үмбетіне билік ету жауапкершілігін мойнына алды. Осындай уақытта имам мәңгілік Кербала дастанының жолдауын жеткізушіге айналды.

Имам Саджад (ғ.с) – мәңгілік Кербала дастанының жолдауын жеткізуші

Ұлы Ашура оқиғасынан аман қалғандардың құлақтарына семсерлердің шыңылы естіліп жатқанда оларды қылмыскерлер мен Куфа сатқындарының күтпеген әрекеттеріне қарсы Убайдулла ибн Язидтің сарайына жібереді. Биліктің буына мас болған және өзін майданның жеңімпазы деп  есептеген ол имам Саджадпен (ғ.с) бетпе-бет келгенде оған қатыгез әрі қорлаушы екпінмен: "Есімің кім?",- деп сұрайды. Сонда ол хазірет ибн Зиядтың билігінен қорықпастан: "Әли",- деп жауап береді. Билікке мас болған ибн Зияд: "Құдай Әли ибн әл-Хусейнді Кербалада өлтірмеді ме?",- деп сұрайды. Имам Саджад Умәйя әулетінің рақымсыз билеушілерінің Ашура оқиғасы кезіндегі қатыгез қырғынын Құдайдың мойнына іліп, қоғамдық пікірді алдауды көздегенін түсінеді. Сол себепті қорықпастан, ашық түрде: "Әли сенің зұлым әскеріңнің қолынан шәһид болған менің бауырым еді. Оны Құдай өлтірген жоқ. Оның пәк қанын озбыр әрі исламға қарсы Язидтің режимі аяусыз төкті",- дейді.

Имам Саджадтың (ғ.с) кесімді әрі ашық айтқан сөздері ибн Зиядтың қатты ашуын тудырып, ол ашуланған күйде айқайға басып: "Сен менің сөзімді өзіме қайтарып отырсың ба?",- деп, баскесеріне имамды өлтіруге бұйрық береді. Ол хазірет қоқан-лоққыдан еш именбей: "Мені өліммен қорқытып жатырсың ба? Біздің мәдениетте шәһид болу қайғылы оқиға немесе бақытсыздық саналмайды. Шәһидтік біз үшін ұлылық пен мақтанышқа себеп болып, дұшпанға қарсы қолданылатын ең ұтымды қару саналады",- дейді. Имаммен бетпе-бет келіп, онымен қарсыласуға шамасы келмейтінін және бұл айтыстың оның масқаралығы және теріске шығарылған ақиқаттардың әшкере болуымен аяқталатынын сезген Убайдулла имам мен тұтқындар керуенін Шамға, Язид ибн Муавиенің сарайына қарай жолдауды бұйырады.

Язид ибн Муавие барлығының көзінше уәһилік әулеттің абыройы мен беделін түсіріп, оларды қорлау үшін Дамасктегі орталық мешітте үлкен жиын өткізеді. Сондықтан өзіне адал сөз сөйлеушілердің бірін мінберге отырғызады. Ол да бар арсыздығымен пайғамбарлық пен имаматтың әулетін қорлап, Абу Суфиянның исламнан үркітуші әулетін мадақтайды. Кенет, мешіттің бір бұрышынан үнсіздікті бұзып, қараңғылықтың ішінен ұшқын тұтанды. Имам Саджад (ғ.с) жоғарыдағы құтпагерге: "Құтпагерге лағынет! Пенденің ризалығын илаһи ашудан артық көргенің бе? Сенің орның тозақ екенін біл",- деп айқайлайды. Содан соң имам Саджад (ғ.с) сонда жиналғандардың арасында тұрып, Язидке: "Менің мына ағаш мінбердің үстіне шығып, мына жиналған халықтың көңілінен шығатын сөз айтуыма рұқсат бер",- дейді.

Язид басында имамның өтінішін қабылдамай, бірақ кейін халықтың наразылығы мен қысымына ұшыраған соң хазіретке сөз сөйлеуге рұқсат береді. Имам Саджад (ғ.с) мінбердің үстіне шығып, шешен сөзбен құдыретті Жаратушыға мадақ айтып, Алла елшісіне (с.ғ.с) сәлем жолдап: "Уа, халайық! Құдай бізге (Аһле бейтке) білім, төзімділік, шешендік, батылдық сыйлап, мүміндердің жүректеріне бізге деген достық пен махаббат ұялатты",- дейді.

Содан кейін имам өзінің пәк әулетін сипаттауға кірісіп: "Мен – Құдайдың оны пайғамбары ретінде таңдап, оған уәһи етіп түсірген таңдаулы құлы Мұхаммадтың (с.ғ.с) ұрпағымын. Мен – мүміндердің көшбасшысы, пайғамбардың мұрагері әрі шерк пен пұтқа табынушылықтың туын құлатқан Әли ибн Әбуталибтің перзентімін. Мен әлемдегі ең ізгі әйелдер – Фатима мен Хадиджа Кубраның перзентімін. Мен өздерінің пәк қанына батып, соңында мазлұмдықпен шәһид болған адамдардың баласымын. Пайғамбар (с.ғ.с), мүміндердің әміршісі Әли (ғ.с), Джафар Тайяр, Хамза Сейіт әш-Шоһадо, Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с) екі немересі имам Хусейн мен имам Хасан – бәрі біздің әулеттен шыққан",- дейді.

Осы сахнаға куә болған алданған халық таңырқаған күйде имамға телміре қарап тұрады. Сол кезде хазірет әр сөйлемімен өз әулетінің ұлылығын, Хусейн (ғ.с) мен оның адал жолдастарының шәһид болуының тереңдігін халыққа айтып, таныстырады. Өздерін алдап соққандарын енді түсінген Шам тұрғындары қатты қайғыдан жылай бастайды. Билік тізгінінен айрылған Язид үрейленіп, халықты басып, имам Саджадтың (ғ.с) ағартушылық сөз айтуды жалғастыруының алдын алу үшін өз сарайындағы азаншыға намаз уақытының басталғанын айтып, оған орнынан тұрып, азан айтуды бұйырады. Азаншы "Аллаһу Акбар" (Алла ұлы) деп азан шақыруға кіріседі. Имам Саджад (ғ.с) кідірместен сол арада: "Құдайдан ұлы ешкім жоқ",- дейді. Азаншы азан шақыруын жалғастырып: "اشهد ال لا اله الا الله" "Алладан басқа Құдай жоқ",- дейді. Сонда имам: "Мен Одан басқа Құдай мен құдіретті күштің жоқ екендігін растаймын",- дейді. Азаншы: "اشهد ان محمدا رسول الله" "Мұхаммад Алланың елшісі" деп айтқанда баршаның назары төртінші имамға ауған еді. Имам бар даусымен: "Ей, Язид! Алланың елшісі менің бабам ба, әлде сенің бе? Егер сенің бабаң деп айтсаң, барлығы сенің өтірік айтып тұрғаныңды біледі. Ал егер менің бабам десең, онда неліктен Құдай мен Пайғамбардың сүйіктісі болған менің әкем Хусейнді мазлұмдықпен шәһид етіп, мал-мүлкін тонап, олардың пәк денелерін көмбестен тастап кетіп, отбасын тұтқынға алып, бас ауған жаққа тентіретіп жібердің? Қиямет күні менің бабам мен әкем сенімен соғысатын болады",- дейді.

Ыңғайсыз жағдайға түсіп, сасқалақтаған Язид имам Саджадты (ғ.с) өлтіруді көздегеніне қарамастан, имамның көңілін аулап, алдап-сулап, өзін ақтап алып шығу үшін: "Құдай Марджаненің ұлын лағынет етсін! Егер мен оның орнында болғанда сенің әкең Хусейннің кез келген өтінішін орындап, оған қарсылық білдірмес едім",- дейді.

Алланың жар болуымен топтамамыздың келесі бөлімінде төртінші имамның Куфа мен Шамда айтқан ағартушылық сөздерінің әсері туралы сөз қозғаймыз.

 

 

 

Тегтер

Jul 24, 2018 19:19 Asia/Almaty
Сараптама