Топтамамыздың бүгінгі бөлімінде имам Саджадтың (ғ.с) Умәйя әулеті басшыларына неліктен қарсы қарулы көтеріліске шықпағаны жайлы сөз қозғаймыз.

Өткен бағдарламамызда имам Саджад (ғ.с) құтпаларының Куфа мен Шам қаласы тұрғындарының көзқарасына әсер еткені жайлы баяндап, билік басындағылар, үлемдер мен данышпандардың қоғамдағы жемқорлық пен ауытқушылқтарды түзетуде негізгі рөл атқара алатындығына тоқталдық. Язид имам Саджадтың (ғ.с) ағартушылық әрекеттеріне қатты алаңдап, халықтың көтеріліске шығуынан қорыққан болатын. Ол өзінің тыңшылық орталықтары мен жалдамалыларына күрескерлердің барлық саяси-әлеуметтік әрекеттерін бақылап отыруды бұйырады. Язидке Мәдиненің тұрғындары оның үкіметіне қарсы көтеріліп жатқаны туралы хабар бергенде Мослем ибн Уқба басшылық еткен әскер Мәдинеге аттанады. Бейберекет қан төгіп, қылмыс жасағандықтан халық оны «Мосреф ибн Уқба» деген лақап атпен атаған Мослем ибн Уқба өзінің тонаушы әскеріне үш күннің ішінде Мәдине қаласының халқын жаппай қырып, қыз-келіншектерін зорлап, тіпті Мұхаммад (с.ғ.с) пайғамдардың кесенесіне шабуыл жасауға бұйрық берді. Пайғамбар Мәдине қаласы жайлы былай деген: "Құдайым, Мәдине қаласының тұрғындарына жәбір көрсетіп, оларды қорқытқан адамға өзің мен періштелеріңнің қарғысын жібер". Сөйтіп, Мәдине қаласы өздерін «Пайғамбардың халифі» деп атап, діннен безу және масқарашыл Язид билігіне қарсы көтеріліске шықты деген айыппен пайғамбардың (с.ғ.с) пәк әулетінің қанын төгіп, пайғамбардың сахабалары мен Ислам дінінің көрнекті қайраткерлері мекендеген Мәдине қаласының халқын жаппай қырып жатқан Умәйя әулеті жалдамалыларының шапқыншылық алаңына айналды.

Мәдинедегі Пайғамбар мешіті (Мәсджед ән-Нәби)

Язидтің сенімді әрі қанқұмар қолбасшысы Мослем ибн Уқба осыншама адам өлтіру мен қорлаушы әрекеттерге разы болмай, Абдулла ибн Зубайрдың мәселесін біржолата шешу үшін Мәккеге жол тартады. Алайда, ол жол ортасында көз жұмып, Язид әскеріне қолбасшылықты Хусейн ибн Нумайр өз мойнына алады. Оның Абдулламен шайқасы басында Меккеден тыс жерде орын алып, Абдулла ибн Зубайр әскерінен көп адам қаза болғаннан кейін Меккенің ішін паналайды. Хусейн ибн Нумайрдың әскері Мекке қаласын екі айдан астам қоршауда ұстап, осы аралықта Алланың үйі Қағбаны Мәдине қаласы секілді қорлап, от тастарды лақтыру арқылы Алланың үйін өртеп, панасыз халықты өлтіріп, тонайды. Ақырында х.қ.ж.с.б 64 жылы раби әс-сани айының басында Язидтің өлгені туралы хабар жеткенде Хусейн ибн Нумайр мен оның дінге қарсы серіктері Мекке қаласын қоршауды доғарады.

Бұл жердегі маңызды әрі ойландыратын жайт мынада: Умәйя әулеті мен олардың жалдамалылары қашаннан бері өздерін исламды жақтаушы ретінде көрсетіп, исламның қасиетті мекендеріне шабуыл жасап, Ашура оқиғасы секілді апаттарды тудырып, пайғамбардың (с.ғ.с) қаласы Мәдинені жермен-жексен қылып, Алланың үйіне тас атып, өртеуге батылы жеткен? Бұл сұраққа ең айқын жауап мынадай: барлық бұрмалаушылықтар мен ауытқушылықтар билікқұмар адамдардың Ислам дінін пайдаланып, Пайғамбардың (с.ғ.с) Құдайдың әмірімен Ғадир Хом мекенінде Әлиді (ғ.с) мұсылмандардың жетекшісі әрі халифі ретінде тағайындауын назарға алмай, билікке иек артып, жарты ғасырдың ішінде мұхаммадтық (с.ғ.с) таза ислам дінін ығыстырып, оны "умәилік исламмен" алмастырған кезде басталды. Бұл ащы шындықты дәлелдеу үшін Язидтің өлімінен кейін оның ұлы Муавие ибн Язид билік тізгінін қолына алған кезде айтқан құтпасында Умәйя әулетінің әрекеттерін өткір сынға алып, Ашура апаты мен Меккеге шапқыншылықты айыптап, Умәйя әулетіне жиіркеніш білдіріп, өте қысқа уақыттың ішінде биліктен бас тартып, Пайғамбар (с.ғ.с) әулетін халифатқа билік етуге лайық екенін мойындағаны жеткілікті. Егер Әли (ғ.с) жаңадан құрылған ислам үмбетіне жетекшілік етуді мойнына алып, өзінің даусыз әрі илаһи хақынан айрылмағанда Язид пен Муавие секілді адамдар билікке қол жеткізбей, жантүршіктірерлік апаттардың орын алмайтыны шәксіз еді.

Осы ретте "Имам Саджад (ғ.с) неліктен көтеріліске шықпады, Мекке мен Мәдинедегі қасиетті мекендерге жасалған шабуылдың алдын алмады?" деген сауал туындауы мүмкін.

Бұл сауалдың жауабы мынадай: атасы имам Әлидің (ғ.с) Муавиемен Сиффин жеріндегі соғысы мен ағасы имам Хусейннің (ғ.с) дүниеқұмар екіжүзді жолдастарының қиянаты мен жәһілдігіне байланысты орын алған көтерілісін көріп, жеңілістің ащы дәмін татқан тәжірибесінен кейін, осы адамдардың Ашура апаты кезінде қандай рөл атқарғанын көрген ол хазіреттің қарулы күрестің Ислам әлемі үшін пайдасыз екеніне көзі жеткен. Себебі, күрес мыңдаған күнәсіз адамдардың қанын төгуден басқа еш нәтиже бермейді. Ол хазірет имам Хасан (ғ.с) мен имам Хусейннің (ғ.с) Муавие билік еткен кезеңдегі жұмсақ соғыс жүргізу тәсілін ұстанып, өткен бағдарламада айтып өткен құтпалар айтуы арқылы үнсіздік танытпауымен қоса өзі мен пайғамбардың (с.ғ.с) пәк әулетін ашық таныстырып, Умәйя әулетінің пасық болмысын әшкерелеп, халықтың бойындағы ар-ұжданды оятып, халықтың Умәйя әулетіне қарсы көтеріліске шығуына қолайлы негіз жасады. Үстірт көзқарас ұстанатын топ имам Саджадты (ғ.с) Құдай жолындағы соғыс пен джиһадтың қиыншылығынан қорқады деп санап, дәл осы қате көзқарастарымен Құрандағы «Тәубә» сүресінің 111-аятына сілтеме жасаған: "Күдіксіз, Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннәттен айырбастап алды. Олар Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді («Тәубә» сүресі, 111-аят). Алайда имам оларға былай деп жауап қайтарды: "Егер сендер «Тәубә» сүресінің келесі аятында сипатталған адамдарды көрсеңдер, мен Умәйя әулетінің жемқор жүйесімен күресуге дайынмын. Олар  Құдай былайша сипаттаған адамдар: "(Әй, Мұхаммед Ғ.С.!) Тәубе етушілер, құлшылық қылушылар, мақтаушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ қылушылар, сәжде етушілер, жақсылыққа бұйырушылар, жамандықтан тыюшылар және Алланың шектерін қорғаушылар осы мүміндерді сүйіншіле. («Тәубә» сүресі, 112-аят)".

Егер ислам қоғамында осындай көрнекті адамдар болғанда имам Саджад (ғ.с) күрес туын көтере алатын еді. Сонда Умәйя әулеті бұдан былай билікке иек артпай, олардың сатқын әскері Пайғамбардың қасиетті кесенесі мен қасиетті мекендерді шапқыншылық алаңына айналдырмас еді. Имам Саджадтың (ғ.с) көтеріліске шығатын адал әрі оған бағынатын серіктеріның болмағанының бір дәлелі билік басына өзімшіл, діннен безген әрі жемқор адамдардың келуі саналады. Язидтің өлімінен соң соғыстан жанын сақтап, көптеген жылдар бойы халифатқа билік етуді көздеп келген Абдулла ибн Зубайр Меккеде көтеріліске шығып, Хиджаз, Йемен, Ирак пен Хорасанның халқы оның билігін мойындайды. Сонымен қатар Пайғамбардың (с.ғ.с) қарсыластарының бірі болған, кезінде ол хазіреттің бұйрығымен Мәдинеден жер аударылған Маруан ибн Хакам Муавие ибн Язид биліктен бас тартқаннан кейін билік тізгінін өз қолына алды. Ол Шам мен Мысырды өзіне бағындырды. Одан кейін ұлы Абдулмалек ибн Маруан ш.қ.ж.с.б 65 жылы билік басына отырып, х.қ.ж.с.б 73 жылы Меккеге билік етіп отырған Абдулла ибн Зубайр қаланы қоршауға алғаннан кейін тұтқындалып, өлімге кесіледі. Абдулмалек ибн Маруан Абдулла ибн Зубайр өлтірілгеннен соң Мәдинеде айтқан құтпасында: "Құдайдың атымен ант етемін, кімде-кім маған илаһи тақуалықты сақтауға бұйрық берсе, оны өзім өлтіремін" деді. Абдулмалек рақымсыз әрі қанаушы адам болған. Ол қарсыластарын өлтіруден бас тартпаған. Оның жанындағы адамдар мен өкілдері де өзі секілді болған. Солардың ішінен Ирактағы өкілі Хаджжадж ибн Юсуф Сақафиді, Хорасандағы Моһаллаб ибн Аби Суфраны, Мәдинедегі өкілі һишам ибн Исмаилді, Мысырда билік еткен баласы Абдулла ибн Абдулмалекті, Ходжжаддың Йемендегі бауыры Мұхаммад ибн Юсуф Сақафи мен Джәзире мекеніндегі Мұхаммад ибн Маруанды ерекше атауға болады. Бұлардың әрқайсысы адам өлтіру мен халықты тонауда алдарына жан салмаған. Мысалы, Хаджадж ибн Юсуф Сақафидің тарихта қан төгу және қанаумен аты шыққан. Тарихшылар Хаджадждың қолынан қаза болған адамдардың санын 120 000 немесе 130 000 адам деп есептеп отыр. Хаджадждың өзі бір сөзінде басқалардың қанын төгіп, осы күнге дейін ешкім жасамаған істі жүзеге асырудан ләззат алатынын айтқан.

Абдулмалектің өлімінен соң билік басына Уәлид келеді. Уәлид әкесінің өліміне байланысты бірінші болып өз-өзіне көңіл айтып, халифат билігіне жетуімен өзін құттықтап, халықты билігін мойындауға шақырған адам болды. Одан кейін Дамасктегі мешіттің мінберіне көтеріліп, қоқан-лоққыға толы сөзінде: "Біздің сөзімізге мойынсұнбаған әрбір адамды жоямыз. Үнсіздік танытқан адамды өлтіреміз",- деді. Имам Саджадтың (ғ.с) алуан түрлі әлеуметтік-саяси бүліктер және дағдарыстармен тұспа-тұс келген билігі кезеңдеріне көз жүгіртетін болсақ, өзімшіл әрі қылмыскер билеушілер мен олардың сақтану шараларына қарамастан ол хазіреттің жасырын күрестен басқа жолы болмағанын айтуға болады. Құдайдың жар болуымен келесі бағдарламада осы тақырыпты талдаймыз. Әуе толқынында келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Jul 28, 2018 16:15 Asia/Almaty
Сараптама