"Саба" сүресінің 38-39-40-41 аяттарының тәпсірі:

بسم الله الرحمن الرحیم

«Саба» сүресінің 38 аяты:

«وَالَّذِینَ یَسْعَوْنَ فِی آیَاتِنَا مُعَاجِزِینَ أُولَـئِکَ فِی الْعَذَابِ مُحْضَرُونَ»

 

Сондай-ақ, аяттарымызды күшінен қалдыруға тырысқандарға келсек, міне, солар азапқа душар болатындар. (38)

Алдыңғы бағдарламаның соңғы сүресі байлық пен перзенттердің адамның бақытының факторы емес екендігін айтты. Адамды осы дүние мен ақыретте бақыт пен ізгілікке жеткізетін, оған илаһи жұмақтан орын беретін иман мен түзу ғамал саналады.

Осы аят иман адамдарына қарсы топқа сілтеме жасап: «Олар хақты танудың, оның соңынан ерудің орнына әрдайым хақты теріске шығарып, онымен күресуді көздейді. Олар өздерінің билік пен байлық және мүмкіндіктерге ие болуына байланысты илаһи үстемдіктен құтылып, азаптан қаша аламыз деп ойлайды. Бұл адамдар өздерінің ойының қате екенін, қияметте әрекеттерінің жазасын алатынын білуі керек» дейді.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Өздерінің мүмкіндіктерін хақты бұзу жолында, оны әлсіз етіп көрсету жолында іске жарататын билік пен байлық иелері соңында жеңіледі. Олар илаһи ерік-жігерді жеңе алмайды.

2.Ислам дұшпандары адамдардың арасында Құранның орнын әлсіретуге күш салады. Сол себепті мұсылмандардың барлығы, әсіресе дін үлемдері жан-жақты бағдарлама жасау арқылы дұшпандардың талаптарына кедергі жасауға міндетті.

«Саба» сүресінің 39 аяты: 

اکنون به تلاوت آیه 39  از سوره سبأ گوش می‌سپاریم:

«قُلْ إِنَّ رَبِّی یَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَن یَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ وَیَقْدِرُ لَهُ وَمَا أَنفَقْتُم مِّن شَیْءٍ فَهُوَ یُخْلِفُهُ  وَهُوَ خَیْرُ الرَّازِقِینَ»

(Мұхаммед Ғ.С.): “Рас, Раббым, несібені құлдарынан кімге қаласа кеңітеді де, оған өлшеп-тамап та береді. Тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла тағы есесін береді. Ол ризық берушілердің ең жақсысы” де (39).

Өздерінің байлықтары және перзенттерімен мақтанатын адамдарды айыптаған алдыңғы аяттардың жалғасында бұл аят былай дейді: «Адамдарға ырзық беретін, өзінің хикметі мен маслихаты негізінде оны азайтып немесе көбейтетін – Құдай. Ондай болса ырзықтың артуымен менмендік пен тәкәппарлыққа немесе оның кемуіне бола үмітсіздік пен торығуға салынбаңдар. Адам кез келген жағдайда өзінің шамасына қарай мұқтаждарға көмектесуі керек. Өйткені, ырзық Құдайдың қолында. Ол басқаларға қаншалықты көмектессе, соншалықты оның орнын толтыруға уәде берді. Көмектесетін адамның несібесі кемімейді».

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Ырзық пен несібедегі Құдайдың құлдарының айырмашылығы олардың қабілет пен әлеуеттеріндегі айырмашылық сияқты илаһи хикметке негізделген.

2.Адамдар мен басқа тіршілік иелеріне ырзық беруші Құдай адамның инфақ еткенінің орнын тиісті тәсілмен толтыратындығына кепілдік берді.

«Саба сүресінің 40-41 аяттары: 

«وَیَوْمَ یَحْشُرُهُمْ جَمِیعًا ثُمَّ یَقُولُ لِلْمَلَائِکَةِ أَهَـؤُلَاءِ إِیَّاکُمْ کَانُوا یَعْبُدُونَ»، «قَالُوا سُبْحَانَکَ أَنتَ وَلِیُّنَا مِن دُونِهِم  بَلْ کَانُوا یَعْبُدُونَ الْجِنَّ  أَکْثَرُهُم بِهِم مُّؤْمِنُونَ»

Ол күні Алла оларды тұтас жинайды. Сосын періштелерге: “Осылар, сендерге табынушы ма еді?”,- деп сұрайды. (40)

(Періштелер): “Сен пәксің! Біздің иеміз олар емес, Сенсің. Бәлкім олар жынға табынатын еді. Олардың көбі соларға сенуші еді” дейді. (41)

 

Мүшіріктердің ырымшылдықтарының біріне қияметте періштелердің шапағат ететіндігіне сенуі жатады. Сол себепті олар періштелерге табынып, оларды ерекше санайды. Алайда періштелердің өздері олай санамайды, ондай уәж айтпайды.

Құран қияметтің сотын суреттеп: «Періштелер өздерін қорғап, мүшіріктердің жалған ойларына қарсы былай дейді: «Олар шайтандық ойларға шырмалып, шайтанның соңынан еріп, шын мәнінде шайтанға бағынды. Шайтан пұтқа табынушылықты оларға жақсы әрі әдемі етіп көрсетіп, оларды бұрыс сенімдер мен әрекеттерге шырмайды. Олар бір Құдайға сенудің орнына, шайтанға табынып, оның құлы болды».

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Мүшіріктер періштелерді ерекше санады. Олар періштелер қияметте оларға шапағат етеді деп ойлады. Сол себепті олардың шапағатына бөлену үшін оларға табынды.
  2. Шайтанның алдауына түсуден абай болайық. Дұрыс ойлардың орнына бұрыс тұжырымдарды қабылдамайық. Шайтанның бізге жақсы әрі көркем етіп көрсететін істері қаншама!

 

Aug 08, 2018 08:49 Asia/Almaty
Сараптама