Бүгінгі бағдарламада имам Саджадтың (ғ.с) өміріндегі келесі жетістіктеріне тоқталып, өз шәкірттеріне тәлім-тәрбие берудегі талпыныстарын талдаймыз.

Өткен бөлімде құндылықтарға қарсы күрестің мұсылмандар қоғамының тағдыры үстемшіл билеушілердің қолына түскен кезде басталғанын айтқан болатынбыз. Өкінішке орай, қоғамда бүкіл тарих бойында жалғасып келе жатқан, оның салдары қазіргі кезде де көрініс тауып отырған ауытқушылықтар пайда болды. Солардың ішінен вахаббизм ағымының Сауд әулеті режимі түрінде билікке келуін ерекше атауға болады. Олар дәл сол көзқараспен х.ж.с.б 1216 жылы әскер жабдықтап, оны Иракқа жіберді. Алдымен Кербаланы қоршауға алып, содан соң Наджафқа қарай жол тартып, имам Әлидің (ғ.с) кесенесіне зиярат жасауға келген 4000-ға, кейбір деректер бойынша 5000-ға жуық адамды өлтірген. Олардың ішінде балалар, әйелдер мен қарт кісілер де болған. Одан кейін қасиетті кесенені тонап, хазіреттің қабірін кесенеден шығарып, бағалы заттарды әкетіп, ағаш есіктерді отқа өртеп, Наджафқа өз аттарын кіргізіп, соңында уақыттарын сауық-сайранмен көңілді өткізген.

ДАИШ та Сауд әулеті режимі саясаттарының салдарынан пайда болып, соңғы бірнеше жылдың ішінде көптеген қасиетті діни, тарихи мекендерді қиратып, ойларына келген қылмыстарды жасады. Сауд әулетінің саясаттары Умәйя әулетінің қасиеттіліктерді жоюға бағытталған саясаттарының жалғасы сияқты көрінеді. Умәйя әулеті илаһи әулиелерді шәһид ету арқылы Құдайдың нұрын сөндірмек болғандай Сауд әулеті де әлемдік үстемшілдікке, әсіресе АҚШ пен сионизмге қолдау көрсету арқылы Ислам әлемінің жарқын нұры мен сәулесін сөндіруге талпыныс жасап жатыр. Алайда қазіргі кездегі ислам әлемі мен имам Саджад (ғ.с) дәуіріндегі ислам әлемінің негізгі айырмашылығы мынада: ол хазіреттің  кезіндегі алданған немесе мүшіріктерге қарағанда қазіргі мұсылман халықтары ислам дұшпандарының қастандықтарына қарсы берік шешіммен бірге сап түзеп, хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с) таза ислам дінін қорғап, зорлық-зомбылық пен жәһілдікке негізделген "америкалық исламмен" күресіп жатыр. Алайда имам Саджадтың (ғ.с) кезінде мұндай мүмкіндік болмады. Имамның серіктерінің біріне "Біздің Медине мен Меккедегі адал достарымыздың саны 20-ға да жетпейді" деп айтқан сөзі бұған дәлел.

Ол кезеңде имам Саджадтың (ғ.с) алдында тұрған ең ізгі таңдау адамдарды тәрбиелеп, оларға білім беру, Құран мен Пайғамбардың (с.ғ.с) қазасынан кейін, әсіресе Умәйя әулеті билік еткен кезеңде көптеген бұрмалаушылық орын алған таза Исламның тағылымдарын тарату болды. Көрнекті шиіттік үлем Шейх Туси "Ар-Риджал" деген танымал еңбегінде шынайы ислам тағылымдарын насихаттау мен таратуда ерекше рөл атқарған имам Саджад (ғ.с) мектебінде тәрбиеленген 170 адамның есімін атаған. Бағдарламамыздың жалғасында сіздерді жоғарыда аталған топтың ішінен 3 көрнекті тұлғамен таныстырамыз.

Имам Зейнолабединнің (ғ.с) мектебінде тәрбиеленгендердің бірі Саид ибн Мұсаиб болды. Ол хазірет Саид ибн Мұсаиб жайлы былай деген: "Саид нағыз таза Исламның негіздері мен қағидалары бойынша басқаларға қарағанда көбірек біліп, өз заманында түсінік пен терең ой тұрғысынан бәрінен асып түсетін".

Имам Саджад (ғ.с) мектебінен сусындаған, имам Реза (ғ.с) ол жайлы: "Абу Хамза өз заманында Ислам Пайғамбары (с.ғ.с) кезіндегі Салман іспеттес болды",- деп айтқан Абу Хамза Сомали болған. Имам Саджадтан (ғ.с) кейін имам Бағер (ғ.с) мен имам Садық (ғ.с) секілді ұлы тұлғаларды көзі тірісінде көрген Абу Хамза имам Саджадтан қалған (ғ.с) рамазан айының сәресі кезінде оқылатын "Абу Хамза Сомалидің дұғасы" деген атаумен танымал бір дұғаны айтады.

Имам Саджадтың (ғ.с) жанында білім алған келесі тұлға Саид ибн Джубайр болған. Ол ғылыми тұрғыдан ерекше танымалдық пен мәртебеге ие болған. Сарапшылардың айтуынша: "Жер бетінде оның білімін қажет етпейтін адам жоқ". Ол асқан білімге ие болуымен қатар, теңдессіз батылдыққа да ие болып, имам Саджадпен (ғ.с) жақын әрі терең байланыс орнатқан. Умәйя әулетінің билеушісі Хаджадж ибн Юсуф Сақафи осы байланыстан хабардар болғанда Джубайрды тұтқындап, сарайға алып келуге бұйрық береді. Хаджадж онымен ұрсып, жанжалдасып, өзінің әрбір сауалына ғылыми негізделген нақты жауап қайтарып отырғанын көргенде қатты ашуланып, оны өлтіруге бұйрық береді.

Имам Саджадтың (ғ.с) күресіндегі келесі стратегиясы сындарлы діни тағылымдарда мүміннің қаруы ретінде аталған. Ол Исламның тәрбиелік мәдениетінде ғибадаттың өзегі мен рухы саналатын, адамның жаратылыстың бастауымен байланыс орнатуындағы фактор болып табылатын дұғаны түбегейлі түрде пайдалануы болды. Дұға ең ауыр жағдайда адамның жанын тыныштандырып, құндылықтарға қарсы ұғымдарды жойып, ахлақтық және адами құндылықтарды арттырып, қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Дұға сондай-ақ, Құдай жолындағы және әрбір жауапты адамның мойнына ілінген жауапкершіліктердің жолдары мен бағыттарына жөн сілтеп, адам баласын тығырықты жағдайлардан құтқарады. Дәл осы көзқараспен имам Саджад (ғ.с) дұғаны рухани қару ретінде барынша пайдаланып, өзінен кейін "Сахифе Саджадие" атты аса бағалы мұра қалдырады. Сүниттік діни үлемдердің бірі, данышпан, "әл-Джавахер" атты Құран тәпсірі жинағының авторы Тантауи "Сахифе Саджадие" кітабының бір нұсқасын Құмдағы ғылыми семинария басшылығы тарапынан алып, оны оқып болғаннан кейін бұл еңбек жайлы былай деп жазды: "Кітапты асқан ризалықпен қолыма алдым. Бұл туынды басқа кітаптан табылмайтын түрлі ілімдерді, тағылымдар мен даналықтарды қамтиды. Біздің бақытсыздығымыздан қазіргі таңға дейін пайғамбар әулеті мұрасының ішіндегі осы құнды туындыға қолымыз жетпегенін мойындау керек. Мен бұл кітапты оқып, зейін салған әрбір сөздің жаратылған адамның сөзінен жоғары, Жаратушының сөзінен төмен екенін түсіндім. Шынымен, неткен бағалы кітап!".

"Сахифе Саджадие" еңбегінің маңыздылығы мен алатын ерекше орнына келетін болсақ, Ислам әлемінің көрнекті ойшылдары мен философтарының бұл кітапқа 70-ке жуық түсіндірме жазып, данышпандар мен аудармашылардың оны түрлі тілдерге аударуын айтудың өзі-ақ жеткілікті. Соның ішінде бұл еңбек парсы, ағылшын, француз, орыс, урду, түрік және тағы да басқа тілдерге аударылған. Ғылыми топтар және мұсылман қауымдастықтарының арасында Құран мен "Нахдж ул-Бәлағеден" кейін "Сахифе Саджадие" кітабының ерекше аталатынын айтқан жөн. Ислам революциясының марқұм жетекшісі имам Хомейни оны "Мұхаммад әулетінің Забуры" деп атап, басқалар оны Інжілдегі тағылымдармен салыстырып, оған "Аһле бейттің Інжілі" деген атау берген.

"Сахифе Саджадие" кітабына тән келесі ерекшеліктердің біріне адамның болмысында қаланған Құдайға деген сенім мен Құдайға құлшыныс рухын нығайтып, Жаратушы мен тіршілік иесі арасында байланыс орнатушы көпірдің рөлін атқаруы жатады. Мысалы, имамның: "Уа, Құдайым, қатты ашуға бой беру мен күншілдікке салынудан, сабырлық пен төзім жетпей, қанағатсыз болып, жаман қылық көрсетуден, нәпсі қуып, соқыр сенімге беріліп, құмарлыққа жеңіліп, дұрыс бағыттан ауытқып, қапылдық ұйқысына батып, шамадан тыс күш салудан, ақиқаттың орнына жалғанды таңдап, күнә жасауға итермелеп, оны болмашы іс санап, бағынуды үлкен іс санаудан, бай-ауқатты адамдарды құрметтеп, кедейлерді жек көріп, ұнатпаудан, қоластындағыларға жаман қатынас көрсетіп, қанаушылармен жолдас болудан және қаналғандарға көмек көрсетпеуден сақтауыңды сұрап, өзіңнің пана беруіңді сұраймын",- деп айтқан құнды кітаптағы сегізінші дұғаның ерекшеліктеріне назар аударуларыңызды сұраймыз. 

"Сахифе Саджадие"

Ахлақ ілімінің үлемдері мен тәлім-тәрбие саласындағы мамандардың назарын аударған маңызды дұғалардың бірі "Макарим әл-Ахлақ" дұғасы деген атпен танымал "Сахифе Саджадие" жинағындағы жиырмасыншы дұға саналады. Данышпандар осы дұғаға көптеген түсіндірме жасаған. Бұл дұға былай басталады: "Уа, Құдайым! Мұхаммад (с.ғ.с) пен оның әулетіне сәлемің мен игілігіңді жолдап, бойымдағы иманымды кемелдікке жеткізіп, жүрегімдегі сенімді ең игі сенімге айналдыр, ниетімді ең ізгі ниетке, амал-әрекетімді ең игі амалға жеткізе гөр". Бұл дұғаның осы шарықтауында назар аударатын маңызды жайт имам Саджад (ғ.с) Жаратушыдан кемелдікке жеткен жоғары деңгейдегі иман, сенім, ниет пен амал беруді сұрап, адамзат баласына табыстың биік шыңына көз салып, әлемдегі таулардың биік шыңдарын бағындыру үшін күш салатын альпинистер секілді сол биік шыңға қарай талпыну үшін бағыт көрсетуі саналады.

Имам Саджадтан (ғ.с) қалған тағы бір бағалы мұраның бірі "Рисала әл-хоқуқ" кітабы саналады. "Рисала әл-хоқуқ" кітабының бір ерекшелігі ол хазіреттің құқықтардың жүзеге асырылуына кепілдік беретін ең құдыретті күш Құдайдың алдында адамзат баласының мойнына ауыр жауапкершілік саналатын құқықтарды қарастырумен қатар, адамның қоғам, отбасы, білім беру, экономика салаларында және діни бауырлары, достары мен дұшпандарының алдындағы құқықтарын талдауы жатады.

Негізгі жайттардан бөлек, төртінші имам тіл, құлақ, көз, қол мен аяқ секілді адам денесінің әрбір мүшесі үшін бірде-бір құқықтық жүйеде қарастырылмаған құқықтар белгілеген. Төртінші имамға «Сәжде етушілердің көшбасшысы» деген мағынаны беретін «Сейіт ас-Саджедин» және «ғибадат етушілерді көркемдеуші» деген мағынаны білдіретін «Зейноллабедин» лақаптары берілген. Имамға осындай лақаптар берудің себебі ол хазіреттің түн ішіндегі мистикалық сырласуы мен қажеттіліктерінің баршаның аузынан түспеуі саналады. Бұл салада ол хазіреттің "Сахифе Саджадиедегі" дұғалары мен ғибадатымен қатар ол имамнан тағы екі ұлы мұра қалған. Имам Саджадтан (ғ.с) қалған тағы басқа құнды еңбек дұғаның мистикалық мәтіндерінен нұр шашып тұратын әрқайсысы керемет әрі толық әдеби шығарма түрінде рухты нұрландырып, айнаның бетінен күнәның дақтары мен татын тазартатын ғашықтық сарындағы сыр мен қажеттіліктерді қамтитын 15 дұға саналады.

 

Aug 11, 2018 12:55 Asia/Almaty
Сараптама