Мұсылмандар намаздарын бірігіп, белгілі бір уақытта қасиетті мекенде орындаған кезде жүректері бір-біріне жақындап, олардың арасында достық пен бауырластық нығая түседі. Олардың арасында идеологиялық-саяси қарым-қатынас орнатылады.

Исламның ұлық пайғамбары жұмыстардың көбін мешітте атқарып, іс жүзінде халыққа саясат пен мешіттің бір-бірімен байланыстығын көрсетті. Ислам саяси мақсатқа жету үшін кез келген құралды пайдалануға рұқсат етпей, тек заңды және илаһи бұйрықтарға сай ғамалдарды ғана қолдануға кеңес береді. Мұндай талпыныстар күшті қолдауды қажет етеді. Сондықтан адам мықты әрі сенімді тірекке ие болмаса, бұл жолда күдік-күмәнсіз қадам баса алмайды. Адамды сондай күшпен қамтамасыз ететін ең жақсы мекен мешіт саналады.

Шейх Лутфолла мешіті 

Мұсылмандар намаздарын бірігіп, белгілі бір уақытта қасиетті мекенде орындаған кезде  жүректері бір-біріне жақындап, олардың арасында достық пен бауырластық нығая түседі. Олардың арасында идеологиялық-саяси қарым-қатынас орнатылады. Сондай-ақ, мешітте жиналу  намазхандардың саяси қырағылығын арттырады. Жамағат имамы заманауи мәселелерден хабардар болып, қоғамның жағдайы мен мұсылмандардың қиындықтарын, халықаралық проблемаларды баяндап, намазхандардың  саяси қырағылығын арттырады. Сонымен бірге мұсылмандардың мешіттерде жиналып, әр түрлі мәселелер туралы пікір алмасуы олардың хабардарлығына  көп әсерін тигізеді. Намазхандардың саяси пікірлеріне қырағылық, уақытты бағалау, дұшпанды тану, жағдайдан хабардар болу сияқты факторлар әсер етеді.

Мешіттің ықпалының қатарына адамның қырағылығын арттыруы мен немқұрайдылықтан алыстатуы жатады. Діни сенімдер бойынша, немқұрайдылық – мұсылмандарды қиындықтарға тірейтін ең жаман фактор. Алладан алыстау, өз кезеңі мен мекенінің, саяси, қоғамдық және мәдени жағдайларынан хабарсыз болу немқұрайдылық саналады. Ислам көзқарасы бойынша немқұрайдылық танытпау өте маңызды болғандықтан Алла Тағала миғраж түні бұл туралы Исламның ұлық пайғамбарына айтып: «Уа, Ахмад! Еш уақытта немқұрайдылық танытпа. Немқұрайдылық танытқан адамға Алла Тағала назар аудармайды»,- деп ескерткен. «Ағраф» сүресінің 179-шы аятында: «Рас, тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді; көздері бар, онымен көрмейді; құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті  одан ары адасуда. Міне, солар мүлдем қәперсіздер»,- деп айтылған. Бұл қасиетті аят бойынша, адам мен хайуандардың өмірлерінің ара-жігі – немқұрайдылық пен қырағылық. Бұл аятта немқұрайдылық танытқан адамдар төртаяқтыларға теңелді, яғни, немқұрайдылық танытатын адамның жүрегі, көзі және құлағы жабық болады. Олар ойланбастан басқалардың ықпалына түседі. Негізінде  адамның өмірі тәуелсіздік, хабардарлық пен қырағылықты қажет етеді.

        **************************

Шейх Лутфолла мешіті:

Шейх Лутфолла мешіті – Исфаһан қаласында орналасқан тарихи мешіт. Бұл мешіт хиджри қамари күнтізбесі бойынша 11-ші ғасырда нақты айтқанда 1011-1028 ж.ж (1602-1619 ж.ж), яғни 18 жыл бойы Аббас І-ші патшаның бұйрығымен салынған сәулеті тұрғысынан бірегей ғимараттардың бірі саналады. Шейх Лутфолла мешіті «Нақш-е жаһан» алаңының шығыс жағында, Али Ғапу ғимаратына қарсы, имам Хомейни атындағы мешіттің қасында орналасып, өзінің әсемдігімен адамдарды қызықтырады. Көпшіліктің пікірінше, бұл ғимарат басқа мешіттерге ұқсамайды. Ол кеңістікті ерекшелендіріп, басқа адамдар, тіпті басқа діндердің жақтастары оның илаһи мистикалық нұрына көңіл бөледі.

Шейх Лутфолла мешітін бірінші көрген кезде көзге алдымен күмбездің қасында мұнараның жоқтығы түседі. Өйткені, барлық мешіттерде мұнара ғимараттың бөлінбейтін бөлігі болып табылады.

Исламға дейін мұнаралар ғимараттардың үстіне жол көрсету үшін орнатылып, мұнаралардың көрінуі қаланың бар екендігін білдіретін. Ислам келген соң мұнаралар мешіттің белгісіне айналып, азан айтып, халықты намазға шақыру үшін пайдаланылатын болды. Алайда, Шейх Лутфолла мешіті шахтың отбасы мен айналасындағылардың мешіті болғандықтан оған мұнара салынбаған.  Сафави үкіметі кезінде  Исфаһанды аралаған саяхатшылардың жазбаларында бұл мешіт туралы көп айтылмаған.

Шейх Лутфолла мешіті  сәулет өнері мен сырлы кірпішпен өрнектеу  өнерінің тағы бір бірегей туындысы саналады. Мешіт Исфаһанның оңтүстігіндегі Сафе тауының етегінде бүгінде ешбір ізі қалмаған «Чаһар бағ» және «Хизар джариб бағының» салынуымен тұспа-тұс жобаланып, Сафави сәулеті өркендеген кезеңде салынды. Бұл мешіттің құрылысынан бұрын бұл мекенде ескі мешіттің қирандылары болған.

Тарихи деректер бойынша, аталмыш мешіт  Шейх Лутфолла Мейсидің мақамын мадақтау мақсатында салынған. «Шейх Лутфолла Мейси» деп танымал болған Шейх Лутфолла бен Абдолкарим немесе Шейх Лутфолла Джабал Омули – Ливанның Мейс әл-Джабалынан шыққан ғұламалардың бірі. Шейх Лутфолла Сафави патшаларының шиіт мазхабын тарату талпыныстарын жалғастырып, Иранға келген. Шейх Лутфолланың даналығы туралы естіген Аббас шах оны Исфаһанға келуге шақырады. Шейх Лутфолла Исфаһанда қоныстанған соң шах ол үшін мешіт пен медресе салуды бұйырады. Сөйтіп, Шейх Лутфолла мешітте сабақ беретін болады. Ол сабақ беруімен бірге мешітте жұма намазын да өткізген.

Әлем тарихшылары мен археологтары Шейх Лутфолла мешітін Иранның ежелден келе жатқан өркениеті мен мәдениеті көріністерінің бірі санайды. АҚШ-тың атақты ирантанушысы, шығыстанушы ғалым Артур Упхам Поп «Иран өнеріне шолу» деген кітабында бұл мешіт туралы: «Имам алаңының шығыс жағында, Әли Ғапу ғимаратына қарама-қарсы орналасқан мешіт –  Азияның жер-жеріндегі ең әдемі тарихи ескерткіштердің бірі. Ирандықтардың сәулет өнері тарихында гауһар тастай жарқыраған бұл әдемі мешіт «Шейх Лутфолла мешіті» деп аталады. Аббас шах бұл мешітті қайын атасы Шейх Лутфолланың құрметіне сол жердегі бұрынғы көне мешіттің қирандыларының үстіне тұрғызған болатын. Бір жағында Әли Ғапу ғимараты орналасқан үлкен алаңның әдемілігі Аббас шахтың бұл ғимаратымен екі есе артты»,- деп жазды. Профессор Поп кітабының келесі бір жерінде: «Бұл мешітте сәулет өнері тұрғысынан  өте тиімді көлемдер таңдалынып алынған. Өте әдемі әрі күшті жоба – қозғалыс пен толғанысқа толы дүние мен салтанатты  тыныштық әлемі үйлесімділігінің көрінісі. Бұл жоба эстетикаға толы ынта, иман мен аспандық шабыттан басқа  ештеңе болуы мүмкін емес" деді.  

Бұл әдемі мешіт туралы жазған келесі адамдардың қатарында Луис Канды атауға болады. Ол Шейх Лутфолла мешіті туралы: «Мен алтын мен күмістен салынған мұндай ғимаратты тек қиялымда ғана елестете аламын»,- деген болатын. Ирандық зерттеуші доктор Мохаммад Әли Ислами Надушан мешіттің шабестаны туралы: «Шабестанның аркасы мен түрлі түстері тек Хафиз ғазалдарында сипатталған екіұдай сезімді тудырады»,- деп жазды.

 

Тегтер

Sep 03, 2018 01:40 Asia/Almaty
Сараптама