• Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 26

Уаһабшы және тәкфиршіл ағымдар әрқашан әйелдерді әртүрлі құрал ретінде пайдаланды. Олар әйелдерді өз топтарының қатарына енгізіп, лаңкестік пен өз-өздерін жарып жіберу әрекеттеріне қатыстырды.

Тәкфиршіл лаңкестік ДАИШ тобының өз бақылауына алған аймақтарда әйелдерді құлдыққа салғаны  Құран Кәрім мен Алланың елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның сүннетіне қайшы. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с) беғсатының бастапқы кезеңінде арабтардың арасында құлдық таралғанымен, Пайғамбардың саясаты құлдарды азат етіп, құлдық жүйесін жоюды көздеді. Яғни, Ислам дінінің мақсаты қоғамдық және экономикалық жұмыстарды өзгерту арқылы құлдықты жою болды. Құлдықты  қоғамдық және экономикалық қарым-қатынастардан жойған соң, оған тыйым салып, оралуға рұқсат етпеу көзделді. Тарихи деректер бойынша, исламның саясаттары мен әрекеттері құлдықпен күрес жүргізді. Нәтижесінде құлдық мұсылман халықтары арасында басқа халықтармен салыстырғанда жылдамырақ жойылды. Тәкфиршіл топтардың өз бақылауларына алған аймақтарда әйелдерді құлдыққа салуын «ислам сүннетіне сай» деп   уәжденуі Құран мен Пайғамбар сүннетіне қайшы.

Тарихта Шам әскерилерінің хазірет Әли (ғ.с.)-ның билігіндегі аймақтаржың біріне тосыннан шабуыл жасағаны туралы айтылған. Олардың бірі имам Әли (ғ.с.) үкіметі орнатылған аймақтардың бірінде өмір сүретін яһуди әйелдің бірінің аяғы мен қолына тағатын білезіктерін, сырғасын, алқасын тартып алады. Имам Әли (ғ.с.) бұл әрекеттен хабардар болған кезде  қатты ренжіп: «Егер мұсылман мұндай масқарашылықтан кейін құсадан өле қалса, менің ойымша, өлуге лайық болды»,- деген. Бұл көзқарас Ислам дінінің адамға, әсіресе мұсылмандарды пана тұтқандарға достық білдіретінін көрсетті.

Уаһабшы және тәкфиршіл ағымдар әрқашан әйелдерді әртүрлі құрал ретінде пайдаланды. Олар әйелдерді өз топтарының қатарына енгізіп, лаңкестік пен өз-өздерін жарып жіберу әрекеттеріне қатыстырды. Лаңкестік топтар өз бақылауына алған аймақтарда мұсылман және мұсылман емес әйелдерге қатаң заңдар қолданып, оларды қоғамдық және адами құқықтарынан айырып, «неке жиһады» мен жыныстық құлдыққа мәжбүрледі. Тәкфиршіл уаһабшыл топтардың әйелдерге деген көзқарасы хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның беғсаты кезіндегі надан арабтардың көзқарасына ұқсас. Тәкфиршіл ағымдарды қолдайтын мүфтилердің пікірлері мен пәтуаларына жасаған шолу бұл топтардың надандығын көрсетеді. Олар өздерінің әртүрлі пәтуаларында әйелдер туралы «Әйелдің бүкіл болмысы – зұлымдық», «Әйел – шайтан», «Әйел – шайтанның құйрығы», «Әйел – қара ит, есек», «Әйел намазханның алдынан өтсе, оның намазы бұзылады», «Әйелдерді үйде қалдыру үшін киімсіз ұстаңдар», «Ерлер үшін әйелден көп зиян келтіретін нәрсе жоқ», «Баланың ақылы әйелдің ақылынан артық», «Әйел жаратылған кезде шайтан қуанды», «Әйелдің көлік жүргізуі – харам», осыған орай олардың пікірінше,  «Жүргізуші әйел өлуі керек». Дұрыс жолдан ауытқыған мүфтилер Сириядағы дағдарыс кезінде бөтен еркектермен неке қиюға рұқсат ететін пәтуалар шығарған болатын. Уаһабшы мүфтилердің бірі Насер әл-Омар сириялық бүлікшілерге әйелдері болмаған жағдайда бөтен әйелдермен неке қиюға, яғни «неке жиһадына» рұқсат берді.

Уаһабшы мүфтилердің бірі Насер әл-Омар

«Неке жиһады» – лаңкестердің Сирияда әйелдерге қарсы қолданылған әрекеттерінің бірі. Кейбір уаһабшыл мүфтилер тәкфиршіл лаңкестердің жыныстық қалауларын қамтамасыз ету үшін  мұсылман қыздар мен әйелдерді тарту үшін ислам тағылымдарына қайшы пәтуалар шығарды. ДАИШ тәкфиршіл тобы олардың шайтандық қалауларымен қарсыласқан әрбір әйелді өлтірді. Соның салдарынан ондаған мұсылман және мұсылман емес қыздар мен әйелдер өлімге ұшырады. Тәкфиршілердің әйелге қатысты ақылға сай келмейтін, қате көзқарастары мен әрекеттеріне керісінше Ислам діні әйелге адамгершілік пен мейірімділік білдіреді. Исламның жарқын күнінің атуымен бұл дін әйелге қатысты барлық надан салттармен күреске көтерілді. Қыздарды тірідей көму және әйел адам емес, төмен жаратылыс саналған кезде Ислам діні жаратылысы тұрғысынан әйелді ермен тең санады. Бұл әйел туралы надандық пікірлердің соңы болды. Алла Тағала Құранда әйел мен ердің тең орнына тоқталып, «Ниса» сүресінің 1-ші аятында: «Әй, адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан. Одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер мен әйелді таратқан...»,- деді.

Бұл аят әлем Жаратушысының әйел мен ерді бір кісіден жаратқанын, олардың бір-бірінен артықшылығының жоқ екені туралы мәселені еске салады.   

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әйелдерге қатысты надандық пікірлермен қарсыласып, қызы хазірет Фатима (ғ.с.)-ның орнын жоғары санады. Хазірет қызын құрметтеп, надандық рәсімдерді бұзды. Әлем әйелдерінің үлгісі хазірет Фатима (ғ.с.) мақтан тұтарлық жоғары орынға ие еді. Бихари өзінің «Сахих» кітабында пайғамбардың «Фатима – менің тәнімнің бір бөлігі. Оны ашуландырғаны – мені ашуландырғаны» деп айтқанын жазды.

Ислам әрқашан әйелді жоғары санады. Хазірет Әли (ғ.с.) әйелдің орнын сипаттап, оны гүлге теңеп: «Әйел – палуан емес, нәзік гүл сынды»,- деді. Хазірет өзінің бұл сөзінде әйелдің нәзік рухы мен мейірімділігіне меңзеді. Әйелмен мейірімді қарым-қатынас орнату – табиғи мәселе. Әйелдің мойнына күші жетпейтін ауыр жұмыстарды артпау керек. Қыздардың дүниеге келуін ұят санап, оларды тірідей көмген қоғамда Исламның ұлық пайғамбары бұл надан көзқараспен күресу үшін: «Сіздердің ең жақсы перзенттеріңіз – қыздарыңыз»,- деген болатын. Сонымен бірге хазірет халықты әйелді құрметтеуге шақырып: «Бір-біріңізді әйелдермен жақсы қарым-қатынас орнатуға насихаттаңыздар»,- деген кеңес берді.

«Сіздердің ең жақсы перзенттеріңіз – қыздарыңыз»

Хазірет әйелдерге тіл тигізушілерге: «Жәуәнмәрт деп әйелдерді құрметтейтіндерге, пасық деп әйелдерге тіл тигізушілерге айтылады»,- деп ескерткен.

 

 

 

 

Тегтер

Sep 03, 2018 17:19 Asia/Almaty
Сараптама