• «Саба» сүресі, 771-ші бөлім, 42-45 аяттар

"Саба" сүресінің 42-43-44-45 аяттарының тәпсірі

 «Саба» сүресінің 42 аяты:

«فَالْیَوْمَ لَا یَمْلِکُ بَعْضُکُمْ لِبَعْضٍ نَّفْعًا وَلَا ضَرًّا وَنَقُولُ لِلَّذِینَ ظَلَمُوا ذُوقُوا عَذَابَ النَّارِ الَّتِی کُنتُم بِهَا تُکَذِّبُونَ»

Бүгін бір-біріңе пайда, зиян тигізу күшіне ие емессіңдер. Залымдарға: “Жасынға айналдырған тозақтың азабын татыңдар” дейміз. (42)

Алдыңғы бағдарламада Құдай мүшіріктерге: «Сендер періштелерге табыну туралы уәж айтып, олардан шапағат тілейсіңдер. Алайда, періштелердің өздері қияметте мұндай істі теріске шығарып: «Сендер шайтанға еріп, шайтаннан көмек сұрадыңдар» дейді» деді.

Осы аят былай дейді: «Қиямет күні Құдай мен ол қалаған адамдардан басқа ешкім біреуге пайда немесе зиян келтіре алмайды. Мәселен, ешкім тозақтық адамды жұмаққа немесе жұмақтық адамды тозаққа енгізе алмайды. Ол күннің иесі – Құдай. Сол себепті өздерінің хақысы мен Құдайдың дініне қатысты ең үлкен күнәға батқан мүшіріктер ол күні тозаққа түседі. Олар тозақты осы дүниеде теріске шығарып, болмайтын іс санаған болатын».

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Қияметтегі жағдай бұл дүниеден басқа болады. Бұл дүниеде адамдар басқаларға пайда келтіріп, зиян тигізе алады. Бірақ, қияметте басқаларға зиян немесе пайда келтіре алмақ түгілі, ешкім өз істерінің де иесі бола алмайды.

2. Құдайдан басқаға еру өзіне зұлымдық жасау саналады. Егер Құдай пайғамбарлар сияқты бір адамды немесе адамдарды делдал етсе, жағдай басқаша.

«Саба» сүресінің 43 аяты:

«وَإِذَا تُتْلَى عَلَیْهِمْ آیَاتُنَا بَیِّنَاتٍ قَالُوا مَا هَـذَا إِلَّا رَجُلٌ یُرِیدُ أَن یَصُدَّکُمْ عَمَّا کَانَ یَعْبُدُ آبَاؤُکُمْ وَقَالُوا مَا هَـذَا إِلَّا إِفْکٌ مُّفْتَرًى  وَقَالَ الَّذِینَ کَفَرُوا لِلْحَقِّ لَمَّا جَاءَهُمْ إِنْ هَـذَا إِلَّا سِحْرٌ مُّبِینٌ»

Оларға түсінікті аяттарымыз оқылған кезде олар: “Бұл адам сендерді аталарың табынған нәрселерден тыюды ғана қалайды” деді. Және: “Бұл Құран жасанды бір өтіріктен басқа дәнеңе емес” деді. Сондай-ақ, өздеріне келген шындыққа қарсы болғандар: “Бұл ашық бір жады ғана” деді. (43).

Мүшіріктер қияметтті теріске шығарған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар Құран аяттарын бұл дүниеде теріске шығаруға тоқталып: «Олар өз ата-бабаларының сенімдеріне негізделген орынсыз ырымшылдықтарына байланысты және Құран мен пайғамбардың қисынына көңіл аударудың орнына, тек Құран тағылымдары олардың ата-бабаларының тағылымдарына қайшы болғандықтан ғана Құранды теріске шығарып, оны қабылдауға әзір емес» дейді.

Мүшіріктер Құран туралы келесі уәждерінде: «Бұл аяттар Құдайдың сөзі емес, адамның сөзі. Олар оны өтірік Құдаймен байланыстырған» деді.

Мүшіріктер үшінші жаласында былай деген: «Егер адамдар Құранға қызыққан болса, оның себебі – олар пайғамбардың сөзін қабылдағандықтан, оның баяндауы мен сөзінің сиқырына еліккендіктен, Құдай тарапынан болғаны үшін емес».

Құран мүшіріктер мен кәпірлердің аузымен айтатын бұл үш жала – олардың әртүрлі таптарының тарих бойындағы сөздері. Бұлар кейде бір рет, кейде екі рет, кейде тіпті үш рет пайғамбарлардың қарсыластары тарапынан айтылды.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Ата-бабалар мен бұрынғылардың мұраларын сақтау ежелгі тарихи мұраларға қатысты, олардың бұрыс ойлары мен сенімдері және қатынастарын сақтап, кеңейтуге қатысты емес. Бұрынғыларға орынсыз, себепсіз еріп, еліктеу дамуға кедергі жасап, қоғамды өркендеуден қалдырады.

2.Пайғамбарлар адамдардың арасында шыншылдықтары мен пәктіктері және дұрыстықтарымен танымал болды. Олар ешқашан өтірік айтпаған, басқаларға жөнсіз жала жаппаған. Өздері кітап жазып, оны өтірік Құдаймен байланыстыру деген мүлдем қате. 

3. Сиқыр мен жадылау тәжірибелі ұстаздардан үйренуді қажет етеді. Пайғамбарлар ешбір сиқыршыдан білім алмаған. Олар әлемнің Жаратушысы тарапынан адамзатты дұрыс жолға жетекшілік етуге жауапты болып тағайындалды. Олар тек Хақтың сөзін жеткізуге міндетті.

«Саба» сүресінің 44-45 аяттары:  

«وَمَا آتَیْنَاهُم مِّن کُتُبٍ یَدْرُسُونَهَا  وَمَا أَرْسَلْنَا إِلَیْهِمْ قَبْلَکَ مِن نَّذِیرٍ»، «وَکَذَّبَ الَّذِینَ مِن قَبْلِهِمْ وَمَا بَلَغُوا مِعْشَارَ مَا آتَیْنَاهُمْ فَکَذَّبُوا رُسُلِی فَکَیْفَ کَانَ نَکِیرِ»

Оларға оқитын бір кітап бермедік те өздеріне сенен бұрын бір ескертуші жібермедік. (44)

Олардан бұрынғылар да жасынға шығарған еді. Бұлар оларға бергеніміздің оннан біріне де жеткен жоқ. Сонда да олар елшілерімді жасынға шығарды. Менің соққым қалай екен? (45).

Мүшіріктердің ардақты пайғамбар мен хазіреттің аспандық кітабына жапқан жалаларына берген жауапта бұл аяттар былай дейді: «Соларға сүйеніп, Құранды жалған санап, оны әкелушіні сиқыршы дейтіндей бұдан бұрын Құрайыш тайпасына не пайғамбар келмеген, не аспандық кітап түспеген.

Егер оның алдында кітапқа ие пайғамбар келгенде де сендер ислам пайғамбары мен хазіреттің кітабының тағылымдарын алдыңғы пайғамбарлардың тағылымдары және олардың аспандық кітаптарымен қайшылыққа ие санап, оны жалған, бұрыс дер едіңдер. Бірақ, илаһи уәхимен таныс емес сендер қандай негізде Құран аяттарын жалған, пайғамбардың өз сөздері санап, оны айыптайсыңдар?» дейді. 

Аяттардың жалғасы: «Меккенің мүшіріктері ислам пайғамбарының алдында қалай табандылық танытады? Олардың күші біз көзін жойған қауымдардың күшінің оннан біріне де татымайды» дейді.

Осы аяттардан үйренетіміз:

1.Діни істерді теріске шығарып, дәлелдеу діни мәтіндер мен пайғамбарлардың сүннетіне негізделуі керек. Оларды тек адамзаттың ғылымы және ақылымен бағамдауға немесе соның негізінде теріске шығарып, қабылдауға болмайды. Дін дұшпандарының байлығы мен күші Алланың құдіреті алдында түкке тұрғысыз. Ондай болса олардан қорқудың қажеті жоқ. Керісінше, Құдайға тәуекел етіп, хақ жолында табандылық танытып, қарсыласу керек.

2.Бұрынғылардың тарихы – бүгінгі және ертеңгі адамдардың өздерінің күш-құдіреттеріне масаттанып, Құдайдың дініне қарсы тұрмауы үшін ғибрат айнасы.

3.Хақты теріске шығарғандары үшін зауалға душар болған қаншама қауымдар мен өркениеттер болды.

 

 

Sep 03, 2018 21:09 Asia/Almaty
Сараптама