"Саба" сүресінің 48-54 аяттарының тәпсірі

بسم الله الرحمن الرحیم

"Саба" сүресінің 48-49 аяттары:

«قُلْ إِنَّ رَبِّی یَقْذِفُ بِالْحَقِّ عَلَّامُ الْغُیُوبِ»،« قُلْ جَاءَ الْحَقُّ وَمَا یُبْدِئُ الْبَاطِلُ وَمَا یُعِیدُ»

Оларға: “Негізінде шындықты Раббым ортаға атады. Ол көместерді толық білуші” де. (48)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Шындық келді. Енді бұзықтық бастамайды да қайтып келмейді” де. (49)

Ислам пайғамбарының заңдылығын баяндаған  алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: "Хабардар Құдай барлық адамдардың ішінен қай адамның илаһи уәхиге лайық екенін біледі. Сол себепті пайғамбарды өзінің елшісі етіп таңдап, хақ пен ақиқатқа негізделген барлық илаһи аяттарын адамдарға жеткізуі үшін оның жүрегіне түсірді" дейді.

Пайғамбардың келуімен және хазіреттің ресалатын жүзеге асыруымен халыққа шындық жеткізіліп, Құдайға шақырудан басқаның барлығының жалған, Құдайдың орнына кім немесе не таныстырылса да, барлығының не құдіретке ие емес, не ештеңе жарата алмайтыны, кеткен немесе жойылғанды қайтара алатын күші жоқ екендігі анықталды.

Күпірлік пен шерк – хақтың алдында табандылық танытып, мәңгілікке қалатын күштен кенде жалған жолдар. 

Жалпы халыққа хақ анықталмайынша, жалғандық тайраңдап, өзін мықты әрі тұрақты етіп көрсетуге күш салады. Бірақ, жалғандықтың дәурені қысқа. Ол ойлағаннан да тез жойылады.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Құдай – хақ. Одан болғанның барлығы заңдылыққа  ие. Хақ пен жалғандықтың мизаны – Алланың уәдесі мен оны жүзеге асыруында.

2. Хақ жалғанды жеңеді. Жалпы көзқарас бойынша, өтірік өрге баспайды.

3.Әлемнің бастауы мен соңы – Құдайдың қолында. Соның ортасында жалғандық қанша әрекет жасағанымен, су бетіндегі көбік сияқты жойылады.

"Саба" сүресінің 50 аяты:

«قُلْ إِن ضَلَلْتُ فَإِنَّمَا أَضِلُّ عَلَى نَفْسِی وَإِنِ اهْتَدَیْتُ فَبِمَا یُوحِی إِلَیَّ رَبِّی إِنَّهُ سَمِیعٌ قَرِیبٌ»

“Егер адассам, шын мәнінде адасуым өзіме зиян  болады. Ал егер, тура жолда болсам, сонда ол Раббымның уахи еткенімен болады. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса жақын” де. (50)

Осы аятта Құдай пайғамбарын адамдарға тіпті пайғамбарлығы мен жетекшілік міндетін илаһи уәхи арқылы алғанына, егер илаһи уәхи болмағанда өзінің де басқалар сияқты адасушылықта жүретіндігін  айтуға жауапты етті.

Біз, адамдар үшін ақыл – Құдайдың белгісі. Бірақ, уәһи нұры болмаса, ақыл да хақ пен жалғанды ажыратудағы көптеген жолдардың арасында қателікке душар болып, адам адасушылықта қала береді. 

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Адамның адасушылығының немесе жетекшілігінің салдарлары мен әсерлері басқаларға жетуден бұрын адамның өзіне қайтады.

2.Адамды жаратқан Құдай оның жағдайы мен қажеттіліктерінен хабардар. Оны мен жаратқандырының арасында қашықтық жоқ.

"Саба" сүресінің 51-52 аяттары:

«وَلَوْ تَرَى إِذْ فَزِعُوا فَلَا فَوْتَ وَأُخِذُوا مِن مَّکَانٍ قَرِیبٍ»، «وَقَالُوا آمَنَّا بِهِ وَأَنَّى لَهُمُ التَّنَاوُشُ مِن مَّکَانٍ بَعِیدٍ»

Олардың үрейленіп қашар жер жоқ, жақын жерден ұсталғанын бір көрсең. (51)

“Оған иман келтірдік” дейді. Олар бірақ ұзақ жерден олардың қолдарына қалай келеді? (52)

Осы аяттар мен бұдан кейінгі "Саба" сүресінің соңғы аяттарында Құдай пайғамбары мен иман иелеріне хақты қабылдағылары келмеген Құран мен қияметті теріске шығарушылардың жан дауыстары шығатын күннің бастарына туатындығынан хабар береді. 

Бірақ, ол кезд пайдасы болмайды. Олар сол күні иман келтіргенімен, иманның ғамалсыз құны жоқ. Олар иманды қиямет күнгі азаппен келтіргендіктен пайдасы болмайды. Себебі, иманды қорқып, мәжбүрлі түрде емес, ерікті түрде хабардарлықпен келтіру керек.

Осы дүние мен ақыретте ешбір қылмыскердің илаһи құдіреттен қашатын күші жоқ. Құдай бәріне жақын болғандай оның мейірімі мен қаһары ізгілік жасаушылар мен жамандық жасайтындар үшін мекен тұрғысынан да, уақыт тұрғысынан да, дәреже тұрғысынан да жақын.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Тәубеге келіп, бұрмаланған ойлар мен істерден осы дүниеде бас тартуға болғанымен, ақыретте қайтар жол жоқ.

2. Кез келген кәпір азапты көріп, қатерді сезген кезде табиғи түрде иман келтіреді.

2.Бірақ, төтенше және қорқыныштан келтірген иман емес, хабардар, ерікті түрдегі иман құнды.

3.Алланың қаһары мен азабы алыс емес. Құдай қалаған кезде кез келген мекен мен уақытта оны жүзеге асырады.

"Саба" сүресінің 53-54 аяттары: 

«وَقَدْ کَفَرُوا بِهِ مِن قَبْلُ وَیَقْذِفُونَ بِالْغَیْبِ مِن مَّکَانٍ بَعِیدٍ»، «وَحِیلَ بَیْنَهُمْ وَبَیْنَ مَا یَشْتَهُونَ کَمَا فُعِلَ بِأَشْیَاعِهِم مِّن قَبْلُ  إِنَّهُمْ کَانُوا فِی شَکٍّ مُّرِیبٍ»

Расында олар оған бұрын қарсы келген еді. Олар ұзақ жерден көрмей сілтейді (53).

Олармен олардың қалаған нәрселерінің арасына кедергі түседі. Бұрын ұқсастарына да сөйтілген еді. Сөз жоқ, олар шәк ішінде күдіктенуші.(54)

Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: "Бүгін илаһи азапты көрген адамдар иман келтіреді. Олар осы дүниеде өмір сүрген кезде Құран мен пайғамбардың ресалатын теріске шығарған болатын.

Олар басталу мен қияметті қамтитын ғайып әлемін теріске шығарды.

Олар Пайғамбарды да жынды деп атап, сиқыршылықпен айыптап, ол хазіреттің ой-пікірін, сөздері мен ісін қабылдауға әзір болмады.

Қияметті теріске шығарушылар әрдайым өздерінің ләззаттары мен шәһуаттарына бағынғандықтан, пайғамбардың сөзін тыңдамаған. Бірақ, олардың бұл талаптары қысқа. Олардың талап-тілектерінен өлім ажыратады. Олардан бұрынғы кәпірлер мен теріске шығарушылар да өздерінің көптеген армандарына жетпей, пұшайман күйде дүниеден өткен.

Осы сүренің соңғы аяты барлық қиындықтардың тамырын орынсыз шәк пен күдік-күмән деп атайды. Күдік-күмән табиғи түрде барлық адамдар үшін әртүрлі салаларда пайда болады.

Бірақ, зерттеу мен ойлану арқылы одан өтіп, сенімге жету керек. "Бұл адам – Құдайдың пайғамбары және оның сөздері – аспандық уәһи» дегенге шәк келтірдім" деген сөздерді Құдай қабылдамайды. Себебі, ол кезде адам ойланып, ақылға салып, бір нәтижеге келіп, күдік-күмән жағдайынан шыға алатын қабілетке ие болған».

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Тек, негізсіз болжамдар мен күдік-күмән болмаса, басталу мен қияметті теріске шығарудың ғылыми және интеллектуалды негізі жоқ.

2.Бұл дүниедегі ләззат пен шәһуат – өткінші. Ақыреттегі мәңгілік ләззат туралы ойлайық.

3.Өмірдің соңына дейін күдік-күмәнда болмауымыз үшін Құран мен қияметтің ақиқат екендігін біржолата шешіп алайық. Оның зияны өте ауыр.

 

Sep 07, 2018 18:22 Asia/Almaty
Сараптама