• Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 27

Тәкфиршілер әйелді шайтан деп атап, оны ит пен есектен төмен жаратылыс санайды.

Әйелге деген кемсітушілік көзқарас Құран Кәрім мен Алла елшісінің сүннетіне қайшы. Исламның әйелге деген көзқарасы мейірімді әрі адамгершілік негіздеріне сай. Исламның жарқыраған күні шығып, бұл дін әйелге қатысты барлық надан әдеп-ғұрыптарымен күресті. Қыздарды тірідей жерге көму салты таралып, әйелдерді адам құрлы көрмей, төмен жаратылыс санаған жағдайда Ислам әйелді  жаратылыс тұрғысынан ермен тең санады. Бұл әйелге қатысты надан көзқарастардың соңы болды.

Батыста теңдік мәселесі әйелдің барлық салалардағы тауарға, сондай-ақ кабаре, порнография мен кинематография өнеркәсібтерінің құралына айналуына себеп болды. Батыста исламның атымен кейбір топтар әйелмен ислам тағылымдары негіздеріне қайшы қатынас жасауда. Мұндай қатынас тіпті хайуандарға қатысты да қолданылмайды. Тәкфиршілердің әйелге деген көзқарасы бұл ағымның ислам мен адамға қарсы болмысын түсіну үшін жеткілікті. Тәкфиршіл топтардың, әсіресе ДАИШ-тың әйелге қатысты әрекеттерінің бірі «неке жиһады» болып табылады. «Неке жиһады» – бірінші рет 2013 жылы Сирия соғысы ағымында қоғамдық желілерде жарияланған пәтуаның бірі түрі. Уаһабшы руханилердің бірі Мұхаммад әл-Арифи бұл пәтуаны Твиттердегі парақшасында жариялады. Соған сәйкес, «әйелдер мен қыздардан Сириядағы моджахедтердің жыныстық қажеттіліктерін қамтамасыз ету талап етілді. Яғни, олар Сириядағы «жиһадшыларға» немесе Башар Асадқа қарсы қарулы көтерілісшілерге көмектесу үшін Сирияға аттанып, оларға тұрмысқа шығып, өздері үшін жаннатқа жол таба алады-мыс».

Мұхаммад әл-Арифи

Бұл пәтуадан кейін сүннит ғұламаларының көбі оған қарсы реакция білдіріп, оны бұзақылық  пен жезөкшелікті насихаттау деп атады. Ислам елдердің қысымымен Арифи өз пәтуасын қайтып алып: «Бұл пәтуаны шығармадым» жариялауға мәжбүр болды. Бірақ, Арифидің пәтуасын қайтып алуы Сириядағы қарулы топтардың соған сай әрекет етуі үшін кедергі болмады. Пәтуаны сылтауратып, әртүрлі елдердің көптеген қыздары алданып, Сирия мен Иракқа келді. Олар «никаһ жиһады» бойынша тәкфиршіл лаңкестердің қолына түсті. Сирия мен Иракқа «никах жиһады» үшін келген Тунис, Ливия, Шешенстан мен кейбір еуропалық елдердің алданған әйелдерінен басқа ДАИШ тәкфиршіл тобы күшке сүйеніп, сириялық және ирактық әйелдердің көбін «никах жиһадына» мәжбүрледі. ДАИШ лаңкестері сириялық әкелерге қыздарын олардың ықтиярына беруді бұйырып, орындамаған жағдайда олардың Құдайдың дұшпандары екенін, сондықтан өлуі тиіс деп жариялады.

ДАИШ Мосулды басып алған соң ажырасқан және жесір әйелдерге исламдық шариғатты іске асыру үшін бұйрықтың шығуынан кейін бір айдың ішінде ДАИШ лаңкестеріне тұрмысқа шығуға уақыт берді. Осыған орай ДАИШ лаңкестері үйлерді аралап, әйелдерді іздеп,  оларға «Алла мен Алла елшісінің сүннеті бойынша, ДАИШ лаңкестерімен «никах жиһадын» орындауларың керек» деді. Тәкфиршіл лаңкестер Мосулде «никах жиһадына»  бағынбағаны үшін көптеген әйелді өлтірді. ДАИШ лаңкестерінің бірі Абу Анас әл-Либи Фалуджеде «никах жиһадына» қатыспағаны үшін олардың кейбіреуінің жүкті болғанына қарамастан ирактық 150 қыз бен әйелді өлтірді.

"Никах жиһады"

«Никах жиһадымен» бірге уаһабшы мүфтилердің бірі Насер әл-Умар: «Сириядағы моджахедтер бөтен моджахед әйелдер болмаса, өздерінің жақындарына үйлене алады. Егер бөтен әйел табылмаса, апа-қарындастарыңмен некеге отырыңдар»,- деп жариялады. «Содомия жиһады» мен «көңіл-күй жиһады» – Ирак пен Сирияда соғысып жатқан тәкфиршілер шығарған уаһабшы шейхтердің келесі пәтуалары.  Ислам діні ғана емес, ешбір дін мен ешбір мазхаб лаңкестердің жыныстық қалауларын қамтамасыз ету үшін мұндай шайтандық әрекеттерге рұқсат етпейді. Лаңкестер ислам тағылымдарына сенім артпақ түгілі, тіпті адамгершіліктен де жұрдай. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) адамзатты адамгершілікке жатпайтын, шайтандық әрекеттерден құтқару үшін Алла тарапынан пайғамбарлық міндетке сайланған болатын. Ислам барлық жағдайларға, соның ішінде үйлену мен неке қиюға қатысты заңдарды толығымен көрсеткен. Сондықтан бір мүфти Ислам тағылымдарын қате түсініп, Исламның айқын заңдарын өзгертетін үкім шығара алмайды. «Никаһ жиһады» – Исламның қасиетті шариғаты бойынша  жарамсыз. Мұндай үйленудің шариғатқа сай болмауының ең маңызды дәлелдерінің бірі әйелдердің әртүрлі ерлердің арасында жүруі болуы болып табылады. Өйткені, «никах жиһады» бойынша, әйел кестеге сай, бір күннің ішінде бірнеше ер адаммен неке қия алады. Құран мен рауаяттар бойынша, әртүрлі себептерге байланысты күйеуінен ажырасқан әйелмен үйлену мен неке қиюдың арнайы ахкамы қарастырлырған. Сондықтан, қасиетті Ислам діні белгілеген шараларға назар аудармай, ол әйелмен  үйленуге болмайды. Жалпы айтқанда, әйел жұбайынан бөлінгеннен кейін «идда» деп аталатын уақытты сақтауы керек. «Идда» – әйел жұбайынан ажырасқан соң немесе жұбайы өлгеннен кейін қайтадан тұрмысқа шығу үшін сабыр сақтайтын уақыт. «Идданың» уақыты әйел мен ердің бір-бірінен бөлін тәсіліне қарай әртүрлі.  

Уаһабшы мүфтилердің бірі Насер әл-Умар

Мәселен, жұбайы қайтыс болған әйел үшін «идданың» уақыты 4 ай, 10 күн. Ажырасқан әйел үшін «идда» – үш етеккір цикілінен тазару мерзімі. Бұл әйел тек осынша уақыттан кейін ғана қайтадан тұрмыс құра алады. Бұл мәселеге қатысты  пікірталас бүгінгі тақырыпқа қатысты емес. Бірақ, бірнеше лаңкес тиісті «идданың» уақытын сақтамай, «никах жиһады» бойынша бір әйелмен жыныстық қарым-қатынас орнатады. Сол себепті мұндай неке қию Ислам шариғаты бойынша жарамсыз саналады. Сондай-ақ, бұл некелер басқа діндер тұрғысынан да жарамсыз болып табылады. Харам адамдарға үйлену – илаһи тыйым салынған мәселелердің бірі. Құран Кәрім де мұндай үйленуге тыйым салған. «Ниса» сүресінің 23-ші аятында үйленуге болмайтын әйелдерді анықтайды: анасы, қызы, апа-қарындасы, әкесі мен шешесінің апа-қарындасы мен апа-сіңілдері, апа-қарындасының қыздары және тағы басқа кейбіреулермен үйленуге тыйым салынған. Бұл пәтуалар ислам әлемінде көптеген наразылыққа себеп болды. Әл-Азхардың әйгілі ғұламаларының бірі шейх Ахмад Омар Хашим: «Бұл пәтуалар ақылға қонымсыз және ешбір адам оны қабылдамайды. Алланың харам еткенін халал етпек болған пәтуа шығарушылар діннен шығады. Өйткені, Алланың харамын халал санаған адам Алланың халалын да харам санағандар сияқты. Сондықтан, бұл істің екеуіне де рұқсат етуге болмайды»,- деді.

Шейх Ахмад Омар Хашим

Мұндай жағдайда «Неліктен көптеген қылмыстарды іске асырып, бұзақылықты таратқан лаңкестік топтар Батыс үкіметтері мен олардың аймақтағы одақтастарының қолдауларына ие?» деген сұрақ туындайды.

 

Oct 08, 2018 01:22 Asia/Almaty
Сараптама