• Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 39

Исламның саясатының мақсаттарына жету үшін қасиетті жұмыстар мен адамзат қоғамындағы илаһи бұйрықтарды орындауды қарастыратыны мен бұл жұмыстарды іске асыру үшін мешіттің ең жақсы мекен.

Мұсылмандар мешіттерде жиналып, білімдері мен саяси қырағылықтарын  арттыруға талпынады. Күнделікті намаздар, айт намаздары мен жұма намаздары кезінде айтылатын құтпаларда саяси мәселелер баяндалады. Намаздың саяси әсерлерінің біріне исламдық қоғамның күш-қуатын арттыру жатады. Күнделікті жамағат намаздары да жұма намазы мен айт намаздары сияқты саяси реакцияларға тап болып, исламдық қоғам мен исламдық үкіметтің күшеюіне әсерін тигізеді. Сондай-ақ, намаздардан кейінгі ағартушылық саласындағы сұхбаттар да әсерлі. Жамағат намазы саяси салаларда белсенділік жасайтын  қоғамдық және саяси ұйымдар мен топтардың құрылуына себеп болады.

Шейх Лутфолла мешіті

Мешіт мұсылмандарды ұйымдастыру және олардың  саяси жиындарын өткізу, халықтың саяси қырағылығын арттыру, дұшпанды танып, оның мақсаттарына қарсы күресу салаларында маңызды рөл атқарады. Негізінде, дұшпанды тану – мешітте жақсы қалыптасатын саяси факторлардың бірі. Исламның ұлық пайғамбарының пікірінше, дұшпанды танып,  онымен күресу саналықтың белгісі. Хазірет дұшпанды тану қажеттігі туралы: «Ең ақылды адамның өз Жаратушысын танып, Оған бағынатын, сондай-ақ, өз дұшпанын танып, оған бағынбайтын адам екенін біліңдер»,- деген болатын. Осы рауаят бойынша, дұшпанын танып, оның ыңғайына жығылмау – адамның ақылдылығының белгісі. Имам Әли (ғ.с.) да дұшпанды танудың маңыздылығы туралы: «Дұшпан, тіпті, бір адам болса да, көп  деп саналады»,- деген болатын. 

Мешіт – дұшпанның қастықтарына қарсы тұрып, илаһи құндылықтарды қорғайтын қамал. Өйткені, күнделікті жамағат намаздары мен жұма намаз бен айт намаздарының имамдары мен құтбагерлері Исламның дұшпандары және олардың қастықтары мен жобаларын залалсыздандыру жолдарын таныстыруға талпынады. Ислам мен ислам құндылықтарының дұшпандарына қарсы тұру саласында мешіт маңызды рөл атқарады. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дұшпандардың жұма намазына деген дұшпандығы туралы: «Дұшпандар жұма намазымен де күреседі. Сондықтан,  елде мәселе тудыруға күш салады. Дұшпандар сол  мәселе туралы жұма намазында қандай ұстаным білдірілетінін күтеді. Содан кейін бұл ұстаным елдің қоғамдық желілеріне түсіп, онымен күресті бастайды.  Бүгін де бұл үдеріс жалғасуда. Егер кімде-кім жұма намазына немқұрайдылық танытылуда деп ойласа, қателеседі»,- деген болатын.

Шындық пен жалғандықты тану қырағылық пен дұрыс түсініксіз қол жеткізу қиын ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Негізінде, қырағы адамдар – шындық пен жалғандықты, дұрыс пен бұрысты ажырата алатын адамдар. Олар сондай-ақ, болып жатқан оқиғалар мен ұстанымдарды бағалай алады. Имам Реза (ғ.с.) хадистерінің бірінде жұма намазының құтпаларының қажеттігін еске салып: "Бұл намаздың құтпаларының философиясы ізгілік, бұзақылық пен шындықты көрсету",- деген болатын. Имам Реза (ғ.с.): "Неліктен жұма намазында құтпа оқылады және неліктен бұл намаздың екі құтпасы бар?" деген сұрақтарға: "Жұма  намазға халықтың көпшілігінің жиналуына байланысты құтпа оқу міндеттелген. Құтпа – имам үшін уағыз айтып, халықты Алланың бұйрықтарын орындауға жігерлендіретін, сондай-ақ, оларға бағынбаудың салдарлары туралы ескерту жасайтын құрал. Бұл құтпалар халықты дін мен дүниенің мәслихаты туралы хабардар етіп, айналасында орын алып жатқан оқиғалар туралы хабарды жеткізеді. Құтпаның екеу болуы біріншіден, Аллаға шүкіршілік айтумен, екіншіден, қажеттіліктер туралы айтып, алаңдаушылық мен үмітке назар аудартып, илаһи істермен таныстырумен байланысты",- деп жауап берген болатын.

Ислам тарихында жамағат намазының саяси теңгерімге әсер ететінін қуаттайтын деректер бар. Оның ең айқын үлгісі Меккені жеңіп алғаннан кейінгі мұсылмандардың әл-Харам мешітінде  оқыған бірінші жамағат намазы болды. Тарихи деректер бойынша,  жамағат намазына қатысқан мұсылмандар санының көп болуы Абусуфиян мен оның қасындағыларды ұтылғандарын қабылдауға мәжбүрледі. Исламның ұлық пайғамбары алда тұрып, мұсылмандар хазіреттің соңында тұрып намаз оқып, хазірет тәкбір айтқанда олар да тәкбір айтып, рукуһ пен сәжде жасағанда олар да рукуһ пен сәжде жасап, бәрінің хазіретпен үйлесіп әрекет жасап тұрған көріністің айбындылығы Абусуфиянды қызықтырды. Абусуфиян мұсылмандардың Исламның ұлық пайғамбарына бағынуда бір-бірінен озғысы келетіндігін, хазіреттің бұйрықтарын жандарын салып орындайтындықтарын көріп, олардың пайғамбарға құрмет көрсетуіне немқұрайдылық таныта алмады. Дәл осы мәселе Абусуфиянға оларды қабылдаудан басқа жол қалдырмады.

        ******************

 

Шейх Лутфолла мешіті:

Шейх Лутфолла мешіті – Исфаһан қаласында орналасқан тарихи мешіт. Бұл мешіттің басқа мешіттерден айырмашылығы күмбездің қасында мұнараның жоқтығы  болып табылады. Мешіттің басқа мешіттерден келесі айырмашылығы кіреберіс шабестанының болмауы саналады. Кіреберіс шабестанның болмауының себебі «Нақше жаһан» алаңында симметрияны сақтау болуы мүмкін. Өйткені, бұл мешіт Сафави үкіметінің орталығы  Али Ғапу сарайына қарсы орналасқан.

Ирандық исламдық сәулетте мешіттер халық оның шабистанына кірген кезде құбылаға қарай салынады. Бірақ, Шейх Лотфолла мешітінің  кіреберіс есігі алаңның шығысына қарай ашылады. Егер мешіттің өзін дәл осы бағытта салғанда, құбыланың бағытын табу қиын болатын еді. Мәсеелні шешу үшін мешіттің кіреберісінен солға қарай бағытталған дәліздердің бірі кейін оңға қарай бұрылады. Сырт көзге мешіттің ғимараты шығыс жағында орналасқандай көрінгенімен, оның қабырғасы солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасқан. Бұл қабырғадан құбылаға қарайтын михрабты көруге болады.

Мешіттің михрабы  таңғалдырады. Өйткені, ол өте нәзік кафельдермен әшекейленген. Михрабтың ішінде мешіт сәулетшісінің есімі жазылған. Бетіндегі тақтайшадан: «Алланың рақымына мұқтаж Исфаһанның кедей сәулетшісі Хосейн ұстаздың баласы Мұхаммад Резаның ісі»,- деген жазба көзге түседі.

محراب مسجد شیخ لطف الله

Михрабтың айналасы мен мешіттің ішінен Алиреза Аббаси жазған Алла елшісі мен алтыншы имамның рауаяттарын көруге болады. Рауаяттардың қасынан жазылған өлеңдерді де байқауға болады.

Шейх Лотфолла мешітінің күмбезі әлемнің ең әдемі күмбезі саналады. Күмбездің биіктігі шамамен 32 метр. Бұл басқа мешіттерге қарағанда кішірек көрінеді. Ирандық сәулетте күмбездің мұндай түрі доғал күмбез деп аталады. Оны салу да қиын саналады. Бұл күмбездің қызық тұсы күні бойы түрін өзгертуінде.

Таң атқанда ашық түсті, күндіз ашық қызыл, күн батқан кезде сұр түсті болып өзгереді. Егер күмбездің биіктігі қазіргіден биік болғанда, оның әшекейленген кафельдеріне нұр түспей, мешіт өзінің әдемілігінен айырылатын еді.

Әлемнің ең әдемі күмбездерінің бірі саналатын күмбездің іші мен сырты мозаикалық қыштармен әшекейленген. Күмбез бірнеше арканың үстінде орналасқан. Оның үстінен бірнеше тесігі бар шеңберлер көрінеді.

Тесіктер металл декорациялармен безендіріліп,  16 торлы терезе қалыптастырған. Терезелер ішке және сыртқа шығады. Олардың әрқайсы  ерекше нақышталған. Торлы терезелер жарық түсіру және желдетумен қатар мешіттің рухани кеңістігіне де маңызды әсер етеді.

Күмбездің ең әдемі бөлігі оның ішкі орталығында  тауыс түрінде жобаланған бөлімі. Мешіттің кіреберіс есігінің жоғары жағынан түскен нұр оның қауырсындарының түсін толықтырады. Шариғат мешіттерде әртүрлі аңдардың суреттерін салуға рұқсат етпейді. Бірақ, Шейх Лотфолла мешітінің күмбезінен күн батқан кезде тауыстың суреті байқалады. Бұл  жұрт назарын өзіне аударады.

 

Тегтер

Oct 08, 2018 17:14 Asia/Almaty
Сараптама