• Жетекшілік хадисі 166

Ислам мәдениетінде дұға өте маңызды саналатындықтан кейбір рауаяттарға сәйкес әр адамның намазының сауабы оның намаздағы дұғасының мөлшеріне сай.

Алла Тағаланың барлық жаратылыстарға, әсіресе адамдарға деген жақсылығының көптігінен олардың санын анықтау мүмкін емес. Құран аяттары мен пайғамбардан жеткен хадистер бойынша, Алланың рақымы шексіз. Оны ешкім теріске шығара алмайды. Жаратушы қалаған нәрсесін еш міндетсімей, адамға сыйлайды. Жаратушы: «Уа, пенделерім! Менен қалаған нәрселеріңді сұраңдар»,- деп сан рет қайталаған болатын.  Бұл сөздер – негізінде Құран арқылы Алла тарапынан жіберілген  үлкен жолдау. Сондықтан мұқтаж қолымызды Оған қарай жайып, мақсаттарға жеткізетін жолдың дұға екенін білгеніміз жөн. Сол себепті де исламдық рауаяттарда дұғаға ерекше көңіл бөлінді. Алла елшісінің рауаяттарының бірінде: «Дұға – ғибадат»,- деп айтылған. Өйткені, дұға тілеп, Алладан сұрау – «мен – пендеңмін», «Сен – Алласың» деп мойындау. Бұл Жаратушыға жақындауға себеп болады. Дұға тілемейтін, Алладан сұрамайтын адам үстемшілдердің қатарына қосылады. Имам Бақер (ғ.с.) бұл туралы: «Алла үшін одан сұраған адамнан жақсы жоқ. Алладан сұрау адамның тәкаппарлығын басады»,- деген.                                                                                                                                                                                                   

Ислам мәдениетінде дұға өте маңызды саналатындықтан кейбір рауаяттарға сәйкес әр адамның намазының сауабы оның намаздағы дұғасының мөлшеріне сай. Сондай-ақ, дұға мүміннің қаруы ретінде танымал. Алла елшісі (с.ғ.с.) дұғаны темір қарудан да өткір деп сипаттаған. Имам Әли (ғ.с.) да дұғаны ішкі және сыртқы дұшпанмен күресетін қару және ырзықтың негізі санап: «Дұға – бақыттың кілті, шындықтың алқасы. Ең жақсы дұға – пәк жүректен шыққан дұға. Мұндай дұға көбейген сайын Алла Тағала оның жауабын береді»,- деген болатын.

Дұғаның оқылған мекені мен уақыты оның орындалуына әсер етпейді деуге болмайды. Әл-Харам мен ән-Наби мешіттерінде және Алланың есімі көп еске алынатын таза жерлерде оқылған дұға тезірек орындалады. Бейсенбіден жұмаға қараған түн, қасиетті Рамазан айы сияқты арнайы уақыттар дұғаның орындалуына әсерін тигізде. Рауаяттардың бірінде: «Әлем Жаратушысы бейсенбіден жұмаға қараған түн ортасынан таң атқанға  дейінгі уақытта: «Бұл уақытта менімен сырласып, менен дүние мен ақыреттегі керегін сұрағысы келетін пендем жоқ па? Мен оның сұрағанын беремін. Немесе бұл кезде тәубаға келіп, менен күнәләрің кешіруді сұрағысы келетін пендем жоқ па? Мен кешіріп, оның тәубесін қабылдаймын. Әлде тұрмысы нашар болғандықтан менен көмек сұрайтын мүмін пендем жоқ па? Мен көмектесемін. Менен денінің саулығын сұрайтын науқас пендем жоқ па? Мен оған денсаулық беремін; қамауға алынғанды азат етемін; зұлымдық көрген көмек сұраса, оны залымнан құтқарамын»,- деген Жаратушының  дауысы естіледі.

Алладан сұраған адамның дұғалары орындалады. Имам Әли (ғ.с.) өзінің перзентіне: «Дүние мен ақыреттің  қазынасы қолыңда тұрған Жаратушы саған өзін шақыруға рұқсат етіп, дұғаңды орындауға кепілдік беріп, саған өзін шақыруды бұйырды. Ол сұрағаныңды сыйлайды. Ол мейірімді әрі кешірімді. Ол сені мен өзінің арасына делдал тағайындаған жоқ. Сондықтан қазынасының кілтін, яғни дұғаны сенің ықтиярыңа тапсырды. Сен қалаған кезде дұға арқылы оның қазынасының есіктері ашылады»,- деп айтқан болатын.

Кейде сұрағанымыз орындалмаса, алаңдаудын қажеті жоқ. Өйткені, имам Садық (ғ.с.): «Кейде мүмін пенде Алланы шақырып, қажеттілігін сұраған кезде Жаратушы періштелеріне пендесінің дауысын естігісі келіп, оның дұғасын кейінірек орындайтынын айтқан. Қиямет күні Алла Тағала өз пендесіне: «Пендем, сен дұға жасадың.  Мен сенің дұғана беретін жауабымды кейінге қалдырған едім. Кейін қалдыруымның сауабы мен сыйын беремін. Дұғаңды кеш орындағаным үшін саған көптеген сый беремін» дейді. Сондықтан мүмін Жаратушысынан көбірек сый алу үшін бұл дүниеде дұғалары орындалмаса екен деп армандайды. (Соңы).

 

Тегтер

Oct 20, 2018 16:43 Asia/Almaty
Сараптама