• Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 41

Мешіт – діни әдет-ғұрыптарды білетін, дамып, шындықты танығысы келетін адамдар жиналатын мекен.

Бұл ортақ қадір-қасиеттер намазхандарды әртүрлі салаларда көп жұмыс атқара алатын мықты әрі біртұтас күшке айналдырады. Соның бірі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) дінінің дұшпандары шабуыл жасау үшін алдын-ала бағдарламалар жоспарлайтын мәдени сала болады. Дұшпан мәдени салаға шабуыл жасау үшін қажет барлық құралға ие. Олардың шабуылдарына қарсы тұру үшін мұсылмандар мықты бағдарламалар мен мықты бекетті қажет етеді. Бекеттердің бірі – мешіт. Мешіттің намазхандары дұшпанды сәтсіздікке ұшырату үшін  қажет сенім, білім мен мәдениетке ие болғаны жөн. Иранның Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушы имам Хомейни бұл туралы: "Егер мешіт пен Ислам штабының орталығы мықты болса, елестерден қорыпаңыздар! АҚШ пен Кеңес Одағы және басқалардан қорықпаңыздар! Ислам мен мешіттен теріс айналған күннен қорқыңыздар",- деген болатын.

Бір мәдениетті қорғау үшін оны жақсы тану керек. Егер бір елдің халқы өз мәдениеті мен оның мықты және осал тұстарын жақсы таныса, бөгде мәдениет оны не басқара, не өзгерте алмайды. Мешіт діни мәдениетті таныстырып, оны тарату үшін мұсылмандарға сол мәдениет туралы қажет мәлімет ұсынады. Яғни, адамның сенімін нығайтып, бөгде шапқыншы мәдениетке қарсы тұру үшін қажет құндылықтарды қорғайтын, өзіне сенім арту сезімін күшейтіп, тұрақтандыратын танымды тапсырады. Мешіттің осындай тағылымдары аясында мұсылмандардың  міндеттері артып, мәдени шабуылмен күресуге қажет «діни ғибрат» деген қару қалыптасады.

Бруджерд орталық мешіті

Мешітте діни жиналыстар өткізіп, халықты әсіресе, жастарды Құран, ислам тағылымдары, пайғамбарлар мен имамдардың тарихымен таныстырып, олардың туған күндері мен аза күндеріне қатысты рәсімдер өткізу мәдени шабуылдарға қарсы тұратын маңызды факторлар бола алады. Өйткені, жастардың көбінің Батыс пен басқа да бөгде мәдениетке бет-бұруының себептеріне шынайы ислам мәдениеті мен діни тағылымдармен бейтаныстығы жатады. Егер ислам тағылымдары жұма намаз имамдары мен мешіттің мәдени қызметкерлері арқылы уақыт пен жастардың қажеттіліктеріне сай қолайлы түрде баяндалатын болса, мешіт ислам құндылықтарын қорғайтын ең жақсы мекен болады.

Жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіретін, үкіметтің бағдарламаларын сынайтын маңызды орталықтардың бірі – мешіт. Ислам жүйесінде жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіретін міндетке ие халық үкіметтік жүйеге қатысты да осы міндетін атқаруы керек. Мешіт  бұл маңызды міндетті жақсы атқара алады.

Мешіт – жанашыр діндарлар жиналатын әрі мүміндердің иманы, бірлігі мен ынтымақтастығы көрініс табатын мекен. Иманы әлсіз адамдар мешітке жиналғандардың иманы мен бірлестігін көріп, өз рухтарын күшейтеді. Яғни, мұсылмандардың мешітте жиналуының өзі көптеген күнәлардың алдын алуға себеп болады.

          *************************

 

Бруджердтің орталық мешіті

Бруджердтің орталық мешіті – Иранда Исламның алғашқы ғасырында салынған мешіттердің бірі. Зерттеушілердің пікіріне сәйкес, бұл мешіт отқа табынатын ғибадатхананың үстіне салынған. Бірақ, тарихи қазбалар арқылы бұл тақырыпты дәлелдейтін дерек әлі табылған жоқ. Тарихи деректердің бірі бойынша, Бруджерд қаласының әкімі Хамолатбен Әли Бруджерди Аббаси халифасы Абудолфті Бруджерд қаласына шақырып, орталық мешітті салу үшін оны қаланың отқа табынатын қираған мекеніне ертіп апарған деседі.

Бруджердтің орталық мешітінің құрылысы бірнеше кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңі хиджридің үшінші (милади жыл санағы бойынша тоғызыншы ғасыр) ғасырына тиесілі. Мешіттің бірінші ғимаратында мешіт, дәретхана, су қоймасы, "ғарибхана" – қонақүй, алаң мен бүгінде еш белгі қалмаған басқа құрылыстар болған. Дәретхана мешіттің іргесінде орналасқан.

Бруджерд орталық мешітінің қонақүйінің ішкі көрінісі

Бруджердтің орталық мешіті – бір аркасы ғана бар саанулы мешіттердің бірі. Оның негізгі алаңының қасынан жыл мерзімдеріне сай әртүрлі шабистандарды көруге болады. Шабистандарда зияратшылар тоқтайтын. Батыс және шығыс шабистандарымен қатар мешіттің басқа құрылысымен айналысқандар сәулет әдістерін пайдаланып, суық кезеңде ғимаратты жылы, жылы маусымда салқын ұстайтын жағдай жасап, намазхандарды жақсы жағдаймен қамтамасыз етті. Үлкен шабистанның биіктігінің басқа құрылыстарымен салыстырғанда төмен болуы  ғимараттың жазда салқын, қыста жылы тұруына себеп болады.

Мешіттің шабистаны

Келесі кезеңдердегі мешіттің дамуы халықтың саяси, қоғамдық және мәдени жағдайымен байланысты болды. Мешіттің күмбезі қирап, қайтадан салынған кезде мешітке батыс және шығыс шабистандары қосылды. Қысқы шабистан ақсақ Темір кезінде, сондай-ақ, Сафави билігі кезінде кіреберістері, кейін қаджарлар кезінде екі мұнарасы салынды.

Бруджерд орталық мешітінің күмбезі

Бруджерд орталық мешітінің көрген жанды қызықтыратын құрылысы – тоғыз баспалдағы бар оңтүстік мінбері. Оның бетінде «хиджри қамаридің 1068 жылы» деп жазылған.

Бруджерд орталық мешітіінің 9 баспалдағы бары мінбері

Бруджерд орталық мешіті көптеген тарихи тас жазбаларға ие. Ең көне жазбасы мешіттің шамалы бөлігі салынған хиждри қамари күнтізбесі бойынша 3-ші ғасырдың соңы мен 4-ші ғасырдың басына тиесілі. Мешіттің аркасының екі жағынан қамаридің 1209-шы жылын көрсететін тағы басқа екі тасты көруге болады.

Мешіттің батыс кіреберісінің үстіне Сафави билігінің Аббас патшасының хиджридің 1022-ші жылы жазған бұйрығының мәтіні жазылған.  Күмбезінің бетінде қамаридің 1069-шы жылына тиесілі жазба бар. Мешіттің батыс және шығыс жақта есіктері бар. Батыс есігі Сафави патшаларының кезеңінда салынған. Батыс шабистанның күмбезханаға қосылған жерінде орналасқан есікте қамаридің 1092-ші жылы көрсетілген. Әдемі безендірілген шығыс есігі ертеде халық өтетін негізгі жер болған кішігірім базардың қасында орналасқан.

Бруджерд орталық мешітіне Саддамның Иранға қарсы соғысында ирактық ұшақтар бомба тастап, соның салдарынан қираған болаты. Сондай-ақ, солтүстік шабистанның бөлімдері де қиратылды. Жерсілкіністері мен нөсер жаңбырлар сияқты табиғи факторлар да мештіке көп нұқсан келтірді. Шамси күнтізбесі бойынша 1385-ші жылғы жерсілкінісі мешіт мұнараларының қирап, 50 пайыз зиян шегуіне себеп болды. Мешітте қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бруджерд орталық мешіті

 

 

Тегтер

Nov 29, 2018 18:46 Asia/Almaty
Сараптама