•  «Фатыр» сүресі, 781-ші бөлім, 22-26 аяттар

«Фатыр» сүресінің 22-26 аяттарының тәпсірі

«Фатыр» сүресінің 22-23 аяттары:

«وَمَا یَسْتَوِی الْأَحْیَاءُ وَلَا الْأَمْوَاتُ إِنَّ اللَّـهَ یُسْمِعُ مَن یَشَاءُ وَمَا أَنتَ بِمُسْمِعٍ مَّن فِی الْقُبُورِ»، «إِنْ أَنتَ إِلَّا نَذِیرٌ»

Тірілер мен өліктер тең емес. Рас Алла (Т.) әлде кімді қаласа, естіртеді. (Мұхаммед Ғ.С.) сен қабірлердегі біреулерге естірте алмайсың. (22)

Сен бір ескертуші ғанасың. (23

Алдыңғы бағдарламадағы аяттардың жалғасында бұл аяттар кәпірлерді өлгендерге, мүміндерді тірілерге теңеп: «Кәпірлердің жүректері естімейтін, не көрмейтін өлгендер сияқты. Күпірлік адам ақиқатты көрмей, естімеуі үшін оның алдын перде сияқты көлегейлеп, кедергі жасайды. Шын мәнінде хақты көріп, естіп, жүректері оны қабылдауды мақсат ететін адамдар ғана илаһи жолдауды бар болмыстарымен естиді.                  

Алайда, егер жүрек хақты естуге әзір болмаса, құлақ та оны естуге әзір болмайды. Сіздер кітап оқып, зерттеумен айналысып жатқан кезде теледидар қосулы тұрған сияқты. Егер сіздер оның бағдарламаларына көңіл аудармасаңыздар, диктордың барлық сөзі құлақтарыңызға жеткенімен сөзінен ештеңе түсінбейсіздер. Себебі, сіздер оны естуді мақсат етпеген болатынсыздар. Хақ сөз кәпірлердің де құлақтарына жеткенімен, оны естіп, қабылдауды мақсат етпегендіктен құдды хақ сөзді естімеген сыңайлы оны түсінбейді» дейд. 

Аяттардың жалғасы Алланың пайғамбарына: «Сенің міндетің – ескертіп, кеңес беру. Өлгендер сияқты естімейтін, көрмейтіндер емес, еститін құлағы бар адам ғана ескертулеріңе көңіл аударады. Сөзің қаншалықты өтімді, сындарлы болғанымен адам естігісі келмесе, түсінбейді, оған әсер етпейді» дейді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Иман жеке адам мен қоғамның тіршілігі мен дамуына себеп болады. Күпіршілік – жеке адам мен қоғамның өлімі мен құлдырауының факторы.

2. Дінді уағыздап, халықты бір Құдайдың дініне шақыру – қажет іс. Бірақ, егер адмдардың бойында тиісті дайындық болмаса, оларға әсер етіп, хақты қабылдайды деп күтпеу керек.

3. Күпіршілік пен теріс айналу торығушылық пен үмітсіздікке немесе біздің жолымыздың дұрыстығына қатысты күдік-күмәнға себеп болмасын.

«Фатыр» сүресінің 24 аяты:

«إِنَّا أَرْسَلْنَاکَ بِالْحَقِّ بَشِیرًا وَنَذِیرًا وَإِن مِّنْ أُمَّةٍ إِلَّا خَلَا فِیهَا نَذِیرٌ»

Сөз жоқ, сені шындықпен қуантушы, қорқытушы етіп жібердік. Негізінде бір ескертуші болмаған бір үммет жоқ. (24)

Мүміндер мен кәпірлер туралы сөз болған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят пайғамбарлардың негізгі ресалатына тоқталып: «Адамдарды хақ негізінде жетекшілікке нұсқап, ізгі іс иелерін сүйіншілеп, жамандық жасаушыларға ескерту жасау Құдайдың барлық елшілерінің міндеті болған. Олар алдымен жолды көрсетеді. Кейін осы дүние мен ақыретте илаһи жаза мен сыйды баяндап, адамдарды жақсылықтарға үндеп, жамандықтардан тыяды. Пайғамбарлар илаһи ағартушылық тағылымдармен қоса жанашыр тәрбиешілердей ынталандыру мен қорқыту сияқты құралдарды пайдаланып, адамдарды тәрбиелеумен де айналысады.

Пайғамбардың қарсыластарының көбі өзімшіл қырсық және ырымшыл адамдар болғандықтан алдыңғы аят пен осы аяттың жалғасы қорқыту тәсілін көбірек қуаттап: «Құдай адамдарды бұрмаланған ойлар мен қылықтардан тыю үшін оларды істерінің соңының салдарларынан қорқытып, ескертіп, жаман тағдыр туралы ескерту үшін әрдайым өзінің пайғамбарлары мен әулиелерін жауапты етіп тағайындады" дейді. 

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Ынталандыру мен қорқыту, қорқыныш пен үміт бір-бірінің қасында сындарлы. Бұлар бір-бірінсіз кем әрі адамды тәрбиелеу және рухани даму ісінің кемшіндігіне себеп болады.

2.Қапылдыққа салынған қоғам ескерту мен сүйіншіні көбірек қажет етеді.

3.Құдай жерді ешуақытта дәлелден бос қалдырған емес. Құдайдың әулиелерінің бірі әрдайым илаһи жолдауды жариялау үшін адамдардың арасында болды.

«Фатыр» сүресінің 25-26 аяттары: 

«إِن یُکَذِّبُوکَ فَقَدْ کَذَّبَ الَّذِینَ مِن قَبْلِهِمْ جَاءَتْهُمْ رُسُلُهُم بِالْبَیِّنَاتِ وَبِالزُّبُرِ وَبِالْکِتَابِ الْمُنِیرِ»،

«ثُمَّ أَخَذْتُ الَّذِینَ کَفَرُوا  فَکَیْفَ کَانَ نَکِیرِ»

Егер сені жасынға шығарса, расында бұлардан бұрын мұғжизалар, нұсқаулар және нұрландырушы Кітап келтірген пайғамбарларды да жасынға шығарған. (25)

Сосын қарсы келгендерді қолға алдым. Сонда соққым қалай екен! (26)

Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят ислам пайғамбарына: «Егер Меккенің мүшіріктері сенің шақыруыңды қабылдамай, ресалатыңды теріске шығарса, алаңдама да таңданба. Себебі, тарих бойында пайғамбарлар һәм Алланың елшілері болып, һәм мұғжизалар мен анық та айқын сөз бен қисынға ие болып, тіпті кейбір пайғамбарлардың аспандық кітаптары мен діндері де болғанымен көптеген адамдар жәһілдік немесе ырымшылдықтарына байланысты Хаққа қарсы шыққан. Алланың пайғамбарлары адамдарға илаһи заңдар мен тағылымдарды баяндады. Бірақ, қырсықтық және қыңырлықтарына байланысты хақпен қарсыласқандар осы дүниеде де кіріптар болып, олардың тағдырлары басқаларға сабақ болуы үшін Алланың жазасына ұшырады" деді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Пайғамбарлар анық сөздерге ие болып, адамдарды Құдайға ырымшылдық пен бос сөздер бойынша емес, дәлел мен қисын негізінде шақырды.

2. Хақты түсінгеннен кейін оны теріске шығару илаһи қаһарға негіз әзірлейді.

3. Құдайдың қаһары ақыретпен ғана шектелмейді. Кейде осы дүниеде де оның қаһары мен ашу-ызасы көрініс табады.

 

Dec 04, 2018 12:23 Asia/Almaty
Сараптама