Dec 20, 2018 23:54 Asia/Almaty
  • Құранда аталған әйелдер 1

Әлемнің барлық халықтары мен тайпалары арасында әйел төмен сатыдағы, екінші деңгейдегі жаратылыс саналып, келешегі үшін ешбір жерден жарық көрінбеген заманда исламның күні шықты.

Бұл қасиетті дінде әйел мен ердің сауабы мен сыйы бірдей бөлініп, «Ахзаб» сүресінің 35 аятында: «Сөз жоқ, мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер, мүмін ерлер және мүмін әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер ... Алла (Т.) бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі» деп жазылды.

Исламның маңызды тағылымдарының арасынан бұл дінді барлық діндердің арасынан ерекшелендірген ең үлкен бағдарламаларының бірі ретінде әйелге қатысты әділетсіздікті жоюын атау керек.  

Ислам қауымдық, нәсілдік, жыныстық және әл-ауқат тұрғысынан артықшылық талап етудің негізін бұзып, адамдардың барлығын: ер мен әйелді, бай мен кедейді, араб пен әжәмді, қара мен ақты, сұрықсыз бен сұлуды бір қатарға қойды. 
Аспандық бұл дінде адамдардың артықшылықтарының жалғыз мизаны ретінде тақуалық пен рухани құндылықтар және ақлақтық жақсы қасиеттер ғана қабылданды. 
Құдай «Хиджрат» сүресінің 13 аятында:
«یَا أَیُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاکُمْ مِنْ ذَکَرٍ وَأُنْثَىٰ وَجَعَلْنَاکُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا ۚ إِنَّ أَکْرَمَکُمْ عِنْدَ اللَّهِ أَتْقَاکُمْ» 
«Әй, адам баласы! Шүбәсыз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасындағы ең ардақтыларың – тақуаларың» деді.

 
Әйелдің исламға дейінгі және одан кейінгі орны мен мәртебесі көбірек танылуы үшін әйелдердің сол ғасырдағы қоғамдардың, әсіресе өркениетті қоғамдардағы әйелдердің жағдайын тану қажет. 
Өркениеттен алған нәтижелері мен мүдделеріне сай адамзат қоғамдарының әрқайсынан әрқилы әлеуметтік қылықтар мен қатынастар көрініс табады. 
Соның ішінде адамзат қоғамдарындағы осы әрекеттер мен қатынастар, яғни әйел мен ер арасындағы ара-қатынас ежелден әлеуметтанушылардың назарына алынған. 
Алғашқы қоғамдарда әйел мен ерлер әртүрлі деңгей мен орындарға ие болған.  
Бұл маңызды жайт әртүрлі өркениеттерде әртүрлі болды. Тарихи мәліметтер әртүрлі халықтардың арасында әйелдің орны олардың деңгейлеріне сай болмағанын көрсетеді.  
Бұрынғы көптеген қоғамдарда ерлер әйелге қорлаушы көзқараспен қарап, оны әлсіз, бейшара жаратылыс иесі санаған. Оларды қорлап, сыйламағандарымен қатар әйелді тек ерлердің ләззат құралы деп білген. 
Ер адамға үйленуге шек қойылмаған. Ол қалаған кезінде әйелін талақ етіп, тастайтын. Алайда ажырасқан әйелдің кейбір жағдайларда қайтадан күйеуге шығу құқығы болмаған. Олар үйден тысқарыда да басқалармен араласудан мақұрым қалған.  
 
Исламдағы әйелдің орны

Танымал өркениетке ие, батыстың бүгінгі өркениетінің ошағы саналатын иунандықтар әйелді тазаланбайтын, шайтаннан туған санап, әйелдің маңызды рөлін тек ерлерге қызмет етіп, солардың жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру деп атаған.

Римдіктер заңдар мен құқық саласында үлкен дамуға ие болғанымен, олар «әйел адами рухтан кенде болғандықтан, қиямет күні қайта тірілуге лайық емес» деген. 

Римдіктердің көзқарасы бойынша әйел шайтан мен әртүрлі сұрқия аруақтардың көрінісі болған. Сол себепті олар әйелдердің күлуі мен сөйлеуіне тосқауыл жасаған. Көбінесе олар әйелдердің ауыздарын тамақ жеуден басқа кездері жауып тастаған. Римде әйел әрдайым қамқоршыны қажет еткен. Қамқоршылары өлген кезде олар зат сияқты мұраға қалған.
Егер Қытайда қыз бала дүниеге келсе, туыстары мен жақындары қатты қайғырып, баланың әкесі мен отбасына көңіл айтқан. Қыз балаларды тірідей өлтірген немесе далаға апарып тастаған, тіпті құл сатушыларға берген.
Қытайлықтар ұл балаларды Құдай, қыздарды шайтан жаратады деп санаған. Сол себепті олардың көзқарасы бойынша ұлдар береке әкелсе, қыздар лағынет пен қарғыс әкеледі-мыс. Қытайда пәк қыздарды «құдайлар» үшін құрбандыққа шалу кең тарады.
Жәһіл арабтардың арасындағы әйелдердің жағдайы тіпті сорақы болды. Олар апатты жағдайда өмір сүріп, зат сияқты сатылды. Әлеуметтік және жеке бас тұрғысынан кез келген құқықтан, тіпті мұрагерлік құқықтан да мақұрым болды.

Олар әйелді жануарлардың қатарында санап, тұрмыстық затпен теңестірді. Сонымен қатар қыздарды тірідей көрге көму кең таралды. Арабтың жәһіл мәдениеті ғиззат пен мақтанышты ұл балаларға ие болуда деп ойлады. Қызға ие болуды ұят санағандықтан оларды өлтіріп отырған. Құран Кәрім «Нәхіл» сүресінің 58-59 аяттарында бұл жайында былай дейді: "Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе (әйелінің қыз тапқанын естісе), оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды.

Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан, елден жасырынады. Оны қорлыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе? Олар нендей жаман үкім береді».

Кейбір кездері кейбір аймақтардан мықты әйелдер шыққанымен әйелдерге қатысты қатігездік пен зорлық-зомбылық үстем құбылыс болды.

Әйелге деген зұлымдық пен зорлық-зомбылық, одан сорақысы әйелдерді кейбір жерлерде адам санамау адамзат қоғамының қараңғылығы мен надандығының тек бір ғана бөлігі еді. Олар құтқарушыны қажет етіп, өздерінің жаралары мен зақымдарына дауа болуы үшін илаһи құтқарудың қажеттігін бар болмыстарымен сезінді.

Ислам тек әйелдер ғана қатігездікке ұшырап қоймай, көптеген ер адамдар да күндерін қиындықта өткізіп жатқан дағдарысты уақытта келді.

Әлемнің барлық халықтары мен тайпалары арасында әйел төмен сатыдағы, екінші деңгейдегі жаратылыс саналған заманда, оның өмірінің келешегі үшін ешбір жерден жарық көрінбеген заманда исламның күні шықты.

Рақым пайғамбары Мохаммад Мостафаның (с.ғ.с.) мейірімді даусы әйелдің бойына қуаныш пен үміт демін үрлеп, оның алдынан барлық жақтан даму мен өркендеудің жолын ашты.

Хазірет Мохаммад әйелдің адамзат қоғамындағы маңызды жағдайы мен оның жоғары орны мен жаратылыстың Жаратушысы осынау ғажайып жаратылыс иесінің болмысына сыйлаған көптеген қабілетін ескертіп, әйелдің мәртебесі мен оның жоғары құндылықтарын таныстыру үшін Құран Кәрімдегі аяттарды баяндады.

Шын мәнінде, исламның ардақты пайғамбары әйелді толық адам және ол да адами барлық кемелдік пен ұлылықтарға лайық деп таныстырып, әйел мен ерді бірге Алланың орынбасары болуға лайық деп атады.

Исламның ардақты пайғамбарының үлкен мұғжизасы Құран Кәрім – адамға жол нұсқап, оның бақыты үшін жаратылыстың Жаратушысы тарапынан түскен ең сенімді әрі беделді илаһи кітап.

Орасан, серпінді және тұрақты орталықпен байланысты Құранның мағрифаты мен ақиқаттары кез келген бұрмаланушылықтан сақталып, кез келген ғасыр мен уақытта мәңгілік қалып, адамға хош иісін сыйлайды.   

Бұл кітап барлық әйелдер мен ерлерді өзінің тіршілік сыйлаушы дініне тартатын болады. Құран екі жүзден астам аятында әйелдерге қатысты арнайы мәселелердің кейбірін баяндаған.

Құранның әйелге көзқарасы адамға қатысты көзқарас. Басқаша айтқанда, Құранда әйел мен ер – болмыс пен кісілік тұрғыларынан бірдей адамдар. Алланың кітабындағы олардың құны мен артықшылықтарының бір өлшемі білім мен ұлылық және илаһи тақуалықта.

Құран тәрбиелеудің маңызды құралын іс жүзіндегі бір үлгі санайтындықтан бұл кітапта үлгілер ұсынылады. Ондағы мақсат адамдар сондай қасиеттерді өздерінің бойларына дарытып, шынайы үлгіге ұқсасын, сонымен қатар әрбір адам өзінің мүмкіндігі мен қабілетіне сай ұшқыннан нұр алып, шамасы жеткенше білім мен зияткерліктің шыңына жету үшін дегенге саяды.

Ислам үлгі көрсетуді тәрбиелеудің ең үлкен құралы санап, өзінің тәрбиелік тәсілінің  негізін бәрінен бұрын соған негіздейді.

Мысал келтіру қарапайым сөйлеу тілі мен ғылыми тақырыптарды баяндауда және мәселені түсіндіруде маңызды рөлге ие болғандықтан Құран Кәрім көптеген жайттар бойынша мысалдар келтірген.

Сол негізде пайғамбар мен Құдайдың әулиелерін үлгі ретінде атады. Ал Перғауын, Қарун мен Самери сияқты қырсық, қапыл адамдардың оқиғаларын олардың ащы тағдырларынан сабақ алу үшін ескерту ретінде баяндады.   

Беделді әйелдерді үлгі ретінде, күнәһар, жаман әйелдерді олардың жолдары мен тәсілдерінен тыю үшін ескерту мақсатында баяндады. Шын мәнінде, Құран адамдардың кемелдік жаққа қарай дамып жетілуі үшін ғылыми және іс жүзіндегі бағдарламаларымен бірге іс-әрекет тұрғысынан да үлгі ұсынады.

Көңіл аударарлық жайт, Ислам діні үлгілерді таныстырғанда олардың адами қырларына көңіл адударып, адамзат қоғамына ислам тағылымдарының қолжетімді, оның мүмкін екендігін түсіндіру үшін соларды жоғары көтерді.

Құранның қисынына сәйкес, ер адамдар иман мен ислам дінін ұстанудың  арқасында ұлылықтың шыңына жеткендей кемелдікке жеткен әйелдер де бар. Тарихта ер адамдар олардың құзырында әдеппен тізе бүгіп, Құдайтану мен ғибадат және ахлақ сабағын үйренуі тиіс әйелдер бар.

«Құранда аталған әйелдер» атты жаңа бағдарламамыздың топтамасының 26 бөлімінде Құран Кәрім оларды жақсы мен жамандықтың үлгілері деп таныстырған біздің даму жолымызға көмектесетін әйелдермен таныстырамыз.

 




 

 

Тегтер

Сараптама