Jan 05, 2019 17:15 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 48

Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 48

Мешіттің діни, саяси, мәдени, экономика және тәлім-тәрбие салаларындағы рөлін теріске шығаруға болмайды. Мешіттің ислам қоғамын құрудағы рөлі ерекше маңызға ие. Бұл қасиетті мекен тек бір арнайы топқа ғана арналмаған. Әйелдер де ерлермен бірге мешіттің берекелерін пайдалана алады. Исламның басында әйелдер ерлермен бірге намаз оқып, Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзін тыңдау үшін мешітке баратын. Кейбір уақыттарда хазірет әйелдердің сұрауымен олар үшін арнайы мәжілістер өткізетін. Исламның ұлық пайғамбарының сөзі әртүрлі, әсіресе шариғат мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап беру, қиындықтар мен оларды шешу жолдарына, сондай-ақ, діни және ахлақтық мәселелерге қатысты ақыл-кеңес беруге арналатын. 

Ән-Наби мешіті

Қазіргі кезде де мешіттердің көбінде әйелдердің әртүрлі рәсімдерге қатысуына жағдай жасалған. Дін саласы бойынша білімді әйелдер басқа әйелдерге исламдық шариғат  мәселелерін түсіндіреді. Олар сонымен бірге кішкентай балалар мен жасөсіпірімдерді және жастарды оқытып, құқық пен денсаулық және салауатты өмір сүруге қатысты ақыл-кеңес береді.

Исламдық емес мемлекеттерде мешіттер мұсылмандардың бір-бірі және басқалармен қарым-қатынас орнатуы мен мұсылман емес адамдарды Ислам дінімен таныстыруда маңызды рөл атқарады.

Мешіттегі әйелдер

Мешіттер – мұсылман және мұсылман емес азаматтар діни білім алатын мекен. Бұл қасиетті мекенде Ислам дінін жаңадан қабылдағандар үшін ресми сыныптар ашылып, оларды ислам тағылымдарымен таныстырады. Мектептерде зайырлы тәлім-тәрбие алатын балалар мешіттерде ислам ғылымдарымен танысады. Мешіттерде мұсылмандар бір-бірімен кездесіп, бір-бірінен хабардар болып тұру үшін ауызашар жасап, айт кездері дастархан жайып, неке қию сияқты тағы да басқа исламдық тойларды өткізеді.

Әртүрлі діндердің жұмыстарын зерттейтін АҚШ-тың Faith Matters зерттеу орталығы зерттеу жүргізіп, соның нәтижелері бойынша рейтинг өткізді. Бұл орталық 2010-шы жылы зерттеулеріне сүйеніп, әйелдерді қолдайтын Британияның 100 мешітімен таныстырды. Британияның әртүрлі қалаларында орналасқан шамамен 500-ге жуық мешіт зерттеліп, 50 мешіт әйелдерді қолдау саласында бес жұлдыз, келесі 50 мешіт төрт жұлдызға ие болды.

Брадфорд мешіті

Зерттеулер әйелдерге қызмет көрсетіп, оларға жұмыс ұсыну, әйелдердің жамағат намазының имамынан  немесе  діни маманнан кеңес алу мүмкіндігі және әйелдердің комитеттердің жұмыстары мен олардың шешім қабылдауына қатысуы сиқты критерийлер бойынша жүргізілді. Мәселен, Бредфордтағы Jamiyat Tabligh-ul-Islam  мешіті 800 адам сиятын залын әйелдерге берді. Нотенгемдегі Karimia Mosque and Institute  екі балабақшасы, 8-15 жастағы қыздарға сабақ беруімен әйелдерді қолдайтын мешіттердің тізіміне кіреді. Англияның шығысындағы Питерборо қаласындағы имам Хусейн (ғ.с.) атындағы ислам орталығы да зерттеу жүргізілген барлық бес критерийге сай келді. 1970-шы жылы Ислам діні мен оның 12 имамды қабылдайтын шиіт мазхабын тарату мақсатында ашылған бұл орталық қоғамның әртүрлі таптарын Исламмен таныстыру үшін "ашық есік" күндерін өткізеді, қайрымдылық жұмыстарына қатысады, аптаның соңғы күндері балалар үшін діни тағлымдармен таныстыратын сыныптар ұйымдастырып, айт және басқа да әртүрлі күндерге арналған рәсімдер өткізеді.

Әйелдердің мешіт жұмыстарындағы оң әрі сындарлы рөлімен қатар бұл орталықтардың әйелдерге шектеу қоюдағы қайшылықтарды да байқауға болады. Мәселен, мешіттегі әйел мен ердің рөлінің ауысуы туралы пікірталас болып, "Мешіт әйелдерінің қозғалысы" деген қозғалыстар құрылды. The Wall Street Journal-дың бұрынғы тілшісі Асро Номани «Мешіттегі әйелдердің құқығы» деген материал жариялады.

Бұл жоба мұсылман қоғамдарын алаңдатты. Өйткені, жобада ислам қоғамы мәдениетінің түрлілігіне немқұрайдылық танытылып, әйелдердің мешіттің жұмыстарына қатысуы үшін 10 құқықты қарастырды. Олар жамағат намазына ер мен әйелдің бірге қатысуын, ер азаматтардың болуына қарамастан  әйелдің жамағат намазының имамы болуын талап етеді.

Негізінде, бұл талаптар – Батыс қоғамында әйелдердің көп зорлық-зомбылық көргенінің салдары. Сондықтан олар Исламдағы әйелдердің құқықтарын дұрыс зерттемей, мәселенің бетін ғана көріп, шешім шығарған. Шын мәнінде, Ислам дінінің ең маңызды бағдарламасының бірі – әйелге деген әділетсіздікті жою. Дәл осы бағдарлама Ислам дінінің орнын басқа діндерден жоғарылата түседі. Ислам адамдарды  жынысына, бай мен кедейге, араб пен араб емеске, қара мен аққа, әдемі мен сұрықсызға бөлмей, бір деңгейде орналастырады. Бұл қасиетті дін адамдарды тақуалығы мен рухани құндылығы және ахлағы негізінде бағалайды. Алла Тағала "Худжурат" сүресінің 13-ші аятында: "Әй, адам баласы! Шүбәсіз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тануың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың",- деді. Сондай-ақ, "Инсан" сүресінің 3-ші аятынан: "Расында, оған тура жол көрсеттік. Мейлі, шүкірлік қылсын, мейлі, қарсы келсін»,- деп оқимыз. Яғни, жыныстық айырмашылық кемелдікке жетуге кедергі бола алмайды. Ирандық ойшыл Мұртаза Моттахари «Исламдағы әйелдердің құқықтары» кітабында: «Ислам діні бойынша Алла жолында даму үшін әйел мен ердің арасында ешқандай айырмашылық жоқ»,- деп жазды.

Айта кететін жайт, пікірталас тудыратын Muslims for Progressive Values деген топ Исламның ахкамы мен тағылымдарына немқұрайдылық танытып,  бұл қасиетті діннің тағылымдарын бұрмалауға талпыныс жасап жатыр. Мәселен, біржынысты қатынастағы еркектерге жамағат намазының имамдары болуға рұқсат беріледі. Сол имамдар біржыныстылардың некелерін қияды. Сондай-ақ, әйелдер мен ерлер қатар тұрып намаз оқиды. Бұл әрекеттер ислам тағылымдарын қайтаруды талап еткен мұсылмандар қоғамы мен мешіттердің көптеген наразылықтарына себеп болды.

Лондонның Орталық мешіті

Лондонның исламдық мәдени орталығы немесе Regent's Park мешіті деп аталатын Лондонның Орталық мешіті қаланың солтүстігіндегі Вестминстер аймағында орналасқан. Исламдық дәстүрлі нақыштармен безендірілген бұл мешітке 5000 намазхан сыяды.

Мешіттің нақыштары

1940-шы жылы Уинстон Черчилль Лондонның Орталық мешітін салуды қолдайтынын жариялады. Сол жылдың қазан айының 24 күні Черчилль Үкіметінің басшылары соғыс кезінде Лондонда мешіт салу үшін қажет жерді сатып алуға 100000 фунт қаржы бөлді. Черчилль бұл шешімін нацистік Германиямен соғыс кезінде ислам елдерінің қолдауына ие болу мақсатында қабылдады.

Мұсылмандар Британияда айт намазын оқып жатыр

Лондонның Орталық мешітін ресми түрде 1944-ші жылы Англияның бұрынғы патшасы Джордж VI-мен ашып, мұсылмандар қоғамына сыйлады. Бірақ соғыс пен басқа себептерге байланысты мешіт тек 1978-ші жылы ашылды. Мешітті жобалау міндетіне ие болған Фредерик Гибберд жобасын 1978-ші аяқтады. Мешіттің негізгі ғимараты намаз оқитын екі залдан, қоғамдық жұмыстар бөлмесінен, кітапхана, кітап оқитын бөлме, кеңсе мен мұнаралары кіретін үш қабатты бөлімнен тұрады. Лондонның саны артып келе жатқан мұсылман қоғамының рухани қажеттігін қамтамасыз ету үшін мешіттің негізгі залы салынды. Мешіттің негізгі залына 4000 адам сыяды деп жобаланғанымен, іс жүзінде бұл жерге 6000 адам сыяды. Өткен жылғы Құрбан айт намазына 60000-нан астам намазхан қатысты. Нәтижесінде Құрбан айт намазы бұл мешітте үш рет оқылды.

Англиядағы мұсылмандар санының артуына байланысты үлкен мешіт салуды талап етуде.  Егер бұл мешіт салынса, оған 9000 мұсылман сыятын болады.

 

                                                

 

Тегтер

Сараптама