Jul 21, 2019 19:52 Asia/Almaty
  • 852-ші бөлім, «Зүмәр» сүресінің 59-63 аяттары

«Зүмәр» сүресі, 59-63 аяттарының тәпсірі

«Зүмәр» сүресінің 59-60 аяттары:

 

 

«بَلَى قَدْ جَاءَتْکَ آیَاتِی فَکَذَّبْتَ بِهَا وَاسْتَکْبَرْتَ وَکُنتَ مِنَ الْکَافِرِینَ»، «وَیَوْمَ الْقِیَامَةِ تَرَى الَّذِینَ کَذَبُوا عَلَى اللَّـهِ وُجُوهُهُم مُّسْوَدَّةٌ  أَلَیْسَ فِی جَهَنَّمَ مَثْوًى لِّلْمُتَکَبِّرِینَ»

 

 

“Олай емес, расында саған аяттарымыз келді де оны жасынға шығардың. Сондай-ақ менменсіп, қарсы келгендерден болдың” (делінеді). (59)

(Мұхаммед Ғ.С.) қиямет күні Аллаға өтірік айтқандардың беттері қап-қара болғанын көресің. Менменсігендердің орны тозақ емес пе? (60)

 

 

 

Алдыңғы бағдарламада азап отын байқаған кезде қапылдық ұйқысынан оянып, осы дүниедегі босқа кеткен өмірлеріне өкінетін адамдар туралы айтылды.

Олар осы дүниеге оралып, бұрынғы жолдары мен қателерін түзетуді армандайды.

Осы аяттар былай дейді: «Құдай сендердің хақтарына қатысты аянып қалған жоқ. Жетекшілік пен бағдардың құралын сендерге жібермей қойған жоқ. Дүниеде болғанда пайғамбарлары мен аспандық кітаптарын сендерге жіберді. Егер ақылға жүгінсеңдер, олардың ақиқатын оңай түсініп, жолнұсқауларын пайдаланған болар едіңдер.

Алайда сендердің тәкәппарлықтарың хақ дінді жоққа шығарып, пайғамбарлардың шақыруын қабылдаудан жалтарып, соның салдарынан тозақ отына душар болуға себеп болды. Бұл – жүздеріңді сұрықсыздандырып, қарайтатын, тозақтықтардың бір-біріне деген жеккөрініштері мен жиіркеніштеріне себеп болатын жаза.  

Шәксіз, кәпірлер мен хақты теріске шығарушылардың беттерінің қаралығы олардың қорлануы мен масқараға ұшырағанын көрсетеді.

 

Қиямет – шын мәнінде адамдардың іс-әрекеттері мен ой-пікірлері шоғырланып, құпия-сырлары әшкере болатын жер. Осы дүниеде жүректері қара адамдардың істері де ойларына сай қара болады. Қияметте олардың ішкі хал-жағдайлары беттеріне шығып, жүздері қара түске енеді.

Айтатын жайт, Құдай ақыл мен уәхи арқылы дәлелді аяқтамас бұрын адамдарды азаптамайды. Күпіршілік пен хақты теріске шығарудың себебі – тәкәппарлықта.

Қияметте адамның сырты мен іші бірігіп, беттері жүректерімен бір түске енеді. Қара ниетті адамдардың беттері қара түске енеді.

 

 «Зүмәр» сүресінің 61 аяты:

 

«وَیُنَجِّی اللَّـهُ الَّذِینَ اتَّقَوْا بِمَفَازَتِهِمْ لَا یَمَسُّهُمُ السُّوءُ وَلَا هُمْ یَحْزَنُونَ»

 

Алла (Т.) тақуаларды табысты болғандықтары үшін құтқарады. Оларға жамандық келмейді, олар күйзелмейді. (61)

 

 

 

Күпіршілік пен тәкәппарлықтары салдарынан қарабет болып, тозақтыққа айналған алдыңғы топқа қарсы осы аят қияметтің азабынан құтылатын жол ретінде тақуалық пен діндарлықты деп атап: «Құдай тақуаларды құтқарып, оларды бақытқа жеткізеді» дейді.

 

Бақыт – тұрақты мәңгілік ләззаттар. Дәмді тағамдар мен тәтті сусын ішу ләззат сыйлағанымен, бақыттың белгісі емес. Өйткені, мұндай ләззаттар қысқа уақыттан кейін жоғалатын тұрақсыз сезімдер. Бірақ, білім алу мен мағрифатқа қол жеткізу сияқты ләззаттар адамның бақытының мәйегіне айнала алады. Себебі, ақиқатты анықтап, мағрифатты түсіну –тұрақты және мәңгілік ләззат.

 

 

Дүниеуи бақыт біршама уақытқа созылғанымен, дүниедегі өмірдің қысқалығына байланысты ақыреттің ләззаттармен салыстырғанда өте аз саналады. Сол себепті шынайы бақыт адамды ақыретте тұрақты, мәңгілік бақыттарға жеткізетін, оны қам-қайғыдан босатып, оған ешқандай қауіп-қатер төндірмейтін істерге қарыздар.

Осы дүниедегі тақуалық – ақыреттегі бақыт пен құтылудың факторы.

Тақуалық – адамды жамандықтар мен ұят істерден сақтайтын қалқан. Қияметте діндарлар жамандықтардан алыс болып, қайғы мен қапа және өкінішке душар болмайды.

 

 «Зүмәр» сүресінің 62-63 аяттары:

 

 

«اللَّـهُ خَالِقُ کُلِّ شَیْءٍ  وَهُوَ عَلَى کُلِّ شَیْءٍ وَکِیلٌ»، «لَّهُ مَقَالِیدُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَالَّذِینَ کَفَرُوا بِآیَاتِ اللَّـهِ أُولَـئِکَ هُمُ الْخَاسِرُونَ»

 

Алла барлық нәрсенің Жаратушысы. Алла (Т.) әр нәрсеге кепіл. (62)

Көктер мен жердің кілттері Оның иелігінде. Алланың аяттарына қарсы келгендер, міне солар; зиянға ұшыраушылар. (63)

 

 

Осы сүре аяттарының өзегін негізінен тоухид пен шерк құрайды. Сол себепті аяттар тоухид тақырыбына қайта оралып, әлем істерін басқару мен сақтау оны жаратқанның қолында деген шындыққа көңіл аудартады. Құдай әлемді жаратып, оны өз бетіне жібере салған жоқ немесе оны басқару ісін басқаларға жүктемеген.

 

Бұл аяттар шындығында мүшіріктер мен пұтқа табынушылардың көзқарастарына қатысты тұспалды білдіреді. Айтатын жайт, мүшіріктердің көбі Құдайды адам мен әлемнің жаратушысы ретінде қабылдағанымен, өздері табынатындарды өмірлерінде әсерлі санайды. Олар әлем істерінің басқарылуын өздері табынатын пұттардың қолында санап, соларды өз істерінің сақтаушысы, қорғаушысы мен басқарушысы деп біледі.

Құран тұрғысынан Құдайдың орнына басқаларды іздеп, соларды әлем істерінде әсерлі санайтындар – нағыз ұтылушылар. Себебі, барлық жаратылыстың иесі, аспан мен жердің кілттері қолындағы Құдайдан теріс айналып, қолдарынан іс келмейтін әлсіз, қауқарсыз жаратылыстарға жүгінуі не зиян, не пайданың факторы емес. Сол себепті адамға төнген қауіпті сейілте алмайды.

 

Жаратылыс пен жалғастықтағы тіршіліктің барлығы Құдайға мұқтаж. Басқаша айтқанда, ол әлемнің жаратушысы болуымен қатар жаратылыс әлемінің Пәруәрдігері, қорғаушысы. Ондай болса, Құдайдың Жаратушы және Құдай екендігіне айырмашылық қою шерк саналады.

Тоухид – адам өмірінің барлық қырында әсерге ие болуы тиіс көзқарас. Бұл адам өмірінің арнайы бір кезеңімен шектелмейді.

 

 

 

Сараптама