Һашеми Рафсанджани революцияға дейінгі күрес, революцияшыл және діни күштерді біріктіру, сонымен бірге имам Хомейнидің жолдауларын Ирактан жеткізуге өз ықпалын тигізіп, Иран Ислам революциясы жеңіске жеткен соң да Иранның жаңадан қадам басқан исламдық республика жүйесінің ықпалды азаматтарының бірі болып қалды.

Һашеми Рафсанджани Ислам революциясының ұлы көсемі имам Хомейнидің қол астында революциядан кейінгі дағадрыстарды бақылауға алу саласында маңызды рөл атқарды. Жеңіске жеткеннен кейін   Ислам революциясы сынды әртүрлі қастандықтар, дұшпандықтар және дағдарыстармен кезіккен көтерілістер мен революциялар аз кездеседі. Батыс пен Шығыстың алпауыт мемлекеттерінің елдің шекаралық облыстарында революцияға қарсы топтарға қолдау көрсетуі, жүйенің жоғары лауазымды азаматтарына қарсы лаңкестік әрекеттер жасап, экономикалық санкция салып, соңында Саддамның БААС режимінің Иранмен арадағы 1200 километрлік шекарасында сегіз жылға созылған соғысты бастауы төтенше жағдай тудырды. Бұл дағдарыстардың әрқайсы аяғын жаңадан басқан кез келген жүйені құлату үшін жеткілікті болды. Имам Хомейни басқарған Иран халқының табандылығы мен қарсыласуы және Һашеми Рафсанджани сынды ойшыл әрі революцияшыл тұлғалардың мемлекет істеріне атсалысуы  барлық дағдарыстардан шығуға көмектесті.

Сейед Ахмад Хомейни, аятолла Хаменеи, Һашеми Рафсанджани

Һашеми Рафсанджани Ислам революциясының жеңісінен кейін елдің Қарулы күштері қолбасшысының орынбасары және соғысты басқару міндетіне ие болды. ИИР жастарының батылдығымен Батыс пен Шығыс блоктарының дамыған қаруымен жабдықталған Саддамның БААС режиміне қарсы соғыста үлкен жеңістерге жетті. Саддамның жеңілуі оның қолдаушылары үшін ауыр шығын, ал Иран үшін үлкен жеңіс болды. Сол себепті соғыстың аяқталуына бір жыл қалған кезде 1987-1988 жылдары АҚШ ресми түрде Парсы шығанағында Иранға қарсы соғысқа кірді. Басқа жақтан Сауд Арабиясы басқарған Парсы шығанағының шейхтері Саддам режиміне қаржылай көмектерін арттырып, мұнай өндірісін арттырып, Иранның ең негізгі валюталық кірісі болған мұнайдың бағасын түсіріп, Саддамның БААС режимінің әскеріне қарсы Иранның жеңістерінің алдын алуға күш салды.

1987-ші жылы соғыс жағдайы одан ары шиелінісе түсті. Иранның Мәжіліс төрағасы және соғыс басшысы аятолла Һашеми Рафсанджани өз сұхбатында соғыстың жағдайы туралы: «Дүние үшін Ирактың жеңілісі ИИР-ның әскери жеңісі болып саналмауы маңызды болып отыр»,- деді. 1987-ші жылы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Иран шартпен қабылдаған №598-ші қарарды бекітті. Иранның экономикалық проблемалары, Саддамның мүддесін көздеп, АҚШ-тың тікелей араласуы, Ирактың БААС режиміне Батыс пен Шығыстың дамыған мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат беруі және Халабчеге қарсы  химиялық шабуыл сынды соғыс қылмыстарын іске асырған кезде халықаралық заңдардың бұзылуы имам Хомейни мен мемлекет басшыларын соғысты жалғастыру елдің мүддесіне қайшы деген нәтижеге жеткізді. Һашеми Рафсанджани №598-ші қарарды қабылдап, таңылған сегіз жылдық соғысты тоқтатуда ерекше рөл атқарды. Иран халқының сегіз жылдық қорғаныстық соғысы халықаралық қоғам Саддамды шапқыншы деп ресми тануға мәжбүр болған жағдайда аяқталды. Негізінде Саддам мен оның одақтастарының Иранға шабуыл жасауының мақсаты қысқа уақытта Иранның жаңадан қадам басқан исламдық республикасын құлату болды.

Аятолла Һашеми Рафсанджани

Иранның соғыстан кейінгі ең маңызды басты мәселелерінің бірі соғыстың  қирауларын қайта құру болды. Һашеми Рафсанджани бұл салада ерекше рөл атқарды. 1989-шы жылы Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейни қайтыс болғаннан кейін елде үлкен жік пайда болды. Һашеми Рафсанджани имам Хомейниден кейінгі дағдарыстан өту кезеңінде маңызды ықпал етті. Ислам революциясының дұшпандары имам Хомейнидің ерекше рөліне байланысты имам Хомейнидың дүниеден озуымен Ислам революциясының ғұмыры аяқталды деп ойлады. Бұл болжамдарға керісінше Хобрегон мәжілісі имам Хомейнидың қайтыс болуынан 24 сағатқа жеткізбей   Иран Президенті аятолла Хаменеиды  Ислам революциясының жетекшісі етіп сайлап, баршаны таңғалдырды. Һашеми Рафсанджани бұл сайлауға маңызды әсерін тигізді. Аятолла Хаменеидың исламдық республиканың басшысы болып сайлануынан  кейін   Иран халқы екі төрт жылдық кезеңде, яғни  1989-1997-ші жылдар аралығында Һашеми Рафсанджаниды Президент сайлады. Бұл сегіз жыл «Қайта құру кезеңі» деп аталды. Бұл кезеңде ішкі жалпы өнім 6,4 пайызға артты. 1988-ші жылғы 50 пайызды құраған созылмалы бюджет тапшылығы теңгерімге жетіп, үкімет қаржысының көбі құрылысқа жұмсалды. Шетелдік сауда таразының теріс сальдосы оң сальдоға  ауысып, шетелдік қарыздар төмендеді. Экономикалық дамумен бірге қоғамдық тұрмыс пен кірістер артып, қалалар мен ауылдарда медициналық қызмет пен тұрмысты көтеру басты саясатқа айналды.

Һашеми Рафсанджани, аятолла Хаменеи

 60-тан астам бөгет салынып,  суландыру жүйесі мен дренаж желілері іске қосылып, ауылшаруашылық бөліміндегі басқа жұмыстармен бірге  бидай мен дәнді-дақылдардың жыл сайын шамамен 6 пайызға артуына жеткізді. Иранның қуат стансаларының 13000 мегаваттан төмен мұмкіндіктері 23000 мегаватқа көтерілді. Сонымен бірге энергетика мен болат өнеркәсібі, химия мен мұнай-химиялық өнімдер орта есеппен 3,18; 3,5 және 21 пайызға дамыды. Қайта құру кезеңінде Иранның экономикалық және қоғамдық салалары ілгеріледі. Һашеми Рафсанджани президенттік кезеңі аяқталған соң аятолла Хаменеидің үкімімен Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы болып сайланды.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасы заң шығарушы және атқарушы биліктер арасындағы қайшылықтарды шешуге міндеттелді. Аятолла Һашеми Рафсанджани дүниеден озғанша Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының басшысы міндетін атқарды. Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының аятолла Һашеми Рафсанджанидың басшылығы кезінде іске асырған, әрі ішкі және сыртқы мамандары мен аймақ мемлекеттері мен ислам әлемінің назарына түскен жұмыстарының бірі хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1404-ші жылға дейінгі перспективалар құжатын бекітуі болды. Һашеми Рафсанджанидың есімі заманауи тарихтың, әсіресе Иранның соңғы жарты ғасырындағы шарықтаулармен байланысты. Һашеми Рафсанджани өткен 50 жылдағы ең маңызды оқиғаларға  ықпал етті.

 Һашеми Рафсанджани күрестің барлық кезеңдерінде және  Ислам революциясының жеңісінен кейін халық пен мемлекетке қызмет етті. Ол атқарған барлық міндеттерінде теңдікті сақтады. Һашеми Рафсанджанидың ахлағы мен саясатының  ерекшелігіне байланысты жақтастары мен қарсыластары ол кісіні ерекше құрметтеді. Билік басына келген кезде тіпті сыншыларына құрметпен қарайтын саясаткерлер аз кездеседі. Аятолла Һашеми Рафсанджани өз өлімімен де теңдессіз саясаткер екенін көрсетті. Халықтың барлық таптары мен саяси азаматтарының, ьіпті сыншыларының аятолла Һашеми Рафсанджанимен қоштасу рәсіміне қатысуы ол кісінің Иран халқының арасындағы беделін көрсетеді. Һашеми Рафсанджанидің жаназа намазына екі жарым миллионнан астам адам қатысты. Бұл Иран Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейнимен қоштасудан кейінгі халықтың революцияшыл саясаткермен қоштасу рәсіміне жаппай қатысуы болды.

 

 

Jan 27, 2017 10:59 Asia/Almaty
Сараптама