Өткен екі аптада әлемдік қоғам рохинджа мұсылмандарына қарсы қанқұйлы зорлық-зомбылықтардың жаңа кезеңінің басталуының куәсі болды. 2012 жылы экстремист буддистер мен радикалды жасақтардың демеуімен басталған зорлық-зомбылықтар шарықтау және құлдырау кезеңдерімен жалғасуда.

Ракхайнның батыс облысындағы рохинджа   мұсылмандарына қарсы экстремист буддистер мен радикалды жасақтардың жаңа шабуылдарының сылтауы белгісіз адамдардың Мьянмадағы әскерилер базасына жасаған шабуыл болды деп жарияланды. Бұл ел үкіметінің айтуы бойынша сол шабуылда шамамен 9 әскери өлді. Бірақ, Мьянманың әсіресе Ракхайнның батыс облысының жағдайына жасаған шолу Мьянма армиясы күштерінің рохинджа мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылық шабуылдарының басталуынан шамамен бір апта бұрын аймақты қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді сылтауратып, Ракхайн облысында орналасқанын көрсетті. Дәл сол кезде саяси орталар мен ақпарат топтардың көбі Мьянма әскерилерінің бұл аймақта орналауына қатысты ескерту жасады. Сол себепті Мьянма армиясының белгісіз адамдар армияның базасына шабуыл жасады деген уәждерінің мұсылмандарға қарсы шабуылдардың жаңа кезеңінің басталуына себеп болғанын ешкім теріске шығармай,  Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылықтардың жаңа кезеңі басталды деген болжамдар айтылуда. Адам құқығы инспекторларының Азия бөлімінің маманы Фил Робертсон: «Жерсерігінен түсірілген бейнематериалдар Ракхайн облысындағы тұрғын үйлердің қиратылғаны мен өртенгенін көрсетеді. Мьянма  үкіметі әскери зорлық-зомбылықтардың салдарынан Бангладешке қашып жатқан рохинджа мұсылмандарының жағдайын көру үшін тәуелсіз бақылаушыларға бұл жерге кіруге рұқсат беруге міндетті»,- дейді.

Рохинджа мұсылмандарының ата-бабаларының мекені болған Ракхайнның батыс облысы бұрын Аракан деп аталған. Олар бұл аймақта мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келеді әрі шамамен 300 жыл бойы патшалық жүйеге ие болды. Сондықтан Мьянма үкіметінің  рохинджа мұсылмандарын бенгалдық  мигранттар деп айыптауы жалған әрі жалпы халықты алдау саналады. Үнді түбегінің бөлінуі мен Үндістан, Пәкістан және Бангладеш мемлекеттерінің құрылуынан бұрын аймақ халықтары басқа шекаралас аймақтармен қарым-қатынас орнатқан. Бұл мәселе Мьянма үкіметіне рохинджа мұсылмандарын азаматтық құқықтарынан мақұрым ету үшін сылтау бола алмайды. Негізінде Мьянманың Ракхайнның батыс облысы – ауылшаруашылық жерлері, теңіз жолдары, порттары мен сауда орталықтары және өндірісі бар экономикалық орталық. Рохинджа мұсылмандары аймақ халқының көпшілігін құрап, аймақтың экономикалық, ауылшарушылық және сауда істерін өз бақылауына алған. Мұндай жағдайды өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап билікті өз қолдарына алған әскерилер ұнатпады.  Сол себепті сол жылдардан бері экстремист  әскерилер рохинджа мұсылмандарын өз жерлерінен қуып шығу мақсатында оларға қарсы азап-қорлық көрсетуді бастады. Осылайша, Мьянманың әскери үкіметі мұсылмандарға қарсы қылмыстарын ақтау үшін оларды азаматтық құқықтарынан мақұрым қалдырып отыр. Әлемдік наразылықтардан кейін экстремистік әскерилер рохинджа мұсылмандарына қарсы шабуылдарын тоқтатты. Бірақ кез келген мұрсатты пайдаланып,  шабуылдарын қайтадан бастады. БҰҰ-ның Мьянма істері жөніндегі маманы Виджай Намбтор: «Рохинджа мұсылмандары өздерінің ең маңызды басты құқықтары, яғни жерлерінің иесі болу және оларды қолдайтын үкіметтен кенде болуымен бірге күнделікті қырғын және қатыгез әрекеттердің қатерімен бетпе-бет келіп отыр. Соның салдарынан олардың көбі үйлерінен кетіп, жат елдерде босқындық күй кешуге мәжбүр»,- деді. 2012 жылы радикалды әскерилер мен Аршин Вирату басқарған экстремист буддистердің бірігуімен рохинджа мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылық шабуылдары  діни аспектіге ие болды. Өйткені, Будда дінінің монахы Аршин Вирату мұсылмандарды айыптап, оларға қарсы теріс үгіт-насихат жүргізіп, «969» атты лаңкестік топ құрып, Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылықтарды іске асырды. Мьянма саясаткерлері экстремист буддистердің қолдауларына мұқтаж болғандықтан, олар Аршин Вирату мен радикалды әскерилердің қылмыстарына үнсіздік білдіруде. Осыған орай БҰҰ рохинджа мұсылмандарын  әлемнің ең мазлұм азшылығы деп атады. БҰҰ-ның Мьянмадағы арнайы елшісі Янг Хи Ли: «Мьянма армиясы рохинджа мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылыққа қатысып отыр. Бұл зорлық-зомбылықтардың мөлшері тіпті ақылға сыймайды. Мьянма әскерилері рохинджа мұсылман әйелдеріне шабуыл жасап, мұсылман ерлер мен әйелдерді бауыздап, олардың балаларын өртеніп жатқан үйлердің ішіне тастады»,- деп мәлімдеді.

Батыстың саяси топтары мен адам құқығы туралы уәж айтушылардың үнсіздігі радикалды әскерилер мен экстремист буддистердің қылмыстарын арсыз түрде жалғастыруына себеп болды. Экономикалық реформалар мен  Батыс мемлекеттерінің санкцияларының күші жойылған соң АҚШ пен басқа батыс үкіметтері Мьянма үкіметімен ұзақ мерзімді экономикалық және инвестициялық келісімдерге қол қойып, ортада Ракхайнның батыс облысы да батыстықтардың пікірінше жақсы жағдайға ие болды. Осыған орай Батыс мемлекеттері радикалды әскерилер мен экстремист буддистердің рохинджа мұсылмандарына қарсы қылмыстарына ұстаным білдірсе, құны миллардтаған долларды құрайтын келісімдердің жерде қалатындығына алаңдайды. АҚШ-ның бұрынғы президенті Барак Обаманың Мьянмаға екі рет сапар шегуі бұл елдің Батыс мемлекеттері үшін маңыздылығын көрсетеді. Еуропалық кеңестің мүшесі Анита Шок халықаралық қоғамның үнсіздігін сынап: «Бұл тамырын жайған дағдарыс халықаралық қоғамның үнсіздік танытуының салдарынан күннен күнге артуда. Біз бұл қылмыстарды геноцидтен де қатерлі санаймыз»,- деді. Аймақ мемлекеттері  бәрінен бұрын рохинджа мұсылмандарының босқынға айналып, шекаралас мемлекеттерге бас сауғалауына алаңдаушылық білдіруде. Бангладеш, Таиланд, Малазия мен Индонезия және Қытай –  Мьянмадан қашқан босқындарды қабылдап отырған мемлекеттер. Бұл елдердің пікірінше, мұндай жағдай әлеуметтік және экономикалық салдарлармен қатар қауіпсіздік қатер тудырады. Мьянма дағдарысының саяси жолмен шешілмейтіндігіне күмән жоқ. Рохинджа мұсылмандарына қарсы қанқұйлы зорлық-зомбылықтардың жалғасуы Мьянма үкіметіне ықпалын тигізеді. Біріншіден, бұл елдің аймақ пен әлемдік деңгейіндегі жағдайына сызат түсіреді. Мьянма үкіметі экономикалық және әлеуметтік реформаларын бастап, соларды іске асыру үшін шетелдік инвестицияны қажет етеді. Өз елінің мұсылмандарына қарсы қатыгездіктерді күшейтуі инвесторлардың бұл елдің қауіпсіздігіне сенім артпауына себеп болады. Екіншіден, Ракхайн батыс облысының негізгі тұрғындарын өз жерлерінен қуу бұл аймақты дағдарысқа тірейді. Сондай-ақ, қауіпсіздік пен ұлттық бірліктің қатерге тірелуінен Мьянма үкіметі көп зиян көреді. Үшіншіден, қантөгістердің жалғасуы зорлық-зомбылықтармен қарсыласу өзегінің пайда болуына соқтырады. Рохинджа мұсылмандары азаматтық құқықтарына ие болғысы келеді. Бұл саяси жол және келіссөздер арқылы шешілетін мәселе. Бірақ радикалды әскерилер мен экстремист буддистердің рохинджа мұсылмандарын «мигранттар» деген сылтауы қиындықтарды шешуге көмектеспейді. БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан басқарған Рокхайн облысының консультативті комиссиясы: «Зорлық-зомбылық және әскери күштерді аттандыру рохинджа мұсылмандарының дағдарысын шеше алмайды. Егер Мьянма үкіметі өз елінің бір миллион бір жүз халқы үшін дұрыс стратегия таба алмаса, олардың экстремистік қарулы топтарға қосылу қатері артады»,- деді. Сондай-ақ, кейбір экстремистік топтар босқындардың кедейшілігі мен экономикалық қиындықтарын пайдаланып, оларды пайдалануы мүмкін. Қазіргі жағдайда рохинджа мұсылмандарына қарсы геноцидке немқұрайдылық танытып, экстремист әскерилер мен буддистердің әрекеттерін жалғастыруына себеп болып отырған Мьянма үкіметі кінәлі.

 

Sep 13, 2017 16:26 Asia/Almaty
Сараптама