Х.ш.ж.с.б. 1388 жылы 22 хордадта Иранда президенттік сайлаудың оныншы кезеңі өтті. Бұл күн өте маңызды күн болды. Үміткерлер өз бағдарламалары үшін көп үгіт-насихат жасаған болатын. Жалпы революциядан кейінгі жылдары Иран халқы сайлау учаскелеріне ерекше ынтамен барады. Оған дейін Иранда 30 сайлау өткізілген болатын.

Иран халқы президенттік сайлауды өткізуге толығымен дайын болды.  Халықтың жаппай қатысуынан бұл сайлаудың көзқарастар алуандығы мен пікірталастардың қызулығының исламдық Иранның діни демократиясын бұрынғыдай әлемге паш еткенін көруге болады. Халық 1388 жылы 22 хордадта өткен сайлауды маңызды санады.

1-дыбыстық файл

Сайлау ерекше серпінмен өтті. Қатты толқыған сәттер болды. Алайда сайлаудың жақсы жағдайы әп-сәтте өзгеріп кетті. Дауыс беру нәтижесі жарияланғаннан кейін екі үміткер сайлау нәтижесіне наразылық білдіріп, өз жақтастарын көшеге шығуға шақырды. Теһранның кейбір көшелерінде бірнеше күн болған бүлік пен қақтығыстар халықтың тынышын алды. Алайда көңіл аударарлық жайт АҚШ, Ұлыбритания мен кейбір араб елдері ақпарат құралдарының мақсатты түрде ұжымдаса жасалған жарнамасы болды. Олар арнайы жолдаулар жіберіп отырды. 

Халық ол күндері қатты қобалжыды. Кеңістік күннен күнге ушығып, наразылықтардың түрі басқа аяға ауысты. Сол кездегі қимыл-қозғалыстарды бұдан былай наразылық деп атауға болмайтын еді. Бұл халықтың сезімі мен қоғамның құрылымына орны толмас соққы берген арандатушылық болатын. Бұл мәселе сайлаудың нәтижесіне наразы басшылар мен БАҚ тарапынан елдің құрылымын бұзуға бағытталған әрекеттер нәтижеге наразылық деп түсіндірілген жағдайда туындады.  Сол кезде осы екі ұғымның басын ашып алу керек болды. Ислам революциясы жетекшісінің 1388 жылы 29 хордадта жұма намазында сөйлеген сөзі арандатушылықтыхалықтық наразылықтардан бөліп қарастырудағы бетбұрыс нүктесі болды.

2-дыбыстық файл

Ислам революциясы жетекшісінің сөзінен кейін дауыс беру нәтижесіне наразылардың кейбіреуі басқалардан бөлініп шықты. Алайда басқа біреулер бұрынғы тәсілді одан ары жалғастырды. Олар сайлаудың нәтижесіне заңды түрде наразылық білдірудің орнына қатігездік жасап, көшеде толқулар өткізу жолын таңдады.  

Саяси сарапшы доктор Джвавд Хаджепур сайлаудан кейінгі бөлінушілікке ерекше көзқарас білдіріп, жағдайды сараптауда былай деді:

3-дыбыстық файл

Ислам революциясы жетекшісінің сөзінен кейін көптеген адамдар, соның ішінде наразылар бұл оқиғаның арандатушылық болғанын түсініп, өз жолдарын арандатушылардан бөліп алды. Алайда басқа мақсатты көздеген адамдар көшеге шығуды жалғастырды.

Мұхаррам айы басталысымен текетірестер мен толқуларды қолдайтын интернет сайттары мен спутниктік арналар Тасуа мен Ашураны өз жалдамалыларының көшеде бүлік шығарып, халықтың сезімін теріс пайдалану үшін қолданды. Осыған қатысты ауқымды жарнамалар Тасуа күні Енғелаб көшесінде тек 500-ге жуық адам жинады.  

Алайда х.ш.ж.с.б. 1388 жылдың 4 дей күні таңертең қадір-қасиетті білмейтін адамдар Теһранның орталық көшелерінде ауқымды әрекеттер жасап, әртүрлі әлеуметтік топтарға жататын азалы халықты қайран қалдырды.

4-дыбыстық файл

1388 жылғы сайлаудан кейінгі оқиғаларда ерекше көзге түскен нәрсе содан бір жыл бұрын парсы тіліндегі бөгде ақпарат құралдарының айрықша белсенділігі болды. Парсы тіліндегі бөгде ақпарат құралдары сайлаудан кейінгі наразылықтарды басқаруда ауыр міндетке ие болды. Олар наразыларды көбірек жиын өткізуге арандатып, тіпті Құдс күні, 13 абан мен 16 азар күндері сияқты діни, саяси және ұлттық күндерді пайдаланды. Бұл ұрандар Ираннан тысқары жердегі дұшпандардың тікелей жетекшілігімен қатар жүрді.

5-дыбыстық файл

«АҚШ дауысы мен BBC басқа ақпарат құралдарынан көбірек осы мәселеге қолдау көрсетті:

6-дыбыстық файл

1388 жылғы наразылықтардағы ең негізгі құрал жүйенің болмысын нысанаға алуы тиіс болған «алаяқтық-тағаллоб» деген сөз болды. Бұл сөзді тарату міндеті бөгде ақпарат құралдары мен олардың ел ішіндегі жалдамалыларына жүктелді.

Саяси-ақпараттық сарапшы доктор Мұқаддам Фар осы жайлы былай дейді:

7-дыбыстық файл

Алайда шындық пен сырттағы күбір-сыбыр әңгіменің арасында не болды?

9 дей күні халықтың өзі Иранға қарсы Батыс елдері қастандықтарының көбін айқын түсінді. АҚШ пен кейбір Батыс елдері ИИР жүйесіне соққы беру үшін  кез келген мұрсатты пайдаланды. Сондай жағдайда 1388 жылғы сайлау олар үшін теңдессіз мүмкіндік тудырған болатын. 1388 жылғы сайлауға қаражат бөлу және сайлау кеңістігінде қосалқы ағымдар тудыру кездейсоқ оқиға болмады, керісінше алдын ала жоспарланған іс еді. Бұлар басқа елдердегі жұмсақ және түрлі түсті төңкерістер кеңістігін еске түсіруі тиіс болды.  АҚШ-тың сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бұл мәселеге қатысты сол кезде былай деді:

8-дыбыстық файл

ИИР жүйесінің дұшпандары өздерінің жоспарларына тағы да қатты сеніп, осы жолы нәтижеге жетеміз деп ойлады. АҚШ ОББ-ның бұрынғы қызметкері Шунер:

9-дыбыстық файл

Сионистік режимнің BCC мен CNN-дегі соғыс штабы 1388 жылы жүйеге қарсы топтардың мақсаттарын қолдаушы болды. Израиль режимі  де қатты қуанды. Сионистік режимнің бұрынғы басшысы Шимон Перес тіпті ирандық жастарға жолдау жолдады:

10-дыбыстық файл

Осы режимнің Премьер‑министрі Нетаньяху өзіне қарсы ең маңызды жүйені құлатуға көп күш жұмсап, бұл мұрсатты барынша пайдаланды:

11-дыбыстық файл

1388 жылғы сайлаудан кейінгі халықтық наразылықтарды бағыттаудағы бөгделердің қол ізі мен олардың талпыныстарының айқын болғаны соншалықты, кейбір ішкі-сыртқы жақтастардың сөздері мен көшелердегі жиындардың алдын ала жоспарланғандығында күмән қалмады.

Иран СІМ-нің сол кездегі ақпарат хатшысы доктор Қашқави тілшілерге берген сұхбатында былай деді:

12-дыбыстық файл

Ұлыбритания елшілігі де әдеттегідей өзінің рөлін өте жақсы атқарды. Бұл мәселе осы елшілік қызметкерлерінің бірінің мойындауынан айқын байқалады:

13-дыбыстық файл

1388 жылғы сайлаудан кейінгі оқиғалар Иранның дұшпандары үшін шығынды болды.  Көшелерде бүлік шығарып, наразылықтар өткізуге бөлінген  орасан зор қаражат ойлануға тұрарлық.  Алғаш рет Иранның сайлауында дәстүрлі ақпарат құралдарымен қоса, жаңа ақпарат құралдары, яғни виртуалды кеңістікке қатысты құралдар да айтарлықтай қызмет атқарды.  АҚШ-тың сол кездегі Президенті Обама АҚШ Конгресі әскери-қорғаныс комитетінің  виртуалды кеңістіктегі арандатушылардың негізін нығайту үшін бөлген 55 млн долларлық бюджетіне қол қойды. Араб тіліндегі BCC телеарнасынан Бен Томсон былай дейді:

14-дыбыстық файл

Ирандықтардың жадында «1388 жылғы бүлік» деген атпен сақталған 2009 жылдан бастап бір жұмсақ соғыстың маңызды тамырлары жоспарланды.

АҚШ-тың Брукингс университетіндегі Сьюзан Мэлани Иранға қарсы соғыс пен санкцияның нәтиже бермейтіндігі, Иранның ішкі кеңістігін өзгерту үшін  жаңа тәсілдер мен жұмсақ соғысты қолдану қажеттігі туралы былай дейді:

15-дыбыстық файл

Революциядан кейінгі жылдары Иран жүйесі мен халқына қарсы барлық арандатушылықтарда, террорлар мен ішкі жәнехалықаралық бүліктерде «Мұнафықтардың» тобының ізі байқалып тұрды. 1388 жылғы бүлікте де «Мұнафықтар» бар күш-қуатымен жүйеге дұшпандарға, яғни Батыс және араб елдері мен сионистік режимге жақтасты. «Мұнафықтар» лаңкестік тобының басшысы Мариям Раджави 1388 жылғы сайлаудан кейінгі бүліктерге қатысты бір басқосуда былай деді:

16-дыбыстық файл

«Мұнафықтар» тобына мүшелердің мойындаулары бойынша, 1388 жылғы оқиғалар барысында сайлаудан кейін жағдайдың қатігездікке қарай бұрылуының басты себептерінің бірі «Мұнафықтар» ұйымының жетекшілік етуі болды. Бұл ұйым  көшегелаңкестік әрекеттер жасауды бастайтын адамдарды жіберді. Содан соң суреттер мен видео түсіріп, тіпті қолдан фильм жасап, Youtube-ке салып отырды.

«Мұнафықтарға» қатысы бар Насер Абдулхосейни 1388 жылғы бүлікке қатысқан.  «Бехруз» деген атпен «Мұнафықтармен» бірге бүлікке қатысқан бұл адамның сұхбаты мынадай:

17-дыбыстық файл

Бүлікшілердің Ашура күні имам Хосейнге (ғ.) құрметсіздік көрсетуі Иран халқы үшін барлық мән-жайды анықтап берді. Алайда АҚШ басшылары бұл әрекетті қолдады.

18-дыбыстық файл

Саяси сарапшы доктор Кушки Иран халқының осы қырағылығы жайында былай дейді:

19-дыбыстық файл

9 дей жиыны Иран халқының тарихи жадында мәңгілікке сақталып қалады, өйткені  Иран халқы ашық та жасырын шаралардың барына қарамастан, алдын ала жоспарланған бір жұмсақ соғысқа төтеп берді. 1388 жылғы сайлаудан кейінгі оқиғалар тәжірибесі Иран халқының дұшпандарына Иран тағдырының осы ел халқының қолында және солардың наным-сенімдеріне байланысты екенін, сондай-ақ, бұл халықтың шәһидтердің пәк қанымен суарылған діни, ұлттық және исламдық сенімдер тамырының жүйеге қарсылар мен жаулардың қолына түсуіне жол бермейтінін көрсетті.  

Тегтер

Jan 01, 2018 13:07 Asia/Almaty
Сараптама