• Есірткі заттары – адамзатқа төнген қауіп (4)

Халықаралық қауымдастық жиырмасыншы ғасырдың басынан адамзат баласының басына түскен «есірткі заттары» атты қасіретпен күресуге ерекше көңіл бөліп, бірқатар конвенцияны бекіту арқылы есірткіні теріс пайдалануды тоқтатуға мүдделі болды. Алайда бұл сұм сауданың мол табысы мен контрабандистердің дамыған технологиялар мен құрал-жабдықтарға және қару-жарақтарға қолжетімділігі бұл талпыныстардың нәтиже беруіне тосқауыл жасады.

Есірткі заттарының саудасы әлемдегі ең табысты сауданың түрі саналады. Бұл сауданың өркендеуі, бір жағынан есірткі заттарын пайдалануға деген сұраныстың артуынан туындаса, екінші жағынан бұл ажалды саудадан түсетін қыруар табыспен тығыз байланысты. БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс мәселелері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) тарапынан 2017 жылдың шілде айында жарияланған Халықаралық Есірткі заттары жөніндегі ұйымның ең соңғы есебіне сәйкес, апиын өндірісі артып, кокаин нарығы өркендеу үстінде. Бұл баяндамада сондай-ақ кокаин нарығының кеңеюіне де сілтеме жасалған. Колумбияда кокаинды бұтақ өсіру дамығандықтан, 2013-2015 ж.ж. аралығында кокаинды бұтақ өсіру 30 пайызға дейін артқан. Есірткі заттарының ішіндегі ең табысты сауда түрі кокаин саудасы болып табылады. Қолдағы айғақтар мен құжаттарға сәйкес, кокаин картельдері 95 пайызға дейін табыс табады.

Зерттеу жұмыстары бұл өсімдіктің 90 пайызының кокаинды өндіруге жұмсалып, кокаин өсіретін негізгі орталықтардағы бірнеше миллиардтаған саудаға айналғанын көрсетіп отыр.

Кокаинды бұтақ

Перу, Боливия мен Колумбия кокаинның ең ірі өндірушілері саналады. БҰҰ-ның есебіне сәйкес, Боливиядағы шамамен 29 000 гектар жер соңғы бірнеше жылдың ішінде кокаин өсіру үшін пайдаланылып жатыр. Экономикалық сарапшылардың айтуы бойынша, боливиялық шаруалардың кокаин өсіруге бет бұруына қаржының қайтарымы тез, жеңіл салмағы, өсімдіктің жылына төрт рет өнім беруі мен бұл саудадағы қыруар америкалық долларлық табыс себеп болып отыр. Сондықтан бұл кәсіп инфляцияға ұшыраған Боливия экономикасында құнды табыс көзіне айналған. Шынтуайтында, халықаралық қауымдастықтың есірткі заттары контрабандасы мәселесін шешуде сәтсіздікке ұшырауының ең маңызды факторы адамдардың өліміне себеп болуына қарамастан, осындай жолмен есірткі заттарының мол табысты саудасымен айналысатын кейбір есірткі өндіруші мемлекеттер, есірткіні жеткізуші делдалдар мен транзиттаушы елдердің сауда-саттықтан түсетін пайдасы мен мүдделері саналады.

Бүгінгі бөлімде кейбір есірткі картельдері мен есірткі контрабандасында пайдаланылатын кейбір айла-тәсілдерге тоқталамыз.

Синалоа картелі Мексикада есірткі заттары контрабандасымен айналысатын ең көне ұйымдастырылған қылмыстық топтардың бірі саналады. Бұл есірткі картелі есірткі заттарының контрабандасын теңіз, әуе және жерасты тоннельдері арқылы және ең дамыған жеткізу жүйесімен жүзеге асыратын Солтүстік Американы есірткімен толық қамтамасыз ету ісіне жауапты. Мәліметтерге сәйкес, аталмыш картельдің әлемнің 50 елінде мүшесі бар.

«Эль Чапо» деген лақаппен танымал Синалоа есірткі картелінің жетекшісі Хоакин Гусман Лоэра 1993 жылы құрықталып, қатаң жазаны өтейтін "Супермакс" абақтысына жіберіледі. Бірақ, ол сегіз жылдан кейін түрмеден қашып кетті. Алайда 2014 жылы АҚШ Есірткі заттарымен күрес басқармасы, Мексика полициясы мен осы елдің теңіз күштерінің арнайы міндет жүктелген күштерінің бірлескен әскери амалдары барысында Эль Чапо тағы бір рет тұзаққа түсті. Бірақ қауіпсіздік күштерінің бұл әрекеті Синалоа картелінің белсенділігіне тосқауыл бола алмады.

Өкінішке орай, есірткі заттарының әлемдік саудасы енді өз орнын онлайн желідегі нарықтарға берді. Соңғы он жылдың ішіндегі байланыс технологияларының дамуы мен етек жаюымен есірткі заттарының халықаралық мафиялары тарапынан кибер кеңістікті пайдалану деңгейі артты. Чехия Республикасының есірткі заттарымен күрес жөніндегі жауапты тұлғалары бүгінгі таңда есірткіні сату-сатып алу интернет кафелерде немесе ұялы телефондар арқылы жүзеге асып жататынын хабарлады. Сол себепті есірткі заттарының заңсыз мәмілелері бірден және аз уақыттың ішінде реттеледі.  Оны бақылау өте қиын.

Кейбір баяндамаларға сәйкес, 1996 жылдан бастап Голландиядағы компаниялар каннабис тұқымдары мен оның өнімдерін марихуанна мен наша сатып алу үшін интернетті пайдаланған. Интерполдың есебіне сәйкес, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия полициясының жауапты тұлғалары есірткі заттарын, соның ішінде кокаин, героин, наша саудасымен айналысатын 1000-нан астам интернет сайтын анықтаған. Бұл есірткі заттарын бақылау жөніндегі халықаралық конвенцияларды ашық түрде бұзу саналады. Осы баяндама негізінде бұл сайттардың басым бөлігі Голландия мен Швейцарияда әрекет етеді.

Әзірше онлайн желісіндегі нарықтардың есірткі заттарын заңсыз сатудағы үлесі аз. Бірақ бұл нарықтар жылдам даму үстінде және өздерімен бірге есірткі заттары саудасының тетігін де өзгертеді. Онлайн желісіндегі нарықтардағы ақша айналымы 2012 жылы шамамен 15 миллион доллардан 2015 жылы 150-180 миллион долларға жеткен. "Есірткі заттарының әлемдік саудасы" атты зерттеу жұмысының нәтижелеріне сәйкес, бұл нарықтағы АҚШ-тың үлесі 2014 жылы 8 пайыздан 2015 жылы 15 пайызға көтерілген. Осы мәмілелердің ішінде MDMA немесе «экстази» атты есірткі түрінің ақшалай құны бәрінен артық саналады.

Есірткі заттарын онлайн желі арқылы жеткізушілер бүгінде дәстүрлі жолмен сататын бөлшек сатушылардың 1990 жылдардағы жағдайына ұқсас жағдайға тап болып отыр. Олардың бірқатары қатардан шығып, басқа бір бөлігі өз веб-сайттарын дамытты. Олар интернеттік қара нарықтарға инвестиция салуы тиіс. Кері жағдайда бәсекелестік айналымынан шығу қатерімен бетпе-бет келеді.

"Экономист" журналы онлайн нарықтарының жағдайы туралы өзінің бір зерттеу мақаласында 2013 жылдың желтоқсан айынан 2015 жылдың шілде айына дейін Agora, Evolution және Silk road сайттары арқылы жүзеге асқан есірткі саудасы туралы ақпаратқа қол жеткізді. Бұл есеп осы мерзім аралығында жүзеге асқан тауар айналымы көлемінің шамамен 50 миллион доллар болғанын көрсетті. Есірткі заттарының онлайн желісіндегі нарықтарының өмірі ұзаққа созылмайды. Silk Road атты алғашқы веб-сайт үш жыл ғана жұмыс жасады. "Экономист" журналының мақаласына сәйкес, қазіргі таңға дейін жұмыс жасап жатқан ірі веб-сайттың атауы – Alphabay. Сонымен қатар, жақында Alphabay-дың орнын баса алатын Silk Road сайтының төртінші нұсқасы жұмыс жасай бастады.

Осылайша, БҰҰ-ның зерттеу жұмыстары есірткі заттары саудасындағы дәстүрлі тәсілдердің дамып жатқанын көрсетіп отыр. БҰҰ тарапынан жуырда жарияланған баяндамада Перу мен Колумбия кокаинның әлемдегі ең ірі өндірушісі ретінде таныстырылған. Кокаин экспортының негізгі мақсаттары АҚШ, Бразилия және Еуропа елдері саналады. Перу полициясының айтуынша, заңсыз саудаланып жатқан есірткі заттары әуе арқылы жетіп отыр, Кокаинды тасымалдау мақсатындағы әрбір рейс ұшқыштар мен контрабандистер үшін он мыңдаған доллар пайда түсіреді. Бұл аймақта шамамен 200-500 келі салмақты құрайтын кокаин тасымалдайтын ұшақтың күн сайын 4-6 рейс жасайды. Әрбір тиелімнің құны шамамен 300-500 мың долларды құрайды. Әрбір рейс үшін бір ұшқыш 10000-нан 25000 долларға дейін ақы алады.

Қолдағы бар мәлімметтерге сәйкес, есірткі заттарының әлемдік саудасының табыс көлемі жылына 600 миллард долларды, сәйкесінше әлемдік сауданың 8 пайызын құрайды. АҚШ-тағы ресми статистикалық мәліметтер АҚШ-тағы есірткі заттарын сату және сатып алу мен ішкі сауда көлемінің жылына 190 миллард доллардан асатынын көрсетіп отыр. АҚШ-тағы есірткі саудасының бұл  жылдық көрсеткіші осы елдің көлік жасау өнеркәсібі және болат өндіруден табатын табыс көрсеткішімен тең. АҚШ-тағы есірткі заттарын сату және сатып алу көлемінің артқаны соншалықты, ел ішіндегі айналымда жүрген долларлардың 75 пайызы кокаин саудасынан түскен. Солтүстік Америкадан кейін Еуропа кокаин сатылатын екінші ірі нарық саналады. Ұлыбритания, Испания, Италия, Германия мен Франция – кокаинды тұтынушы ең ірі елдер. Кокаин – Еуропа елдерінде, соның ішінде бұл құрлықтың батысында нашадан кейінгі ең көп тұтынылатын заңсыз есірткі түрі. Қазірге дейін есірткі заттарының контрабандасымен күресу үшін миллиардтаған доллар жұмсалып, осы ажалды саудамен күрес жолында мыңдаған адам жандарын құрбан етті. БҰҰ Есірткі және қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының есебіне сәйкес, 2017 жылғы апиын өндірісі артқан және есірткі заттары саудасымен айналысатын ірі картельдердің басым бөлігі жойылып, олардың есірткі тиелімдерінің тоқталуына қарамастан табысы мол бұл сауда түрі әлі дамып жатыр.

Jan 03, 2018 15:52 Asia/Almaty
Сараптама