• Трамптың Құдсқа қатысты шешімінің салдарлары 3

АҚШ Президенті Дональд Трамп өткен жылдың желтоқсан айының 6 күні біржақты шешім қабылдап, Бейт әл-Мұқаддасты Тель-Авивтің орнына сионистік режимнің астанасы ретінде жариялап, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт әл-Мұқаддасқа көшіруге бұйырды.

Трамптың шешімі аясында Израиль жерлерін заңсыз кеңейтуді жалғастыруда

Дональд Трамптың шешімінің  ең маңызды салдарларының бірі сионистік режимнің АҚШ-тың қолдауымен палестиналық жерлерді басып алуды жалғастыруы саналады. Осы салада Кнессет 2018 жылдың қаңтар айының 2 күні  «Біртұтас Құдс» атты заңды бекітті. Бұл заң бойынша  Құдс толығымен сионистік режимнің билігіне түседі және Құдс Кнессеттің 120 мүшесінің 80 келісім бермесе, бөлінбейтін болады. БҰҰ көптеген қарарлары мен әртүрлі келісімдері кемінде Құдстың шығыс бөлімін палестиналықтарға тиесілі және Құдсты Израиль мен Палестина арасындағы батыс пен шығыс аймақтарына бөліп, екі мемлекет құруды қарастырған жағдайда Израильдің Кнессеті аталмыш заңды бекітіп отыр. Кнессеттің бұл шешімі тек сионистік режимнің мүддесін қарастырып, халықаралық заңдарға, әсіресе Қауіпсіздік Кеңесінің №2334 қарарына көзжұмбайлық танытып отыр. Осыдан бір жыл бұрын Қауіпсіздік Кеңесінің 14 мүшесінің оң, АҚШ-тың қалыс дауысымен қабылданған №2334 қарар Израильден басып алынған жерлерде қалашықтардың құрылысын жүргізуді тоқтатуды талап еткен болатын. Трамптың шешімі сынды заңдар араб басшыларының ешбір шара қолданбаулары салдарынан қабылданып, сионистік режимге жол ашуда.  Осы салада Сама Джабер өз мақаласында: «Трамп Палестина мен араб және мұсылман халықтардың жағдайларына назар аударып, үстемшіл араб үкіметтерінің серіктесі ретінде Израильдің қатерлі мақсаттарына жетуіне көмектесе алатындығын түсінді. Махмуд Аббас пен автономиялық үкіметтің басқа басшыларының Израильдің басқыншылығы мен қалашықтар құрылысын жалғастыруына қарсы тұратындай күші жоқ. Трамптың шешімі АҚШ Конгресінің талаптарына сай болды. Палестина автономиялық құрылымы бұл шешімге қарсылық білдіріп, АҚШ-тан шешімінен кейін шегінуді талап етуден басқа еш нәрсе жасай алмады. Трамптың шешімі халықаралық заңдарды бұзу болғанымен, Израиль мен АҚШ-қа қысым көрсету саласында шынайы шешім қабылданбады. Трамптың шешімі Палестина үкіметін Осло келісімнен шығуға жігерлендруі керек еді»,- деп жазды.

Израиль зорлық-зомбылықтарын кеңейтіп, оларды заңдастыруда

Трамптың шешімі сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылықтарын кеңейтуі мен заң бекіту арқылы бұл зорлық-зомбылықтарды заңдастыруына себеп болады. Осыған орай Виджай Прашад "Le grand soir" газетіндегі сараптамасында Трамптың шешімінен кейінгі Израильдің зорлық-зомбылықтарына тоқталып: «Желтоқсан айының 8 күні  жұма намазы кезінде күш  көрсету үшін сионистік әскерилер әлем мұсылмандарының үшінші қасиетті мекені саналатын әл-Ақса мешітінің алдында жиналды. Сионистік әскерилердің жиналуы Құдста өмір сүретін палестиналықтардың наразылықтарына себеп болды. Олар кішігірім топ құрып, шеруге шықты. Бірақ Израиль армиясының әскери күштері шерушілерге рақымсыз түрде шабуыл жасап, олардың әйел, ер немесе бала екендіктеріне қарамастан, біраз шерушіні қамауға алды. Шеру барысында 800-ден астам палестиналық жарақат алып, әртүрлі аймақтарда бірнеше адам өлтірілді. Израильдік күштер Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдста пластикалық, тіпті нағыз оқтармен палестиналық наразыларға қарсы атты. Израиль Газа секторында наразыларға шабуыл жасау үшін әуе күштерін пайдаланды. Екі күннен кейін желтоқсан айының онында Израильге қарсы ең үлкен шеру өткен әл-Халилде израильдік әскери көлік бес жастағы палестиналық қыз баланы басып кетті»,- деп жазды.

Израиль армиясы палестиналықтарға қарсы   зорлық-зомбылықтарын келесі күндері де жалғастырды. Израиль зорлық-зомблықтарын заңдастыруға талпыныс жасады. Осы салада сионистік режимнің Парламенті Кнессет 2018 жылдың қаңтар айының 3 күні шәһид болуды талап ететінпалестиналықтарды өлім жазасына кесетін 52 оң, 42 қарсы дауыспен қабылданған заң бекітті. Палестиналық басшылар, соның ішінде, Палестина  Сыртқы істер министрі Рияд Малеки мен ХАМАС-тың саяси бюросының басшысының орынбасары Салех  бұл заңды ұйымдастырылған лаңкестік деп атады. Расында, палестиналықтарға қарсы лаңкестік сол заң негізінде заңдастырылды. Бұл – Трамптың Құдсқа қатысты біржақты шешімінің салдары.

Палестиналықтардың интефазасының кеңеюі мен сионистік режимге қарсы әлемдік жиіркеніштің артуы

Израиль басып және тартып алған   жерлер мен  палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылықтарды заңастыратын құжаттарды  бекіту палестиналықтардың реакицяларына тап болды. Ең маңызды реакция сионистік режимге қарсы интефазаны кеңейту болды. Осы салада сионистік «Гаарец» газеті сол режимнің Барлау және қауіпсіздік ұйымына сілтеме жасап, шәһидтікті  талап ететін әрекеттрдің артуы мен интефазаны кеңейтуді, батыс және араб мемлекеттеріндегі израильдіктердің қауіпсіздігін қатерге тіреуді шәһидтікті талап еткен палестиналықтарға қарсы өлім жазасын қолдану заңының ең маңызды теріс әсерлері деп атады.

Израильге қарсы халықаралық сын  артты

Трамптың Құдс туралы шешімі мен сионистік режимнің кабинеті мен Кнессеттің Трамптың шешімінен кейін қабылдаған шешімдері, атап айтқанда №233 қарар мен палестиналықтарға қатысты зорлық-зомбылықтардың артуы сионистік режимге қарсы халықаралық сынды арттырды. Трамптың шешімінен кейін әлемнің әртүрлі аймақтарында,  әсіресе ислам әлемінде Израильге қарсы кең ауқымды шерулер өтті. Кейбір исламдық және исламдық емес елдердің саясаттарынан Израильге қарсы сынның артқаны байқалды. Мәселен, Еуроодақ Трамптың Құдсқа  қатысты шешіміне қарсылық білдіруімен бірге, бұл шешімді сынады.   «Шәһид болуды талап еткен палестиналықтарға қарсы өлім жазасын қолдану» туралы заң бекітілген күні заңды сынап, оның бекітілуін кемсітушілік және адамгершілікк қайшы әрекет деп атады.

Басып алынған жерлерде екі топқа бөліну мен саяси алуыздықтар артты

Трамптың шешімінің келесі маңызды салдарларына сионистік режимнің кабинеті мен Кнессеттің бұл шешімнен кейінгі әрекеттерінің Кнессетің ішіндегі немесе израильдік саяси топтар мен Нетаньяху кабинеті арасындағы   саяси жарыққа  себеп болу ықтималдығы жатады. Осы салада «Шәһид болуды талап еткен палестиналықтарға қарсы өлім жазасын қолдану» заңы 120 мүшесі бар Кнессеттің тек 52 мүшесінің оң дауысымен ғана бекітілді. Кнесеттің қалған 42 мүшесі қарсы дауыс берді. 26 мүшесі дауыс беруге қатыспады. Яғни, Кнессет мүшелерінің тек 43 пайызы ғана бұл заңға оң дауыс берді. Кейбір ақпарат көздері кейбір танымал адамдардың, соның ішінде Израильдің «Еврейлер үйі» фракциясының басшысы Нафтали Беннет пен сионистік режимнің Барлау және ішкі қауіпсіздік ұйымы ШАБАК-тың басшысы Надав Аргаманның аталмыш заңға қарсы екендігін хабарлады.

Қорыта айтқанда, Трамптың шешімі сионистік режимнің мүддесіне қарай қабылданып, бұл режим пайда көргенімен, Бейт әл-Мұқаддас палестиналықтар мен ислам әлемінде маңызды болғандықтан Израиль режимі үшін ауыр салдарларға ие болады.

 

 

 

Тегтер

Jan 15, 2018 20:16 Asia/Almaty
Сараптама