Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи елдің ішкі күшінің мықтылығының қажеттігін сан рет қуаттады. Хазірет үкіметтің дипломатиялық жұмыстарын қолдауымен бірге мықты дипломатияның экономикалық, қауіпсіздік, әскери дайындықтармен бірге ұлттық бірлік пен жүйенің мықтылығына себеп болуы керектігін қуаттады.

Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше,  мемлекет азаматтарының қабілет-дарындарына, адами күштерінің бастамасына, халқының білімі мен ғылымына, иманына сүйеніп, бірлікпен алға ілгерілесе, сындарлы нәтижелерге жетеді. 

Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Проблемалар бүгін пайда болған жоқ, олар әрқашан болған. Барлық елдерде бар. Кімде-кім дамыған мемлекетте, еуропалық, Батыс, бай, халқы көп немесе халқы аз елде проблема жоқ деп ойласа, қателеседі. Өйткені, проблема барлық жерде бар. Негізінде, әр халықтың проблемасы бар. Басшылары соларды шешіп, дамуды жалғастыруы керек. Кейбіреулер қиындықтарын басқалардың көмегімен, басқаларға сүйеніп, басқаларға пара беріп, шешкісі келеді. Кейбіреулер  қиындықтарды өз күштері мен ішкі мүмкіндіктеріне сүйеніп, шешуді көздейді. Біздің ойымызшағ жүйенің ішкі құрылымын күшейту керек. Бұл – істің негізі»,- деді. Діни жетекшінің сөзінде қуатталған маңызды мәселе проблемаларды елдің ішінде шешу болып табылады. Аятолла Хаменеи бұл салада елдің ішкі мүмкіндіктеріне сүйену қажеттігін қуаттағанымен: «Бұл сыртқы мүмкіндіктерді пайдаланбау деген сөз емес. Осы екі мәселені қате түсінбейік. Сыртқа көз тігіп, ішкі мүмкіндіктерге немқұрайдылық танытпайық»,- деді. «Ислам республикасы жүйесінің сыртында отыз жылдан астам уақыттан бері бүкіл мүмкіндіктерін революцияның тамыр жайып, Ислам республикасының тұрақтылығының   алдын алып, басқаларға үлгі болатындай дамуына кедергі жасап отырған үлкен майдан бар. Дұшпан мен оның қастандықтарынан достық пен махаббатты күтуге болмайды. Оларды пайдаланба деп айтпаймын, бірақ оларға сенбеңдер, олардан үміттенбей, ішкі мүмкіндіктердан үміттеніңдер». Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, адал жігерге ие болып, ішкі мүмкіндіктерге назар аударып, орындай алатындығына сенімді болу өте маңызды. Аятолла Хаменеи хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1393 жылдың бірінші күні  қасиетті Мешхед қаласындағы имам Реза (ғ.с.) кесенесіне келген миллиондаған зияратшының  алдында дұшпанның зорлық-зомбылығына қарсы тұру үшін Иран халқының өзін күшейту міндетін қуаттап: «...Егер халық күшті болмаса, әлемдік  бопсалаушылар оған шабуыл жасап, құрметсіздік білдіреді. Халықтың күшті болуы тек қару-жараққа ғана қатысты емес. Егер елдің экономикалық, мәдени және ғылыми факторлары болса, ел күшті болады»,- деді. Аятолла Хаменеидің өткен бес жылдағы сөздері мен наурыздық жолдауларына жасаған шолу хазіреттің Иранның Ислам республикасы жүйесінің макростратегияларын белгілеп, халық пен басшыларды экономикалық инфрақұрылымдарды нығайтуға назар аудартып, дұшпандардың санкцияларының әсерін азайту үшін ұлттық өндірісті дамытуды қуаттағанын көрсетеді. Ислам революциясының жетекшісі келесі бір сөзінде: «Кейбіреулер АҚШ-қа «жоқ» десек, Еуропаға сүйенуіміз керек деп ойлайды. Біз соғыс кезінде, Америкаға қарсы болған кезімізде сол кезде Американың дұшпаны болып, оған қарсы тұрған Кеңес Одағына сүйендік пе? Соғыс кезіндегі Кеңес Одағының дұшпандығы Америкадан аз болған жоқ. Егер мен және сендер ішкі жағдайды күшейту  үшін әрекет етсек, халық та әрекет етеді. Сонда дұшпан соққы бере алмайды»,- деген болатын. Аятолла Хаменеи әскери күш-қуатты Иран жүйесі мен халқының құдыретінің келесі факторы деп атап: «...Дұшпан Ислам республикасының мықты болуына қарсы. Дұшпан Ислам республикасының күшеюіне себеп болатын кез келген факторға қарсы. Біз дұшпанның кедергілеріне қарамастан Ислам рсепубликасының ішіндегі күшті арттыруға талпынуымыз керек. Күш-құдыретке себеп болатын факторлардың бірі – ғылым. Бұл – шынайы күрес майданы, елдің күш-құдыретінің мизаны. Келесі фактор – қорғаныстық күш-құдырет. Яғни, бүгінде көптеген жанжалға себеп болып отырған зымырандар мәселесі. Күннен күнге қорғаныстық саладағы күш-құдыретті арттыру қажет. Негізінде, осы күш-құдырет дұшпанның көзіне тікен  болып қадалып, күн сайын артуда»,- деп баса айтты. Бұл факторларға назар аударту Ислам революциясы жетекшісінің қырағылығы және теерң ойларымен бұл мәселелерге көңіл бөліп, бұл өзгерістерді маңызды санап, исламдық күшті пайдаланып, тәуелсіз жүйені күшейтуге қажет ақыл-кеңес бергенін көрсетеді. Әрине, бұл жолда әрқашан қиындық болды, келешекте де болады. Сондықтан, маңызды мақсат – қиындықтарды шешіп, қоқан-лоққыларға қарсы тұрып, дағдарыстардан өту үшін барлық салалардағы күш-құдыреттің негіздерін нығайту қажеттігінде.

 

 

 

Feb 07, 2018 14:35 Asia/Almaty
Сараптама