• АҚШ-ның ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатына шолу 3

Осыдан біраз уақыт бұрын жарияланған АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжаты елінің әскери құдыретін нығайтуды ерекше қуаттайды. Бұл құжаттың үшінші негізі бейбітшілікті күш-құдырет арқылы қорғауды қарастырады.

АҚШ-ның ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатының үшінші негізі «Бейбітшілікті күш-құдырет арқылы қорғау» деп аталып, бұл елдің Президенті Дональд Трамптың «Менің президенттік кезеңімде біздің елді қорғайтын және дұшпандарға жылдам әрі қатаң реакция білдіріп,  қажет уақытта соғысып, дұшпанды жеңіп,  елді  қауіпсіздікпен қамтамасыз алатын әйелдер мен ерлер құрал-жабдықтар мен тиісті бюжетке ие болады» деген сөздерімен басталады.

АҚШ Президенті сондай-ақ, АҚШ-нің ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатын таныстырған сөзінде: «Біздің стратегиямыз – бейбітшілікті күш-құдырет арқылы қорғау. Әлсіздіктің соғысқа әкелетіні, күш-құдыреттің қорғаныс үшін ең сенімді жол екенін білеміз. Сол себепті, біздің стратегиямыз – елдің әскери бюджетінің автоматты түрде төмендеу үдерісінен аулақ болу. Бұл стратегия бюрократиядан бас тарту мен елдің әскери күштерін нығайтуды қуаттайды. Бұл стратегия киберлік және электромагниттік қоқан-лоққылар сынды жаңа қауіп-қатерге қарсы тұру бағдарламаларын қарастырады. Бұл стратегия зымырандық қорғаныс жүйелерін орнатуды қуаттайды»,- деді. Дональд Трамп  АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжаты жарияланбастан бұрын армияны күшейту мен қауіпсіздік қоқан-лоққыларға қарсы темір жұдырық көрсетуді бастады. Ол Сирияның Хан-Шейхун қаласына химиялық шабуыл жасалғанын сылтауратып, қазіргі Американың күш қолданудан күманданбайтынын көрсету үшін  50-ден астам зымыранды атуға бұйырды. Сондай-ақ, АҚШ армиясы Трамп билік басына келген уақытта  ешбір дәлелсіз ең күшті бомбаны Ауғанстан аймақтарының бірінде жарды. Мұндай әрекет тіпті Талибан күштерімен соғысу кезінде де іске асырылмаған болатын.

Сирия мен Ауғанстандағы әскери оқиғалардан кейін Трамп пен АҚШ армиясының көзі Солтүстік Кореяға түсті. АҚШ-ның ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатында Солтүстік  Корея мен Иран дұшпан, Ресей мен Қытай бәсекелестер деп аталды. Дональд Трамп үкіметі Солтүстік Кореяның АҚШ-қа жете алатын ядролық оқтұмысықтармен жабдықталған баллистикалық зымыран  шығаруына тосқауыл жасамақ. Сол себепті, Трамп шапқыншы саясат ұстанып, Солтүстік Кореяның ядролық және зымырандық сынақтарына қарсы күш көрсетіп, Шығыс Азия аймағын соғыс қарсаңына тіреді. Соңғы айларда АҚШ армиясы Корея түбегінің үстінен стратегиялық ұшақтарын ұшырып, Оңтүстік Кореяда зымыранға қарсы жүйелер орналастырып, кең ауқымды жаттығулар өткізуге кірісті. Трамп бұл әрекеттері және Солтүстік Кореяға қарсы экономикалық санкцияларды күшейтуі арқылы Пхеньянды ядролық және зымырандық мәселелерде кейін шегінуге мәжбүрлеуге үміттенуде. Алайда өткен бірнеше айда  Корея түбегіндегі дағдарыстың бұрынғыдан бетер күшеюіне қарамастан Пхеньян өзінің ядролық және зымырандық күш-қуатын арттыруды жалғастыруда. Солтүстік Корея АҚШ-тағы Трамп үкіметінің ескертулері мен әрекеттеріне мән берместен бірінші рет АҚШ-ты нысанаға алатын ядролық оқтұмсықтар тасымалдайтын баллистикалық зымырандар жасап шығарды. Пхеньян басшыларының пікірінше мұндай жетістікке жету АҚШ әскери шабуылдарының алдында Солтүстік Корея мен Шығыс Азия аймағының қауіпсіздігіне кепілдік береді. Вашингтонның Солтүстік Кореяның жетістіктеріне жауап қайтармауы Америка үшін қоқан-лоққы болуымен бірге, Ақ үйдің ықтиярында Солтүстік Кореяға қарсы қолданатын шарасы санаулы АҚШ Президенті Дональд Трамптың өзіне жасалған соққы болды. АҚШ-ның жуырда жарияланған ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатында ИИР-на қатысты бұрынғыдай «лаңкестіктің қолдаушысы», «зымырандарымен әлемдік бейбітшілікті бұзуға талпынушы» және «Таяу Шығыс аймағындағы топтарды қолдаушы» деген сөздер қолданылды. АҚШ Президентінің Иранға қатысты әшкере сөздері сияқты құжаттың лексикасы негізсіз уәждер және тіл тигізушіліктерге толы болғанымен, Вашингтонның Иранға қатысты ұстанымдарынан көп айырмашылық  байқалмайды. Тіпті, АҚШ бұл жолғы ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатындағы «Иранның қауіп-қатерімен» күресу керек деген кеңестерінің бұл елдің бұрынғы үкіметтері мен осыған дейінгі ұлттық қауіпсіздік стратегиясы құжатындағы кеңестерінен де көп өзгешілігі көрінбейді.Трамптың соғысқұмарлығына назар аударып, республикашылар АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясының құжатында америкалық салық төлеушілердің ақшасынан әскери және қорғаныс салаларына көбірек бөлуді қуаттады. Сол себепті, осыдан бірнеше апта бұрын АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагонға 700 миллиард доллар бюджет бөлінетін болды.  Трамп президенттік сайлау алдындағы бәсекелестік кезеңде Ақ үйге жол тапса, АҚШ тарихындағы ең үлкен армия құруға уәде берген  болатын. Тіпті, бюджеттің артуына көңіл бөлмеген осы кездің өзінде АҚШ армиясы әлемдег қорғаныс бюджетінің жартысындай ақшаны жұмсап, АҚШ федерал үкіметі бюджетінің үшінші үлесіне ие болуда.   АҚШ Орталық Барлау Басқармасының бұрынғы офицері Филипп Геральди: «Өзі де үлкен бюджетке ие армияның бюджетін көбейту – ақымақтық. Бұл әрекет президенттің қалаған уақытта армияны сыртқы проблемаларды шешу үшін пайдалануына  жағдай тудырады»,- деді. Қалай болғанда да, АҚШ-тың қазіргі басшыларының көзқарасы бойынша бұл елдің армиясының күші АҚШ-тың әлемдегі әскери билігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Сондықтан, АҚШ-тың қазіргі үкіметі бұрынғы үкіметінің қаржыны үнемдеу бағдарламасын тоқтатып, Трамп Ақ үйге кірген бірінші апталарда Пентагонға 50 миллиард доллар қосымша бюджет бөлді. 2018 жылы бұл бюджет 700 миллиард доллардан асты.

Әскери істердің бюджеті  АҚШ экономикасы азаматтарының тұрмыстық және қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыз етуде қиындықтармен кезігіп отырған жағдайда артуда. Өткен бірнеше жылдағы Америка үкіметінің кедейлерге азық купондарын тарату, жұмыссыздарды сақтандыру, студенттерге өсімі төмен несие беру сияқты бағдарламалары бюджет тапшылығымен кезігуде. Бұл бағдарламалардың тоқтатылуы экономикалық даму мен ескірген инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге көмектесу істеріне әшкере қайшы келеді. Трамп америкалық салық төлеушілердің кемінде алты триллион доллар ақшасын Таяу Шығыстағы нәтижесіз соғыстарға  жұмсағаны үшін бұрынғы үкіметті сан рет сынаған болатын. Алайда Трамп Американың әскери бюджетін Ауғанстан мен Ирактағы екі соғыс кезіндегі мөлшерінен арттырды. Пентагон бюджетінің аз ғана бөлігін әскери емес істерге бөлінуі Америкадағы кедейлердің өмірін өзгертіп, ескірген инфрақұрылымдардың көбін жөндеуге көмектесе алады. Трамп пен кеңесшілері «Бейбітшілікті күш-құдырет арқылы қорғау» деп атаған негізді қуаттайды. Олар АҚШ армиясының саны мен сапасының артуымен дұшпандары мен бәсекелестерін жеңіп, бұл елді Шығыс блогы ыдырағаннан кейінгі жалғыз алпауыт ел болған кезеңге жеткізуге үміттенеді. 21 ғасырда соғыс болмысының өзгеруімен қаржысы көп үлкен армиялардың қажеттігі төмендеп, кішкентай мемлекеттер де тыйым салынған қарулармен қаруланып, АҚШ-ты дағдарысқа тірей алады. Сондай-ақ, АҚШ-тың заманауи қарулармен жабдықталған армиясы Ауғанстан, Ирак және Сирия сынды мемлекеттерде сәтсіздікке ұшырады. АҚШ-тың ядролық  және ядролық емес арсеналы Солтүстік Корея, Қытай, Ресей немесе Иранның әрекеттеріне жауап қайтара алмай, Вашингтон өзінің талаптарын бұл елдерге қабылдата алмады.

 

 

 

Feb 07, 2018 16:20 Asia/Almaty
Сараптама